ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 141
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5-сурет. ЕКАМ-ның төлем қабылдау құрылғысы
Қазіргі уақытта Қазақстанның сауда саласындағы қоймаларында Борис Нуралиевтің “1С фирма” деген арнайы ойлап табылған Ресейлік бағдарламасы жұмыс жасайтыны белгілі және сол бағдарламаны қолданушы осы бағдарламаға жылына қомақты қаржы төлеуде. Осы саланы зерттей келе бұл бағдарламадан атқаратын қызметімен асып түсетін бағдарлама жоқ деуге болады. Сол себепті бірінші осы бағдарламаның оң және теріс тұстарын атап көрсетейік. Ең алдымен бұл бағдарлама қойманы тиімді басқаруға арналған, соның ішінде тауарларды есепке алу, тауарларды сату және пайданың санын көру болып табылады. Бұл бағдарлама әмбебап болғандықтан, қолданушы арнайы баптаулармен, арнайы оқу курстарын оқуы қажет. Мұнда арнайы рөлдері бойынша контрагенттер, тұтынушылар және жеткізушілер болып жіктеледі. Әрбір тұтынушымен арнайы келісім шарттары электронды түрде қағаз алмасады және бағдарламада әрбір рөлдегі субьектілердің БИН нөмері, атауы, байланыс телефондары және т.б. жеке мәлімметтерін анықтап, енгізеді. Қоймаға қабылданған тауарлардың артикуль нөмірі немесе арнайы скайнермен штрих кодын өткізіп, электронды қоймаға енгізе алады. Тұтынушы дүкендерге сауда өкілдері арнайы тауарларымен бағасы бар каталогтарын апарып, тапсырыстарды қабылдайды. Сол тапсырыстарды электронды қоймаға енгізіп, қойма қызметкерлері жинақтап, жүргізушілер көлікпен жеткізеді. Есеп айырсу немесе төлемнің 3 түрі бар. Біріншісі, жеткізушіге қолма қол табыстау, екіншісі бір апта кейін төлеуге немесе кредиттік 6айға дейін бөлеп төлеуге болады. Бұл бағдарламада қай тұтынушы дүкен қаражатты төлегені немесе қанша қарыз екенін бақылап отыруға болады. Арнайы терминалдары, төлем құрылғылары бөлек қаражатқа сатып алынады. Мұндай арнайы сұрыптау, филтр қызметтерін қолдану арқылы арнайы талдаулар жасауға болады. Әрбір сатылымды қадағалау, кіріс-шығыс пен пайданы бағалау және салық есептері автоматты жүріп отырады. Тауарлардың қайсысы жылдам өтетіні немесе шаң басып мүлде сатылым қозғалысы жоқ екені толық көрінеді. Бұдан бөлек тұтынушының тапсырысты қайтару жұмыстарымен арнайы сынған не бұзылған тауарларды электронды есептен шығаруға болады. Сатылымды тиімді жоспарлау мүмкіншілігі де бар.“1с фирма” Ресейлік бағдарламасының негізгі кемшілігі мәзірмен басқару терезелері қазақ тілінде еместігі және бұл бағдарлама тек Window оперциялық жүйелерінде бөлек бағдарлама ретінде қондырылады. Мәлімметтер қоры көбейген сайын, жұмыс жасау жылдамдығы азаюда, интернет желісі жоқ болса уақытша бағдарлама жұмысын тоқтатады. Қағаз айналымы автоматтандырылғандықтан, арнайы дайын шаблондарымен жылдам толтырылады [25].
Мой склад – тауарларды есепке алатын және оларды сату жұмыстарын іске асыратын http арқылы ақпарат алмасатын бұлтты web парақшасы. Android, windows, linux, ios операциялық жүйелерінің барлық браузерлерінде жұмыс жасайды. Көбінесе шағын кәсіптерде қолданылады. Мұнда қойма ішіне қабыладанған тауарлардың арктикуль нөмірін немесе скайнер арқылы штрих кодын басу арқылы тауардың атауы, категориясы, түрі, салмағы автоматты түрде экран бетіне бейнеленеді. Бұдан бөлек тауарлардың қабылдау бағасын, сату бағасын, жарамдылық мерзімін теру қажет. Осылайша, әрбір тауардың мәлімметтер қоры электронды бұлтты серверде сақталады. Мұнда қойма ішіне қабыладанған тауарлардың арктикуль нөмерін немесе скайнер арқылы штрих кодын басу арқылы тауардың атауы, категориясы, түрі, салмағы автоматты түрде экран бетіне бейнеленеді. Бұдан бөлек тауарларды қабылдау бағасын, сату бағасын, жарамдылық мерзімін теру қажет. Осылайша, әрбір тауарлардың мәлімметтер қоры электронды бұлтты серверде сақталады. Қосымша тауарларды тез сату мақсатында немесе жарамдылық мерзімі жақындаған сәттерде сатылым бағасына арнайы жеңілдіктер жасау мүмкіндігі де бар. Тұтынушы электронды түрде тауарлардың саны мен түрін белгілей отырып тапсырыс береді. Мұнда сауда көтерме-бөлешек және интернет дүкен ретінде жүреді. Тауарлар электронды катологта жоқ болған жағдайда, алдын ала брондау қызметтері бар. Тапсырыстар қойма қызмекерлерінің бұлтты web парақшасына бірден сол мезетте түседі. Бұл тапсырыстарды қойма қызметкерлері жинап жеткізу жұмыстарын жүргізеді. Төлем жағына келетін болсақ, серверде онлайн карта нөмерімен төлеуге немесе қолма-қол жеткізушіге табыстауға болады. Бұл парақшада бұдан бөлек, қанша тауардың сатып алынғаны, қаншасы қоймада қалғаны, қанша шығын-кірістің барын бақылауға болады. Арнайы талдау жұмыстарымен табысты одан әрі арттыру үшін арнайы жоспарлар жасауға септігін тигізеді. Тағы бір ерекшелігі – әрбір төлемге интернет дүкенде API арқылы электронды чектер әрбір тұтынушыға беріледі. Яғни, тұтынушыға онлайн чек басып алып, саудасын толық қадағалап, тексере алады. Бұл бұлтты web парақшасын қолдану үшін, жартылай пакет немесе толық пакетін пайдалану үшін жыл сайын қомақты қаржы жұмсалады. Егер толық пакетін сатып алсаңыз бір жыл бойы қолдану бойынша техникалық көмек беріп отырады және терминалмен төлем құрылғыларына жеңілдіктер ұсынады. Елімізде бұл бағдарламаны интернет-дүкен ретінде қолданбай, сауда өкілдері тұтынушы дүкендерді аралап, онлайн тапсырыстарды өздері жинап, енгізуде. Бұдан басқа, CRM жүйелері де бар, яғни тұтынушыларға арнайы жеңілдіктер туралы автоматты amoCRM сервистерімен интеграция қызметтері: е-mail поштаға, ұялы телефон нөмеріне смс жолдаулар жүріп отырады. Тұтынушылардың назарын аудару, сатылымды жоғарылату, бәсекелестерден озық болу мақсатында іске асырылады.
LiteBox – тауарларды есепке алатын және оларды сату жұмыстарын іске асыратын бұлтты web парақшасы. Android, windows операциялық жүйелерінің барлық браузерлерінде жұмыс жасайды. Көбінесе шағын тауарайанылымдарда қолданылады. Мұнда қойма ішіне қабыладанған тауарлардың арктикуль нөмірін немесе скайнер арқылы штрих кодын басу арқылы тауардың атауы, категориясы, түрі, салмағы автоматты түрде экран бетіне бейнеленеді. Бұдан бөлек тауарлардың қабылдау бағасын, сату бағасын, жарамдылық мерзімін теру қажет. Осылайша, әрбір тауарлардың мәліметтер қоры электронды бұлтты серверде сақталады. Мұнда қойма ішіне қабыладанған тауарлардың арктикуль нөмерін немесе скайнер арқылы штрих кодын басу арқылы тауардың атауы, категориясы, түрі, салмағы автоматты түрде экран бетіне бейнеленеді. Бұдан бөлек тауарлардың қабылдау бағасын, сату бағасын, жарамдылық мерзімін теру қажет. Осылайша, әрбір тауарлардың мәліметтер қоры электронды бұлтты серверде сақталады. Қосымша тауарларды тез сату мақсатында немесе жарамдылық мерзімі жақындаған сәттерде сатылым бағасына арнайы жеңілдіктер жасау мүмкіндігі де бар. Мұнда интернет дүкен жоқ, яғни сауда өкілдері тұтынушы дүкендерден тапсырысты қағазға қолдап жазып, қойма қызметкеріне табыстайды. Қойма қызметкері тапсырысты бағдарламаға енгізеді, электронды қоймадан сол тауар түрі мен саны азайтылып отырады. Басқарушы бір ғана қызметкер бола алады. Мұнда шығын-кіріс пен пайданы бақылауға, арнайы сұрыптау, фильтрлеу қызметтерімен талдау жүргізіп отыруға болады. Бағасы жағынан айына басқа бәсекелестерінен төменірек төлем төленеді және терминал мен төлем құрылғыларын жалға алу қызметтерін ұсынады.
Осы бағдарламалардың артықшылықтарына тауарларды электронды қоймаға қабылдау мен сату үрдістеріндегі әрбір қозғалысты, тауарайналымды және қойма қорын қадағалауға болады. Тауар түрлерінің сатылым бойынша жоғары-төмен графикті талдаулар жасалып, сатылымды жоғарылату мақсатында кеңестер беріліп отырады. Тауарлардың жарамдылық мерзімінің өтуіне жақындаған сәтті жеткізетін арнайы жолақты ескертулері бар. Осы ескертулерді ескере отырып, арнайы жеңілдіктермен сатып жіберу арқылы шығындарды азайтуға болады. Ал бағдарламалардың кемшіліктеріне келетін болсақ, кәсіпкер тарапынан осы бағдарламаның біреуін қолдану үшін айына не жылына қомақты қаржы төленуде және бұл бағдарламалар әмбебап болғандықтан, арнайы баптау жұмыстарын жасау үшін бағдарламашыны қажет етеді, сонымен қатар, қызметкерлердің арнайы курстық оқуларын оқып шығуы міндетті шарт болып есептеледі.
Осы айтылғандар нәтижесінде, қойма саудасы саласында қолданыста жеңіл интерфейсті, қазақ тіліндегі мәзірі бар тауарларды есепке алатын оңтайлы web қосымшаны құру қажет.
3 ҚОЙМА ЕСЕБІНІҢ ЖАҢА ҚОСЫМШАСЫН ӘЗІРЛЕУ
3.1 Web қосымшаны жобалау ортасы
Диссертациялық жұмыста жасалған бағадарлама Microsoft корпорациясы ұсынған ASP.NET Core технологиясын қолданып құрылған. Бағдарламаның серверлік коды C# тілінде жазылған, ал fronted бетінде, безендіруге css қолданылып, қосымша javascript скриптік тілі пайдаланылады.
C# тілі 1998 жылы басталып, 2000 жылы жарық көрді. ASP.NET Core технологиясы алғашқы рет 2016 жылы жарық көрді. ASP.NET пен ASP.NET Core технологиясының айырмашылығы аспан мен жердей болып табылады. Егер ASP.NET технологиясы ертеректе шығып, ол тек Windows серверлік бағдарламаларында жұмыс жасайтын болатын, ал NET Core қазіргі заманауи технологиялардың бірі болып табылады. Себебі ол тек бір платформада жасамай, кроссплатформалық болып табылады, яғыни Linux жүйелерінде де толықтай қолдануға болады.
Бағдарламаны құру барысында, алдымен, жұмыс істеу платформасын таңдап, сол платформада жұмыс жасай алатын бағдарламалау тілін таңдау болды. Деректерді жинайтын деректер қорын таңдау да аса маңызды роль ойнайды.
Ең алдымен экономикалық жағдайды ескере отырып, бағдарламаны Windows серверлерінде қолданғанға қарағанда, тегін Linux серверінде қолдану тиімді деп саналды. Себебі, Windows серверлерінің лизенциясы қымбат. Сонымен, платформаны таңдадық, ол Linux, келесі қадам бағдарламалау тілі. Тілді таңдау барысында әр түрлі нұрсқалар көп болды. Мысалы, PHP, Python секілді жақсы дамып келе жатырған тілдер болды, бірақтан олар динамикалық орындалу скриптеріне жататындықтан, ол технологияларды корпоративтік (enterprise) жүйелерді жазуға қолайсыз деп ойлаймын. Кез келген корпоративтік жүйелерді алсақ, мысалы, egov порталы, біздің оқу орны Қ.Жұбановта да қолданылатын univer жүйесі, электронды лицензиялау порталы және тағы басқа корпоративтік бағадарламалар java немесе asp.net арқылы жасалған (univer, elicense asp.net те жасалған). Java, ASP.NET компиляцияланатын тіл болғандықтан олар динамикалық орындалатын кодтарға қарағанда тез жұмыс жасайтын болады. Сөзімізді аяқтай келе бізде сұрақ туындайды, неге ASP.NET Core, неге Java емес. Java баяғы уақыттан бері келе жатқан, жақсы дамыған орта, бірақтан, Java-да жазылған бағдарламаны қолдану үшін бізге жақсы серверлік құрылғы керек. Себебі, Java-ның текникалық сұранысы жоғары, ол сервердің біраз жедел жадын алып кетеді, және процессорге де үлкен салмақ салады. ASP.NET Core жоғарыда айтылғандай 2016 жылы жарық көрген жаңа орта, жастығына қарамастан қазіргі уақытта жақсы дамып келе жатыр. TechEmpower порталының Web Framework Benchmarks салыстыруы бойынша серверлік платформа Linux+ASP.NET Core+PostgreSQL деректер қоры+Dapper деректер қорымен байланысу ORM+Nginx веб серверін қолданған кезде ең алғашқы топ 3 сатысында тұрды.
Бағадарламамыздың ақпараттық қауіпсіздігіне келетін болсақ, қолданушылардың құпия сөздері деректер қорында ашық түрде сақталмайды. Құпия сөзді бірінші MD5 хэштау алгоритімінен өткізіп, сол хэшты Base64 алгоритімімен шифрлаймыз. Қарапайым 123456 деген құпия сөз, деректер қорында «4QrcOUm6Wau+VuBX8g+IPg==» осындай түрде сақталынады.
Қолданушыдан келіп түскен барлық сұраныстар, алдымен контроллерға келіп түседі, контроллер оны сервистарға жіберіп, сервистар деректер қорына сұраныс жіберетін репозиторилармен байланысады. Ал репозиторилар деректер қорымен Dapper ORM арқылы байланысады.
Барлық SQL инъекциялардан Dapper-дің өзі де қорғап отыра алады, себебі оның ядросында, сұраныстың барлық парамтерлерін SQL инъекцияға тексеріп отыратын арнайы функциялары бар. Аталған байланыстар 6-суретте бейнеленген:
6-сурет. Репозиторилардың Dapper ORM арқылы байланысуы
2020 жылы базаларды, онымен жұмыс жасайтын ORM-ды жәні программалар жазу тілі бойынша, алдыңғы топта C# Asp.net Core + Dapper + PostgreSQL (серверлік деректер базасы) + Nginx (web сервер) осы қосындыда жазылған программа алдыңғы топта тұрды, себебі қолданыста ыңғайлы, жылдам әрі қауіпсіз. Себебі, кілттік сөздер md5 алгоритміменен хэштандырылып, оны base64 алгоритіммен шифрлайды. Қолданушы браузерге кілттік сөздерді жазған кезде ол серверде хэштеу процессінен өтіп, хэш тексеріледі. Яғни, кілттік сөздер базада хэш түрінде сақталынады. Егер базаны біреу бұзған жағдайда да, кілттік сөздерді көре алмайды.
3.2 Жаңа web қосымшаның интерфесі және негізгі мүмкіншіліктері
Бұл жаңа web қосымшаның интернет желісіндегі хостер атауы мынадай: https://online-sklad.kz/. Осы мекен-жайға кез-келген windows, linux операциялық жүйесінің қолданушысы қосыла алады. Осы сайттың бастапқы бетінде логин-кілттік сөз жазып кіру немесе тіркелуге болады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі тіркелу кезінде тек кәсіпкердің БСН нөмерін ғана теріп жазады, нәтижесінде “Ұлттық статистика бюросы” сайтынан БСН нөмері ізделіп ұйым атауын, мекен жайын, ұялы телефон нөмерін автоматты түрде экран бетіне шығады. Бұл үрдістің пайдасы, бір мекеме кәсіпкері екі рет тіркелмейді және тіркелу кезіндегі көптеген жолақтарды өзі автоматты түрде толтырып, уақытты үнемдейді. Тіркелу кезінде екі рөлдің біреуін ғана таңдауға болады: сатушы немесе тұтынушы.