ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 8135
Скачиваний: 57
• мөлшері өте ұсақ (микрометрмен өлшенеді);
• құрылысы өте қарапайым, яғни вирион –құрамында ДНҚ немесе РНҚ-дан тұратын геном, капсид (ақуыздық қабат), капсомерлер (ақуыз молекулалары) болады;
• жасушалық құрылымы жоқ (цитоплазма, жасушалық мембраналар, рибосомалар т.б. болмайды);
• вирионның құрамында нуклеин қышқылының біреуінің ғана болуы (ДНҚ немесе РНҚ, осы принцип бойынша вирустарды екі үлкен топқа бөледі);
• екі бөлініп (бинарное) өсу қабілеттілігі жоқ, өзінше репродукцияланып дисъюнктивті тәсілмен көбейеді;
• паразитизмнің ерекше сатысына ие: гельминттер мен қарапайымдылар паразитизм негізінде организмдік деңгейде, бактерияларда - жасушалық, ал вирустарда молекулалық (генетикалық) деңгейде болады;
• өз геномының жасуша геномымен интеграциялану қабілеттілігі болады; басқа жасушаішілік паразиттер геномының интеграциялану қабілеті жоқ, мысалы, хламидиялар - жасуша энергиясын, риккетсиялар - жасушалардың кейбір ферменттік жүйесін пайдаланады;
• вирустар ие организмнің жасушасынан тыс жағдайда өмір сүре алмайды, өйткені вирустың репродукциялануы тек қана ие жасушасында атқарылады;
• вирустарда фрагменттелген геном болуы мүмкін.
2.5.2. Вирустардың жіктелуі (классификациясы)
Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2.2–кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:
• нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);
• липопротеидті қабатының болуы;
• вирус геномының стратегиясы;
• вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
• генетикалық өзара әсерлесу феномендері;
• қабылдағыш иелер шеңбері;
• патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;
• географиялық таралуы;
• антигендік қасиеттері.
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты.
Кесте 2.2.
Вирустардың жіктелуі (классификациясы) – 2005 ж.
|
Қатары |
Тұқымдастығы [тұқымдастықша] |
Туыстастығы |
Типі (тип өкілі) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
- |
Inoviridae |
Inovirus |
Энтеробактериялар фагы М 13 |
|
Plectovirus |
Фаг MV – L 51 - Acholeplasma |
||
|
- |
Microviridae |
Microvirus |
Энтеробактериялар фагы φ174 |
|
Spiromicrovirus |
Фаг 4 Spiroplasma |
||
|
Bdellomicrovirus |
Фаг MAC 1 Bdellovibrio |
||
|
Chlamydiamicrovirus |
Хламидия фагы 1 |
||
|
- |
Geminiviridae |
Mastrevirus |
Жүгерінің шұбарландыру вирусы |
|
Curtovirus |
Қызылша жапырағының бұйралану вирусы |
||
|
Begomovirus |
Бұршақтар сарғаюы теңбілінің вирусы (Пуэрто-Рико) |
||
|
|
Circoviridae |
Circovirus |
Шошқалардың цирковирусы |
|
|
- |
Gyrovirus |
Балапандар анемиясының вирусы |
|
- |
Nanoviridae |
Nanovirus |
Жоңышқа түбірінің өсуін тежейтін вирус |
|
Babuvirus |
Babana bunchy top virus |
||
|
|
Parvoviridae [Parvovirinae] |
Parvovirus |
Тышқандардың ұсақ вирусы |
|
Erythrovirus |
B19 вирус |
||
|
Dependovirus |
Адено-ассоциацияланғаң вирус 2 |
||
|
|
[Densovirinae] |
Densovirus |
Жәндіктердің денсонуклеоз вирусы Janonia coenia |
|
|
|
Iteravirus |
Жібек құртының денсонуклеоз вирусы |
|
|
|
Brevidensovirus |
Аралардың денсонуклеоз вирусы |
|
дн ДНҚ – құрамды вирустар |
|||
|
Caudovirales |
Myoviridae |
«T 4 – like viruses» |
Энтеробактериялар фагы T 4 |
|
|
|
«P 1 – like viruses» |
Энтеробактериялар фагы P 1 |
|
«P 2 – like viruses» |
Энтеробактериялар фагы P 2 |
||
|
«Mu – like viruses» |
Энтеробактериялар фагы Mu |
||
|
«SPO1–like iruses» |
Бациллалар фагы SPO 1 |
||
|
«φ H– like viruses» |
Вирус φH Halobacterium |
||
|
|
Siphoviridae |
«λ- like viruses» |
Энтеробактериялар фагы – фагы λ |
|
|
« T 1 - like viruses» |
Энтеробактериялар фагы Т 1 |
|
|
« T 5 - like viruses» |
Энтеробактериялар фагы Т 5 |
||
|
« c 2 - like viruses» |
Лактококтар фагы с 2 |
||
|
« L 5 - like viruses» |
Микобактериялар фагы L 5 |
||
|
«ψM1-like viruses» |
Метанобактериялар фагы ψM 1 |
||
|
Podoviridae |
«T 7 - like viruses» |
Энтеробактериялар фагы T 7 |
|
|
«φ29- like viruses» |
Бациллалар фагы φ29 |
||
|
«P22– like viruses» |
Энтеробактериялар фагы P 22 |
||
|
|
Rudiviridae |
Rudivirus |
Вирус SIRV1 Salfolobus |
|
|
Tectiviridae |
Tectivirus |
Энтеробактериялар фагы PRD 1 |
|
- |
Corticoviridae |
Corticovirus |
Фаг PM2 Alteromonas |
|
- |
Lipothrixviridae |
Alphalipothrixvirus |
Вирус 1 Thermoproteus |
|
Betalipothrixvirus |
Таяқшапішінді вирус Sulfolobus islandicus |
||
|
Gammalipothrixvirus |
Таяқшапішінді вирус 1 Acidianus |
||
|
- |
Plasmoviridae |
Plasmovirus |
Фаг L2 Acholeplasma |
|
- |
Fuselloviridae |
Fusellovirus |
Вирус SSV 1 Sulfolobus |
|
- |
Phycodnaviridae |
Chlorovirus |
Қарапайымдалар вирусы Paramecium bursaria 1 |
|
Prasinovirus |
Қарапайымдалар SP1 вирусы Micromonas pusilla |
||
|
Prymnesiovirus |
Вирус PW1 Chrysachromulina brevifilum |
||
|
Phaeovirus |
Вирус 1 Ectocarpus siliculosis |
||
|
|
- |
Raphidovirus |
Вирус 01 Heterosigma akashiwo |
|
|
|
Coccolithovirus |
Вирус 86 Emiliania huxleyi |
|
- |
Guttaviridae |
Guttavirus (бұрынғы туыстастығы «Sulfolodus SNDV-like viruses») |
Тамшытәріздес вирус Sulfolobus neozealandicus (бұрынғы вирус SNDV Sulfolobus) |
|
- |
Poxviridae [Chordopoxvirinae] |
Orthopoxvirus |
Шешек вакцина вирусы |
|
Parapoxvirus |
Паравакцина вирусы |
||
|
Aviposvirus |
Тауық шешегінің вирусы |
||
|
Capripoxvirus |
Қой шешегінің вирусы |
||
|
Leporipoxvirus |
Миксома вирусы |
||
|
Suipoxvirus |
Шошқалар шешегінің вирусы |
||
|
Molluscipoxvirus |
Жұқпалы моллюска вирусы |
||
|
Yatapoxvirus |
Яба маймылдары ісігінің вирусы |
||
|
- |
[Entomopoxvirinаe] |
Alphaentomopox-virus |
Жәндіктер шешегінің вирусы Melalontha melalontha |
|
Betaentomopoxvirus |
Жәндіктер шешегінің вирусы Amsacta moorei |
||
|
Gammaentоmopoxvirus |
Жәндіктер шешегінің вирусы Chironomus luridus |
||
|
- |
Iridiviridae |
Iridovirus |
Жәндіктерде жарқырауық тудыратын вирус 6 |
|
Chloridovirus |
Жәндіктерде жарқырауық тудыратын вирус 3 |
||
|
Ranavirus |
Бақалар вирусы 3 |
||
|
Lymphocystivirus |
Балықтардың лимфоцистия ауруының вирусы 1 |
||
|
- |
Polydnaviridae |
Ichnovirus |
Ихновирус Campoletis sonorensis |
|
Bracovirus |
Браковирус Cotesia melanosclera |
||
|
- |
Herpesviridae |
Ictalurivirus (бұрынғы туыстастығы «Ictalurid herpes-like-viruses») |
Ұшық вирусы 1 Ictalurid |
|
[Alphaherpesvirinae] |
Simplexvirus |
Адамдардың ұшық вирусы 1 |
|
|
Varicellovirus |
Адамдардың ұшық вирусы 3 |
||
|
Mardivirus (бұрынғы туыстастығы «Marek,s discase-like viruses») |
Тауық ұшығының вирусы 2 |
||
|
Iltovirus («Infections laryngotracheitis - like viruses») |
Тауық ұшығының вирусы 1 |
||
|
[Betaherpesvirinae] |
Cytomegalovirus |
Адамдардың ұшық вирусы 5 |
|
|
Muromegalovirus |
Тышқандардың ұшық вирусы 1 |
||
|
Roseolovirus |
Адамдардың ұшық вирусы 6 |
||
|
[Gammaherpesvirinae] |
Lymphocryptovirus |
Адамдардың ұшық вирусы 4 |
|
|
Rhadinovirus |
Маймылдардың ұшық вирусы 2 Saimirine |
||
|
- |
Polyomaviridae |
Polyomavirus |
Маймыл полиомасының вирусы SV40 |
|
- |
Papillomaviridae |
Papillomavirus |
Қояндар папилломасының вирусы |
|
- |
Adenoviridae |
Mastadenovirus |
Адамның С аденовирусы |
|
Aviadenovirus |
Құстардың А аденовирусы |
||
|
Atadenovirus |
Қойлардың D аденовирусы |
||
|
Siadenovirus |
Түйетауықтардың В аденовирусы |
||
|
- |
Ascoviridae |
Ascovirus |
Асковирус Spodoptera frugiperda |
|
- |
Baculoviridae |
Nucleopolyhedra-virus |
Ядролық полиэдроз вирусы Autographs californica |
|
Granulovirus |
Гранулез вирусы Cydia pomonella |
||
|
- |
Nimaviridae |
Whispovirus |
Ақ таңдақ синдромы вирусы 1 |
|
|
Asfarviridae |
Asfivirus |
Шошқалардың африкалық қызба вирусы |
|
|
- |
Rhizidiovirus |
Rhizidiomyces саңырауқұлақтарының вирусы |
|
Кері транскриптаза бар ДНҚ және РНҚ- құрамды вирустар |
|||
|
|
ДНҚ-құрамды вирустар |
|
|
|
|
Hepadnoviridae |
Orthohepadnovirus |
Адамдардың В гепатит вирусы |
|
|
Avihepadnovirus |
Үйректердің В гепатит вирусы |
|
|
|
Caulimoviridae
|
Badnavirus |
Камелиялардың сары таңдақтық вирусы |
|
Caulimovirus |
Түсті орамжапырақ теңбілінің вирусы |
||
|
Tungovirus («Rice tungro bacilliform – like viruses») |
Тунгро күрішінің таяқшапішінді вирусы |
||
|
|
|
Soymovirus (бұрынғы туыстастығы «Soybean chlorotic-mottle-like viruses») |
Жүгерінің хлоретикалық таңдағының вирусы |
|
Cavemovirus (бұрынғы туыстастығы «Cassava vein mosaic-like viruses») |
Маниока теңбілділігінің вирусы |
||
|
Petuvirus (бұрынғы туыстастығы «Petunia vein clearing-like viruses») |
Петунья тармақтарының түссіздену вирусы |
||
|
|
РНҚ-құрамды вирустар |
|
|
|
|
Pseudoviridae |
Pseudovirus |
Бактериялардың Ту1 вирусы Saccharomyces cerevisae |
|
Hemivirus |
Дрозофила вирусы Drosophila melanogaster copia |
||
|
Metavirus |
Бактериялардың Ту3 вирусы Saccharomyces cerevisae |
||
|
|
Metaviridae |
Errantivirus |
Дрозофила вирусы Drosophila melanogaster |
|
|
Retrоviridae |
Alpharetroviruses |
Құстар лейкозының вирусы |
|
Betaretroviruses |
Тышқандардың емшек без ісігінің вирусы |
||
|
Gammaretroviruses |
Тышқандар лейкемиясының вирусы |
||
|
Deltaretroviruses |
Сиырлар лейкемиясының вирусы |
||
|
Epsiloretroviruses |
Тері саркомасының вирусы |
||
|
Lentivirus |
Адамдардың иммундытапшылық вирусы |
||
|
Spumavirus |
Адамдардың көбіктену вирусы |
||
|
РНҚ-құрамды вирустар – дн РНҚ вирустар |
|||
|
- |
Cystoviridae |
Cystovirus |
Фаг ψ 6 Pseudomonas |
|
- |
Reoviridae |
Orthoreovirus |
Сүтқоректілердің ортореовирусы |
|
|
|
Orbivirus |
Тіл көгертпесінің вирусы |
|
|
|
Rotavirus |
Ротавирус А |
|
|
|
Coltivirus |
Колорадалық кенелік қызба вирусы |
|
|
|
Aquareovirus |
Балықтардың А реовирусы |
|
|
|
Cynovirus |
Цитоплазматикалық полиэдроз вирусы 1 |
|
|
|
Fujivirus |
Фиджи ауруының вирусы |
|
|
|
Phytoreovirus |
Күріш ергежейлігінің вирусы |
|
|
|
Oryzavirus |
Күріш бұдырлануының вирусы |
|
- |
Birnaviridae |
Aquabirnavirus |
Жұқпалы панкреатит вирусы |
|
|
|
Avibirnavirus |
Құстар бурсасының жұқпалы ауруының вирусы |
|
|
|
Entomobirnavirus |
Х дрозофилланың вирусы |
|
- |
Totiviridae |
Totivirus |
Saccharomyces cerevisae бактерияларының L-A вирусы |
|
|
|
Giardiavirus |
Giardia lamblia қарапайымдылардың вирусы |
|
Leishmaniavirus |
Лейшманиялардың РНҚ вирусы 1-1 |
||
|
- |
Chrysoviridae |
Chrysovirus |
Penicillium chrysogenium вирусы |
|
- |
Partitiviridae |
Partitivirus |
Atkinsonella hypoxylon вирусы |
|
|
|
Alphacryptovirus |
Ақ жоңышқаның латентті вирусы 1 |
|
|
|
Betacryptovirus |
Ақ жоңышқаның латентті вирусы 2 |
|
- |
Hypoviridae |
Hypovirus |
Cryphonectria-ның 1-EP 713 гиповирусы |
|
|
|
Varicosavirus |
Салат тармақтарының кеңею вирусы |
|
РНҚ-құрамды вирустар – (-) он РНҚ-ы вирустар |
|||
|
Mоn оnegavira les |
Paramyxoviridae [Paramyxovirinae] |
Respirovirus |
Сендай вирусы |
|
Morbillivirus |
Қызылша вирусы |
||
|
|
Rubulavirus |
Паротит вирусы |
|
|
Henipavirus |
Hendra вирусы |
||
|
Avulavirus |
Ньюкастл ауруының вирусы |
||
|
[Pneumоvirinae] |
Pneumovirus |
Адамдардың респираторлы-синциалдылық вирусы |
|
|
Metapneumovirus |
Құстардың пневмовирусы |
||
|
Rhabdoviridae |
Vesicolovirus |
Индиананың везикулярлы стоматит вирусы |
|
|
Lyssavirus |
Құтыру вирусы |
||
|
Ephemerovirus |
Сиырлардың біркүндік қызбасының вирусы |
||
|
Cytorhabdovirus |
Салаттың сарғайып некроздануының вирусы |
||
|
Nucleorhabdovirus |
Картофельдің ергежейлі сарғаюының вирусы |
||
|
Novirhabdovirus |
Гемапоэздің жұқпалы некроз вирусы |
||
|
Filoviridae |
Marburgvirus |
Марбург вирусы |
|
|
Ebolavirus |
Заирдағы Эбола вирусы |
||
|
- |
Bornaviridae |
Bornavirus |
Борн ауруының вирусы |
|
- |
Orthomyxoviridae |
Influenzavirus A |
А тұмауы вирусы |
|
Influenzavirus B |
В тұмауы вирусы |
||
|
Influenzavirus C |
С тұмауы вирусы |
||
|
Thogotovirus |
Тоготовирус |
||
|
Isavirus |
Бекіре балық жұқпалы анемиясының вирусы |
||
|
- |
Bunyaviridae |
Bunyavirus |
Буньявера вирусы |
|
Hantavirus |
Ханта вирусы |
||
|
Nairovirus |
Найроби вирусы |
||
|
Phlebovirus |
Рифт ойпатының қызба қоздыру вирусы |
||
|
Taspovirus |
Томаттың дақ түсіп солу вирусы |
||
|
- |
Arenaviridae |
Arenovirus |
Лимфоцитарлық хориоменингит вирусы |
|
Ophiovirus |
Цитрустылардың қабыршақтану вирусы |
||
|
Tenuivirus |
Күріштің жолақтанушылығының вирусы |
||
|
|
Delta virus |
Дельта гепатитінің вирусы |
|
|
РНҚ-құрамды вирустар – (+) он РНҚ-ы вирустар |
|||
|
- |
Leviviridae |
Levivirus |
Энтеробактериялар фагы MS 2 |
|
Allolevivirus |
Энтеробактериялар фагы Qβ |
||
|
- |
Dicistroviridae |
Cripavirus (бұрынғы туыстастығы «Infectious flacherie-like- viruses») |
Шырылдауық шегіртке салының вирусы Infectious flacheric virus |
|
- |
Picornаviridae |
Enterovirus |
Полиовирус |
|
Rhinovirus |
Адамдардың А риновирусы |
||
|
Hepatovirus |
А гепатит вирусы |
||
|
Cardiovirus |
Энцефаломиокардит вирусы |
||
|
Aphthavirus |
Аусыл вирусы |
||
|
-
|
Sequiviridae
|
Parechovirus |
Адамдардың пареховирусы |
|
Sequivirus |
Пастернак сары таңдақтық вирусы |
||
|
Waikavirus |
Тунгро күрішінің спецификалық вирусы |
||
|
- |
|
Comovirus |
Сиыр бұршағының теңбілдік вирусы |
|
Fabavirus |
Бұршақтар солу вирусы |
||
|
Nepovirus |
Темекінің сақиналы таңдақтану вирусы |
||
|
- |
|
Patyvirus |
Картофель вирусы Y |
|
Rymovirus |
Қарабидай теңбілінің вирусы |
||
|
Bymovirus |
Арпа теңбілінің вирусы |
||
|
Macluravirus |
Маклюра теңбілінің вирусы |
||
|
Ipomavirus |
Тәтті картофель теңбілдігінің вирусы |
||
|
Tritimovirus |
Бидайдың жолақты теңбілінің вирусы |
||
|
- |
|
Vesivirus |
Шошқалардың везикулярлы экзантемасының вирусы |
|
|
|
Lagovirus |
Қояндарының геморрагиялық қызбасының вирусы |
|
«Norfolk-like viruses» |
Норфольк вирусы |
||
|
«Sapporo-like viruses» |
Саппаро вирусы |
||
|
- |
|
«Hepatitic E–like viruses» |
Гепатит Е вирусы |
|
- |
|
Astrovirus |
Адамның астровирусы 1 |
|
- |
|
Alphanodavirus |
Қанаттылардың вирусы |
|
Betanodavirus |
Шортанның некроздық ауруының вирусы |
||
|
- |
|
Betatetravirus |
Nudaurelia capensis в қанаттылардың вирусы |
|
Omegatetravirus |
Nudaurelia capensis щ қанаттылардың вирусы |
||
|
- |
|
Tombusvirus |
Томат бұталарының ергежейлгі вирусы |
|
Carmovirus |
Қызыл қалампыр дақтану вирусы |
||
|
Necrovirus |
Темекінің А некроз вирусы |
||
|
Dianthovirus |
Қалампырдың сақиналық теңбілдік вирусы |
||
|
Machlomovirus |
Жүгерінің хлоретиялық таңдақтану вирусы |
||
|
Avenavirus |
Жалбыз хлоретикалық солу вирусы |
||
|
Aureusvirus |
Pathos латентті вирусы |
||
|
Panicovirus |
Тарының теңбілдену вирусы |
||
|
Nidovi-rales |
Coronaviridae |
Coronavirus |
Жұқпалы бронхит вирусы |
|
|
|
Torovirus |
Жылқының торавирусы |
|
|
Arteriviridae |
Arterivirus |
Жылқының артериит вирусы |
|
|
Roniviridae |
Okavirus |
Gill-ассоциаланған вирусы |
|
- |
Togoviridae |
Alphavirus |
Синдбис вирусы |
|
|
|
Rubivirus |
Қызамық вирусы |
|
- |
Flaviviridae |
Flavivirus |
Сары қызба вирусы |
|
|
|
Pestivirus |
Бұзау диареясының вирусы |
|
|
|
Hepacivirus |
C гепатит вирусы |
|
- |
Bromoviridae |
Alfamovirus |
Жоңышқа теңбілденуінің вирусы |
|
|
|
Ilarvirus |
Темекі теңбілінің вирусы |
|
|
|
Bromovirus |
Костра теңбілінің вирусы |
|
|
|
Cucumovirus |
Қияр теңбілінің вирусы |
|
|
|
Oleavirus |
Латентті вирус 2 |
|
- |
Closteroviridae |
Closterovirus |
Қызылша сарғаюының вирусы |
|
|
|
Crinivirus |
Салат сарғаюының жұқпалы вирусы |
|
|
|
Ampelovirus |
Жүзім жапырағының бүрісуінің вирусы 3 |
|
- |
Barnaviridae |
Barnavirus |
Bacciform саңырауқұлағының вирусы |
|
- |
Luteoviridae |
Luteovirus |
Арпа ергежейлігінің PAV вирусы |
|
Palerovirus |
Картофель жапырағын бүрістіретін вирус |
||
|
|
|
Enamavirus |
Бұршақ теңбілінің вирусы 1 |
|
Tobravirus |
Доғалжапырақты ақшайыр вирусы |
||
|
Tobamavirus |
Темекі теңбілінің вирусы |
||
|
Hordeivirus |
Арпаның жолақты теңбілінің вирусы |
||
|
Furovirus |
Бидай теңбілінің вирусы |
||
|
Pomavirus |
Картофель тамырларын солытатын вирус |
||
|
Pecluvirus |
Арахистің түйіршіктену вирусы |
||
|
- |
|
Benyvirus |
Қызылша тармақтарының сары некроз вирусы |
|
- |
|
Idaeovirus |
Таңқұрай ергежейлігінің вирусы |
|
- |
|
Sobemovirus |
Оңтүстік асбұршақтың теңбілдік вирусы |
|
- |
|
Umbravirus |
Сәбіздің дақтану вирусы |
|
- |
Tymovurudae |
Tumovirus |
Репаның сары теңбілідік вирусы |
|
|
|
Marafivirus |
Жүгері собығының солуының вирусы |
|
|
|
Maculovirus |
Жүзім теңбілінің вирусы |
|
- |
Flexiviridae |
Allexivirus |
Шаллот-пиязының Х вирусы |
|
- |
- |
Manadrivirus |
Индиана цитрустарының таңдақтану вирусы |
|
- |
- |
Carlovirus |
Қызыл қалампырдың латентті вирусы |
|
- |
- |
Capillovirus |
Алма ағашының шіріту вирусы |
|
- |
- |
Faveavirus |
Алма дәнін зақымдайтын вирус |
|
- |
- |
Potexvirus |
Картофельдің Х вирусы |
|
|
|
Trichovirus |
Алманың хлоретикалық таңдақтану вирусы |
|
Vitivirus |
Жүзім жапырақтарының А вирусы |
||
|
Ourmiavirus |
Мускустық қауынның вирусы |
||
|
РНҚ-құрамды «жалаңаш» вирустар |
|||
|
- |
Narnaviridae |
Narnavirus |
Saccharomyces cerevisae бактерияларының 20 S PHK вирусы, нарнавирусы |
|
Mitovirus |
Crypinnectria parasiticaның 1NB631 митовирусы |
||
|
Вириоидтар |
|||
|
- |
Paspivroidae |
Pаspiviroid |
Картофель түбірінің ұршықпішінді вироиды |
|
Hostaviroid |
Хмель ергежейлігінің вироиды |
||
|
Cocadviroid |
Кокос пальмасы каданг-каданг ауруының вироиды
|
||
|
- |
Avsunviroidae |
Apscaviroid |
Алма терісінің тыртықтану вироиды |
|
Coleviroid |
Колеустің 1-вироиды |
||
|
Avsunviroid |
Авокаданың «күнгейлік» таңдақтану вироиды |
||
|
|
Pelamoviroid |
Шабдалы теңбілігінің латентті вироиды |
|
|
Субвирусты агенттер |
|||
|
Агенттер |
Топтары |
Типі |
Топша/ түр |
|
Satellites |
Satellite Viruses |
Біртізбекті РНҚ-ы сателитті вирустар |
Аралардың созылмалы сал вирусының сателлиті Темекі некрозы вирусының сателлиті |
|
|
Satellite Nucleic Acid |
Біртізбекті сателитті ДНҚ |
Томат жапырағының бұйралану вирусының сателлиті ДНҚ |
|
|
|
Екітізбекті сателитті ДНҚ |
Saccharomyces cerevisae-ның М вирусының сателлиті |
|
|
|
Біртізбекті сателитті РНҚ |
Ірі сателлиттік РНҚ Кіші сызықша сателлитті РНҚ Циклдік сателлитті РНҚ |
|
Prions |
|
Сүтқоректілердің приондары |
Скрепи агенттері |
|
|
|
Саңырауқұлақтар-дың приондары |
[URE 3] |
Ескерту: он - бір жіпшелі (однонитевые), дн – екі жіпшелі (двухнитевые)
2.5.3. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Құрылымдық сипаты бойынша вирустардың едәуір айырмашылығы бар екі түрін ажыратады: жасушадан тыс орналасқанын - вирион, жасушаішілігін - вирус деп атайды. Вирустардың мөлшері 25нм-ден 350-400 нм-ге дейін болады (нанометр - 1нм = 10-9 метр). Мөлшерін және массасын жанама әдістермен - ультрацентрифугалау, ультрасүзу және микрофотографиялау тәсілдерімен анықтайды. Ірі вириондарды сәулелі микроскопта көруге болады (шешек ауруы кезіндегі Пашен денешіктері).
Вирустардың морфологиясы жақсы зерттелген және олар жіктеу (классификациялау) кезінде ескеріледі. Вирионның негізгі компоненті-ақуыздық қабаты (капсид), оның ішінде нуклеин қышқылы болады. Капсидпен қоршалған нуклеин қышқылын нуклеокапсид дейді.
Капсидтер ақуыздық суббірліктерден (капсомерлерден) құрылған. Әрбір капсомер - ақуыздардың бір немесе бірнеше түрлерінен тұратын тиісті молекулалық салмағы (массасы) бар ақуыз молекуласы. Мысалы: темекі теңбілі (мозаика) вирусының 2130 біркелкі капсомерлері бар. Капсид жүрекшені (core) қоршап тұрады. Көптеген вирустарда нуклеин қышқылдарынан басқа арнайы ферменттері болады. Ақуыздар мен ферменттердің құрамы әртүрлі болуы мүмкін: ұшық вирусында-32 ақуыз, шешек вирусында-12 фермент, құрамында 1-2 ферменттері бар вирустар кездеседі. Ферменттер вирустардың репродукциялануы кезінде маңызды рөл атқарады.
Вириондарды құрамы бойынша бірнеше симметриялық типтерге бөледі:
● симметрияның спиральдық типі (рабдовирустар, грипп және парагрипп вирустары, коронавирустар);
● квазисфералық- куб типтес немесе икосаэдральды тип;
● аралас симметриялық тип (Т-жұпты бактериофагтар-басы көпқырлы, ал құйрықшасы спираль тәріздес).
Симметриялық типі тек қана нуклеокапсидпен байланысты, суперкапсид бұл кезде есепке алынбайды. Мысалы, грипп вирусы сыртынан қарағанда сфера пішіндес, ал нуклеокапсидінің симметриясы спираль типтес. Көптеген вирустардың суперкапсиді (пеплос) болады - олар күрделі құрылымды вирустардың сыртқы қосымша қабаты. Суперкапсидтің құрылымдық элементтері - тікенекшелер немесе пепломерлер. Грипп вирусында олардың 2 типі бар: гемагглютинин және нейраминидаза; парагрипп вирусында екі комплекс-гемагглютининмен бірге нейраминидаза және қосылу ақуызы деп аталатын компонент; АИВ-да - гликопротеид (gр 120).Адамдар үшін патогенді вирустардың көпшілігі – күрделі құрылымдылар. Егер вирустың суперкапсиді болмаса - қарапайым құрылымды вирустар деп аталады. (8,9,10 - сурет).
Күрделі құрылымды вирустардың көпшілігінде суперкапсид - ол ие жасушасының өзгерісіне ұшыраған (модифицирленген) ЦПМ-ы. (7,11,12 - сурет). Модификация ЦПМ учаскесіне вирус тікенекшелерінің тіркелуі нәтижесінде іске асады. Бұл заңдылыққа поксвирустарының (шешек вирустары ж.т.б.) суперкапсиді жатпайды, олардың суперкапсиді вирусспецификалық, яғни суперкапсид синтездеуге жауапты меншікті гендері бар. Егер де бір вирусты әртүрлі жасушаларда дақылдандырса, биохимиялық құрамы бойынша айырмашылығы бар суперкапсид пайда болады. Тікенекшелер (шипы) сезімтал жасушалардың беткейлеріне жабыстырғыш ақуыз рөлін атқарады. Егер оларды майеріткіштермен немесе детергенттермен кетірсе, вирустың инфекциялық белсенділігі толық жойылады.
Вирустардың биохимиясы да толық зерттелген. Вирион құрамына кіретіндері: ақуыздар-70-80%; нуклеин қышқылдары-4-6% (РНҚ), 20-30% (ДНҚ-ы вирустарда); липидтер және көмірсулар шамалы мөлшерде болады.
Вирустық ақуыздар -полипептидтер, олар кәдімгі солайналымды (левовращающих) амин қышқылдары, тек қана реттілігі бойынша айырмашылығы бар. Қалыпты ақуыздарға қарағанда вирустық ақуыздардың протеазаның әсеріне сезімталдығы өзгерген. Вирустардың ақуыздары әртүрлі факторлардың (нуклеазаның, ультракүлгін сәуленің, иондаушы сәулеленудің т.б.) әсеріне қарсы қорғаныс функциясын атқарады. Вирус ақуыздарының жоғары (бірақ абсолютті емес) төзімділігі бар, өйткені репродукциялануы кезінде вирусқа «шешіну» қажет (геномның босануы). Бұл кезде ақуыздардың протеазаларға сезімталдығы өзгереді. Сезімтал жасушаға вирус енгеннен кейін ақуызы өзгереді және протеазалардың әсерінен жылдам гидролизденеді.
Вирустың ақуыздары құрылымдық (структурные) және құрылымдық емес (неструктурные) деп бөлінеді. Құрылымдық ақуыздар суперкапсид және капсид ақуыздарын түзеді. Құрылымдық емес ақуыздар вирус бөлшектерінің құрамына енбейді, жұқтырылған жасушада вирустың репродукциялануы кезінде табылады. Олар реттеушілік функциясын атқаратын ферменттер (реттеуші ақуыздар және ферменттер), және де вирустық құрылымдық ақуыздардың ізашары (предшественник) болуы мүмкін. Адамдарға қарағанда вирус ақуыздарының аминқышқылдық реттілігі (последовательность) басқаша, сондықтан оларды жасуша ішінде анықтауға болады. Вирустық ақуыздардың синтезделуі жасушалар рибосомасында жалпы заңдылықтарға сәйкес жүреді және иРНҚ-мен реттеледі, ол вирустық нуклеин қышқылының матрицасында пайда болады. Вирус ақуыздарының атқаратын функциялары:
1. Қорғаныстық - вирустық нуклеин қышқылын УКС (УФО), химиялық факторлардың, нуклеазаның, интерферон индукторының әсерінен көлеңкелейді.
2. Адрестік (бағытты әсер ету) функциясы - кез-келген емес, өзіне қажетті сезімтал жасушаға ғана енуі. Үш өлшемдік (трехмерная) құрылымның комплементарлық принципі бойынша іске асады. Жасуша беткейінде вирионның жабыстырушы ақуызына комплементарлы рецепторлар болуы қажет, осындай жағдайда ғана вирустың керекті жасушаға адсорбциялануы жүреді.
Жасушалық рецепторлардың табиғаты әртүрлі болуы мүмкін. Вирустардың әрқайсысы үшін тиісті сезімтал жасушалар болады: грипп вирусы үшін-құрамында сиал және нейрамин қышқылы бар мұрын және жұтқыншақтың артқы қабырғасының жылпылдақ эпителиі; АИВ (ВИЧ) үшін-сезімтал жасушалардың 5 типі (Тh, макрофагтар, альвеолярлық макрофагтар, нейрондар және нейроглиялар жасушалары, тік ішек шырышының жасушалары; құтыру вирусы үшін-теріасты майшелінің (клетчаткасының) фибробластары, бас миының нейрондары. Жасушалық рецепторлардың саны бірдей емес, кейбір вирустар үшін бір жасушаның беткейінде 104-105-ке дейін рецепторлар болады. Күрделі құрамды вирустарда адрестік функцияны суперкапсид орындайды, ал қарапайым құрамдыларда - капсидтің бір ақуызы атқарады. Егер де бұл ақуыздарды детергентермен бұзса вирус сезімтал жасушамен өзара әрекеттесу қабілеттілігін жоғалтады.
3. Реттеушілік (регулирующая) функциясы. Ол вирустардың жасушаішілік ақуыздары, ферменттері, ферменттік кешендерінің көмегімен ажыратылады. Грипп вирусының осындай кешенінің құрамына РА1-қышқыл және РВ-негізгі полимеразалар кіреді. АИВ-ында төрт фермент: РНҚ тәуелді-ДНҚ полимераза, интеграза, протеаза, эндонуклеаза. Бұл кешендер вирион жүрекшесінің құрамында болады. Сезімтал жасушамен өзара әрекеттесу процесі кезінде осындай функцияны құрылымдық емес ақуыздар мен ферменттер орындауы мүмкін (шешек вирусы-33 полипептидтер және10 ферменттер).
Вирустардың ферменттерін екі топқа бөледі: вириондық және вирусиндуцирлеушілер. Біріншісіне транскрипция және репликация процесіне қатысатын ферменттер (ДНҚ және РНҚ полимеразалар-көптеген вирустардан табылған, кері транскриптаза-ретровирустарда, эндо- және экзонуклеазалар, АТФ-аза, кейбір вирустардың нейраминидазасы). Құрылысы вирустық геномда кодталган ферменттер - вирусиндуцирлеушілер деп аталады. Оған РНҚ-полимеразалар (пикорна-, тога-, орто-, және парамиксовирустардың) және де ДНҚ-полимеразалар (покс-, және ұшық вирустары) жатады. Вирустар өзінің меншікті ферменттері мен қатар вирусспецификалыққа жатпайтын жасушалық ферменттерді де пайдаланады. Кейбір вирустардың құрамында ферменттердің ауқымды жиынтығы болады: поксвирустарда-10, АИВ-4, грипп вирусында-3 фермент. Ферменттер вирустың репродукциялану кезеңдерін қамтамасыз етеді (комплементарлылық принцип бойынша).
ДНҚ-геномды вирустарда ДНҚ-тәуелді полимераза ферменті бар, иРНҚ-ң синтезделуін қамтамасыз етеді. Ферменттер НҚ-ың синтезделген тізбектерін модификациялауға қатысады: тізбектің ұзаруы, қысқаруы, нуклеин қышқылдарының «тазартылуы» немесе процессингі-кесілуі НҚ-ың белгілі бір учаскелерінен 1-2 нуклеотидтерді кесіп алып лигаза ферментімен тігілуі (сшивание).
Вирустық нуклеин қышқылдарының басқа тірі организмдердің нуклеин қышқылдарына қарағанда едәуір айырмашылықтары бар. Олардың бәрінде генетикалық ақпарат екі спиральды ДНҚ-а кодталған және бір жіпшелі РНҚ бар (информациялық, транспорттық, рибосомалық). Вирустарда геном ретінде ДНҚ да, әрі РНҚ да болуы мүмкін. Кейбір вирустарда (РНҚ геномды) вириондық РНҚ бір мезетте информациялық РНҚ-ң рөлін атқара алады. Мұндай вирустарды (Балтимор классификациясы бойынша) плюс (+) жіпшелі деп атайды. Осындай РНҚ-н бөліп алып жасушаға жұқтырса, жасушаға бүтін вирус енгендей инфекция дамиды. Басқа минус (-) жіпшелі вирустарда РНҚ ақпараттық функциясын іске асыра алмайды. Егер бөлініп алынған осындай РНҚ-н сезімтал жасушаға енгізсе инфекция дамымайды, информациялық РНК-ң синтезделуін қажет етеді. Себебі РНҚ тәуелді полимераза енуін қажет етеді, ол вирустық РНҚ-ның матрицасында иРНҚ-ң синтезделуін қамтамасыз етеді, иРНҚ жасушаның рибосомасына тасымалданады да, трансляциялық процесс- вирустық ақуыздардың синтезделуі басталады. Вирустар нуклеин қышқылдары құрылымының әртүрлі болуымен ерекшелінеді. Оларды химиялық (фенолмен) немесе физикалық факторлармен (ультрадыбыспен) вирусты бұзып алуға болады. ДНҚ құрамды вирустарда олар бірнеше түрде кездеседі: классикалық екі жіпшелі (аденовирустар, герпесвирустар); екі жіпшелі сызықша пішінді шеттері тұйықталған (шешек вирусы); екі жіпшелі сызықшалы бір тізбегі үзілген (Т-фагтар);бір тізбегі бірнеше жерден үзілген (әрбір фрагменті-уникалды ген); жоғарғы бұрамалары (витки) бар (суперспирализация) немесе ондай жоқ (тогавирустар) екі жіпшелі сақина түзіп тұйықталған:сыртқы жіпшесі сақина пішіндес тұйықталған (L-жіпше), ал ішкі жіпшесінің 1\3 бөлігі жоқ (S-жіпше, шорт) екі жіпшелі (гепадновирустар); ерекше сызықшалы бір жіпшелі ДНҚ (парвовирустар); бір жіпшелі сақинаша тұйықталған (фагтар).