ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.09.2021

Просмотров: 4615

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тірі вакцина енгізілгеннен кейінгі иммунитет белсенсіз вакцинаға қарағанда организмде ұзағырақ сақталады. Сондықтан қызылша, корлық вакциналардың бір тер негізгендегі иммунитеттің сақталу мерзімі 20 жылға дейін жетеді, ал сары қызба – 10, тулярия вакцинасынікі – 5 жылға ейін ғана.

Осының негізінде бірінші және кезекті екпелердің арасындағы интервалдар анықталады. Ал полиомиелит ауруынан толық иммунитетке ие болу үшін бірінші жылы үшвалентті тірі вакцинаны уү рет енгізеді, ал ревакцинацияны екінші, үшінші жылдакрында қайталанады.

Тірі белсенсіз вакциналарды көбінесе моно препарат ретінде қолданады. Біздің елімізде ассоциациялық препараттардың ішінен АКДС вакцинасы ғана шығарылады. Қалған ассоциациялық препараттар басқа шетелдерде шығарылады. Оған коклюш, дифтерия, соғыспа, полиомиелиттен, корь, эпидемиялық паротит, қызылша т. б.вакциналары жатады.

Корпускулярлы вакциналар – химиялық (формалин, спирт, фенол) немесе физикалық (жылу, ультрокүлгін шағылу) әсерлерден белсенсіздендірілген бактериялар мен вирустар жатады. Корпускулярлы вакциналарды даярлау үшін микроорганизмдердің вирулентті штаммдары қолданылады. Себебі олар антигедерге бай болып келеді. Корпускулярлы вакциналардың мысалы ретінде коклюш, (АКДС қосылысы), антирабтық, лептоспироздық, тұмаулық белсенсіз вакциналар, кене және жапон энцефалитінің , т.б. вакциналар қатары жатады.

Әлсіз вакциналар. Бұл вакциналардың өлі вакциналарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болады. Олар микроорганизмдердің антигендік жиынтығын толық сақтайды және де қабылдамаушылықты жағдайды ұзақ уақыт қалыптастырады. Тірі вакциналарды полиомиелит, туляремия, бруцеллез, корь, сары қызба, эпидемиялық паротиттің алдын алуы үшін қолданады. Кемшіліктері – организмге қажетті антегендерден басқа организмге зиянды да антигендер түзіледі.

Белсенсіз бактериялар және вирустық вакциналар құрғақ және сұйық түрде де шығарады. Ақырғысында консервант бар. Толық иммунитетті шығару үшін екікратты және үшкратты белсенсіз вакцина қажет. Дамып келе жатқан иммунитет аз өмір сүреді, оны биік деңгейде ұстап тұру үшін ревакцинация қажет.

Жақында анықталғандай, керек қозғыш антигенді кодтайтын өзгерген ДНҚ, пациенттің бұлшық етіне немесе теріге егуге болады.

Өлген вакциналар – ол вакциналық препараттар, құрамында тірі микроорганизмдер болмайды. Вакциналар құрамында толық микротар болуы мүмкін – чумаға, гриппке, полиомиелиттік Солкаға қарсы вакциналар, жәнеде бөлек компоненттер немесе иммуналогиялық белсенді фракциялар. Құрамындағы антигендерге байланысты бір қоздырғышты және көп қоздырғышты деп бөлеміз. Өлген вакциналар ережеге сай аз иммуногенді,тірі реактогендерге қарағанда, ағзаның сенсибилизациясын шақырады.

Компоненттік вакциналар басты антигенді компоненттерден тұрады, оларды протективный иммунитетпен қамтамасыз етеді. Олар :


  • Клетка құрылысының компоненттері

  • Анотоксины – токсикалық құрамынан айырылған, бірақ жоғары антигенді және иммуногенді сақтаған,құрамында модифицировалық химиялық жолмен экзотоксині бар препараттар. Ол препараттар антитоксиклық иммунитті өндіреді. Әсіресе дифтериялық және сіреспе анатоксиндері кең қолданылады. Химиялық жолмен алынған вакциналық препататтар – химиялық вакциналар деп аталады.

  • Конъюгирлік вакциналар – азиммуногенді полисахаридтер және жоғарыиммуногенді анотоксиндер комплексі, мысалы: Haemophilus influenza антигенімен дифтериялық анатоксиндер қосындысы.

  • Суббірлікті вакциналар. Гепатит В вирусына қарсы вакцинаны беткейлік ақуыз НВs-нан дайындайды. Қазіргі кезде бұл вакцинаны рекомбинанттық негіз ретінде қабылдайды – ашытқы клеткада плазмида көмегімен, НВs антигенін кодтайды.

4. Жұқпалы аурулардың иммундық емдеуі

Адам иммуноглобулині (АИГ)

Бұл препараттар вирусты гепатит С және ВИЧқа антиденесі жоқ дені сау адамның плазмасынан немесе Кон әдісі бойынша сарысудан фракциялық жолмен алынған, белсенді ақуыздық иммунологиялық фракция болып табылады.

АИГнің әсер ету бастамасы иммуноглобулин болып табылады. Олар әртүрлі маманданған антиденелерге ие. АИГ препараттарының құрамында (95%) IgG , адам организмінен жартылай шығу ауқыты 4 жұмаға созылады, ал бұлшықетке енгізгеннен кейінгі максималды антиденелер дәрежесі 24-48 уақыт интервалға тең.

Өзіндік қасиеттер бойынша АИГ-ны екі түрге бөледі. : қалыпты АИГ (ескі аты корьға қарсы гамма-глобулин), және маманданған АИГ. Жарайтын таза АИГ алу үшін кемінде 1000 адамның қаны қолданылады.

Сарысулар және гетерологиялық иммуноглобулиндер

Гетерологиялық сарысуларды жедел алдын алу үшін және жедел токсинемалық (сіреспе, дифтерия, ботулизм, газды гангрена) , сонымен қатар кейбір вирустық (құтыру, кене энцефалиті, жапон энцефалиті, венесуэлалық жылқы энцефаломиелиті, Эбол қызбасы) және бактериологиялық (сібір язвасы, лептоспироз) ифекцияларды емдеу үшін қолданылады.

Сонымен қатар жоғарыда аталғандарға қоса бұл препараттар жылан уын (гюрза, эфа, кобра) және қарақұрт уын залалсыздандырады.

5. ҚР егу күнтізбесін

Қазақстан Республикасының алдын ала екпе күнтізбесінетуберкулез, полиомиелит, коклюш, дифтерия, сіреспе, корь, гепатит В және эпидемиялық паротитке қарсы қолданылады.

Қазақстан Республикасының егу күнтізбесі.

Жасы

Туберкулезге қарсы

Гепатитке қарсы

Полимиелитке қарсы

Коклюш, дифтерия,сіреспеге қарсы

Корьға қарсы

Паротитке қарсы

0-4 күн

+

+

+





2 ай


+

+

+



3 ай



+

+



4 ай


+

+

+



12 ай





+

+

18 ай




+



6 жас

+



АДС

+

+



Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Вакцина не үшін қажет?

  2. Адам ағзасына вакцинаның әсері?

  3. Иммунопрофилактика не үшін керек?

  4. Иммунотерапияны не үшін қолданады?

Тақырыбы: Жеке медициналық микробиологияның тапсырмасы мен мақсаттары. Грам оң кокктар (стафилококктар, стрептококктар).

Санитарлық және инфекциялық бөлемдерінен тәуелді медициналық микробиологияда жеке орында клиникалық микробиология бірнеше он жылдық бүрын дами бастап қазіргі кезде дамуын жалғастыруда.

20-ші ғасырдың екінші жартысынан бастап бактериялар эволюциясы мен олар тудыратын аурулар даму темпі тез өсті.Осы уақыт ішінде терапевтік және хирургиялық мамандықтан инфекционды емес клиникаларда инфекционды аурулар саны көбейді. Бул жағдайдың басты себебі химиотерапевтік препараттардың ретсіз,кең қолданылуының нәтижесінде шартты-патогенді микроорганизмдердің таралуы,ем практикасына сыртқы жабындылардың (тері және кілегейлер) тегістігін бузатын процедуралардың еңгізілуі болып табылады. Бул антибиотиктерге полирезистентті бактериялардың ауруханаішілік эковарлардың, ауруханаішілік созылмалы аралас инфекциялар мен сепсистердің ауырлығының өсуіне алып келді.Осының нәтижесінде клиникалық микробиология - инфекционды емес клиникада микробты аурулардың иммунитетінің, патогенезінің, этиологиясының микробиологиялық аспектілерінін зерттейтін,олардың профилактикасының, спецификалық терапиясының, лабораторлық диагностикасының әдістерін өндіретін және жасайтын медициналық микробиологияның бөлімі.

Клиникалық микробиология ның спецификасы - оның микробтардың бір тобын – шартты-патогенділерін зерттеуінде, аурулардың бір тобын – ауруханалық стационарларды зерттеуінде жатыр.

Осының қорытысында клиникалық микробиология есептері келесіде:

1/ Адамның инфекционды ауруларының патогенезі мен этиологиясында шартты-патогенді микроорганизмдердің биологиясын және ролен зерттеуде сондай-ақ оның денсаулығын сақтауда,себебі олар организмнің қалыпты өмір суретін өнімдері болып табылады;

2/ Инфекционды емес аурухана бөлімдерінде кездесетін микробты аурулардың профилактикасында,спецификалық терапиясында, микробиологиялық диагностикасында әдістердің жасалуы мен қолдануы.

3/ Микробтардың дәріге турақтылығын ,дисбактериоздың, ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық аспектілерінің мәселесін зерттеу.

4/ ЕПО-дағы антимикробты шаралардың жүргізілуін бақылау мен микробиологиялық негіздеу

Клиникалық микробиологияда қолданылатын әдістер: 1/ микроскопиялық – болжамдау әдіс; 2/ бактериологиялық; 3/ серологиялық – қосымша,үйткені шартты-патогенді микроорганизмдер АД титрінін көрінікті үлкейтпейді.Биологиялық және аллергиялық әдістерді қолданылмайды.

НАУҚАСТАН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ МАТЕРИАЛ АЛУ ИНСТРУКЦИЯСЫ


Материал алғандағы негізгі принциптері:

Материал алынады-

  • зақымдалған ошақтан.

  • антибиотикотерапияның алдында.

  • материалдың қоршаған ортамен қатынасын болдырмай.

ҚАН АЛУ.

Қанды науқастан төсекте жатқанда немесе таңу бөлмелерінде алады. Қанды екеулеп алған дұрыс. Медициналық қызметкер теріні тазалап және қан алады, екіншісі бұл уақытта ортасы бар флаконның пробкасын оттықтың жалынына жақындатып ұстап ашып, оны шприцтің алдына қояды, флаконның мойнын күйдіріп және жабамыз. Қан алынған венаның терісін 70 град. спиртпен тазалап, одан кейін 5% йод тұнбасы және спиртпен қайтадан тазалаймыз. Венепункцияны дезинфектант толық кепкен соң жасаймыз. Бактериологиялық зерттеу үшін ересектерден 10 мл кем емес, ал балалардан 5 мл кем емес қан алынуы керек. Қанды қызба кезеңінде, химиотерапея алдында немесе препарат енгізгеннен соң 12-24 сағаттан соң. Манипуляция асептиканы сақтай отырып жасалады.

ЛИКВОР

Ликворды люмбальді пункция жолымен алынады, кейде мидың шеткері мишығын пункциялайды. Ликворды алу – дәрігердің манипуляциясы. Пункциялау және материал алу асептика ережесін сақтай отырып жасалады, қызметкер маскамен жұмыс жасайды. Ликвордың алғашқы порциясы – жалпы ликворологиялық зерттеуге, екіншісі порциясы – бактериологиялық зерттеуге арналған, стерильді центрефужалық пробиркаға жинайды. Ликворды шприцпен пробикаға құйғанда инесіз құю керек, пробиркаларды дұрыс қолдану керек. Алынған материал лабораторияға тез жеткізілуі керек, болмаған жағдайда бірнеше сағат 370С температурада (жылы сулы грелка немесе термоста) сақтаймыз.

ЖОҒАРҒЫ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІНДІЛЕРІ

Мұрын қуысынан материалды стерильді құрғақ тампонның көмегімен аламыз, ал аңқадан ылғалды стерильді мақталы тампонмен аламыз. Мұрыннан және жұтқыншақтан әртүрлі тампондармен жұғын алады, жұтқыншақ пен миндалиннен материалды таңертең аш қарында немесе тамақтан соң 3-4 сағаттан кейін аламыз. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы және миндалиннен жұғын алғанда тампонды тілге, таңдайға, тіске тигізбеу керек.

ТӨМЕНГІ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІНДІЛЕРІ

Науқастан қақырық алар алдында науқастың тісін тазалатып және қайнаған сумен аузын шайғызамыз. Ең маңыздысы болып қақырықтың таңертеңгі порциясы болып табылады. Қақырықты стерильді кең ауызды ыдысқа жинаймыз. Кішкентай балалар қақырық түсіре алмағандықтан, туберкулездің диагностикасы үшін олардан асқазан жуындысы зерттеледі. Исследование смывов из Бронх жұғынын зерттеу қақырық болмаған немесе аз болған жағдайда қолданылады. Бұл әдістің диагностикалық маңыздылығы төмен, себебі ол сумен араластырғанда микроб саны 10-100 есе төмендейді қақырыққа қарағанда. Бронхиальды жұғынды бронхоскопия кезінде алады. Бұл жағдайда бронхқа 5 мл артық физ. ерітінді құмауды ескертеді. Нақты нәтижені алу үшін материалды инфильтрат ошағынан немесе рентгенологиялық бақылау көмегімен абсцестен трансторокальді пункция жасау арқылы аламыз.


ЗӘР.

Стерильді ыдысқа бос түскен ортаңғы порциясынан 3-5 мл көлемінде зәр алынады. Материал алар алдында науқас жыныс ағзасын жақсылап жуады. ДДҰ-ның эксперттері әйелдер мен еркектерде зәрді алудың келесі инструкциясын ұсынады:

  • Қолды жақсылап жуу;

  • Жыныс мүшесін шығарып аздаған порциясын жібереді.

  • Зәр шығаруды қоямыз және зәрді контейнерге жібереміз.

  • Контейнерді жабамыз және лабораторияға тапсырамыз.

ӘЙЕЛДЕРГЕ:

  • Қолды жақсылап жуу;Стерилді марля салфетка қолданып, жылы сабынды сумен, жоғарыдан төмен қарай жыныс мүшесін жуады.

  • Жыныс мүшесін қайтадан жуып, стерильді салфеткамен сүртеміз. Барлық процедура барысында жыныс мүшесін қолмен ұстамау керек.

  • Бірінші порциясын жібергеннен кейін, қалғанын стерилді контейнерге жібереді.

  • Контейнерді жабамыз және лабораторияға тапсырамыз.

Стафилококктар

Ең алғашқы рет стафилококктарды іріңнен 1878 жылы Кох, 1830 жылы Пастер тапқан. 1881 жылы Огюстон оларды стафилококк деп атауды ұсынды (стафилос- грекше “жүзім” деген) . Таза дақылдарын бөліп алып,оны жан-жақты зерттеген Розенбах (1874).

Терісі іріңдеп қабынған ( тілме) науқастан (1874 Бильрот ),іріңді аурумен сепсис болғанда (1879, Пастер) стрептококктарды табады. Таза дақылын Фелейзен (1883) және Розенбах (1884) бөліп алады,қасиеттерін толық зерттейді

Пневмониялық стрептококкты (пневмококкты) бірнеше зерттеушілер әр кезде ашып,оның белгілерін анықтаған (Кох – 1871,Клебс – 1875,Пастер-Шамберлан,Ру-1881).Таза дақылын 1885 жылы Френкель боліп алады.1886 жылы Вексельбаум жан-жақты зерттейді.

ПАТОГЕНДІ КОККТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТУЫСТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

1/ Генетикалық жақындығы.

2/ Морфологиялық және кейбір биологиялық қасиеттерінің ұқсастығы.

3/Қабыну-іріңдеу процесстерін туғызу қабілеттілігі,сондықтан кокктарды пиогенді деп біріктіреді.

4/ Әртүрлі дәрежеде сепсис және септицемия қоздыру мүмкіндігі.

ОЛАРДЫ БІР-БІРІНЕН ТӨМЕНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН

АЖЫРАТАДЫ :

1/ Ферменттік белсенділігі бойынша.

2/ Антигендік құрамын анықтау арқылы.

3/ Грам әдісімен бояу арқылы.

ПАТОГЕНДІ КОККТАРДЫҢ ТАКСОНОМИЯСЫ (Берджи,2001)

Тұқымдастары

I.Staphylococcaceae

II.Streptococcaceae

Туыстары

Staphilococcus

Streptococcus

Түрлері

1.Staph.aureus

2.S.epidermidis

3.S.saprophyticus

1.Str.pyogenes

2.Str.pneumoniae

Туғызатын аурулары

Әртүрлі іріңдеп-қабынулар:флегмона,сыздауық,күбіртке,

абсцесс,сепсис,іш өту,астан улану.

Іріңдеп-қабынулар,сепсис,баспа-ангина,скарлатина

Бөлінеді: 1/ облигатты анаэробтар (Грам+пептококктар,пептострептококктар,Грам-вейлонеллалар)