Файл: 2022 жыл растыран Анарбек Ж. Т.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 1164

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Келес ауданы №56 Т. Белгібаев атындағы жалпы ортамектебі мемлекеттік мекемесі2022 жылҚұрастырған:Анарбек Ж. Т – Түркістан облысы Келес ауданы №56 Т. Белгібаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі физика пәнінің мұғалімі, Педагогика ғылымдарының магистріПікіржазғандар: Қожахмет М. С - Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтыныңағаоқытушысыЖұманова Г. С - №56 Т. Белгібаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі физика-математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші



Мазмұны

  1. Алғы сөз.........................................................................................4

  2. Кіріспе.............................................................................................6

  3. PIZA тапсырмалары.......................................................................8

  4. Қорытынды....................................................................................52

  5. Қолданылған әдебиеттер...............................................................53
Алғы сөзЭкономикалық жаһандану, халық санының артуы және технологиялардың жылдам өзгеруі жағдайында жеке адамдар мен қоғамның алдында жаңа күрделі міндеттер туындады. Қазіргі таңда мектептегі білім беру жүйесінде оқушылардың табысқа жетуі үшін қажетті білім және дағдылармен қатар, білім беру әдістемелері мен осы білімді балаларға оқыту әдіс-тәсілдері де қайта қарастырылуда. Жаһандану, жаңа технологиялар, көші-қон, нарықтық өзгерістер, елдер арасындағы бәсекелестік, саяси қауіп-қатерлер мен экологиялық проблемалар – осының барлығы ХХІ ғасырда оқушыларға қажет болатын білім, білік, дағдыларды дамытуды талап етеді. Педагогтер, министрліктер мен үкімет, оқу орындары, жұмыс берушілер мен зерттеушілер бұл қабілеттерді XXI ғасыр дағдысы, жоғары деңгейде ойлай білу қабілеті, оқудың терең нәтижелері, сондай-ақ кешенді ойлау және коммуникативтік дағдылар сияқты терминдер арқылы сипаттайды. Тиімділігі жоғары мектеп жүйелерінің маңызды құрамдас бөлігі тек шетелдік тәжірибеге бағдарлану ғана емес, сонымен қатар оларды жүйелі түрде бейімдеу және жергілікті мәдениет пен саясатқа енгізу болып табылады. Жаһандық қалалардың білім беру желісі – бұл қазіргі уақытта білім беру жүйесінде кездесетін жалпы проблемалар бойынша халықаралық деңгейдегі шешімдер шығару мен қабылдауда Азия мен Солтүстік Америкадағы педагогтер мен жауапты тұлғалардың ынтымақтаса іс-әрекет ету механизмі. Жаһандық қалалардың білім беру желісі оқу процесін қайта құру және әділеттілікке қол жеткізуге байланысты нақты мәселелерді тереңдетіп зерттеу, жоспарлау және шешу кезеңдеріне қатысады. Әрбір кезеңге Жаһандық қалалардың білім беру желісінің проблемаларды шешу, зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін қарастыру, тақырыптық зерттеулер, анықтамалық материалдар және кеңестердің жұмыс есептері кіреді. Басты міндет әлемдік жетекші мамандардың зерттеулері негізінде тәжірибелік білімді дамыту болып табылады. Олардың Білім беру Желісімен қамтылған қалалардағы жұмыс істеу тәжірибесі қолға алынған қадамдар мен болашақ қадамдарды көрсетеді, сонымен қатар әлемдік деңгейде қала мектептері жүйелерінің білім беру желісінің тиімділігін арттырады.
Бүгінгітаңдақазақстандықбілімберужүйесініңалдындабілімсапасыныңбәсекелестігінарттыру,шынайыөмірліккезеңдергебейімдеумәселелерітұр,өйткеніадамқоғамдатүрліөмірлікмәселелергебайланыстыдұрысшешімдерқабылдауүшінжоғарыкәсіптілікпенинтеллектуалдықәрекеттердіқажетететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білімжетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA-2009 халықаралықзерттеуінетұңғышрет15 жастағыоқушылардыңбілімсапасынанықтауүшін дәйекті ақпарат алу мақсатында ат салысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесінреформаландыруғақажеттібірқатарфакторлар,қазақстандық білім беружүйесініңәлемдікбілімберукеңістігінекірігуінегізгісебепболды.PISAәдістемесібойыншатестілеумектепоқушыларыныңүйреншіктіемтихандарыментесттерінентүбегейліерекшеленеді.Осыауқымдызерттеубарысындамектепбағдарламасынмеңгерудеңгейіемес,жасөспірімдердіңалғанбілімдерінтіршілікжағдайларындақолдануқабілетібағаланады.ТапсырмаларжинағынафизикапәніненPISAформатынасәйкестапсырмалардың4 типтітүрі:таңдаужәнекешендіжауабыбар, жабық, еркінқұрылымдытапсырмаларенгізілген.Кейбіртапсырмаларсолбіртіршілікжағдайларынажататынтүрлікүрделілікдеңгейініңбірнешесұрақтарынантұрады. ЕсептержинағыPISAхалықаралықзерттеуіматериалдарынегізінде құрастырылған.

Негізгі мақсаты:


  • Білім алушыларға PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындату барысында танымдық қызығушылығын арттыру, зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен ізденіп, жаңа білімге қол жеткізуге үйрету;

  • PISA халықаралық зерттеулерге дайындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

Міндеті:


  • Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу;

  • Тапсырмаларды орындаудың негізгі алгоритмін меңгерту;

  • Білім алушылардың білімі мен қабілеттерін тексерудің дәстүрлі нысандарымен қатар,бағалау өлшемдеріне PISA тапсырмаларын енгізу.
Өзектілігі:

  • Кез келген оқу бағдарламасы тиімді іске асырылуы үшін оқушылардың өмірімен тығыз байланысты болуы керек.

  • Бағдарламаны өзектендіру үшін мұғалімдер басқа тақырыптарға негіз болатын, пәндік немесе пәнаралық зерттеулерде маңызды орын алатын және білім алушылар мен оқытушылар тарапынан қолдау табатын негізгі тақырыптардан бастау керек.

  • Оқушылардың оқуға қызығушылығын қолдау үшін білімнің өзектілігі мен практикалық мәні аса маңызды болу керек.

Күтілетін нәтиже:


  • Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденімпаздық қасиеттері қалыптасады;

  • Физикалық теориялық білімдерін күнделікті өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін дамытады;
КіріспеPISA(ProgrammeforInternationalStudentAssessment)–Экономикалықынтымақтастықжәнедаму ұйымы(ЭЫДҰ)ұйымдастыратыноқушылардыңоқу үлгерімін (қалыптасқан білімі мен дағдыларын) бағалайтын халықаралықсалыстырмалы зерттеу. Зерттеу бойынша тестілеу 2000 жылдан бастап үш жылсайынөткізіліпотырады.Бұлзерттеуортабілімалғаноқушылардыңсолбілімін күнделікті өмірде қолдана алу қабілетін, яғни қоғамда толыққанды өмірсүруге қажетті қабілеттерін тексеруге бағытталған. PISA бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын үш приоритетті
бағытбойыншабағалайды.Олар:оқусауаттылығы,математикалықсауаттылықжәнежаратылыстану-ғылымисауаттылығы.Осыбағыттардыңтаңдалған себебі – олар оқушының одан әрі білім алуының негізін құрайды.PISAоқушыныңакадемиялықбілімінемесфункционалдықсауаттылығын,яғни:

  • алған білімін өмірде қолдана алу

  • кез-келген мәселенің мәні мен себеп-салдарын терең түсіну

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау

  • ақпаратты іздеу, талдау, түсіндіру сынды дағдыларын бағалайды.
Соныменқатар,әрзерттеуайналымындаоқушыныңкреативтіойлау,жаһандық құзыреттілік, қаржылық сауаттылық немесе мәселені бірлесіп шешусияқтыбіринновациялықбағытбойынша сауаттылығытексеріледі. Функционалдық сауаттылықты «адами іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін мектепте алған білім, білік жіне дағдыны пайдалана білу қабілеті» деп түсіну қажет. Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа ену, адами ресурстарды қалыптастырудағы білім берудің рөлін арттыру жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемі ретінде білім беру жүйесін жаңа тәсілдерге бағдарлау маңызды. PISA тапсырмаларының әр тобы тұлғалық, әлеуметтік немесе жаһандықконтекстеқарастырылады,соныменбіргеоқушылардыңғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы деңгейіне түрлі талдаужасауды қарастырады.Білімалушылардыңғылыми-жаратылыстанусауаттылығынанықтауғаарналған тапсырмалар әр түрліқұрылымдаболуы мүмкін.Тапсырмалардыорындаудакелесіұсыныстардыбасшылыққаалуұсынылады:

    1. Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.

    2. Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.

    3. Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін ойлап алыңыз.

    4. Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема – есепті шығарудағы жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын.

    5. Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы.

    6. Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.

    7. Егер есепте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға дейін жеткізілген болуы керек.

    8. Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек.

    9. Егер сізге есепті бірден шығару мүмкін болмаса, бүге-шегесіне дейін көңіл аударып, тиісті теориялық материалды тағы да зерттеп көріңіз.

PIZA тапсырмалары 1-тапсырма. Кемпірқосақ Сұрақ 1: Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз




Кемпірқосақ үшін келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ




Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады

Иә/ Жоқ




Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін

Иә /Жоқ

Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық

Иә / Жоқ



Сұрақ 2:  Ақ жарықтың құрама бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666 ж ағылшын физигі Исаак Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.Қандай жағдайда біз қара денені көре аламыз?A. Егер дене оған түскен барлық жарықты жұтатын болсаB. Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті жұтатын болсаC. Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті шағылдыратын болсаD. Егер дене ақ жарықтың барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын болса2-тапсырма. ТермометрТермометр - дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді қазіргі түріне 1723 жылы Фаренгейт келтірді және оны қалай істейтінін суреттеп берді. Басында ол да өз