Файл: Резюме Актуальность работы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 142

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ендігі сауда өкілдері қала ішіндегі барлық ұқсас категориялы тауарларды сату орындарын анықтап, арнайы асортименті мен бағасы белгіленген катологымен тұтынушы дүкендерге барып тауарларды ұсыну үрдісін жасап, өтінімдерге өтінім парағын толтырып қабылдайды. Бұл өтінім парақта тұтынушы дүкеннің толық мекен-жайы мен сатып алатын тауарлардың түрі мен санын, сомасын жазады. Осы толтырылған өтінім парақтарын қойма есепшісіне табыстайды. Қойма есепшісі бұл өтінім парағын электронды қоймаға енгізіп, тауар саны қоймада жеткілікті болған жағдайда автоматты түрде электронды қоймадан арктикулі бойынша шегеріледі және арнайы жүкқұжатын шығарады. Бұл жүкқұжат бойынша тиеп-түсіруші қызметкерлер арнайы палеттерге әр өтінімді бөлек жинап, қорап бетіне жүкқұжат номерін жазады. Жиналған палет тауарларын жүргізушілер жүк көлігіне қала аймақтары бойынша бірнеше тапсырыстарға сәйкес тиеп алып, аталған мекен жайларға табыстап, тұтынушымен бірге тауарларды санап төлемін қабылдайды. Егер тұтынушы жартылай немесе толық тапсырыстарынан бас тартқан жағдайда жүргізуші сол тауар мен өтінімді қоймаға қайта әкеліп меңгеруші алдында есеп беріп, қайтып келген тауарлар саналып кері қайтару құжатына жазылады. Сол кері қайту парағымен төлемдерді есепшіге табыстайды. Есепші төлеммен сатылған тауарлардың дұрыс есептелгенін тексереді. Қоймаға қайтып келген тауарларды арктикулі бойынша электронды қоймаға қайта қосады. Және 3 ай сайын белгілі бір категория тауарларына осы электронды қоймада бар тауар түрлеріне және санына қойма ішінде фактілі қандай және қанша тауардың барын салыстырып тексереді. Белгісіз артықшылықтар мен кемшіліктер болған жағдайда меңгеруші өз қалтасынан шығындарды өтеп, электронды қоймада жетіспейтін тауарларды сатып алады. Меңгеруші қоймадағы жарамдылық мерзімінің өтуіне 1,5 ай уақыт қалған тауарларды есепшіге саны мен арктикул нөмерін айтып арнайы 40-60% пайыздық жеңілдікпен сату жұмыстарын бастайды. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда, сынған, түрі кетіп қалған тауарлар арнайы жиналады. Және осындай тауарларды электронды қоймадан 0 тг бағасымен есептен шығарады. Бұл жарамсыз тауарлардың аудитор 3 айда бір арнайы санын санайды және сыртын турап қоқысқа тасталуын қатаң қадағалайды. Осы циклде қоймада қызу тауарайналым күнделікті жүріп отырады.

Енді бизнес-үрдістегі пайданы есептеу өте маңызды. Қаншалықты пайда көп болса, соншалықты бизнес тиімді әрі бәсекелестікке төзімді. Электронды қоймада болып жатқан барлық шығыс пен кірістерді көруге болады. Ең алдымен қабылдап алынған тауардың бағасы мен санын анықтап, сату барысындағы бағасы мен санын анықтау міндет. Мысалы, қоймаға 150 шт шоколад 260 тг-де келді делік, сол тауарды сату үшін кез-келген пайыздағы үстемақыны көрсетеміз. Яғни 10%, 15%, 24%, 50% деген сияқты, егер 32% үстемақы қосылатын болса, сату бағасы 260+(260/100*32)=343тг болады. Сол шоколадтың 150 данасынан 126-сын өткізген жағдайда (343тг-260тг)*126=10458тг пайда мен 24 дана қоймада сатылымда болады. Көбінесе тауарайналымда белгілі бір уақыттың пайдасын анықтауға тырысады, яғни күндік, апталық, айлық не жылдық. Әрбір тапсырыстан түскен пайда бөлек есептеледі және сол сатылған күнге жазылады. Бір жылдың ішінде қаншама тапсырыстар бойынша тауардан түскен пайданы біле алады. Бұл пайданы есептеуден бөлек ай сайынғы қызметкерлер жалақысы мен жарнамаларға, жаңа жабдықтар мен бизнес қажеттіліктеріне жұмсалатын шығындар тағы да бар. Тауарайналым неғұрлым көп болса, соғұлым кәсіптің активі жоғары болады [22].


Қоймадағы тауарларды есепке алудың бірнеше жолдары бар:

  • номенклатуралық есеп – шағын тауар түрлері бар, кішігірім кәсіпке арналған қойманы есепке алудың түрі. Мұнда күні мен уақытын, өнім атауын, арнайы нөмерін, жекізуші мен қабылдаушының толық аты-жөні мен қолы бар, саны мен қабылдау бағалары бар екі карточкалы бір-біріне кигізілген көшірмелі парағы болады. Оның бір парағы қоймада арнайы құжат архивінде сақталады, ал екінші парағы қойма есепшісіне табысталады. Тауарайналым барысында жетіспеушіліктер болған жағдайда кәсіптің шығыны ретінде саналып кетеді;

  • сорттық есеп – көбінесе жарамдылық мерзімі ұзағырақ болатын тауар түрлерімен айналысатын кәсіптерге арналған қойма есебі. Бұнда қабылданған тауардың арктикульді нөмері мен саны және сатылымдағы бағасы мен санын көрсетуге арналған тауарларды есепке алу дәптері болады. Жалпы қоймаға қабылданған тауарларды арктикульді нөмері бойынша жаңа мен ескі тауарларды қосады, әр тауардың қоймадағы арнайы орналасу орындары болады. Мұндай есептің бірден бір артықшылығы – тауарды тұтынушыға сату барысында тауарларды жылдам жинап, аз уақытта жеткізуге септігін тігізеді. Сонымен, қызмет көрсету жағынан жылдам болуына, қоймада қалдық тауарларды қадағалауға және қоймадағы тауар түрлерінің жинақы орналасуына мән берілетін қойма есебі деп айтуға келеді. Кемшілігіне – тауардың жарамдылық мерзімін, қабылдау мен сатылымдағы бағаларының өзгеруін қадағалау қиындау;

  • партиялық есеп – тауарлардың жарамдылық мерзімдерін басқаратын, жүктерді қабылданған уақыттарымен сұрыпталатын қойма есебінің түрі. Әрбір қабылданған тауарлар партиясымен жеке карточкаларға жазылады. Мұнда тауар қабылдау уақыты мен күні, арктикулді нөмерлері, бағалары мен сандары және партия нөмері жазылады. Сатылым барысында тауарларды карточкалық парақ архивтерін сақтау журналынан партияның алғашқы нөмерлерінен бастап тауарларды тұтынушыларға жіберіп отырады. Артықшылығы – тауардың жарамдылық мерзімдерінің өтіп кетуі немесе қабылданған және сатылымдағы партиялық тауарлардың бағаларының өзгеруіне байланысты шығындардан сақтайды. Кемшілігі – қоймада арктикульді коды бойынша қанша тауардың барын және қоймада партиялардың орналасуын бақылау қиынға соғады. Яғни тұтынушы тапсырыстарын орындауда тауарларды қойма ішінде іздеу, жинау, жеткізу үшін көбірек уақытты қажет етеді. Қойма есепшісі қоймадағы тауарлардың әр партия карточкаларының барлық позициясы сатылғаннан кейін ғана барып карточкаларды жеке-жеке қолдап санайды;

  • партиялы-сорттық есеп – қабылданған тауарлардың жарамдық мерзімділігін негізге ала отырып, қойма ішіндегі ескі тауарлар арнайы түр-түрімен орындарымен, жинақталып, сортталады. Сонымен, әрбір актикульді нөмерімен жаңа тауарларды ескі тауарға қосу барысында, жарамдылық мезімдері жақын тауарларды беткі жағына және жарамдылығы алшақ мерзімдегі тауарларды артқы жағына жинақтайды. Және тұтынушы тапсырыстарын жинау барысында жылдам, әрі шығынсыз жинақталып, жеткізеледі. Қоймада қанша тауардың бар-жоғын басқаруға да мүмкіншілік жасайды. Бұл қойма есебі көбінесе көп ассортименттілі кәсіпте пайдаланылады. Қойма есепшісі тауардың арктикулдік нөмерлері бойынша қаншалықты деңгейдегі кірісін, шығыс пен пайданы үнемі бақылап отырады.


Қоймадағы тауардың бағасын белгілеу бірнеше жолмен ескерілуі мүмкін. Сатылым бағасы бойынша, яғни пайыздық үстемақысы бар кішігірім дүкендерге көлемі азырақ тауарларды өткізу. Ал есепке алу бағасы бойынша көбінесе өндіріс орындары көп көлемдегі сатып алушыларға беретін арнайы тауар құны. Сонымен қатар, нақты өзіндік құны бойынша тұрып қалған не сұранымда жоқ тауарлардың қоймада көп көлемде қалуына байланысты жүк көлігінің тасымалдауға кететін жанармай құнын санап минимальді мөлшерде қосылатын үстемақы. Жалпы тауар құнын белгілеген уақытта салық пайызын да ескерген жөн [23].

Жүктерді қабылдау және сату барысындағы құжатайналымдар түрлері:

  • жеткізушілерден шот-фактура құжаты. Мұнда жіберілген жүктердің ассортименті мен саны, сату бағасы мен жарамдылық мерзімі белгіленеді;

  • кіріс шот-фактура құжаты. Қойма ішіне фактілі қабылданған тауарлар ассортиментімен саны, сатып алу бағасы мен жарамдылық мерзімі белгіленеді. Мұнда жеткізушілерден келген сыртқы түрі құртылған тауарларды қабылдамауға мүмкіншілік бар;

  • М-4 құжаты. Қоймаға фактілі қабылданған тауар ассортименті мен саны, жалпы қандай сома төленгені көрсетіледі. Және бұл жіберушіге баратын құжат;

  • М-7 құжаты. Қоймаға берілген тапсырыстың саны мен көлемінде белгілі бір жетіспеушіліктер мен артықшылықтар болған кезде толтырылатын құжат түрі;

  • М-17 құжаты. Қабылданған тауарларды есепке алу карточка парағы. Келген тауарлардың карточка нөмерін, категориясын, арктикуль кодын, штрих коды мен атауын, толық түрі мен салмағын, саны мен бір қароптағы санын, келген бағасын және жарамдылық мерзімдерін көрсетуі міндет;

  • сауда-17 құжаты. Егер кәсіпкерде екі не одан да көп қоймасы болған жағдайда, бір басты қоймаға келген жүктерді келесі қоймаларға орынауыстыруына байланысты толтырылатын құжат түрі;

  • сауда-12 құжаты. Тұтынушылардың тапсырыстарын толтыратын құжат. Мұнда тауар ассортименті мен сандары, сонымен қатар бағасы мен толық сомасы жазылған келісім шарт қағазы.

  • сауда-16 құжаты. Жарамсыз, сынған-бұзылған не мерзімі өтіп кеткен тауарларды есептен шығару құжаты.

Қоймадағы тауарлар сатылымнан түсетін пайда бойынша дәрежелерге бөлінеді:

  1. А дәрежелі – 80%-дан жоғары кіріс әкелетін тауар түрлері;

  2. В дәрежелі – 15%-дан жоғары кіріс әкелетін тауар түрлері;

  3. С дәрежелі – 5%-дан жоғары кіріс әкелетін тауар түрлері.

Осы дәрежелерді негізге ала отырып, тауар түрлеріне түгендеу жүргізетін ревизорлар түгендеу жұмыстарының жиілік нормасына бағынады:


  1. А дәрежелі тауарлар – айына 1 рет (жылына 12 рет) түгенделеді;

  2. В дәрежелі тауарлар – екі айда 1 рет (жылына 6 рет) түгенделеді;

  3. С дәрежелі тауарлар – жарты жылда 1 рет (жылына 2 рет) түгенделеді.

Қазіргі таңда қойма тауарларына тапсырыс беруші супермаркеттер, гипермакеттер және дүкен-базарлар қабылданған тауарларды бірнеше төлем түрінде төлей алады. Қолма-қол не картамен тапысырысты қабылдау барысында бірден есептесу тәсілі. Келесі төлем түрі арнайы келісім-шартқа отырып апта сайын дүкен сөрелерінен нақты өткен тауарларға бір апта көлемінде есеп айырсу тәсілі. Бұл тәсілде төлем жағынан кешігу болған жағдайда, қарыз соманың үстіне арнайы күнделікті үстемақы қосылып отырады. Және соңғы төлем жасау тәсілі – несиелік есеп айырсу. Сонымен, мұнда белгілі бір сомадағы тапсырысты банк арқылы 3-6айға бөліп төлеуге болады, бірақ банк қызметіне белгілі бір пайызда қосымша ақы төленеді. Оның арнайы үшжақты келісім шарт парағы болады.

Негізі тауарларды есепке алудағы маңызды үрдістердің бірі – қойма сөрелерінде қашан да тауарлар қоры болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен қоймаға тауарларды тапсырыс бермес бұрын, міндетті түрде сатылым айналымымен қойма ғимаратының көлемін есекеру қажет. Ең алғашқы тапсырысты бұрынғы саудадан 2есе көп көлемінде тапсырыс берген жөн. Себебі келесі тапсырыстардың жолға кететін уақыты мен тапсырыстың кешігуі немесе сатылымның бірден көбеюіне алып келуі мүмкін.Сол уақытта тұтынушыларды қосып алуға және тұрақты тұтынушылардың пайда болуына итермелейді. Ақша айналымы да тұрақты әрі уақыт өте өсуіне себепкер факторлар деуге болады. Кез келген қойма кәсібінің алдыға қарай өрлеуі тауар түрлерімен, сатушы өкілдерінің пысықтылығымен және қойма қызметкерлерінің әр тапсырысқа мұқият әрі жылдам қызмет көрсетуіне байланысты. Сонымен, қойма ішіне апта сайын тапсырыс жасап тұрған дұрыс, себебі тауарлардың жарамдылық мерзімі жаңалау болып келеді. Тағы тауарлардың белгілі түрлері бір апта ішінде қаншалықты сатылғандығын бағалауға мүмкіндік бар. Соны ескеріп ең көп сатылымдағы арктикулді тауарларды көбірек тапсырыс беруге, ал өтпей тұрған тауарға аз көлемде не тіпті тапсырыс бермей тұра тұрып артық шығындардың алдын алуға болады. Жұмысты дұрыс бағалау, талдаулар жасау арқылы ұтымды шешімдер жасау мүмкіндігі бар [24].

Кәсіпкерлердің тауарайналымнан түскен пайданы дұрыс қолдана білгеніне байланысты кәсіптің кризистік кезеңін дұрыс өткізуге болады. Жалпы таза пайда кірістегі активтен шығысқа кететін қаражатты алып тастау арқылы есептеледі. Кәсіпкер ай сайын белгілі бір жоспар құрып, таза пайданы көбейтудің амалдарын қарастыру қажет. Таза пайданы кәсіпкер үшке бөлгені жөн: резервтік қорға, тұтыну қоры (мейрам кезіндегі сыйақылар) және жинақтау қорларына бөлінеді.

2.2 Қойма есебінің танымал қосымшаларын талдау
Елімізде сауда саласындағы қоймаларды бағдарламалық автоматтандыру жағынан Ресейлік қосымшаларды пайдалануда. Осы танымал қосымшаларды пайдаланғаны үшін кәсіпкерлер жылына қомақты қаражатты төлеу үстінде. Атап айтқанда: 1)EKAM 2)1C фирма 3)Мой склад 4) LiteBox бағдарламалары.

EKAM тауарларды есепке алатын және оларды сату жұмыстарын іске асыратын http арқылы ақпарат алмасатын бұлтты web парақшасы. Android, windows, linux, ios операциялық жүйелерінің барлық браузерлерінде жұмыс жасайды. Мұнда қойма ішіне қабылданған тауарлардың арктикуль нөмерін немесе скайнер арқылы штрих кодын басу арқылы тауардың атауы, категориясы, түрі, салмағы автоматты түрде экран бетіне бейнеленеді. Бұдан бөлек тауарлардың қабылдау бағасын, сату бағасын, жарамдылық мерзімін теру қажет. Осылайша, әрбір тауарлардың мәлімметтер қоры электронды бұлтты серверде сақталады. Қосымша тауарларды тез сату мақсатында немесе жарамдылық мерзімі жақындаған сәттерде сатылым бағасына арнайы жеңілдіктер жасау мүмкіндігі де бар. Сонымен қатар, жеткізу жұмыстарын электронды түрде жүргізуші қызметкерлерінің ұялы телефондарын gps қызметін қосып, бақылауға да болады. Тұтынушы электронды түрде тауарлардың санымен түрін белгілей отырып тапсырыс береді. Тауарлар электронды катологта жоқ болған жағдайда, алдын ала брондау қызметтері бар. Тапсырыстар қойма қызмекерлерінің бұлтты web парақшасына бірден сол мезетте түседі. Бұл тапсырыстарды қойма қызметкерлері жинап жеткізу жұмыстарын жүргізеді. Төлем жағына келетін болсақ, серверде онлайн карта нөмерімен төлеуге немесе қолма-қол жеткізушіге табыстауға болады. Бұл парақшада бұдан бөлек, қанша тауардың сатып алынғаны, қаншасы қоймада қалғаны, қанша шығын-кірістің барын бақылауға болады. Арнайы талдау жұмыстарымен табысты одан әрі арттыру үшін арнайы жоспарлар жасауға септігін тигізеді. Тағы бір ерекшелігі – әрбір төлемге интернет дүкенде API арқылы электронды чектер әрбір тұтынушыға беріледі. Яғни, тұтынушыға онлайн чек басып алып, саудасын толық қадағалап, тексере алады. Бұл бұлтты web парақшасын қолдану үшін, жартылай пакет немесе толық пакетін пайдалану үшін жыл сайын қомақты қаржы жұмсалады. Егер толық пакеті сатып алынса бір жыл бойы қолдану бойынша техникалық көмек беріліп отырады және 5-суретте көрсетілген терминалмен төлем құрылғыларына жеңілдіктер ұсынады. Елімізде бұл бағдарламаны интернет-дүкен ретінде қолданбай, сауда өкілдері тұтынушы дүкендерді аралап, онлайн тапсырыстарды өздері жинап, енгізуде.