Файл: 2022 жыл растыран Анарбек Ж. Т.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 412

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
трубкаларын спиртпен толтырды, сосын барып сынапқа көшті. Өзінің шкаласында нөл деп ол қар мен нашатыр немесе ас тұзымен араласқандағы температураны алды. Ал судың қатуының бастауы деп 32° градусты, ал сау адамның денесінің температурасы ретінде ол 96° алды. Сосын ол судың қайнау температурасын анықтады, ол 212° тең болды. Мұздың еруі мен судың қайнау температурасын 1742 жылы Цельсий нақтылап көрсетті, бірақ басында ол 0°-ты қайнау, ал 100°-ты қату температурасы ретінде көрсетті.

Сұрақ 1:

Термометрдің жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген?

A. Температураның артуына байланысты сұйықтың қысымының артуына негізделген

B. Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген

C. Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың массасының өзгеруіне негізделген

D. Температураның өзгеруіне байланысты сұйықтың қысымының өзгеруіне негізделген
Сұрақ 2:

Суретте күн сәулесі түсіп тұрған 3 бірдей спиртті термометр кескінделген. Қай термометрдің көрсеткіші бірінші болып өзгереді?

1- термометр 2- термометр 3- термометр

   

(қызыл түсті спирт) (күлгін түсті спирт) (түссіз спирт)

A. 1- термометрдің

B. 2- термометрдің

C. 3- термометрдің

D. Үшеуінде бірдей

Сұрақ 3:

Термометрлердің түрлеріне байланысты төмендегі берілген пікірлер дұрыс па?

Төменде келтірілген мүмкін пайымдаулардың әр қатарынан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз


Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек бір тірек нүктеге ғана сәйкес келеді

Иә/ Жоқ

Сынапты термометрмен мұқият болу керек, себебі сынап буы - үлы

Иә /Жоқ

Арктиканы зерттеушілер спиртті термометрлерді таңдап алады

Иә / Жоқ



Сұрақ 4:

Неліктен температураны арттырғанда газ бен сұйықтың көлемі ұлғаяды?

A. Молекулалар саны артады

B. Олардың молекулалары көбейеді

C. Олардың молекулалары сирек соқтығысады

D. Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
3-тапсырма. Иіс шығарғыш қоңыздар

Көптеген қоңыздар, жəндіктер, кейбір жапырақ жегіштер өзін қорғау үшін

өткір иістер шығарады. Қанқыз қоңызы сарғыш түсті улы сұйықтықты да бөледі. Бұл иістер ауада өте тез таралады. Жəндіктер арасында өзара хабарласудың кең тараған тəсілі – химиялық қосындылардан тұратын иістер шығару арқылы хабарласу. Жапырақ жегілер  жаудан бой тасалау үшін улы гемолинфа бөледі.


Жапырақ жегі қоңызы

Сұрақ 1:

Қоңыздар мен жәндіктердің шығаратын иістерінің ауада таралу құбылыс түсіндіріп, мысал келтіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл иістердің таралуы диффузия нәтижесінде жүзеге асады. Диффузия – бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы. Газдардағы диффузия құбылысы өте жылдам жүреді. Мысалы: әтірдің иісі.

Сұрақ 2:

Иістің өте тез таралуын «атомдар» және «молекулалар» сөздерін қолданып түсіндіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Газдардың негізгі қасиеті көлемін де, пішінін де сақтамау. Газдардың атомдары бір бірінен өте алшақ орналасқан және өте шапшаң қозғалады. Атомдар мен молекулалардың ретсіз қозғалысының салдарынан иіс өте тез таралады.

Сұрақ 3:

Жапырақ жегілер тұқымдас өкілдерінің арасында ауылшаруашылық өсімдіктеріне зардап тигізетіндері де аз емес. Олардың ішіндегі ең танымалы - Колорад қоңызы (Leptinotarsa decemlineata). Колорад қоңызының аналығы бір жазда 700 жұмыртқа басады.Оның екінші лектегі ұрпағы бір тонна ботташық сабағын жоюға қабілетті деп саналады. Оның әлемге жайылуына Солтүстік Америкадан ағылып жататын ботташықтар себеп болған. Ересек колорад қоңыздары мен дернәсілдері ботташық сабақтарының жапырақтарын құнығып жейтіні соншалық, зақымданған өсімдік түйнек салмайды, ақыры аяғында бұл өнімнің толықтай шығынға ұшырауына әкеліп соғады. Жапырақ жегілердің қаптап кетуінің алдын алу үшін қандай мәселенің шешімін табу керек.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қауіпті келімсектер мен қолдан келгенше күресіп келеді: қолмен теріп алады, атыздарды химикаттармен бүркеді, олар қатты зақымданған аудандарға карантин жариялайды, ал селекционерлер гендік инженерияның жәрдемімен колорад қоңызы үшін улы жапырақтары бар ботташық сұрыптарын әзірлеп шығаруда.
4-тапсырма. Ыстыққа төзімді жануар

Түйенің екі аптадай су ішпеуі мүмкін екендігі белгілі. Бұл оның суды үнемді пайдалатындығымен түсіндіріледі. Түйе 40º-тық ыстықта да терлемейді. Қырқылған түйенің терлеуі 50%-ке дейін ұлғаяды. Түйе ешқашан, тіпті аптап ыстықта да аузын ашпайды. Оның демалу жиілігі өте төмен –минутына 8 рет. Түйе өз өркештерінен керегіне қарай су ала алады (100 г майдан 107 г су).
Сұрақ 1:

Булану процесі кезінде денеде қандай өзгеріс болады?

A. Дене қызады

B. Дене салқындайды

C. Дененің көлемі артады

D. Дененің ішкі энергиясы артады
Сұрақ 2:

Түйенің ыстыққа төзімділігінің себебі неде?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз


Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Оның денесі қалың және тығыз жүнмен жабылған. Жүн оны қызудан құтқарады, ылғалдың шығуына бөгет жасайды

Иә/ Жоқ

Түйе өз өркешінен керегіне қарай су ала алады

Иә /Жоқ

Түйенің салмағы көп болғандықтан ыстыққа төзімді келеді

Иә / Жоқ


Сұрақ 3:

Түйе өз өркешінен жарты центнерге дейін су ала алады. 100г майдан 107 г су алса, түйенің бір өркешінің салмағы неше килограммға тең?

A. 25 кг

B. 24 кг

C. 23 кг

D. 22 кг

Сұрақ 4:

Булану процесінің нәтижесі нені береді?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз


Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Булану процесі температураның азаюына әкеледі

Иә/ Жоқ

Ыдыстың бетінің ауданы үлкен болса, булану процесі қарқынды жүреді

Иә /Жоқ

Булану құбылысы ағзаны реттеуде маңызды емес

Иә / Жоқ


5-тапсырма Солтүстік бұғысы

Бұғы – аша тұяқты жануар. Ол солтүстікте, таулы жерлерде өмір сүреді. Солтүстік бұғысы суыққа төзімді, қарға көп батпай жүре береді. Сондықтан оны шанаға шегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты шөптермен, суда өсетін өсімдіктермен, ағаштың қабығымен және бүрлерімен қоректенеді.

Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен қапталады. Оның үстінен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өседі. Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі құрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе, бұғы мүйізімен ағашқа сүйкеледі. Бұғының мүйізі өте пайдалы. Одан әртүрлі дәрі- дәрмектер жасайды. Әсіресе, жүрек, бауыр, қантамыр, қаназдық ауруларына қолданады

  • Пантокрин дәрісі қанқұрамын жақсартып, қаназдықты емдеуге жақсы. Үнемі қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады.

  • Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болады.



Сұрақ 1 :

Бұғының суыққа төзімділігінің сыры неде?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз


Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Әрбір жүн қылшықтарының арасы ауаға толы, сондықтан ол суыққа төзімді

Иә/ Жоқ

Бұғының терісі жылуды нашар сақтайды

Иә / Жоқ


Сұрақ 2 :

Бұғының адамға қандай пайдасы бар?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз


Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Бұғының мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, үнемі қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады

Иә/ Жоқ

Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болмайды

Иә / Жоқ


Сұрақ 3 :

Пантокрин дәрісін алуды көбейту үшін, бұғы өсіру шаруашылығын дамытудың қандай жолдарын ұсынар едің?


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6-тапсырма. Еркін түсу

П иза қаласындағы биік көлбеу мұнараның құрылысы 1173 ж. басталған болатын. Осы ғимарат сол қисайыңқыраған кезде, 1360 ж. салынып бітті.Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилей ашкан заңның арқасында Пиза каласыныңдаңқын бүкіл өлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді. Сөйтіп, ол мұнара төңірегіне жиналған пизандықтарды таңғалдырды. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталады. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығына тәжірибе аркылы кез жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп үйғарды. Галилей ашқан бұл заңның маңызы өте зор болды.

Сұрақ 1:

Тәжірибе жасалған көлбеу Пизан мұнарасының биіктігі қаншаға тең?

А) 60м

В) 58м

С) 57м

Д) 52м

Сұрақ 2:

Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді.

Оны тек 80 жыл өткеннен соң жүзеге асырған ғалым.

А) Ньютон

В) Торричели

С)Архимед

Д) Кеплер

Сұрақ 3:




Алайда күнделікті бақылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез кұлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калықтап түседі.



Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда қандай шамаларға тәуелді?

Иә немесе жоқ

Дененің ауырлығына

Иә/жоқ

Өлшемдер мен пішініне

Иә/жоқ

Тығыздығына

Иә/жоқ



Сұрақ 4:

Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын көрсетеді. Мысалы жергілікті жердегі ендікке байланысты ол қалай өзгереді?