ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 8130
Скачиваний: 57
Микроб әлемінің жаңа түрін- вирустарды (vira) Ресей ғалымы Д.И.Ивановский (1864-1920) ашты. Ботаник-маман ретінде темекі ауруын зерттеу барысында "темекі теңбіліне" («табачная мозаика) шалдыққан жапырақтың сөлін бактериялық сүзгіден өткізіп жаңа жапыраққа жұқтырғанда оның сол аурумен зардаптанатынын анықтады. Бес жылдан кейін, 1897 жылы Ф.Леффлер және П.Форш аусыл вирусын ашты. Бұл жаңалық Ивановский әдісінің көмегімен ашылған болатын. 1901 жылы У.Рид сары қызба (желтая лихорадка) ауруының вирусын ашты.
Микробиологияның физиологиялық даму кезеңінде кең тараған жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ашылды (1.1-кесте) және де микробиология бойынша көптеген жұмыстар Нобель сыйлығымен аталып өтті (1.2-кесте).
1.1-кестедегі мәліметтер бойынша ауру қоздырғыштары – бактериялар ашылуының ең көп саны 19-ғасырдың 70-80 жылдарына келеді. Вирустардың ашылуы 19-ғасырдың аяғында басталса, 20-ғасырдың басынан ортасына дейін инфекциялар қоздыратын көптеген вирустар ашылды.
Нобель сыйлығы иегерлерінің қатарында тамаша зерттеушілер – микробиологтардың, иммунологтардың, генетиктердің аттары бар. Осы жұмыстардың барлығын микробиологияның иммунологиялық, молекулалық-генетикалық даму кезеңіне жатқызуға болады.
Микробиологияның Қазақстандағы дамуына келетін болсақ, қазіргі кезде медициналық, ветеринариялық, ауыл шаруашылық университеттері мен академияларында 15-тен астам микробиология кафедралары бар; бірнеше профильдік ғылыми зерттеу институттары, орталықтар, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бекеттердің құрамында микробиологиялық зертханалар жұмыс атқарады.
Қазақстандық микробиологияның тарихы 1925 жылдан басталды деуге болады. Сол жылы Қызылорда қаласында ҚазОАК (КазЦИК) атындағы Өлкелік санитариялық-бактериологиялық институт ашылды. Алғашқыда 34 адам жұмыс атқарған бұл мекеменің негізгі міндеті вакциналар өндіру, безгек ауруын және ішек құрттары қоздыратын инвазияларды зерттеу болды. 1928 жылы күзде Өлкелік санитариялық-бактериологиялық институт Қызылордадан Алматы қаласына көшіп келді және кәсіби зияндылықтардың, аса қауіпті инфекциялардың әсерімен байланысты жаңа ғылыми бағыттар қолға алынып, зерттеулер жүргізіле бастады.
1934 жылы жоғарыды аталған институт Қазақ эпидемиология, микробиология, гигиена институты /КИЭМГ/ деген жаңа атпен қайта құрылды. Жаңа міндеттер қойылды, оларды жүзеге асыру үшін жоғарғы біліктілікті мамандар қажет болды. Бұл мәселені іске асыруға 1930 жылы Алматыда Қазақ Мемлекеттік Медицина институтының /КазГМИ/ ашылуы едәуір жәрдемін тигізді, ол институт қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Үлттық Медицина Университеті деп аталады. 1932 жылы институтта микробиология кафедрасы ашылды, оны әр жылдары бірнеше профессорлар басқарды: П.Ф Беликов.(1932), И.А. Сутин (1933-1937), Н.А.Буланов (1938-1939), Е.И.Демиховский (1939-1947), Д.Ф.Цимбалист (1948-1953), доцент Ю.С. Линецкая (1953-1957), профессор И.Э. Штиккель (1953-1963), профессор К.А.Макиров (1963-1986) және т.б.
Медицина институтының педагогтарының микробиология, жұқпалы аурулар, эпидемиология бойынша ғылыми зерттеулерін жүргізуде КЭМИ- ның зертханалары көп жылдар бойы базасы болды. Қазақстанда бурцеллезді, оның ошақтарын, бұл инфекциямен күресу жолдарын кешенді зерттеудегі маңызын ерекше атап өту керек. Осындай кешенді зерттеулердің нәтижелері ҚазМИ-ның бірнеше педагогтарына Н.Д.Беклемишев, И.К. Каракулов, В.Г. Галузо 1949 жылы Алматыда болған КСРО /СССР/ Медицина ғылымдары Академиясының көшпелі сессиясында жоғарғы дәрежеде баяндама жасауға мүмкіндік берді.
Микробиология кафедрасында 1932-1933 жылдарға арналған ғылыми жұмыстарының жоспарына келесі тақырыптар енгізілді:
-
Алматы қаласындағы геморрагиялық колиттің этиологиясы және эпидемиологиясы;
-
Алматы қаласында бруцеллез инфекциясын зерттеу;
-
Бруцеллез және сүзек инфекциялары бойынша зертханалық диагноз қоюдың салыстырмалы тәсілдері.
Өткен ғасырдың 30-жылдары ашылған Қазақ Мемлекеттік туберкулез институтының ғылыми тақырыптары әр түрлі болды. Профессор В.М.Зюзин Туберкулез институтының директоры ҚазМИ-да туберкулез аурулары кафедрасын ашуға бастама болды. Институт және кафедра бірлесе отырып, бұл инфекцияның клиникалық-әлеуметтік аспектілерін зерттеумен қатар оған микробиологиялық диагноз қоюдың тиімділігін арттырумен шұғылданды.
1945 жылы Алматыда КСРО ДМ-не қарасты Обаға қарсы Орта Азиялық ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылды, оның негізгі мақсаты Орта Азияда оба ауруының алдын алу шараларын жүргізу болды. Бұл институттың ең бірінші директоры болып М.Р.Тілеуғабылов тағайындалды. Оба індетінің таралу қаупі және оба ауруымен шұғылданатын дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігіне байланысты 1952 жылы осы институтың базасында арнайы оқу бөлімі ұйымдастырылды, ол қазіргі кезге дейін табысты жұмыс атқарып келеді. 1961 жылдан 1985 жылға дейін профессор М.А.Айқымбаев осы институттың директоры қызметін атқарды. Бұл кезде биопрепараттар,соның ішінде туляремияға қарсы /өте тиімді вакцина/ және обаға қарсы вакциналар, басқа да диагностикалық препараттар шығару жолға қойылды. Әсіресе 1962-1963 жылдары өндірістік бөлім ұйымдастырылуына байланысты бұндай жұмыстар үдемелі үрдіске ие болды. 1966 жылы Орта азиялық обаға қарсы күресу ғылыми зерттееу институты /қазіргі кезде Мақсот Айқымбаев/ атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды инфекциялар ғылыми Орталығы деп аталады /ДДҰ /ВОЗ/ -ның оба ауруы бойынша орталығына айналды.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақстанның ғылыми ұжымдарының жұмыстарына тиісті өзгерістер енгізді. Дегенмен, соғыс жылдарында және соғыстан кейіңгі жылдарда көптеген кешенді жұмыстар атқарылды, ғылымның жаңа бағыттары пайда болды. 1951 жылы ҚЭМИ /КИЭМ/ базасында жаңа бөлім – вирусология бөлімі ұйымдастырылды. Оны Х.Ж.Жұматов ұйымдастырды және басшылық етті. Ол ҚазМИ түлегі, микробиология кафедрасының аспиранты, ассистетенті қызметін атқарды / кейіннен ҚазКСР ҰҒА-ның академигі - қазақстандық вирусологтар мектебінің негізін қалаушы/. Зерттеу жұмыстарының негізгі мәселелері полиомиелит, грипп, вирустық гепатиттер, аденовирустық инфекциялардың қоздырғыштарымен байланысты болды.
Бірнеше жылдар бойы иммунологтар мектебін ұйымдастырушы және көшбасшысы ҚазКСР ҰҒА академигі Н.Д.Беклемишев болды. Бірқатар инфекциялар /әсіресе бруцеллез/ кезіндегі иммунитеті бойынша атқарған оның еңбегі классикалық ғылыми жұмыс үлгісі болды.
1946 жылы маусымда Қазақстанда Республикалық ғылыми президиумының қаулысы негізінде Қаз КСР ҒА- жанынан «Микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институты» ашылды. Институттың ғылыми зерттеу жұмысы микроорганизмдер құрылымының іргелі негізін және функциясын, олардың биологиялық әртүрлілігін, метаболизмін басқару және бақылауға, патогенділіктің және иммуногенділіктің молекулалық негізін зерттеуге бағытталды. Бұл институтта қазақстандық микробиологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірегейі Қаз КСР ҒА корреспондет мүшесі Д.Л.Шамис еңбек етті.
Кесте 1.1.
Микроорганизмдердің ашылуы.
|
Ашылу жылы |
Автор(лары) |
Қоздырғышы-микроб |
|
1839 |
Шенлейн И. |
Таз (парша) |
|
1843 |
Груби Д. |
Трихофиптон |
|
1849-1854 |
Поллендер А.,Давен К., Брауелл Ф. |
Күйдіргі қоздырғышы |
|
1857 |
Мальстем К. |
Дизентерия инфузориясы |
|
1859 |
Лямбль Д.Ф. |
Лямблиоз қоздырғышы |
|
1868-1873 |
Обермейер О. |
Қайталама сүзек боррелиясы |
|
1873 |
Хансен Г., Нейссер А. |
Алапес микобактериясы |
|
1875 |
Леш Ф. |
Дизентириялық амеба |
|
1876 |
Уйтмер Л. |
Мелиоидоз қоздырғышы |
|
1877-1917 |
Пастер Л., Жубер К., Кох Р.,Нови Ф.,Неттил Г., Вейнберг М.В., Сакс Х., Уэлч У., Сэгэн К. |
Газды гангрена қоздырғышы |
|
1878-1884 |
Кох Р., Пастер Л.,Огюстон А., Розенбах Ф. |
Стафилококтар, стрептококтар |
|
1879 |
Рингер С. |
Парагонимоз қоздырғышы |
|
1879 |
Нейссер А. |
Гонококк |
|
1880-1922 |
Лаверан А., Грассив, Уэлч У., Стивенсон Ж. |
Безгек қоздырғыштары |
|
1880-1884 |
Эберт К., Гаффки Г. |
Іш сүзек сальмонелласы |
|
1882 |
Кох Р. |
Туберкулез микобактериясы |
|
1882 |
Фриш С., Волкович Н. |
Риносклерома клебсиелласы |
|
1882 |
Фридлендер К. |
Пневмококк клебсиелласы |
|
1882 |
Леффлер Ф., Шютц Х. |
Маңқа (сап) қоздырғышы |
|
1883-1884 |
Клебс Э., Леффлер Ф. |
Күл (дифтерия таяқшасы) |
|
1883 |
Кох Р. |
Тырысқақ вибрионы |
|
1883 |
Малассе Л., Виньяль В. |
Псевдотуберкулез иерсиниясы |
|
1883 |
Кох Р., Уйкс Д. |
Мысырлық /египет/ конъюктивит қоздырғышы |
|
1883-1889 |
Монастырский Н.Д., Николайер А., Китазато С. |
Сіреспе клостридясы |
|
1884 |
Розенбах Ф.. Леффлер Ф. |
Эризопелоид қоздырғышы |
|
1885 |
Эшерих Г. |
Ішек таяқшасы |
|
1885-1898 |
Сальмен Д., Смидт Т., Гертнер А., Кенше К., Нобель Ж., Мережековский С.С. |
Сальмонеллалар-тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштары |
|
1885-1914 |
Вианна О. |
Жыныстық гранулема қоздырғышы |
|
1885 |
Нокар Э. |
Нокардиялар |
|
1885 |
Френкель К. |
Крупозды пневмония қоздырғыштары |
|
1886 |
Брюс Д., Банг Б., Траум Д. |
Бруцеллез қоздырғыштары |
|
1887 |
Вейксельбаум А. |
Менингококк. |
|
1887-1891 |
Израэль Д., Гарц К. |
Актиномикоз қоздырғышы |
|
1888 |
Хофман Г.,Велленхоф Г. |
Псевдодифтерия таяқшасы |
|
1888 |
Картер В. |
Содоку қоздырғышы |
|
1891 |
Афанасьев М.И., Пфеффер Р. |
Гемофильдік таяқша |
|
1891 |
Музер Х., Нейл |
Музер риккетсиясы |
|
1892 |
Ивановский Д.Н. |
Вирстардың ашылуы |
|
1892-1898 |
Дюкрей А., Унна Р. |
Жұмсақ шанкр қоздырғышы |
|
1893 |
Абель Р. |
Озена клебсиелласы |
|
1894 |
Иерсен А.,Китазато С. |
Оба иерсиниясы |
|
1894 |
Брюс Д. |
Нагана қоздырғышы |
|
1894 |
Буссе О. |
Крипитококтар |
|
1896 |
Аксенфельд К., Моракс |
Конъюктивит диплобактериясы |
|
1896 |
Эрменгем Э. |
Ботулизм клостридиясы |
|
1896-1900 |
Шотмюллер Г., Брион А., Ашар Ш., Бадсон Д. |
Парасүзек А және В сальмонеллалары |
|
1897-1915 |
Шига К., Штуцер М., Шмитц Р., Флекснер С. |
Дизентеия қоздырғыштары |
|
1897 |
Леффлер Ф., Фрош П. |
Аусыл /ящур/ вирусы |
|
1897 |
Фрош П., Леффлер Ф. |
Маңқа вирусы |
|
1898-1903 |
Бабеш В., Негри А. |
Құтыру /бешенство/ вирусы |
|
1898-1903 |
Боровский П.Ф.,Лейшман У., Донован Ч. |
Лейшманиялар |
|
1901 |
Рид У. |
Сары қызба вирусы |
|
1902 |
Кастеллани А., Даттон Д., Стивенс Ж. |
Ұйқылы ауру трипаносомасы |
|
1904-1913 |
Росс Р., Джунковский Е. |
Кенелі қайталама сүзек боррелиясы |
|
1905 |
Кастеллани А. |
Фрамбезия трепонемасы |
|
1905 |
Шаудин Т. |
Мерез трепонемасы |
|
1906 |
Риккетс Х. |
Құзды таулар қызбасының қоздырғышы |
|
1906 |
Пашен Э. |
Шешек вирусы |
|
1906 |
Баншар Р., Плаут Х. |
Венсан трепонемасы |
|
1906 |
Жангу О., Борде Ж. |
Көкжөтел таяқшасы |
|
1906 |
Ф. және У.Готшлихтар |
Эль-тор вибрионы |
|
1907 |
Провачек С., Хальбергштедт Л. |
Бөсір /трахома/ қоздырғышы |
|
1908 |
Мансо Л., Николь Ш. |
Токсоплазмоз қоздырғышы |
|
1908 |
Эллерман В., Банг О. |
Тауық лейкозының вирусы |
|
1908-1909 |
Ландштейнер К., Поппер Э. |
Полиомиелит вирусы |
|
1910-1916 |
Риккетс Г., Провачек С. |
Бөртпе сүзек риккетсиясы |
|
1911 |
Раус Ғ. |
Тауық саркомасының вирусы |
|
1911 |
Маккот Д., Чепин Ч. |
Туляремия таяқшасы |
|
1911-1917 |
Арагао Х., Пашен Э. |
Нағыз шешек /оспа/ вирусы |
|
1914 |
Инадо Р., Идо И. |
Лептоспира |
|
1915 |
Уленгут П., Фромм Е. |
Сарғыш лептоспироз қоздырғышы |
|
1926 |
Миррей Э. |
Листериялар |
|
1930 |
Бедсон С., Уестерн , Симпсон . |
Пситтакоз хламдиясы |
|
1931 |
Гарднер Х. |
Гарднерелла |
|
1933 |
Смидт У., Эндрюс К., Лейдлоу П. |
Грипп вирусы |
|
1933 |
Мейер К. |
Орнитоз хламидиясы |
|
1934 |
Джонсон К., Чудпасчур Э. |
Мысқыл /паротит/ вирусы |
|
1934-1938 |
Хаяши М., Смородинцев А.С. |
Жапон энцефалитінің вирусы |
|
1937 |
Зильбер Л.А., Чумаков М.П.,Соловьев В.Д., Левкович В.Н. |
Кенелік энцефалит вирусы |
|
1938 |
Плоти Х. |
Қызылша вирусы |
|
1939 |
Шлейфстейн Д., Колеман М. |
Ішек иерсиниозының қоздырғышы |
|
1940-1946 |
Смородинцев А.А., Чумаков П.П |
Қанкетпе /геморрологиялық/ қызбасының вирусы |
|
1944 |
Финдли Ф., Мак Колум Ф., Хавенс В., Камерон Д. |
Гепатит вирустары |
|
1944 |
Итон М. |
Пневмония микоплазмасы |
|
1948-1950 |
Доллдорф Г., Сиклес Г., Эндерс Д.Ф., Мельник Д.Ф. |
Коксаки, ЕСНО вирустары |
|
1953 |
Роу У. |
Аденовирус |
|
1954 |
Эндерс Д., Пиблз Т. |
Қызылша вирусы |
|
1957 |
Стюарт С., Эдди Б. |
Полиома вирусы |
|
1961 |
Д. Хиро , С.Тасака |
Қызамық вирусы |
|
1963 |
Саказаки Р. |
Парагемолитикалық вибрион |
|
1964 |
Эпстайн М., Барр И. |
Ұшық вирусы |
|
1970 |
Дейн Д., Камерон Д. |
Ласса қызбасының вирусы |
|
1970 |
Спир Р. |
В гепатит вирусы |
|
1973-1974 |
Файнстоун С. |
А гепатит вирусы |
|
1973 |
Бишоп М. |
Ротавирустар |
|
1977 |
Ризетто М., Канезе М. |
Дельта вирус /антиген/ гепатит Д. |
|
1977 |
Макдейд Д., Шепард С. |
Легионелла |
|
1983 |
Галло Р., Монтанье Л. |
Иммундық тапшылық вирусы |
|
1997 |
Прузинер С. |
Прион-Кройтцфельд-Якоб ауруның қоздырғышы |
|
2003 |
К. Урбани |
Корановирус - атипті пневмония вирусы |
Кесте 1.2.
Микробиология, вирусология және иммунология бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің тізімі.
|
Жылы |
Лауреаттың аты –жөні |
Сыйлық тағайындаудың негіздері |
|
1901 |
Беринг Г.Э., Ру Э. |
Практикаға сарысумен емдеуді енгізді |
|
1902 |
Росс Р. |
Безгек патогенезін анықтады /ол емдеу мүмкіндігіне қол жеткізді/ |
|
1905 |
Кох Р. |
Туберкулез қоздырғышын ашты |
|
1907 |
Лаверан Ш. |
Қарапайымдылардың этиологиялық рөлін дәлелдеді /безгек плазмодиясы/ |
|
1908 |
Мечников И.И |
Иммунитеттің жасушалық теориясын түжырымдады |
|
1908 |
Эрлих П. |
Иммунитеттің гуморальдық теорясын ұсынды |
|
1913 |
Рише Ш. |
Анафилаксия үрдісін зерттеп дәлелдеді |
|
1928 |
Николь Ш. |
Бөртпе сүзектің эпидемиологиялық ерекшеліктерін анықтады |
|
1931 |
Варбург О. |
Ферменттердің әсер етуімен болатын жасушалық тыныс алудың негізін ашты |
|
1939 |
Домагк Х. |
Пронтозилдің /сульфаниламидпен емдеу/ антибактериялық әсерін ашты |
|
1945 |
Флеминг А., Флори Х., Чейн Э. |
Пенициллин препаратын ашты және оның инфекцияға қарсы әсер ету тиімділігін дәлелдеді |
|
1951 |
Тейлер М. |
Сары қызба қоздырғышын ашты және оған қарсы вакцина жасап шығарды |
|
1952 |
Ваксман С. |
Стрептоминді ойлап тапты /туберкулезге қарсы тиімділігі бар ең бірінші препарат/ |
|
1958 |
Ледерберг Д. |
Бактерияларда болатын транскрипция және рекомбинация құбылысын ашты |
|
1958 |
Тейтем Э. |
Бір ген –бір фермент концепциясын ұсынды |
|
1960 |
Бернет Ф., Медавор П. |
Жүре пайда болатын иммунологиялық толеранттылық феноменін ашты |
|
1965 |
Львофф А. |
Ферменттер мен вирус бөлшектерінің синтезделуі генетикалық бақылакда болатынын анықтады |
|
1966 |
Раус Ф. |
Онкогенді вирустарды ашты |
|
1969 |
Херши А. |
Вирустардың репликациялануы және генетикалық құрылысын ашты |
|
1972 |
Портер Р. |
Антиденелердің химиялық құрылымын анықтады |
|
1976 |
Блюмберг Б., Гайдушек Д. |
Жұқпалы аурулардың патогенетикалық механизмдері |
|
1984 |
Йерне Н. |
Иммунды жүйе бақылаудың теориясын және моноккональды антиденелердің пайда болу принципін ашты |
|
1987 |
Тонегава С. |
Полиморфты антиденелер пайда болуының генетикалық негіздерін ұсынды |
|
1989 |
Бишоп М. |
Ретровирустық онкогендердің жасушалық шығу тегін дәлелдеді |
|
1996 |
Дохерти П. |
Жасуша тәуелді иммунологиялық қорғаныстың спецификалығын дәлелдеді |
|
1997 |
Прузинер С. |
Инфицирленудің жаңа принципі ретінде приондарды ашты |
|
2008 |
Харальд Цур Хаузен |
Жатыр мойнының қатерлі ісігін қоздыратын адам папилломасының вирусын ашты |
|
2008 |
Ф. Барресинуеси, Л.Монтанье |
Иммунды тапшылық вирусын /АИВ ВИЧ/ ашты |
2 ТАРАУ. Микроорганизмдер морфологиясы
2.1. Микроорганизмдерді жүйелеу мен олардың номенклатурасы
Микробтар, немес микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар), өзара ұқсатығымен, ерекшеліктерімен және қарым-қатынастарымен жүйелендірілген. Бұнымен арнайы ғылым – микроорганизмдерді жүйелеу айналысады. Жүйелеу үш бөлімнен тұрады: жіктелуі, таксономиясы және идентификациялау. Микробтардың таксономиясының негізіне (грек тілінен taxis – орналасуы, реті) олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулалық-биохимиялық қасиеттері алынған. Таксономиялық категориялар төмендегідей болады: патшалық, (патшалық тармағы), бөлім, класс, реті, туыстастық, тұқымдастық, түр, (түр тармағы) және т.б. Таксономиялық категорияның түрлеріне байланысты таксондарды ажыратады – ол біркелкі, ұқсас қасиеттеріне байланысты біріктірілген организм топтары. Микроорганизмдердің аталуын Халықаралық номенклатура кодексі (зоологиялық, ботаникалық, бактериялар номенклатурасы, вирустар) тағайындайды.
Микроорганизмдер жасушаға дейінгі (вирустар – Vira патшалығы) және жасушалық (бактериялар, архибактериялар, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар) пішіндермен берілген. Жаңаша жоғарғы деңгей бойынша жасушалық тіршілік иелерінің жіктелуінде 3 доменді (немесе «империялар») ажыратады: «Bacteria», «Archaea» және «Eucarya»:
-
«Bacteria» домені – прокариоттар, нағыз бактериялар (эубактериялар);
-
«Archaea» домені – прокариоттар, археабактериялар;
-
«Eucarya» домені – эукариоттар, олардың жасушаларында ядро, ядрошық және ядро қабықшасы, ал цитоплазмасында күрделі құрылымды органеллалар – митохондриялар, Гольджи аппараты болады. «Eucarya» доменіне: Fungi (саңырауқұлақтар); Animalia - жануарлар (қарапайымдылар кіретін Protozoa патшалық тармағы); Plantae - өсімдіктер патшалығы кіреді.
Домендер патшалықтан, типтен, кластан, реті, туыстастық, тұқымдастық, түрден тұрады. Негізгі таксономиялық категориялардың бірі түр (species) болып табылады. Түр – жақын қасиеттерімен біріктірілген, бірақ тұқымдастықтың басқа өкілдерінен айрмашылығы бар жекеленген даралар жиынтығы.
Морфологиялық, тинкториалдық (боялғыштығына байланысты), дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттеріне байланысты ұқсастығы бар, қоректік ортада бөлініп алынған, біртекті микроорганизмдер жиынтығы таза дақыл деп аталады.
Белгілі бір көзден бөлініп алынған, түрдің басқа өкілдерінен айырмашылығы бар микроорганизмдердің таза дақылы штамм деп аталады. Штамм – түр немесе түршеге қарағанда мағынасы тарлау. Штамға мағынасы бойынша клон жақынырақ болып келеді. Клон жалғыз микроб жасушасынан өсірілген, ұрпақтар жиынтығы. Микроорганизмдердің белгілі бір қасиеттерімен ерекшеленетін кейбір бірлестіктерін атап көрсеткен кезде бұрын type суффиксін пайдаланған, оның орнына қазіргі кезде var (әртүрлілігі) қолданылады. Сондықтан микроорганизмдерді ерекшелендіретін қасиеттеріне байланысты: морфоварлар (морфологиясына байланысты), резистентоварлар (тұрақтылықтарына байланысты, мысалы, антибиотиктерге), сероварлар (антигендеріне байланысты), фаговарлар (бактериофагтарға сезімталдылығына байланысты), биоварлар (биологиялық қасиеттеріне байланысты), хемоварлар (биохимиялық қасиеттеріне байланысты) және т.б. деп ажыратылады.