ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 4584
Скачиваний: 2
Беткейлік антиген құрайтын белоктар гликозирленген (gp) және гликозирленбеген түрде болады. Гликозирленген белоктар қатарына gp27, gp33, gp36 және gp42 кіреді. НВV суперкапсиді басты немесе негізгі S-белоктар (92%), ортанғы М-белоктан (4%) және үлкен немесе ұзын L-белоктан (1%) тұрады.
Негізгі белок - р24/ gp27, немесе негізгі белок (S-белок) НВV сыртқы қабатының негізгі компоненті.
Үлкен белок - р39/gp42, немесе ұзын белок (L-белок) НВsAg барлық формаларында кездеседі. Вирионның морфогенезінде және олардың клеткадан шығуына қатысады.
Ортанғы белок - gp33/gp36, немесе белок М НВsAg барлық формаларында кездеседі. Негізгі қызметі НВV бауыр клеткала-рын тани алады. Жоғарыда аталған белоктардың иммуногендік қасиеті өте жоғары және олардың детерминанттары вирионның беткейінде орналасады. Сондықтан осы антигендерге қарсы организмде түзілген антиденелер гепатит В қарсы қалыптасатын иммунитетте маңызы зор.
Вирустық белоктар синтезі қатал түрде транскрипция мен трансляция деңгейінде қадағаланады. Ен алдымен ген S өте жоғары ұйымдастырумен және стероидтық гормондар көмегімен бауыр клеткаларында өтеді. Осы себептен, созылмалы гепатит В мен бауыр рагі (гепатома) ер адамдарда жиі кездеседі. Ал әйелдерде стероидты гормондар деңгейі төмен.
Үлкен L-белок аз мөлшерде синтезделеді. Олар көбінесе инфекциялық вириондар беткейінде орналасады. Ал негізгі белок пен ортанғы белок көп мөлшерде синтезделіп, беткейлік антиген құрамында гепатоциттерден бөлініп отырады. Қан сары суында жетілген вириондар санына қарағанда осы белоктар мен антигендердің саны көп болады. Беткейлік антигеннің саны 1 мл қанда 1011-1013.
Гепатит В вирусы жаңа вирустар Нepadnavіrіdae тұқымдастығына кіреді. Осыған ұқсас басқа гепаднавирустар әр түрлі жануарларда кездеседі (тиіндерде, бурундуктер, пекин үйректерінде).
Гепаднавирустардың репликациясында бір ерекшелігі бар, яғни геномдық ДНҚ репликациясы аралық звено - РНҚ арқылы өтеді, кері транскриптаза механизмі көмегімен өтеді.
Гепатит В вирусының өмірлік циклы.
Клеткаға адсорбциялануы
Клеткаға эндоцитоз механизмі бойынша енуі (вирусы бар клетка мембранасы ішке қарай бүгілуі→көпіршік пайда болады→лизосома→ нуклеокапсидтің шығуы және вирустың геномы гепатоцит ядросына енуі).
Клетка ішінде көбеюі
Вирус клеткаға енгенде ДНҚ қысқа тізбегі ұзарады. Ядрода клеткалық ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразасы 3500 нуклеотидтерден түратын РНҚ (прегеном) және вирустық белоктар синтезіне арналған мРНҚ синтездейді. Содан кейін прегеном мен вирус-тық ДНҚ-полимераза жаңадан синтезделген капсидке оралады да цитоплазмаға түседі. Осы жерде прегеномның транскрипциясы өтеді, яғни жаңа вирустық ДНҚ қысқа минус-жібі синтезделеді. ДНҚ минус-жібі синтезделіп болғанда прегеномдық РНҚ жойылады. Вириондық ДНҚ-полимераза “минус-жіпте” “плюс-жіп синтездейді”. Вирустық ДНҚ енді екі жіпті болады, клетканың ішінде ұзақ сақталады, қайтадан репликациялау үшін клетканың ядросына ауысады. Егер жаңадан пайда болған вирустық бөлшек репликацияланбайтын болса, нуклеокапсид гепатоцит мембранасынан өткенде суперкапсидке оралады, онда ДНҚ жібі ұзаруы бірден тоқтайды. Сондықтан ДНҚ жібі әр түрлі ұзындықта болады. Гепатит В жедел формасында қанда келесі серологиялық маркерлер пайда болады: НВsAg, НвеAg, және антиденелер (ІgM, ІgG); анти-НВсAg, анти-НВеAg және НВsAg.
Гепатит В вирусы құрамында онкоген жоқ, бірақ вирустық ДНҚ клетканың хромосомасының әр бөліміне енгенде, хромосомада түрлі генетикалық өзгерістер болуы мүмкін - делеция, транслокация, амплификация. Осылардың нәтижесінде бауыр рагі дамиды - гепатит В ең ауыр асқынуы.
Резистенттілігі. Гепатит В вирусы өте төзімді. Бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады, мұздап қатып қалған күйінде көптеген жылдар бойы. Вирус автоклавтан өткенде ғана жойылады, 30 минут қайнатқанда, ыстық бумен 1800 60 минут аралықта, 600С қыздырғанда - 10 сағат аралықта инфекциялық қасиеті жойылады. Қышқыл ортаға төзімді, ал сілтілі ортада ыдырайды. Вирус Н2О2, хлорамин, формалин, фенол және ультра күлгін сәулесі әсерінен жойылады.
Эпидемиологиясы. Гепатит В вирусының жұқтыру көзі тек адам. Егер гепатит В парентералық жолмен ғана жұғады десек, енді вирус әр түрлі секреттер мен экскреттерде кездеседі: сілекейде, мұрын жұтқыншақ шырышында, нәжісте, көз жасында, спермада, менструалық қанда ж.т.б. Сондықтан, жұқтыру тек парентералық жолмен ғана емес, жыныстық жолмен, тік (аданад ұрыққа) берілуіде болады, яғни әр түрлі жолдармен жұқтырылады.
НВV таралуына вирустасымалдаушылар көп маңызы бар, БДСҰ ақпараттары бойынша тасымалдаушылық дүние жүзіндегі тұрғындардың 0,1-ден 20% кездестіруге болады.
Патогенез, клиникасы. Вирус гематогенді жолмен бауырға түседі. Гепатит патогенезінде маңызды рольді аутоиммунды гуморальдық және клеткалық реакциялар алады. Гепатоциттер зақымдануы тек вирустың әсері ғана емес, ең алдымен адамның иммунологиялық реакцияларымен байланысты. Бұл өзгерістер вирустық белоктар әсерінен гепатоциттердің мембранасы бұзылады, ал бұзылған бауыр клеткаларына аутоантиденелер пайда болады. Сонымен дамыған созылмалы гепатит пен бауыр циррозы аутоиммунды ауруларға жатқызуға болады.
Гепатоцитер мембранасында орналасқан вирустық белоктарға қарсы пайда болған клеткалық аутоиммундық реакциялар Т-цитотоксикалық лимфоциттер мен бауырдың басқа да киллерлік клеткалары көмегімен өтеді. Сондықтан, бауырдың жедел дистрофиясы гетеротрансплантаттың ыдырау (отторжение) реакциясы деп білуге болады.
Инкубациялық кезеңі 45 тәуліктен 180 тәулікке созылуы мүмкін, орташа 60-90 тәулік. Гепатит В клиникалық көрінісі әр түрлі:
А) ауру латентті түрде өтеді, тек лабораториялық тексерулерде анықталады; В) Айқын сарғаю формада;
С) Қатерлі түрде, науқас қайтыс болады.
Сарғаю алындағы кезеңі бірнеше күннен көптеген апталар созылуы мүмкін. Сарғаю кезеңі ұзаққа созылады келесі симптомдармен көрінеді - сарғаю, гипербилирубинемия, зәр қоныр болады, көз склералары сарғаяды. Ұзаққа созылған кезеңі 15-20% науқаста кездеседі, ал 90% науқастарда созылмалы гепатит дамиды. Балаларда гепатит В женіл түрде және жиі сарғаюсыз өтеді, ал жас балаларда - симптомсыз дамиды.
Аурудан соң қалыптасатын иммунитет ұзаққа созылады, өмірбақи болады, егер қанда вирустық антигені болмаған жағдайда вирусты нейтралдайтын антиденелермен қалыптасады. Егер гепатит В жедел түрде дамыған болса, науқас адам толық сауығып кетеді, антиденелер деңгейі жоғары болғандықтан. Сонымен қатар, кей жағдайларда, қанда вирустық антигендер көп болғанымен (парентарылық жұғу жиі болатыны) антиденелер түзілмейді. Вирус ұзақ бауырда сақталып қалады, адам өмір бақи вирус тасымалдаушы болады. Созылмалы гепатит В жиі байқалатын асқынуы бауыр циррозы мен бауыр рагі, латентті кезеңі 30-50 жылға созылғанда.
Гепатит В диагностика әдістері. Қазіргі кезде негізгі гепатит В диагностика әдісі пассивті гемагглютинацияның кері реакциясы - вирусты немесе беткейлік НВsAg табу үшін. Көп жағдайда беткейлік антигендері анықталады, себебі олар вирустың өзіне қарағанда көп болады (100-1000 есе). Сонымен қатар, ИФА арқылы вирустың антигендеріне қарсы науқастың сары суында түзілген антиденелер титры анықталады. ДНҚ-ДНҚ-гибридизация - ДНҚ-зонды қолдануға болады.
Арнайы сақтандыруы. Гепатит В ауыр асқынулары дамытин болғандықтан және дүние жүзінде вирустасымалдаушылық кең таралғандықтан БДСҰ баланың бірінші жылында міндетті түрде вакцинация жүргізуін ұсынды. Екі типті вакцина ұсынылды:
Вирус тасымалдаушылардың плазмасынан жасалған вакцина;
Гендік инженерлік биотехнология арқылы дайындалған вакцина. Гепатит В беткейлік антигенің түзетін ашытқылардың рекомбинантты клондары қолданады. Вакциналардың эффективтілігі жоғары (егілгендердің 95% қорғайды). Вакцинациядан соң дамитын иммунитет 5-6 жылға созылады. Прививканың курсы 3 инъекция:
1-ші дозасы - нәрестеге туған соң бірден, перзентханада егіледі;
2-ші дозасы - 1-2 айдан соң;
3-ші дозасы - баланың бірінші жылдың сонында.
БДСҰ ұсынысы бойынша баланың бірінші жылында туберкулезге, полиомиелитке, гепатит В, қызылшаға, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге қарсы вакцина егіледі.
Гепатит В науқастан адаммен қатынаста болғандарға НВV қарсы антиденелері бар гамма-глобулин енгізіледі.
Емдеуі. Гепатит В терапиясы гепатит А еміне ұқсас, аурудың ауырлығына, ағымына сәйкес жүргізіледі.
Дельта-гепатит
1977 жылы М.Ризетто басқа зерттеушілермен бірге ауыр түрде өтетін гепатиттің қоздырғышын тапты, дельта-антиген деп атаған. Дельта-вирус (НDV) созылмалы гепатитпен науқастанатын адамдардың гепатоцит ядросынан иммунофлуоресценция әдісімен тапқан.
Вирионы сфералық формада, диаметрі 35-37 нм. Дельта-вирустың суперкапсидінде В гепатиттің беткейлік антигендері (НВsAg) орналасады. Бірақ, вирионды ыдыратқанда, геномы екі жіпті ДНҚ емес, ал сақиналы РНҚ, м.м. 0.5 МД. (НDV) құрамында антигендік құрылысы бар екі белок болады: беткейлік - НВsAg, (НВV геномы қадағалайды) және ішкі белок НDAg (НDV геномы қадағалайды). Ішкі белок - негізгі, маңызды, РНҚ байланысты. Геномның құрылысы бойынша дельта-вирус вироидтарға ұқсас келеді. Қазірге уақытқа дейін жіктелмеген.
Дельта-вирус гепатит В вирусына сателлиті (спутник) болып есептеледі, себебі олардың көбеюіне міндетті вирус-хелпер, яғни гепатит В вирусы қажет. Сондықтан, дельта-вирусты – дефектті жетім вирус деп санайды, гепатит В вирусы көмегінен тыс көбее алмайды. Вирус парентеральдық және тік жолмен (ауру анадан ұрыққа) жұқтырылады. Аурудың таралуы гепатит В ауруымен байланысты. ТМД елдерінің азиаттық республикаларында кең таралған 10-22%, ал еуропалық аймақтарында - 1,2-4.1% кездеседі.
Негізгі диагностика әдісі – антиденелерін анықтау ИФА иммуноглобулин М класын табу. Сонымен қатар, гепатит Д вирусының антигендерін анықтауға болатын басқа да серологиялық реакциялар жүргізуге болады (НФМ, РИФ және т.б.).
Дельта-инфекция дамуы көмекші-вирустың репликациясына (гепатит В вирусы) байланысты болғандықтан гепатит В қарсы вакцинация дельта-гепатиттің профилактикасын шешеді.
Вирустық гепатиттер (А-да емес, В-да емес)
1971 жылы кей вирустық гепатиттер этиологиясы гепатит А вирусы мен гепатит В вирусымен байланысты емес. Клиникасы әр түрлі: сарғаю, сарғаюсыз, созылмалы түрде дамуы байқалған. Осындай гепатиттердің екі эпидемиологиялық түрі анықталған. Біріншісі фекальды-оральды жолмен жұғатының гепатит Е деп атады, ал парентералық жолмен таралатының - гепатит С. Әр түрлі елдерде 25-90% трансфузиялық гепатит этиологиясы гепатит А емес және гепатит В емес, яғни гепатит С жатады.
Вирустық гепатит Е
Вирустық гепатит Е - адамның жұқпалы ауруы, бауыр зақымдануынан сарғаю мен интоксикациямен сипатталады.
Қоздырғышы - гепатит Е вирусы (НЕV) - сфералық формада, вирион диаметрі 27-30 нм, геномы бір жіпті фрагменттелмеген РНҚ. НЕV қасиеттері гепатит А вирусына ұқсас, бірақ антигендік туыстығы жоқ, вируленттігі төмен. Экспериментальдық жануарлардан НЕV маймылдар-приматалар, үй шошқалары, егеуқұйрықтар сезімтал.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның жұқтыру көзі - жұқпалы адам. Қоздырғыш организмнен нәжіспен бөлініп отырады. Жұқтыру механизмі - фекальды- оральды, негізгі таралу жолы - су арқылы. Топыраққа түскен вирустар грунттағы суларға таралады. Гепатит Е жиі ересектер - 15 жастан 29 жастағылар ауырады, жазғы айларында ауыл шаруашылықта жұмыс істеген адамдар арасында су ішуі күшейгенде. Гепатит Е су құбырларында күрделі ақаулар болған жерлерде - эндемиялық ауру ретінде таралған. Канал, арық суларын қолданатындар арасында таралған.
Клиникасы. Инкубациялық кезеңі орташа 30 тәулік, 14-50 тәулікке созылуы мүмкін. Ауру бәсендеп басталады, сарғаю алдынғы кезеңі 4 тәулік, терінің сарғаюы 1-3 апта созылады. Аурудың ауыр түрі сирек кездеседі, 95% женіл түрде дамиды.
Лабораториялық диагностикасы. Жедел гепатит Е диагнозы А, В және С гепатиттеріне теріс нәтиже берген әдістер арқылы қойылады. Иммунды электронды микроскопия қолданады. Қазіргі уақытта НЕV антигендеріне пайда болған антиденелерді ажырату тест-жүйелері ұсынылған, яғни ИФА жүргізіледі.
Инфекциядан соң дамитын иммунитет тұрақты, өмірбақилық, вирусты нейтралдайтын антиденелер мен иммундық есте сақтау клеткаларымен қалыптасады. Гепатит Е мен гепатит А арасында қиылыса иммунитет қалыптаспайды.
Вирустық гепатит С
Вирустық гепатит С - парентералық жолмен жұқтырылатын жұқпалы ауру, бауыр зақымданады. Қоздырғыш - гепатит С вирусы (НСV) - осы кезге дейін таза күйінде табылмаған. Көптеген зерттеулер арқасында вирустың қасиеттері бойынша Flavіvіrіdae тұқымдастығына жаткызған.
Вирион күрделі, суперкапсиді бар (хлороформға сезімтал). Геномы бір жіпті фрагменттелмеген позитивті РНҚ, нуклеотидтер саны 9500-10000. Вирионның РНҚ 8 гені анықталған. Үш гені құрылымды белоктарды қадағалайды:
С - капсидті, м.м.13 кД;
Е - қабықша белогы, м.м. 21,4 кД
М - мембраналық белок, м.м. 15 кД.
Қалған гендер 5 репродукцияға қатысатын белоктар синтезін қадағалайды. Вирустың геномы флавивирустардың геномына ұқсас. Клетка дақылында әлі өсіріп алмағандықтан НСV қасиеттері толық зерттелмеген. Экспериментальды зерттеулер шимпанзеге жүргізіліп жатыр.
Эпидемиологиясы мен клиникасы. Инфекцияның жұқтыру көзі адам. Вирустың таралуы трансфузия арқылы қан және қан өнімдерін құйғанда немесе инструменттер арқылы жұқтырады. Сонымен қатар, тік арқылы ауру анадан ұрыққа таралады. Тұрғындардың арасында сезімталдығы жоғары. БДСҰ ақпараттары бойынша Африкада гепатит С 25% таралған, АҚШта трансфузиялық вирустық гепатиттің 90% гепатит С вирусымен қоздырылған. Эпидемиялық процестің таралуы гепатит С созылмалы түрде дамуы. Науқастан вирус аурудың алдында бірнеше апта бойы және ауру басталған соң 10 аптадан астам бөлініп отырады. Инкубациялық кезеңі гепатит В қарағанда 1 ай қысқа, яғни 6-8 апта. Клиникасы гепатит В ұқсас, бірақ женіл өтеді, науқас тез сауығады, сарғаю байқалмайды. 50% созылмалы гепатит дамиды, ал 20% бауырдың созылмалы бұзылыстары бауыр циррозы мен рагіне әкеледі.
Диагностикасы. НСV қанда өте аз мөлшерде болғандықтан, басқа вирустық гепатиттерде қолданатын скринингтік әдістерде диагностикасы өте қиын. Сондықтан вирустық гепатит С диагностикасы үшін спецификалық вирустық белоктарға түзілген арнайы антиденелерді анықтайтын тест-жүйелер дайындалған, оны ИФА анықтауға болады. Сонымен бірге ДНҚ-зонд қолданады.
Иллюстративный материал
|
|
|
Сурет 1. А және В вирусы гепатиттерінің, электронды микроскопиясы
Баяу вирусты инфекциялардьщ коздырғыштары кейде өдеггел вирустар бола алады (қызылша, қызамық т.б.). Мысалы: қызылша внрусы жеделасты склерозды панэнцефалитті (ЖаСІІЭ), кызамық вирусы өршитін туа пайда болған қызамык және өршитің кызамықты панэнцефалитгі тудырады. Баяу дамитын инфекцияның патогенезшің негізінде вирустьщ персистенциясы (ағзада үзак болуы) жөне оның жасуша мен тінге закымдаушы өсерІ жатыр.

