Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2376

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
76 сұрақтын жауабы

Мәтінді және тарихи біліміңізді қолданып, Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесіне баға беріңіз.
Алашордалықтардың ерлігі ерен

Алаш зиялылары өз Отанының қоғамдық-саяси және мемлекеттік дамуының теориялық негіздерін қалап, озық еуропалық және халықаралық стандарттарға сай практикалық үлгілерін ұсынды. Алашордалықтар Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде қайта өрлеу дәуірін жасады, белсенді ғылыми публицистикалық қызметімен халықтың сана-сезімін оятты, ұлттық еркіндік пен ұлттық мемлекеттілікті қайта өркендетуге деген рух пен үмітті оятты. Олар халықтың көзін ашып, қазақ елінің болашағы зор болу үшін білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күшін салды. Ол жайлы тек жазып қана қойған жоқ. Мәселенің мән-жайын ашып, оны шешуге тырысты. Алаш зиялылары оқулықтар жазып, балаларға арналған өлеңдер мен шығармалар жазып шығарды. Қараңғылықтан шығатын жалғыз жол білім екенін білетін зиялылар соны халыққа түсіндірмекке бар күшін салды. «Оян, қазақ!» деп ұрандаған Мыржақып Дулатовтың да көздегені осы еді.

https://egemen.kz/article/162411-alashordalyqtardynh-erligi-eren сайтынан алынған
Жауап.

Монархия күйрегеннен кейінгі кезеңде «Алаш» көсемдері қазақ халқының болашақ мұраттары — еркіндік пен бірігу идеяларын кеңінен насихаттай бастады. Сонымен бірге халықты өз мемлекетін орнатуға шақырды. «Қазақ» газеті арқылы олар қазақтар үшін қабылдауға тұрарлық мемлекеттік басқару принциптерін түсіндірді. 1917 жылы 11 маусымда «Алаш» көсемдері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Жәнібеков, М. Дулатов, С. Қадырбаев, Е. Ғұмаров, И. Әлімбеков, Н. Бегіметовтер қол қойған «Шорай ислам» атты мақала жарық көрді. Олар мұнда Мәскеудегі бүкіл мұсылмандар съезінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты бірқатар мәселелер көтерді.

Қиын-қыстау сәтте қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері жағдайдын және саяси күштердін тез өзгеруін есепке ала отырып, жалпы қазақ съезін өткізуді жылдамдату туралы шешім қабылдады. Бұл негізінен кадеттер басқарып отырған Уақытша үкіметтің шын мәнінде Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жалғастырып отырғандығымен, ұлттық мәселені шеше алмағанымен және аграрлық мәселені шешуге құлықсыз екендігімен түсіндірілді. Өз жолын өзі анықтау немесе басқа да езілген ұлттардың тағдыры сияқты қазақ халқына келгенде, Уақытша үкімет оны шешуді тіпті ойластырған да жоқ. Қазақстан мен Түркістанның автономия алуына Ресейдегі «екінші үкімет» — Петроград Кеңесі де қарсы шықты.


Ұлт зиялысы А.Байтұрсынұлы қоғамдық-саяси қызметі саяси тақырыптарға арнап кітап бастырып, қазақ даласына тарату арқылы қазақ халқының ұлттық саяси санасын ояту болатын. Сол мақсатпен өткір ойларын айқындап, өршіл, күресшіл сарындағы өлеңдер жинағын 1911 жылы Орынбордан Маса атты жинақпен шығарды. Ұлт зиялысы Ахметтің жұмсаған күш-жігерінің арқасында қазақ даласы ояна бастады, қазақтар арасында демократиялық саяси ой-пікірлер таратылды және отаршыл патшалық жүйеге қарсы тұруға өзінің өлең — жыр, үгіт-насихатымен қазақ Даласын жігерлендірді. Біріншіден, А. Байтұрсынов Ресей патша үкіметінің қазақ халқына қарсы ұстанған отарлау саясатын әшкерелеп, оларды қатаң сынап қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақ халқына саяси даму жолдарын ұсынды. Екіншіден, халқының ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру үшін қазақ халқының сауатын ашып, білімге жетектеді, оның саяси-экономикалық және мәдени жағынан жайғастырылып жаңғыртылуы үшін күресті. Үшіншіден, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүргізу нысандарын жойып, тіршілік етуінің экономикалық негіздерінен айыруға ұмтылған патша үкіметінің саясатына қарсы тұрып, үкіметтің хұзырлы орындарына хұзырхат арқылы өз тілек-талаптарын қойып, үгіт-насихатын күрес құралына айналдырды.

1917 жылы шілде-тамыз айларында Жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байыр¬ғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, бұл ұстаным: Жер – Отан, ал, Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген – деген тұжырымға саяды.

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем-дігі болуы керек, яғни, Х.Дос¬мұ¬хамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлт¬тық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын.



Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғы¬лым¬ға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді

Мінекей осыншама жылдан кейін Ә.Бөкейхановтың саяи көқарасы 1990 жылғы «Қазақстанның сувере¬нитеті» туралы мәлімдемеде қамтылған осы бес түрлі ұлттық ұстаным бұтақтала келіп, 2002 жылғы жерді сату туралы заң жобасынан кейін қазақ мемлекеті ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттің құрылымына көшті.

Қорытынды. ХХ ғасырдың басында Қазақ зиялылары ұстанған көзқарасы бір күндік емес, тәуелсіздік үшін күрестегі мың жылдық жобаның бағдарламасы. Олардың қозғаған мәселесі, билік үшін емес, халық үшін қызмет етуі қажет болды. Сондықтан да, ХХ ғасырда ұлт зиялылары қалыптастырған қоғам, өткен мен бүгінгі күнді байланыстыратын көпір іспеттес.
77 сұрақ жауабы.

Орталық Азияның ежелгі отырықшы-егіншілік өркениетінің Сырдария, Жетісу ошақтарының негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкістан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.

Сырдария-Орталық Азиядағы өзен.Орталық Азия егіншілік,көшпелі мал шаруашылығымен тығыз мәдени қатынаста болды.Егіншілік қалалар өзен бойларында орналаскан және де канал жүйесі жақсы дамыған. Орталық Азияның ежелгі отырықшы-егіншілік өркениеттінің негізгі мәдени ошақтарының бірі-Сырдария мен Жетісу.Сырдария аймағында отырықшы-егіншілік ошағының ірі орталығы Отырар

Мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шарушылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылый көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Ортағасырлық қоғамда малға жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен.

Ортағасырлардағы жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз және түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ, қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста және аң аулауда пайдалатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан, көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. "Бұл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан", - деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.


Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын.Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мұның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Батыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.

Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз "көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақұйрықтар мен құландарды қуған кезінде ғажап төзімді," - деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға құс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен ұстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында тұратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі - мал шарушылығына көмекші ғана болған.

Егіншілік. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.


IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналысындағы бау-бақшалар суғарылған.

78сұрақ. . Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика мен этнографияның рөлін сипаттаңыз.
Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика мен этнографияның рөлі. Орталық Азияның дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика (көшпеліліктану) – көшпелі малшаруашылығының бағыты мен көшпелі қоғамның барлық қырын зерттейтін кешенді ғылымның маңызы зор. Бұл – ХХ ғасырдың ортасынан дами бастаған ғылымның жаңа бағыты. Алғашқы уақытта номадистика қазіргі заманғы көшпелі қоғамның этнографиялық жазбаларын зерттеумен ғана айналысты. Ал Ежелгі және орта ғасырлардағы көшпелілер империясының өткен тарихымен тек тарихшылар ғана айналысты. Кейіннен көшпелілердің бұрынғы тарихын зерттеген тарихи-этнографиялық зерттеулер пайда болды. Ауқымды тақырыптарды зерттей бастаған номадистика жеке кешенді ғылым саласына айналды.

Қазіргі уақытта онымен тек этнографтар ғана емес, тұтастай көшпелілер өркениетін зерттеп жүрген тарихшылар мен археологтар да айналысуда. Қазақтардың көшпелі өркениеті туралы тарихи-этнографиялық еңбектердің ішінен С.Зимановтың «Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы», В.Ф.Шахматовтың «Қазақтың жайылымы-көшпелі қоғамы», С.Толыбековтің «ХҮІІ-ХХ ғасырлардың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы», Д.Кішібековтің «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы», Н.Масановтың «Қазақтардың көшпелі өркениеті» еңбектерін айтуға болады. Қазіргі замандағы көшпелілердің этнографиялық өмірін бақылау көшпелілер қауымының өткен тарихын білуге жәрдем береді.