Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2371

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.Мазар мешыт салу улгылерын уйрендык

карау керек 22 сұрақ. «Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі отырықшы-егіншілік ошақтары көшпелілер өркениетімен тығыз байланыста дамыды.
Орталық Азия – Еуразияның кең даласында мыңдаған жылдар бойы үстемдік еткен көшпелілер өркениетінің бесігі. Бұл өркениеттің тағы бір атауы – «Дала өркениеті» немесе « Ұлы Дала өркениеті». Біздің кең-байтақ даламызда жылқы алғаш қолға үйретіліп,

көшпелі малшаруашылығы пайда болды. Көшпелі өркениет тұйықталып қалған жоқ, ол

Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениетімен, қытайлық, ирандық және өзге де

ежелгі шығыс өркениеттерімен байланыста өрбіді. Орталық Азияда көшпелілік пен

отырықшылық ұзақ тарихи кезеңде отырықшы-көшпеліліктің селбескен жүйесін құрады.

Олар кең далада өзара байланыс орнатып, ортақ өнімдерімен, материалдық және рухани

саладағы жетістіктерімен ерекшеленді.

Орталық Азияның көшпелі және отырықшы-егінші өркениеттерінің пайда

болуының маңызды факторы өндіруші экономиканың – малшаруашылығы мен

егіншіліктің пайда болуы болды.

Неолиттік төңкеріс. Шамамен б.з.б. ҮІ-Ү мыңжылдықтың бұрынғы неолит

дәуірінде тас өңдеу техникасының жетілуі және тастан, ағаш пен сүйектен жасалған жаңа

құралдардың пайда болуы материалдық өндірістер жүйесіне бетбұрыс әкеліп, неолиттік

төңкеріс деген атауға ие болды. Неолиттік төңкерістің себептері тұрғындар санының

артуы және соған байланысты өндірістік дағдарыстың орын алуы болды.

Неолиттік төңкеріс табиғи дайын өнімді тұтынудан өндірістік шаруашылыққа,

яғни, терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен малшаруашылығына өткен тарихи қадам

болды. Неолиттік төңкеріс адамның табиғатқа тәуелділігін азайтып, алғаш рет оның

жеткілікті түрде азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді.

Егіншіліктің пайда болуы. Неолиттік төңкерістің ең маңызды қадамдарының бірі


– егіншіліктің пайда болуы мен отырықшылыққа көшу болды. Адам баласы дәнді

дақылдарды себуді және оны өсіруді меңгерді. Орталық Азия бойынша алғаш рет жейтундықтар жер өңдеп, дәнді дақылдарды өсіруді

меңгерді. Жейтундықтар өзен тасуынан ылғалданған топыраққа (жайылма жерлерге)

бидай егіп, ешкі өсірумен айналысты. Егіншілік пен малшаруашылығы адамдарға көшпелі

өмір салтынан бас тартып, азық іздеп көшіп жүруді тоқталуына мүмкіндік берді.

Орталықазиялық отырықшы-егіншілік өркениетінің қалыптасуы. Энеолит

дәуірінде Орталық Азияның оңтүстігіндегі егіншілер суармалы егіншілікті меңгерді. Суару жүйелерінің, метал құралдардың, күш көліктердің

және дөңгелекті көліктің пайда болуы өнімнің артуына, тұрмыстың

жеңілдеуіне және адам санының өсуіне әкелді. Осылайша Орталық Азиядағы отырықшы-

егіншілік өркениеттің қалыптасуы басталды. Келесі мыңжылдықта бұл өркениет

жетістіктері шығысқа таралып, Тянь-Шаньға дейін созылды. Отырықшылық пен

егіншілікке жерді суаруға Әмудария, Сырдария өзендерінің жағалаулары және суармай-ақ

егін егуге болатын ылғалды, тау бөктеріндегі жерлер таңдап алынды.

Егіншілкке пайдаланатын құралдар өте баяу жетілдірілгендіктен, өркенитте

материалдық тұрғыдағы сабақтастық мыңдаған жылға созылды. Бірақ рухани, мәдени

және этникалық қатынастар тұрғысынан Орталық Азияның оңтүстік бөлігінде маңызды

өзгерістер орын алды.

Малшаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы нәтижесінде көшпелі және

отырықшы-егіншілік өркениет қалыптасты.

Шаруашылық түрінің өзгеруі климаттық өзгерістерге

бейімделудің қажеттілігінен туындады.

23 сұрақ

«Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетіндегі жетістіктері олардың өркениеттік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Арине, келісемін

Орталық Азия онда мекендейтін халықтардың тағдырына, географиялық жағдайына және жалпы мәдени заңдылықтарға байланысты айтарлықтай тұтастық және өзіндік мәдени - тарихи кеңістікті білдіреді. Орталық Азия – бұл бірегей ерекше аймақ, оның аумағында көп ғасырлық өркениеттер мен көптеген діндер мен наным – сенімдер, көшпелі және отырықшы мәдениет түйісті, және дәл осы жерден Жібек жолы өтті. . тарихи, мәдени және әлеуметтік- саяси дамуындағы көптеген ортақтық біріктіреді.



Орталық Азия халықтарының жетістіктеріне:

1. Андрондық әскери арбалар және қарулар

2. Б.з.б 3000 жылыдықтың соңы мен 2000 жылдықтың басында тұрғызылған қалалар мен қоныстар (Арқайым)

3. Сақтардың скиф үлгісіндегі қарулары

4. Пазырық кілемі

5. Сақ ерлерінің киімі (шалбар)

6. Киіз үй

7. Күн құдіретіне сену (Тамғалы петроглифтері мен Алтын адамның басындағы баскиім оған дәлел)

8. Отқа табыну ғұрыптары

9. Аң стиліндегі сақ өнері

10. Сақтардың ғарыш туралы түсінігін жатқызуға болады.
24сұрақ. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беруді нарықтық экономикаға, жаңа саяси және мәдени құндылықтарға бейімдеу болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру саласының заң¬намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.

Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.

Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халық¬аралық стандарттық білім беру бағ¬дарламасының классификация өлшем¬деріне сәйкес келтірілген. Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық¬¬аралық озық тәжірибеге негіз¬дел¬ген білім беру бағдарламаларын ен¬¬гізуге мүмкіндік
алдық. Қазіргі уақыт¬та білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондық¬тан білім беру жүйесі әлеуметтік саясат¬тың басты бағыттарының біріне айналу¬да, қазіргі уақытта мемлекеттің эко¬но¬микалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, ма¬ман¬дардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

25 сұрақ.

«Шежіре – тек көшпенділер өркениетіне тән ауызша тарихнама». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
XV ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты көптеген ру -тайпалардан құралды. . Қазақ рулары мен тайпалары шежірелік дәстүрмен ортақ шығу тегі туралы түсінікпен бірікті. Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар арқылы тарады. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрсетілді. Шежіре ер адам жағынан ата бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі, генеологиялық тармақтары.

Шежіренің ең қысқа бөлігі «жеті ата» деп аталады. Рухани мәдениетіміздегі шежіре дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіледі. Оны жеткізуші шежірешілер ауызша ақпараттарды есте сақтауға қабілетті адамдар болды. Олар халықтың тарихшы - аңызшылары, тарихи фальклордың білгірлері болды.

Шежірешілер өткен тарих туралы халық аңыздары мен әңгімелерін, хикаяларын жинады,жүйеледі, түсіндіріп келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Ру тайпалық ұйым көшпелі қоғамның негізгі белгісі.

Шежіре айту дәстүрі бар ру - тайпалық ұйым кез- келген көшпелі қоғамға тән. Рулар мен тайпаларға бөліну көшпелілердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарды. Ру мен тайпалар ер адам жағынан ататегі ортақ топтар.

Шежіре қатаң түрде әке жағынан есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан көп ұрпаққа дейін айтылды. Көшпелілерден әке жағынан туыстыққа негізделген ру - тайпалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі ақпарат пен меншікті әкеден балаға беріп отыруында.

Көшпелі малшы болу үшін табиғи құбылыстар туралы ақпараттарды білу керек, ал бұл білімді ата- бабалар жүйелеп ,сақтап ұрпаққа жеткізіп отырды. Көшпелілер әлемінде әрбір адам міндетті түрде руға, ру арқылы тайпаға тиесілі болды. Бұл жүйеден тыс әлеуметтік тұлға ретінде өмір сүре алмады. Әрбір қазақ белгілі бір рудың мүшесі және рудың көшіп қону аймағы атажұрты болды, және жеті атасының атын білу міндеті болды.Олардың ұрпақтары туыс болып есептелді және олардың арасында некеге қатаң тыйым салды. Рулар тайпалық бірлестікке, яғни жүзге бірікті. Осылайша көшпелілер өмірінде шежіре маңызды рол атқарды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14