ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 8183
Скачиваний: 57
Жоғарыда айтылғандардан басқа MHClll бар екендігі анықталған. Оны кодтайтын геннің локусы І-ІІ- сынып арасында орналасып, оларды бөледі. Комплементтің кейбір компоненті (С2, С4), жылу күйретушілігінен пайда болған ақуыз, ісік некрозоның факторлары MHClll-ке жатады.
9.1.4.3.Қатерлі ісіктің пайда болу механизіміне қатынасты антигендер.
Көрнекті Ресей микробиологы және иммунологы Л.А.Зильбер 1948-1949 жылдары ісіктің вирустық теориясын зерттеу жолында қатерлі ісіктің тінінде спецификалық антиген бар екенін дәлелдеген. Ондай антигендер болуының мүмкіндігі туралы алғашқы мәліметтер ХХ-шы ғасырдың 40-шы жылдары әйгілі болған еді. Кейінрек, ХХ ғасырдың 60-шы жылдары. Г.И. Абелев (тышқандарға сынақ қойғанда) және Ю.С. Татаринов (адамды тексергенде) бауырының біріншілік қатерлі ісігі бар аурулардың қан сарсуынан сарсулық альбумин- альфафетопротеиннің эмбрионалдық нұсқасын тапқан еді. Қазіргі уақытта ісікпен байланысты антигендер қатерлі ісіктің бірталай түрінде табылып сипаталған, одан арман кейбіреуінің гендері клондалған (таза түрде алынған). Бірақ, ісіктің барлық түрінде спецификалық көрсеткіш антигендері болмайды, болған жағдайда қатаң тіндік болмауы мүмкін. Ісікпен байланысты антигендер орналасуына және шығу тегіне сәйкес жіктеледі.
Шығу тегіне қарай сарсулық жасушалар арасындағы қуысқа синтезделіп шығарылатындар және мембрандық антигендер болып бөлінеді. Кейінгілері ісікспецификалық трансплантациялық антигендер, не болмаса TSTA (ағылшын Tumor-specific transplantation antigen) деп аталған. Табиғи тәуелділігіне сәйкес вирустық, эмбрионалдық., қалыпты гипертүзілетін және негізінде ісікпен байланысты мутантық антигендер деп бөлінеді.
Вирустардың ісікке байланысты антигендері негізінде онковирустардың ақуызы болып келеді. Эмбрионалдық антигендер қалыпты жағдайда ұрықтық кезде түзіледі. Олардың қатарына мысалы; альфа-фетопротеин, тестикулалардың қалыпты протеині, жыныстық бездің, меланоманың, омырау безінің қатерлі ісігінің қалыпты маркерлері жатады. Қатерлі ісікке қарсы алынған антиденелер ісіктің өсуін тежемейді, керісінше иммундысупрессиялық әсер етеді.
9.1.4.4.СД-антигендер.
Жасушаның мембранасында жасушаларды бірлестіруші, морфофункционалдық ұқсас сипаттары бар, не болмаса белгілі бір сатыға дейін дамыған антигендер тобы табылады.
Бұл маркерлеуші молекулалар, жасушаларды бір-бірінен ажыратып анықтайтын кластерлер, яғни СД антигендер (.ағылшын: Cell Differetiation Antigens or Claster Definition) деп аталды. Олар супертұқымдастық иммундыглобулиндерге жатады, құрылысы бойынша гликопротеиндтер болады. СД антигендерді топ ішіндегі жасушалардың айырмашылығын анықтау үшін қолданады. Оның арасында көп таралғандары иммундыкомпонентті жасушалардың маркерлері, мысалы: СД3-Т - лимфоциттердің популяциясында экспрессияланады, Т-хелперлерге СД4, ал СД8-цитотоксикалық Т- лимфоциттерге және Т- киллерлерге тән. СД11а моно-, гранулоциттердің цитоплазмалық мембранасында табылады, СД11в- табиғи киллерлерде, СД19-22 В лимфоциттердің маркерлері болып табылады. СД маркелердің тізімі өте кең, оның ішінде 200-ден астам нұсқа табылады. Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың СД маркерінің бастылары 9.1.-кестеде берілшен
СД антигеннің клиникада иммундытапшылық ауруларға диагноз қойғанда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде маңызы бар. СД-маркердің түрін анықтау үшін моноклоналдық антиденелерді қолданумен серологиялық реакцияларды пайдаланады (иммундыфлюоресценттік реакция, цитотоксикалық сынама т.б.)
Кесте 9.1
Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі CD- маркерлері
|
CD- маркер |
Жасушаның түрі |
Атқаратын ісі |
|
CD1 |
Т-лимфоцит |
Бетта-микроглобулинмен байланысқан МНС1 сыныптың молекуласы Антигенді ұсынуға қатынасады |
|
CD2 |
Т-лимфоцит |
Цитотоксикалық Т-лимфоциттердің нысана жасушаға, Т-лимфоциттердің эпителияға тағы басқаларға жабысуына жауапты |
|
CD3 |
Т-лимфоцит |
Т-лмифоциттердің рецепторларымен қосылған молекулалар. Рецепторлардан шыққан сигналды таратуға қатынасады.Жетілген Т-лмифоцитерінің көьінің макері. |
|
CD4 |
Т-лимфоцит |
Хелпердің маркері, Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор |
|
CD5 |
Т-лимфоцит және В-лимфоцит |
В-1 –лимфоциттердің маркері |
|
CD8 |
Т-лимфоцит |
Цитоплазмалық Т-лимфоциттердің маркері. Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор |
|
CD11d |
Лейкоциттер |
Интегрин СD18 –бен байланысқан альфа интегриннің альфаD субтүрлігі |
|
CD14 |
Моноциттер |
ЛПС үшін рецепторлар |
|
CD16 |
Табиғи киллер |
Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалыққа қатынасады Fc-рецептор |
|
CD18 |
Лейкоциттер |
Жасушалық процеске қатынасты бета-интегрин |
|
CD19 |
В-лимфоцит |
В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор |
|
CD20 |
В-лимфоцит |
Калцилі арналарды калыптастырып В-жасушалардың белсендірілуін реттейді |
|
CD21 |
Жетілген В-лимфоциттер |
В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор С3 –комплемент құрамының рецепторы |
|
CD22 |
В-лимфоцит |
Жетілген В-лимфоциттердің маркері. В-жасушаның В-эритроциттерге тағы басқа жасушалардың орнығынуын ынталандырады |
|
CD25 |
Т-лимфоцит |
Активтелген лимфоциттердің маркері. ИЛ-2 –нің рецепторы. |
|
CD28 |
Т-лимфоцит |
Т-лимфоциттерге рецептор |
|
CD30 |
Активтелген Т-, В-лимфоциттер, табиғи киллерлер,моноциттер |
Лигандмен байланысқанан кейін Т- және В-лимфоциттердің өсіп-өнуін үдетеді |
|
CD40 |
В-лимфоцит |
В-лимфоциттердің белсендірілуіне қатынасады |
|
CD56 |
Табиғи киллер |
Цитоктоксикалық пен цитокиндік өнімдерді белсендіреді |
|
CD64 |
Моноциттер, макрофагтар |
IgG, IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 –лерге жоғарғы аффиндік рецепторлар |
|
CD94 |
Табиғи киллер |
Табиғи киллердің цитотоксикалығын күшейту/тежеу |
|
CD95 |
Әр түрлі жасушалар |
Жасуша апоптозының маркері |
9.1.5.Микробтардың антигендік құрылысы.
Микробтардың құрамында антигендердің бірнеше түрі анықталады. Олардың антигендік құрылысы көбінесе эволюциялық және таксономиялық күйіне байланысты. Бактерялардың, вирустардың, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың антигендерінің күрделі айырмашылығы бар. Соған қарамастан әр түрлі жүйелерге ортақ антигендері болуы мүмкін. Мысалы, бүкіл тұқымдастыққа, түыстастыққа және түрлікке тән антигендер болады. Түрдің арасында серологиялық топты (серотоп), вариантты(серовар), не болмаса типті (серотип) анықтауға болады. Микробтардың антигендерін инфекциялық, немесе аллергиялық ауруларға диагноз қою, алдын алу, емдеу үшін, вакцина мен қан сарсуды алу және де диагностикалық реакцияларды өткізу үшін қолданады.
9.1.5.1.Бактериялардың антигендері.
Бактерия жасушасының құрылысында талшықтық, денелік (соматикалық), капсулалық тағы басқа антигеннің түрлерін ажыратылады (5-сызбанұсқа)
Талшықтық, немесе Н-антигендер, жылжытқыш аппаратта, яғни олардың талшығында орналасады. Олардың химиялық құрамы флагеллин атты ақуыздан тұрады. Қызыдырған кезде флагеллин өзінің табиғи қасиетін жоғалтып, Н-антиген спецификалығынан айырылады.
Соматикалық, немесе О-антиген жасушаның қабырағсымен байланысты болады. Оның негізін ЛПС (липополисахарид) құрайды. О-антиген температураға төзімді, сондықтан ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды. Бірақ, соматикалық антиген альдегидтер (мысалы, формалин) және спирттердің әсеріне өте сезімтал, аталған заттар оның құрылысын бұзады.
Егерде жануарларға талшығы бар бактерияларды ексе оларда О және Н- антиген мен байланысатын антиденелер қатар пайда болады. Қайнатылған бактерияларды еккен кезде, тек қана соматикалық антигенмен байланысатын антидене синтезделеді. Фенолмен өңделген бактерияның таза дақылына қарсы тек қана талшыққа қарсы антидене түзіледі.
Капсулалық, немесе К –антиген, жасуша қабырғасының бетінде орналасады. Капсула түзетін батерияларда кездеседі. К-антиген көбінесе полисахаридтерден тұрады, тек қана, күйдіргі таяқшаларының капсуласы полипептид тізбегінен құрылады. Қыздыру кезіндегі сезімталдығына сәйкес К-антигеннің үш түрі бар: A, B, L. Қыздыруға ең төзімдісі А-түрі, ол ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды, В-түрі-1 сағат 600 С дейін қыздыруға төзімді, ал L- түрі бұл температурада шапшаң бұзылады. Сондықтан К антигенді жартылай жоғалту үшін бактерияларды ұзақ уақыт қайнату қажет. Жоғарғы дәрежелі вируленттігі бар іш сүзегі ауруының және де энетробактериялардың тағы бір түрлерінің жасуша қабырғасының бетінде капсулалық антигеннің ерекше нұсқа түрі айқындалады. Ол вируленттіктің антигені, немесе Vi- антиген деп аталды. Бұл антигеннің, не оған қарсы пайда болған антиденелердің табылуының диагностикалық зор маңызы бар.
Ақуыздан тұратын токсиндер, ферменттер және айналадағы ортаға синтезделіп шығарылатын кейбір ақуыздардың (мысалы: туберкулин) антигендік қасиеті бар. Олар антиденелермен байланысқанда өзінің әсерлі қасиетін жоғалтады. Сіреспе, күл, ботулизм аурулары қоздырғыштарының токсиндері өте әсерлі, толық бағалы антигендерге жатады, сондықтан оларды өңдеп адамға егілетін анатоксин - токсоид (вакцинаның түрі) дайындауға пайдаланады.
Кейбір қоздырғыштардың құрамында олардың патогендік қасиетін құруына басты себебкер болатын жоғарғы дәрежелі иммуногендік антиген тобы бар. Бұндай антигендер антиденемен байланысқанда қоздырғыштың вируленттік қасиеті толықтай бейтарапталынады, соның нәтижесінен олар сол микробқа қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді. Ол антигендер протективті деген атқа ие. Бұндай антигендер ең алғашында күйдіргі жарасынан шыққан іріңнен табылған еді. Ол зат ақуыз токсинінің түпбірлігі болып келеді. Олар қабынушылық және летальдік деп аталатын басқа меншікті вируленттілік суббірліктерді белсендіруіне жауапты.
9.1.5.2. Вирустардың антигені
Вирус бөлшегінің құрылысында бірнеше түрлі антигендер тобы бар: ядролық («өзектік») капсидтық (қабықтық) және суперкапсидтық.. Кейбір вирус бөлшегінің қабықғының бетінде ерекше V-антигендер-гемагглютинин және нейраминидаза ферменті кездеседі. Вирус антигендері шығу тегіне байланысты жіктеледі. Оның ішіндегі бір бөлігі-вирусоспецификалық. Олардың құрылысы туралы ақпарат вирустың нуклеин қышқылында орналасқан. Вирус антигендерінің басқа түрлері қожайын жасушасының құрамдас заттарынан тұрады (көмір сутегі, липидттер), олар вирустың жаңа бөлшегі бүршіктеніп құрылыуы кезінде вирустың сыртқы қабығымен қамтылып ұсталуына байланысты қалыптасады.
Вирустың антигендік құрамы оның құрылысына байланысты. Құрлысы қарапайым вирустардың антигендік спецификалығы рибо- және дезоксирибонуклеопротеидтермен тәуелді. Ол заттар суда жақсы ерітелетіндігінен S-антиген (лат. solutio-ерітінді) деп аталады. Құрлысы күрделі вирустардің антигендерінің бір бөлімі нуклеокапсидпен байланысты болса, ал басқасы сыртқы қабық суперкапсидте орын тапқан.
Вирустардің көбінің антигендеріне жоғары дәрежелі өзгергіштік тән. Ол вирустың генетикалық аппаратында үнемі өтіп отыратын мутациялық процестерімен байланысты. Мысал ретінде тұмау және АИВ вирустарын келтіруге болады.
9.1.6. Антигендер макроорганизмге енген кезде болатын процестер.
Антигендердің организмге енуі және олардың иммундық жүйемен кездесуі сатылап өтіп, біраз мерзімге созылады. Антиген ағзаға кірген және тараған кезеңдерінде иммунитеттің организмде кең тараған әр түрлі факторларының қуатты қарсыласуымен үнемі кездесіп отырады.
Антигеннің организмге енуі мен тарауның әр түрлі тәсілдері бар. Олар организмнің өз бойынан (эндогендік шығу тегі), не тыстан (экзогендік шығу тегі) тарауы мүмкін. Шығу тегі бойынша экзогендік антигендер организмге мынандай жолдармен енуі мүмкін:
1) тері және шырышты қабықша арқылы (жара, микрожарақат, жәндік шағуы, қасыну т.б.);
2) ішек-қарын жүйесі арқылы сіңірілуі (эпителиалдық жасушалардың эндоцитозы);
3) жасуша арасындағы саңлау арқылы (аяқталмаған фагоцитозда, не болмаса жасуша ішінде өсетін облигаттық паразиттердің көмегімен);
4) тікелей жасуша арқылы (жасуша арқылы тарайтын облигатты паразиттер, мысалы-вирустар).
Антиген организмде лимфа (лимфогендік жол) және қанмен (гематогендік жол) басқа ағзаларға, тіндерге тарайды. Антигеннің организмге тарауы белгілі бір ретпен жүреді, ол көбінесе лимфа түйіншектерінде, бауырдың лимфоидтық тінінде, көк бауырда, өкпеде және басқа ағзаларда сүзіліп, сол жерлерде иммундық қорғаныс факторларымен қатынасқа түседі. Ол факторлардың жауабы ретінде антигендер бейтараптанып организмнен тысқа шығарылады. Бұл процесс жүрген кезде бірінші күрес бастаушы тұқым қуалайтын иммунитеттің факторлары болады, олардың күрделігіне және де әр түрлілігіне қарамастан белсенділігін арттыруына ұзақ уақыт керек емес. Егерде антиген 4 сағаттың арасында бейтарапталып тысқа шығарылмаса, онда иммунитеттің жүре пайда болған жүйесінің факторлары іске кіріседі. Олардың әсерінің нәтижелігі «өзімдік-бөтен» спецификалықты тану және де реттеуші әрі иммундық қорғау факторларын (спецификалық антидене, антиген, реактивті лимфоциттердің клоны) бөліп шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Процеске қатысу дәрежесіне қарамастан макроорганизмнің иммунды қорғанысының барлық буыны мен деңгейінің ақтық тиімділігі мыналарға бағытталған:
1) антиген молекуласының белсенді учаскесін байланыстыру;
2) антигенді бұзу, не бөліп тастау;
3) толық ыдырату, оқшаулау (капсуламен қоршау), не болмаса антигеннің қалдығын макроорганизмнен шығару.
Айта келгенде гомеостаз толық немесе жартылай қалпына келтіріледі. Сонымен қатарласып иммундық еске сақту, толеранттық, немесе аллергия пайда болады.
9.2. Адамның иммундық жүйесі
Организмнің ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын және де оның биологиялық, түрлік ерекшелігін сақтауды бақылау үшін адам ағзасында иммундық жүйе бар. Бұл өте көне жүйе. Иммундық жүйе жұмысының бастыларына «өзіңдік – бөгделікті» тану, үнемі айналымда жүруі, қайталап жаңартылуы және де жасушалық элементтерінің тұрақты қарым-қатынаста болуы жатады.
9.2.1. Иммундық жүйенің құрлымдық және функционалдық элементтері
Иммундық жүйе дегеніміз, ол мамандалынған және жекеленген анатомиялық лимфоидтық тін. Ол әр түрлі лимфоидтық құрама, не жеке жасуша ретінде бүкіл организмге жайылған. Оның қосынды салмағы бүкіл дененің 1-2 пайызы болады. Анатомиялық құрылысы мен атқаратын ісіне сәйкес, ол орталық және шеттік органдарға бөлінеді. Орталық органдарға жілік майы және айырша безі, ал перифериялық органдарға лимфа түйіншектері, лимфа тіннің жинағы, көк бауыр, бауыр, қан және лимфа жатады.
Атқаратын ісіне сәйкес иммундық жүйе төменгідей органдарға бөліненді.
-
иммундық жүйенің жасушаларын қайталап өндіру және сұрыптау (жілік майы, айырша без);
-
қоршаған ортаны, не болмаса сырттан кірушілікті бақылау (терінің және шырышты қабықшаның лимфоидтық жүйесі);
-
ішкі ортаның генетикалық бірқалыптылығын бақылау (көк бауыр, лимфа түйіншектері, бауыр, қан, лимфа).
Иммундық жүйенің іс атқаратын басты жасушасы лимфоциттер. Олардың ағзадағы саны 1012 дейін жетеді. Лимфоциттерден басқа лимфоидтық тіннің іс атқаратын жасушаларына мононуклеарлық және дәнді лейкоциттер, тін базофильдері, дендритті жасушалар жатады. Жасушалардың кейбір бөлігі иммундық жүйе органдарында шоғырланған, басқа бөліктері бүкіл организмде ерікті айналымда болады.
Иммундық жүйенің органдары 6-сызбанұсқада көрсетілген.
9.2.1.1. Иммундық жүйенің орталық органдары.
Иммундық жүйенің орталық органдарына жілік майы мен айырша без жатады. Олар иммундық жүйенің жасушаларын үнемі өндірушісі және сұрыптаушысы болады. Аталған органдарда лимфопоэз, яғни лимфоциттердің пайда болуы, өсіп көбеюі олардың ең алғашқы пайда болған бастаушы немесе бейиммунды жасушаға айналуы, және де олардың «үйрену» жұмыстары өтеді. Адам денесінің ішінде олар органдар ортасында орналасқан тәрізді. Құстарда иммундық жүйенің орталық органына клоакаға жуық орналасқан «Фабрициус қоржыны» (bursa Fabricii)жатады. Бұл органда лимфоциттердің жоғарыда айтылғандай жетілуі өтіп антидене түзетін В-лимфоциттерге айналады. Сүтқоректі жануарларда мұндай құрылым жоқ, сондықтан оның жұмысын жілік майы толығынан атқарады. Соған қарамастан В-лимфоциттер деген дәстүрлі ат сақталып қалды.