Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2378

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақала үзіндісі мен тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына тигізген әсерін талдаңыз.

Атқа міну мәдениеті

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі...

Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.

https://e-history.kz/ru/projects/show/23300 сайтынан алынған
Ұлы даланың рөлі қандай, мұнда қандай өрке¬ниет бар? – дегенге тоқталсақ, мұнда көшпен-ділердің атқа міну мәд¬е¬ниеті ғана айтылмайды. Ғалым¬дары¬мыз Ботай мәдениеті арқы¬лы бүкіл әлемге жылқының Ұлы далада қолға үйретілгенін дә¬лелдеді. Онда жүздеген ғана емес, мыңдаған жылқылардың сүй嬬㳠табылды. Атқа міну мәд嬬ниеті жылқыны қолға үйрету¬мен ғана шектелмейді, ауыз¬ды¬қ¬¬ты, жүгенді, үзеңгіні ойлап тапқан біздің бабаларымыз.

"Ботай мәдениетін" әлемдік аренаға алып шыққан Виктор Зайберт болды. Ол мұражайда жатқан экспонаттарды көріп, олардың құрылыстарын қарап шығып, жасалу әдістерін зерделеп, жәй нәрсе емес екенін бірден аңғарады. 1980 жылдары Петропавлдағы педагогикалық институтта сабақ беретін тарих пәнінің оқытушысы Зайберт осылайша Ботайға аттанады. Ол мұнда арнайы экспедиция ұйымдастырып, қазба жұмыстарына кірісіп кетті. Оның ізденістері өз нәтижесін беріп, 150-ден аса елді-мекеннен, жүз жиырма мыңға жетеқабыл заттар тапты. Ең басты тапқан олжасы – жылқы малының сүйектері еді. Олардың саны 70 мыңнан асты.

Ботайды ежелгі адамдардың мекені екенін дәлелдеген Виктор Зайбертке осы еңбегі үшін Берлин оқу орнының мүшесі ретінде ғылыми атақ берді. Ол талмай зерттеудің нәтижесінде «Ботай мәдениетіне» төрткүл дүниенің назарын аудартты.


Сондай-ақ, аттармен бірге, арбаның да осында алғаш рет қолданылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін-ақ, 1998 жылы «Ботай мәдениеті» тарихи ескерткіш ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне еніп, еліміздегі жоғары, орта мектептердің оқулықтарына кіргізілді. Бұл мәдениеттің жер қойнынан аршылуы біздің елдің тарихын елу ғасырға кері шегіндіріп, одан ары тереңдете түсті.

Қазақстан егемендік алғаннан соң, «Ботай мәдениетіне» зерттеулер күшейді, бұл тек біздің ғалымдарымызды емес, шетелдік археологтар мен тарихшыларды қызықтыра түсті. «Бүгінгі дәуірдің ғалымдары дүние жүзілік тарихтың сан мың сұрағының жауабын дәл осы «Ботай мәдениетінен» тауып отыр» – деді, АҚШ-тың атақты оқымыстысы Д.Энтони.

Ал Кембридж университетінің оқытушысы, профессор Маршал Левине Айыртауға келіп, ғылыми экспедиция жасады. Жас ғалым Виктор Зайберт арнайы шақыртумен, Ұлыбританиядағы Оксфорд, Эдинбург, Белфаст сынды атақты оқу орындарына барып, «Ботай мәдениеті» жөнінде дәріс өткізді. Әлемдік телекомпания BBC ертедегі адамдардың өмірінде маңызды рөлге ие, олардың мінсе көлігі, жесе тамағы болған жылқы жануары туралы арнай телехабар таратты.

«Ботай мәдениеті» – еліміздегі ең ежелгі мекеннің бірі және бірегейі. Біздің дәуірімізге дейінгі елу үш ғасырдың асыл қазынасы. Дала өркениетінің бастау алған тұсы дәл осы жерде.

Алғаш жылқы малын қолға үйреткен мекен.

«Ботай мәдениеті» – әлемдік тарихқа өзгертулер енгізген орын. Ол бүгінгі күні Қазақстанның киелі 100 нысандарының қатарынан табылып отыр.

74 сұрақ......Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи үдерістерге тигізген әсерін түсіндіріңіз.
Біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір және Шығыс Қазақстан аумағында хунну (ғұндар) атты тайпалар одағы қалыптаса бастады. Бұл тайпалар "көшпелілердің ұлы қоныс аударуы" тарихи оқиғаларында өздерін жариялады. Ғұндар бастаған " көшпелілердің ұлы қоныс аударуы" жаңа дәуірдің, яғни орта ғасырлар мен феодализмнің басталуына ықпал етті. Халықтардың ұлы қоныс аударуы Еуропа үшін сәтті әлеуметтік революция болды, бұл құл иеленушілік қоғамның аяқталуын және феодализмге көшуді белгіледі. Ғұндардың жаулап алу әрекеттері ежелгі және орта ғасырлар арасындағы байланыстырушы буынға айналған дәуірдің басталуын белгіледі.



Соғыстар мен қоныс аударулардан басқа, бұл көп қырлы өзара әрекеттесудің, Шығыс пен Батыстың интеграциясының, дәстүрлер мен мәдениеттердің синтезінің мысалы болып табылады, бұл өз кезегінде сапалы жаңа өркениет пен әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына әсер етті.

Орталық Азиядағы ғұн одағы кейіннен қазақ этносының және басқа да түркі-тілдес халықтардың қалыптасуына ықпал етті.

Еуропаның көптеген халықтары Ғұндарды Рим империясының тепе-теңдігі, Рим экспансиясынан құтқарушы ретінде қарастырды. Дәлірек, Ғұндарға тәуелді бірқатар герман тайпалары Римге қарсы соғыстарға қатысты.

Ғұндар біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында Эльбадан Еділге дейінгі аумақта болған өркениеттік үдерістерге үлкен әсер етті. Бұл территорияда өмір сүрген тайпалар ғұндардың көптеген мәдени жетістіктерін, атап айтқанда олардың өнертабыстарын мұра етті: үлкен дөңгелек, былғары шалбар, қисық қылыш және т.б. Сонымен қатар, славян және Герман дәстүрлерінде және Орталық және Оңтүстік Еуропаның кейбір басқа халықтарында біз ғұндардың халық шығармашылығының іздерін табамыз.

Әлеуметтік-саяси ықпалға келетін болсақ, бұл тұрғыда ғұндар да маңызды рөл атқарды. Аттила құрған империя сол кездегі көптеген тайпаларды біріктірді, оларға мемлекеттік құрылымның формаларын көрсетті. Бұл империяның ыдырауы сол кездегі әлем картасында болмаған мемлекеттердің құрылуына әкелді. Осылайша, ғұндар белсенді қатысқан халықтардың қоныс аударуы нәтижесінде Еуропада оның бет-әлпетін өзгерткен үлкен өзгерістер болды.
75 сұрақ. Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Түрік қағанаттының құрылуы Еуразия кеңестігіне қандай өзгерістер әкелгенін түсіндіріңіз.

«Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларында этникалық өзгерістер орын алды.Бұл аймақтағы үстемдік біртіндеп түркітілдес тайпалардың қолына өтті.Әлеуметтік даму және аймақтық- саяси бірігу үрдісі қарқын алып, I мыңжылдықтың екінші жартысында түркітілдес тайпалар Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказ аймақтарында бірқатар ірі мемлекеттердің (қағанаттардың) негізін қалады...

Бұл кезеңді ежелгі түркі дәуірі деп атайды.»


С.Кляшторный. «Еуразия далаларының халықтары мен мемлекеттері» еңбегіннен. 2009 ж.
Б.з.д VIII ғасырыннан бастап Қазақ жерінде ғұн тайпалары үстемдік етті. Олар Алтай, Моңғолдан бастап Дунайға дейінгі аралықта ірі империя құрды. Бұл Қазақ жерінде түркілік негіздің бастамасы болды.

Б.з IV ғасырыннан бастап Қазақ жерінде түркі тайпаларының империясы құрылды.

Кейіннен ол ортағасырлардың ортасына дейін бірнеше түркі қағанаттарының негізі болды.

Түркі, Түргеш, Қарлұқ ,Қимақ ,Оғыз, Қарахан, Қарақытай, Қыпшақ т.б. түркі тілдес қағанаттар Қазақ жерінде өз мемлекеттерін құрып, өркендетті.

Түркі қағанаттары Солүстік- Шығыс Қытай, Моңғолия, Алтай, Шығыс Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақ және Солтүстік Кавказ аумақтарын қамтыды. Түркілердің тілі, жазуы, діни наным- сенімдері дүниетану көзқарастары сол заманға лайық дамыған еді. Түркілерде геометрия, математика ғылымдары жақсы дамыған.Бұл ғылымдарды түркңлер үй салуда, су жүйелерін салуда қарауыл төбелер тұрғызуда пайдаланған.

Моңғол Алтайдан Солтүстік Кавказ жеріне дейін түркі тілдес иайпалардың қағаннаттары- мемлекеттері құрылып өркен жайды.Яғни Еуразия аймағында түркі тілдес тайпалардың саяси экономикалық ықпалы үстемдігі орнады.



“ Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далалық этникалық өзгерістер орын алды. Бұл аймақтағы үстемдік бір түркітілдес тайпалар қолына өтті. Ал I м.ж екінші жартысы түркі тілдес тайпалар Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Еділ және Солтүстік Кавказ аймақтарында ірі қағанаттар негізі қаланды. Бұл ежелгі түркі дәуірі деп аталды.Бұл туралы С.Кляшторный өз еңбегінде атап өткен”.

Орталық Азия аумағында Ғұн империясы ыдырағанан кейін- түркі тайпалардың мемлекетілігі басталды. Ұлы Далада көшпелілер империясының- Түрік қағандығы, Батыс және Шығыс түрік қағандықтары, Түркеш қағандығы сондай-ақ басқа да тайпалар біріктірген көшпелілер империялары пайда болды.

Түрік қағандығы 552-603 жылдары Ашина руының Ұлы жабғу атағын иеленген Бумынның есімімен тікелей байланысты. 552 жылы Бумын Түрік елінің қағаны болып жарияланды.”Түрік” сөзі мемлекеттің барлық көшпелі тұрғындарына таралды.Бумынның мұрагері Мұқан орталық Азияға Оңтүстік Сібірге түркілердің үстемдігін орнатты,ал солтүстік Қытай түркілірге салық төлеуге мәжбір болды.6 ғасырға қарай түркілер жетісу және Аралға дейінгі кең аймақты мекендеді.Түркілер жужандардың соныңа түсе отырып Орал және Еділ бойын бағындырды.6 ғасырдың екінші жартысында Істеми қаған Иран шахымен одақтасып,эфталитдерді жеңді.Әмудариядан Солтүстікке қарай барлық аймақтар түркілерге қарады.Бұдан кейін Істеми Солтүстік Кавказды жаулап Ұлы Жібек жолының Византияға баратын солтүстік тармағын ашты және Византиямен сауда және дипломатиялық байланыстар орнатты.Түрік қағанаты территориясының ұлғаюы Еуразия даласы картасына үлкен өзгерістер әкелді.Түрік империясында отырықшылық пен көшпелілік қатар дамыды.Оларға көптеген қалалар мен егіншілік аймақтар бағынды.Атап айтар болсақ, Хорезм,Ферғана,Шаш,Соғды т.б.


I мыңжылдықтың ортасында Еуразия даласында көшпелілер үлгісі бойынша көптеген ірі мемлекеттер құрылды.Олар бірыңғай әскери-әкімшілік жүйемен бағындырылды.Түркілерде рулық ақсүйектер артықшылықтарға ие болды.Түркі империялары Еуразияның геосаясы сипатын өзгертіп,халықтар арасындағы сауданың сонымен қатар мәдениеттің дамуына да белсенді түрде араласты.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14