ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 8175
Скачиваний: 57
8.1.2. Иммунология - жалпы биологиялық және жалпы медициналық ілім саласы
Иммунитет жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілім болғандықтан оның организмдегі кұрылысын, атқаратын жұмысын, иммунитетті іске асыратын механизімін арнаулы ілім тарабы -иммунология зерттейді.
Ілім ретінде иммунология 100 жылдан аса бұрын пайда болған. Әрине, иммунитеттің әр салалы механизміне көзқарас ілімнің мазмұны дамыған сайын өзгеріп отырған. Осы замандағы иммунитет туралы анықтама жоғарыда келтірілген. Сол анықтамаға сәйкес қайталап назар аударатын пункттері: а) иммунология қандай текті болмаса да, организмді генетикалық бөгде заттардан ( микробтық, жануарлық., өсімдіктік, не басқа текті) қорғау тәсілдерін және оның механизімін зерттейді; б) иммунитеттің механизімі организмге сырттан, не іштен туған заттардан қорғауға бағытталған; в) иммунитет жүйесі әрбір дербестің, жеке бастың және де бүкіл түр тобының антигенінің генетикалық ерекшелігін сақтап, қорғауға бағытталған. Бұл анықтама иммунологияның адам, жануар, өсімдік иммунитетін зерттеу мақсатына қарамастан негізі бір екенін дәләлдейді. Аталған топтардың өзіне тән ерекшеліктері болуына сәйкес иммунологияның ең басты үш бағыты атап өтілуі қажет: медициналық иммунология (гомоиммунология): зооиммунология және фитоиммунология яғыни- адамзаттың, жануарлардың және өсімдіктердің иммунитетін зерттейді. Олардың әрқайсысы жалпы және арнаулы иммунологияға бөлінеді. Медициналық иммунология төменгі келтірілген кестеге сәйкес жіктеледі (8.1-кесте).
Кесте 8.1
Медициналық иммунологияның жіктелуі.
|
Иммунология |
|
|
Жалпы |
Арнаулы |
|
Молекуларлық Жасушалық Иммунитет физиологиясы Иммундыхимия Иммундыгенетика Эволюциялық иммунология |
Иммундыпрофилактика (вакцинология) Аллергология Иммундыонкология Трансплантациялық иммунология Репродукциялық иммунология Иммундыпатология Биотехнологиялық иммунология Иммундыфармакология Экологиялық иммунология Клиникалық иммунология |
Иммунология көп тарамды ілімнің қатарына жатады, өйткені иммунология арқылы шешілген мәселелер медицинаның көптеген саласында қолданылады. Кейінгі уақытта иммунологияда клиникалық және экологиялық бағыттар орын алды. Иммунологияның қай бағыты болсада олардың негізгі мақсаттары мен өзекті мәселелері бар. Тұжырымдап айтсақ иммунология - медицинаның осы замандағы күрделі, адамзат үшін күнделікті қажетті мәсәлерін шешіп іске асыруға себепкер бола алатын ғылым саласы.
8.1.3. Иммунологияның даму тарихы
Ауырған адам сауыққаннан кейін қайталап ауырмайтындығы ерте заманнан бері байқалынған еді. Әр ғасырда, әр оқымысты бұл көрініске өз пікірінше түсінік берген. Гиппократ- «ағзаның табиғаты», не «емдеу күші», Гален - «өмірлік күш», Парацельс - «емдейтін күш» деп түсіндірген. «Иммунитет» деген термин медициналық әдебиетке Х1Х ғасырдың соңына таман кіре бастап, француз сөздігіне 1869 жылдары нақтылы қосылған.
Иммунология ілімі даму желісіне сәйкес шартты түрде үш кезеңнен өткен: протоиммунология – антикалық уақыттан Х1Х- шы ғасырдың 80-ші жылдарына дейін; эксперименталдық және теориялық кезең – Х1Х - шы ғасырдың 80-ші жылдарынан ХХ-шы ғасырдың бас кезіне дейін; үшінші кезең ХХ -шы ғасырдың орта кезінен бастап соңына дейін. Үшінші кезеңде иммунологияның молекулалық және генетикалық салалары щұғыл дамығандықтан бұл уақыт молекулалық-генетикалық кезең деп аталды.
Ғылыми иммунологияның негізін құрған француз химигі Луи Пастер, орыс ғалымы И.И.Мечников, немістің дәрігер-биохимигі Пауль Эрлих деп саналады.
Әділеттік ретінде атап кететін жағдай. Қазақ елінің ХV ғасырдағы ғұлама-шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баян” дейтін еңбегінде шешек індетіне қарсы егу әдісін тапқан және іс жүзінде қолдану тәсілі туралы толық мәлімет берген. 200 жылдан кейін шешек ауруынан сақтану үшін сиыр қара шешегін адамға егуді ағылшын дәргері Эдвард Дженнер ұсынған болатын, бірақ, ол бұл көрністі ғылыми түрде негіздей алмады.
Сонымен, Х1Х және ХХ ғасырлардың арасында жаңа ілім саласы иммунология құрылып, ХХ ғасырдың ішінде аса маңызды ғылыми жаңалықтар ашылып, иммунология жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілімге айналды (8.2-кесте). Көптен-көп ашылған жаңалықтардың биологияға, әсіресе медицинаға маңызы зор екеніне Нобель сыйлығымен марапатталған оқымыстылардың: (И.И.Мечников, П.Эрлих, Р.Кох, Э.Беринг, Ж.Борде, К.Ландштейнер, Ш.Рише, Д.Снелл, Н.Ерне, Ф.Бернет, П.Медвар, Р.Портер, Д.Эдельман, Ж.Доссе, У.Мильштейн Д.Келлер, С.Тонегава, С.Прусинер және тағы басқалардың) еңбектері куә бола алады. Иммунологияның негізін құрған Л.Пастер Нобель сыйлығымен марапатталмаған, өйткені оның өмір сүру кезінде мұндай сыйлықпен марапаттау комитеті құрылмаған еді.
Х1Х ғасырда мен ХХ ғасырдың бірінші жартыснда иммунология Еуропада, әсіресе Францияда қарқынды дамыған еді. 1888 жыл Л.Пастердің адамзатқа сіңірген атақты еңбегі үшін халықтан жиналған қаражатқа Иммунология институты (қазіргі уақытта Пастер институты) ашылып, бұл мекеме басқа елдердің иммунолог-ғалымдары жыйналған орталық ғылыми мектебі болды. Пастер институтының қабырғасында көптеген дүние жүзіне әйгілі ғалымдар іс атқарып иммунологияның одан әрі дамыуына себепкер болған. Иммунологияның дамуына аса зор еңбек сіңірген Ресей ғалымдары И.И.Мечниковты, В.К.Высоковичті, Г.Н.Габричевскийді, Н.Я.Чистовичті, Л.А.Зилберді, П.Ф.Здродовскиді, Р.В.Петровты айта кету керек.
1980 жылы Иммунолог галымдардың Бүкілодақтық қоғамы құрылған болатын. 1983 жылдан бері «Иммунология» журналы шығарылады. Қазақстанда осындай қоғам құрылған, онын төрағасы профессор А.А.Шортанбаев басқарған қоғам мүшелері-республиканың иммунологтары жемісті еңбек етіп жатыр.
Иммунология мамандары медициналық академияларда, университеттерде және ғылыми-зерттеу институттарында дайындалады.
Кесте 8.2.
Иммунология тарихының маңызды кезеңдері
|
Ашылуы |
Жылы |
Авторлары |
|
Сыйыр шешегін адамға егу |
1796 |
Э.Дженнер |
|
Фагоцитоз.Жасушалық иммунитет |
1884 |
И,И,Мечников* |
|
Кұтыруға қарсы екпе егу |
1885 |
Л.Пастер |
|
Ретикуло-эндотелиалдық жүйе және оның иммунитеттегі рөлі |
1886 |
В.К.Высокович |
|
Баяу гиперсезімталдық |
1880 |
Р.Кох* |
|
Лейкоциттердің хемотаксисі |
1889-1891 |
Г.Н.Габричевский |
|
Енжарлы иммунизациялау |
1891 |
Э.Беринг* |
|
Бүйір тізбекті теория |
1897 |
П.Эрлих* |
|
Комплемент |
1889 |
Ж.Борде* |
|
Қанның топтары |
1900 |
К.Дандштейнер* |
|
Анафилаксия, дереу гиперсезімталдық |
1902-1905 |
Ш.Рише*, М.Сахаров |
|
Артюс феномены |
1903 |
М.Артюс |
|
Сарысу ауруы. Аллергия |
1905 |
К.Пирке |
|
Ревакцинацияның көрінісі |
1915 |
М.Райский |
|
Иммундыфлюоресценция |
1942 |
А.Кунс |
|
Антиглобулиндік сынама |
1945 |
Р.Кумбс |
|
Иммунды диффузия |
1946 |
Дж.Уден, Э.Оухтерлони |
|
Н-2 жүйесі |
1948 |
Д.Снелл* |
|
Қатерлі ісік антигендерінің зерттелуі |
1948 |
Л.Зильбер |
|
Интерферон |
1957 |
А.Айзекс, Ж.Линдеман |
|
Идиотип-антиидиотиптік теория |
1955-1977 |
Н.Ерне* |
|
Клоналды-селекциялық теория |
1958 |
Ф.Бернет* |
|
Иммунологиялы толеранттық |
1958 |
П.Медовар*, М.Гашек |
|
Иммундыглобулиндердің құрылысы |
1958-1968 |
Р.Портер*, |
|
HLA жүйесі |
1958 |
Д.Эжельман*Ж.Досье* |
|
Тимус иммунитеттің орталық органы екенінің дәлелденуі |
1961 |
Ж.Миллер |
|
Секреторлық IgА |
1963 |
Т.Томази |
|
Иммунитеттің физиологиялық негізінің құрылуы |
1959-1969 |
П.Ф.Здродовский |
|
Иммунды жауаптың гендері |
1963 |
Б.Бенацерафф |
|
Лимфокиндер |
1969 |
Д.Дьюмонд |
|
Моноклоналдық антиденелер |
1975 |
У.Мильштейн*, Д.Келлер* |
|
Жасушааралық өзара әсерлесу |
1973 |
Б.Бенцеррафф,Р.Петров |
|
Антидене құрылуының иммунды генетикалық теориясы |
1980 |
С. Тонегава* |
|
Патогендік ақуыз- приондардың ашылуы |
1997 |
С.Прусинер* |
* Нобель сыйлығының лауреаттары
8.1.4. Иммунологияның медицина саласындағы жетістігі
Иммунология қысқа мерзім арасында адамзат ауруларының жиілігінің көрсеткіштерін төмендетуге және де оның кейбір түрін жоюға, адамды сақтап және денсаулығын одан әрі нығайтуға атаулы үлес қосты.
Жұқпалы аурулардың алдын алуда, диагнозын қойып, оны емдеуде иммунологияның көрнекті жетістіктері бар:
- екпе еккеннің арқасында қара шешек жойылды, жуық арада сал ауруы жойылуы мүмкін, ал көптен аурурлар жекеленген түрде ғана кездесіп отыр (қызылша, көк жөтел, күл), болашақта екпе егу арқылы қауіпті аурулар –гепатит, АИВ –ның алдын алу мүмкіншліктері бар;
- зерттеліп ашылған жаңа иммундыдиагностикалық тәсілдер түрі медицинаның тәжрибесіне еңгізіліп отыр;
- жұқпалы аурулардың көптеген түрлерін емдеуге иммундымодуляторлар (интерферон, тимус пептидтері, интерлейкиндер) мен спецификалық иммундыглобулиндер қолданылып отыр.
Онкология саласында адамның қатерлі ісігінің антигені бар екені анықталып, ол мәлімет ісіктің түрлерін бірінен бірін ажыратуға мүмкіншілік тудырды.
Трансплантология саласында иммунологияның жетістіктері арқасында (гистосәйкестік антигендері, толеранттық құбылыс) иммундыдепрессанттар қолданылып ауыстырылған органдардың ағзаға орнықпау қауіпі жойылды.
Қан топтарының иммунологиялық сәйкестігінің сыры ашылғандықтан қан кұю мәселесі шешілді.
Ана мен ұрық арасындағы иммунологиялық карым-қатынастарының күрделі мәселері шешілгендіктен, бала көтеру, бедеулік, тумысынан мүгедектілік мәселелерін шешу женілдендірілді.
Жоғарыда келтірілгендермен қатар ағзаның көптеген ішкі ауруларының, иммундытапшылық механизмдерінің бірталай кезендері ғалымдарға әйгілі болып, күнделікті тәжірибеде қолданылатын болды.
Аллергиялық аурулардың пайда болу механизімінің негіздерін анықтау, олардың алдын алу мәселелері мен емдеу тәсілдері едәуір алға басты.
Болашақ уақытта иммунологияның алдында орасан зор мақсаттар тұр. Олардың бастылары төменгідей:
- сапалы вакциналармен (генді-инженерліқ, синтетикалық, полиантигендіқ, парентералдық емес) иммундыпрофилактика жүргізіп, жұқпалы ауруладрың кейбір түрлерін жойып, кейбіреуінің жиілігін тежеу;
- қатерлі ісіктің иммундыдиагностикасы, иммундыпрофилактикасы және иммунды емдеуі;
- иммунды сәйкестік антигендердің құрлысы мен атқаратын ісін зерттеу арқылы орган ауыстыру кезіндегі иммундықайшыластықтық мәселелерін шешу;
- әр түрлі тегі бар иммундыпатологиялық жағдайлар мен аллергиялық аурулардың жемісті алдын алу мен емдеу мәселелерін анықтау;
- ана мен іштегі нәрестенің иммундық кайшыластығының пайда болу процестерінің механизімін шешу;
- ағзаның иммундық жағдайына зиянды экологиялық, әлеуметтік, кәсіптік факторларды жою;
- иммундыпрофилактикаға, иммундыемдеуге керекті жаңа эндогендік және экзогендік факторларды іздеу;
- тумысынан болған иммундытапшылықты генетикалық тәсілдермен емдеу және генетикалық диагнозын қою әдістерін ашу.
Айтылған орасан зор мәселелерді шешу үшін іргелі иммунология саласы жедел дамуы керек.
8.1.5. Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі
Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморалдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап, залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады. Иммундық жүйенің антигендерді заладансыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.
Бейспецифиқалық резистенттік факторлары мен иммунитеттің спецификалық факторларының тізімі 8.3-кестеде келтірілген.