ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 184

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-тан 1453,0 мың м3 дейін төмендеді. Компенсация 120,7% құрады. 01.01.2008 жылы айдау ұңғыларының саны 20 бірлікті құрап, олардың орташа жұтылу көрсеткіші 168,0 м3/тәу болды және өндіру ұңғылары 97 бірлікті құрап, орташа дебиті 2,0 т/тәу болды, ал өндірілген өнімнің сулануы соңғы бес жылда тұрақты 95% құрады.

ІІ объект. Объектіні өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 жылғы жағдай бойынша объектіден өндірілген мұнайдың жалпы жинақталған қоры 2822,6 мың т мұнай, 13332,7 мың т сұйық және 52,6 млн.м3 газды құрайды.

Негізгі динамикалық көрсеткіштер бойынша, жалпы объектіні игеру кезеңін келесі этаптарға бөлуге болады:

- игерудің басынан бастап 1972 жылға дейін мұнай өндіру көлемінің қарқынды өсуімен сипатталады. Бұған кен орынды меңгеру үшін бірінші кезеңде жаңа ұңғылар бұрғыланып, пайдалануға берілуімен түсіндіріледі. Объектіні игерудің бүкіл уақытында жылдық мұнай өндірудің деңгейі 1969 жылы максималды болды. Осы жылы 162,0 мың т мұнай өндірілді. Осы кезеңде өндірілген өнімнің аз сулануымен (5%) сипатталады, орта тәуліктік мұнай дебиті 30,0 т/тәу болды;

- 1972-1986 жылдар кезеңі өндірілген өнімнің біртіндеп сулануымен, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен сәйкес келді. 1974 жылы кен орнында ұйымдастырылған, қабатқа 2 айдау ұңғысымен су айдау нәтижесінде, мұнай өндіру көлемі кішкене кезеңде өсті (1974-1975 жылдар) . Одан бері мұнай өндірудің төмендеуі және ұңғы өнімінің 85,5% дейін сулануы байқалады. 1986 жылы жылдық өндіру көрсеткіші 46,05 мың т құрады;

- 1987-1992 жылдар кезеңінде жылдық мұнай өндіру көлемі 76 мың т өсті. Бұрғылаудан жаңа өндіру және айдау ұңғыларын қосу, мұнай дебитінің орта тәуліктік өсуіне әкелмеді. Су айдау компенсациясы 99-30% аралығында өзгерді. Ұңғы өнімінің сулануы тұрақты болды және 85% құрады;

- 1993-1998 жылдар кезеңінде мұнай өнідірудің жылдық көлемі төмендеді, содан кейін 1999-2004 жылдар аралығында мұнай өндіру деңгейі тұрақтанып 30,0 мың т құрады және одан әрі жылдық мұнай өндіру 26,3 мың т аздап түсті. Жылдық сұйықтық өндіру деңгейі әр кезде жоғары болып, 430-440 мың т аралығын құрады. Өнімнің сулануы 93%-ға өсті. Бұл кезең аяғында жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғыларының саны 47 бірлікті құрап, олардың орта тәуліктік мұнай дебиті 2,0 т/тәу, сұйықтық дебиті 26,5 т/тәу болды. 4 өндіру ұңғысын айдау ұңғысына ауыстыру нәтижесінде, су айдау ұңғысының саны 8 бірлікке өсті.

ІІІ объект. Бұл горизонтты өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. Игерудің барлық уақытында өндірілген мұнай көлемі 482,1 мың т, сұйықтық -1465,3 мың т болды. Игерудің барлық уақытындағы негізгі көрсеткіштерді саралап, үш негізгі кезеңге бөлуге болады:


- 1968-1972 жылдар кезеңінде, І және ІІ объект тәрізді жылдық мұнай және сұйық өндіру көлемі өсті. 3 ұңғыдағы өнім 1972 жылы 52,8 мың т сусыз мұнай болды. Орта дебит 48,1 т/тәу құрады;

- 1973-1996 жылдар кезеңінде жылдық мұнай және сұйық өндіру интенсивті төмендеді, ал осы кеезңде ұңғылар саны 8 бірлікке артқан. Кезеңнің аяғында жылдық мұнай өндіру 0,5 мың т болды. Өндірілген өнімнің сулануы 95,2% құрады;

- 1997-2007 жылдар кезеңінде тоқтап тұрған ұңғыларды іске қосу нәтижесінде мұнаймен сұйық өндіру көлемі өсті. 2007 жылы 14,9 мың т. мұнай және 93,8 мың т. сұйық алынды. Жұмыс істеп тұрған өндіруші ұңғылар саны 1996 жылғы 3 ұңғыдан 01.01.2006 ж. 8 ұңғыға артты. Осы кезең аралығында өндірілген өнімнің сулануы 84,2% төмендеді.

2003-2007 жылдар аралығында С.Балғымбаев кен орны ұңғыларында суланған жоғары өткізгішті аралықтарды бітеу үшін, «ОТО-ПРОМ» ЖШС-ның жаңа технологиялары бойынша селективті изоляция жүргізілді. Ол жұмыстар «Родопал» полимер ерітінді реагентін қолдану, жоғары тұтқыр (ЖТ) және тампонажды кеуекті цементтік құрамды қолдану әдісімен екі этапты изоляциялау (ТКЦҚ), суағынды – сұйық әйнек негізді және ТКЦҚ-мен изоляциялау, сонымен қатар, суланған аралықты изоляциялау, бұл дегеніміз суқаныққан горизонтты цементті көпірді пайдаланып жабу, жұмыстары болды. Жоғарыда жүргізілген геологиялық–техникалық шаралардың ең жақсы нәтижесі «ОТО-ПРОМ» ЖШС-ның жаңа технологиясы болды.

Жобалық (1987ж) және фактілі көрсеткіштердің сәйкес келмеуімен және 2005 ж. мұнай және еріген газ қорын қайта есептеу нәтижесінде, «С.Балғымбаев кен орнын игерудің қазіргі жағдайының анализі» құрастырылды және кен орнындағы игерудегі объектілердің технологиялық көрсеткіштері қайта есептелді. Жұмыс ЦКР-да қаралды және бекітілді (Протокол №40. 2006 жылдың 17 қарашасы).

Бұл құжат бойынша І және ІІ объектерде ҚҚҰ жүйесі болады. ІІ объектіде 3 өндіру ұңғысы бұрғылануы тиіс.

ІІІ объектіні игерудің технологиялық көрсеткіштері бойынша екі вариант қарастырылады:

1 нұсқа. Қабат энергиясының түгесілуімен. Қосымша 3 өндіру ұңғысын бұрғылау;

2 нұсқа. №15 бақылау ұңғысы арқылы өнімді қабатқа су айдау арқылы ҚҚҰ және 4 өндіру ұңғысын бұрғылау. Бұл кезде мұнай алу коэффициенті 0,75 болады.

І объектінің игеру ұзақтығы 2020 жылға дейін, ІІ объектінікі 2024 жылға дейін. ІІІ объектіні игеру ұзақтығы, мұнай алу коэффициенті 0,75-ке жетуге тиіс болса, ҚҚҰ кезінде игеру ұзақтығы (ІІ нұсқа) 2017 жылға дейін, ҚҚҰ жүйесі болмаса (І нұсқа) 2049 жылға шейін болады.

2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері



Қазіргі уақытта, кен орынды пайдалану механикалық тәсілмен

жүргізілгендіктен, атап айтсақ пайдалану объектілерінің бүкіл өндіруші ұңғылары (бірнеше ұңғыны қоспағанда) штангілі терең сорапты қондырғымен жабдықталғандықтан өндіруші ұңғылардың жұмыс кезінде қабаттық және түптік қысымды өлшеу, техникалық тұрғыдан мүмкін болмайды. Өндіруші ұңғыларда қабат қысымының тереңдік өлшеуін жүргізу, жөндеу кезеңінде орындалады, сонымен қоса бақылау ұңғыларында және айдау ұңғыларын пайдалану уақытында жүргізіледі. Өндіру және айдау ұңғыларын пайдалану уақытында статикалық және динамикалық қысымдарды анықтау, эхолотпен алынған, сұйықтың статикалық және динамикалық деңгейі мәліметтерін өңдеу арқылы алынады. Қазіргі таңда, қолда бар мәліметтер бойынша объекттердегі энергетикалық мүмкіндіктерді саралайтын уақыт бойынша орта қабат қысымы өзгерісі графигі тұрғызылды. Онда жеке-жеке І объекті (апт-неоком+І неоком горизонттары), ІІ объекті (ІІ неоком + аралық горизонттар) және ІІІ объекті (орта юра горизонты) графиктері тұрғызылды. Жобадағы көлемде мұнай өндіруге жету үшін негізгі факторлардың бірі қабат қысымымен қанығу қысымының арасындағы айырмашылық болып саналады. Қазіргі уақытта пайдалану объектісінің ешқайсысында қабат қысымы қанығу қысымына дейін төмендеген жоқ. І объектіде максималды төмендеген кез 1999 ж. болып, қабат қысымы 7,1 МПа құрады. Объектіде алғашқы су айдау кезінде компенсация өсті де, 1992 ж. максимумға жетті (200% жоғары). Одан әрі компенсация деңгейі төмендей бастады. ІІ объектіде қабат қысымы 6,6 МПа дейін 1974 ж. төмендеді (қабат қысымымен қанығу қысымының айырмашылығы 2,8 МПа болды), осы кезең, ҚҚҰ кезеңінің басы болды. Келесі жылдары қабат қысымы өсті де, 7,0 МПа деңгейден төмен түскен жоқ. ІІ объектіні игеру кезеңдерінде компенсация көрсеткіші тұрақты емес, өзінің максималды мәндеріне 3 рет жеткен (123-130%): 1974, 1984, 1998 жылдары. ІІІ объектіні игерудің бастапқы кезеңінде қабат қысымы 8,3 МПа дейін төмендеп, кен орынды игерудің барлық уақытында тұрақты сақталды. ІІІ объектіде ҚҚҰ жүйесі қолданылмағандықтан, қабат қысымымен қанығу қысымының айырмашылығы жоғары деңгейде (7,0 МПа жоғары).

С.Балғымбаев кен орнында мұнай өндірудің максималды тиімді деңгейіне жету үшін ҚҚҰ жүйесі қолданылады. І объектінің өнімді қабатына салқын су айдау 1970 жылдан басталады, ІІ объектіде – 1974 жылдан бері. ІІІ объектіде ҚҚҰ жүйесі жоқ.


Кен орнының энергетикалық жағдайын бағалау үшін 2006 жылы І және ІІ объектінің изобар картасы жасалды.

Изобар картасын жасау үшін, І пайдалану объектісінде анықталған қабат қысымдарының мәндері (61 мәні) СМШ (-708) белгісінен анықталды. Аудан бойынша соңғы қабат қысымы 7,5 МПа болды. Бұл жерде Оңтүстік және Солтүстік–шығыс алаңдарында 7,5 МПа болды. Ең төменгі қабат қысымының мәні Оңтүстік – батыс алаңда –7,3 МПа. Жалпы объект бойынша қабат қысымының мәні 5,2-ден 8,8 МПа аралығында өзгереді. Төмен қысымның кішкене ошағы (5,2 МПа) Оңтүстік алаңның №46 ұңғы айналасында. Сонымен қоса осы алаңның №82 және №94 ұңғылары маңында да төменгі қысым анықталған (6,5 МПа). Төменгі қысымның кішкене ошақтары Оңтүстік алаңның №1, 62, 113, 138 ұңғылары маңында да анықталды (6,5 МПа). ІІ пайдалану объектісінің изобар картасын жасау үшін Оңтүстік алаңдағы 10 ұңғыдан 10 мәліметі алынды. Минималды мән – 7,0 МПа болды, ал ең жоғарғы мән 8,6 МПа құрады. Картада төменгі қысым ошағы (6,5 МПа төмен) жоқ.

Кен орны бойынша мұнай алу коэффициентінің (МАК) және алынатын қордың көп өндірілгені І және ІІ объектіге келеді:

-І объект – бастапқы алынатын қордың 94% (11076 мың т), сонымен қоса 4,3% (508, 97) төмен жатқан объекті ұңғыларынан өндірілген;

-ІІ объект – бастапқы алынатын қордың 86% (2796 мың т), қосымша ауыстырылған ұңғылардан өндірілген мұнай көлемінің үлесі 9,2% (297,2);

-ІІІ объектіде алынатын қордың 60% (467 мың т) өндірілген.

Жалпы кен орны бойынша бекітілген алынатын қордан өндірілген мұнай 92% құрайды. Кен орны бойынша алынған мұнай қоры 15505 мың т болды. (І объектіде - 11750 мың т, ІІ объектіде – 3155 мың т, ІІІ объектіде – 600 мың т), потенциалды мұнай алу коэффициенті 0,55 құрады. (Объекттер бойынша: І-0,54; ІІ-0,58; ІІІ-0,58).

Қорыта айтқанда, кен орны бойынша қорды өндіру жоғары деңгейде. МАК 0,56 тең болғанда активті игерілетін қор 300 мың т құрайды.

Бұл туралы толығырақ 2.8-кестеде көрсетілген пайдалану объектілерінің аудандары бойынша қорды өндіруге бағалау жүргізілді. Бұған І объектінің Оңтүстік (ОА-І), Солтүстік –Шығыс (СШ-І) және Оңтүстік –Батыс алаңдары (ОБ-І), ІІ объектінің Оңтүстік (ОА-ІІ) және Солтүстік –Шығыс алаңдары (СШ-ІІ) кірді. Кестеден көріп отырғанымыздай, жоғары өндірілген көлем І және ІІ объектінің негізгі алаңдарына сәйкес келеді. (МАК бекітілгеннің 98-102% құрайды). Бұл аумақтар бойынша бекітілген МАК-ке жету үшін осы күні қолданылып отырған жүйемен, технологиялық игеруі жеткілікті. Өндірудің төменгі көрсеткіші СШ және ОБ алаңдарында (соңғы МАК-23-тен 84% аралығында).

2.8-кесте. Кен орны және объекттер бойынша мұнай қорын алу көрсеткіштері




І объект

ІІ объект

ІІІ объект

Кен орны бойынша




Қорлар, мың т

Геологиялық

21815

5416

1031

28262

Алынатын

11780

3250

774

15804

Алынған

11750

3155

600

15505

жин.өндірілген

11076

2796,32

467,21

14339,9

қалдық қор

673,59

358,68

132,79

1165,10




МАК, ү.б.

Бекітілген

0,54

0,60

0,75

0,56

Қазіргі

0,51

0,52

0,45

0,51


Кен орнында жүргізіліп жатқан контур ішілік су айдау жүйесі, негізінен, 1987 жылы бекітілген «Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасына» сәйкес келеді және бұл барынша тиімді болды, жобаның негізгі көрсеткіштерін орындау арқасында қосымша игеруге 2500 мың т қосылды.

С.Балғымбаев кен орны геологиялық қоры бойынша шағын кен орындар қатарына жатады. Барлау бұрғылау нәтижесінде төменгі бор түзілімінде мұнай және газ тұтқышы, орта юра түзілімінде мұнай тұтқышы анықталды. Өнім горизонттары келесідей бөлінген: Оңтүстік қанатта –апт-неоком (мұнайлы - газды), І неоком, аралық, ІІ неоком (мұнайлы), Солтүстік қанатта – Ю2-І, Ю2-ІІ (мұнайлы).

Жобалық құжаттар бойынша («Мартыши кен орнын игерудің технологиялық сызбасы», 1968; «Мартыши кен орнын игерудің комплексті жобасы», 1974; «Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасы», 1987) өнім горизонттары пайдаланудың 3 объектісіне біріктірілген:

І объект – апт-неоком + І неоком горизонттары;

ІІ объект – аралық + ІІ неоком горизонттары;

ІІІ объект – орта юра горизонттары.

2.1.5 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістері