Файл: 2022 жыл растыран Анарбек Ж. Т.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 409

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


______________________________________________________________________________________________________________________________________
7-тапсырма. Ньютон заңдары

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.



Сұрақ 1:

Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең?

А) Қозғалмайды, ҒR=0

В)Қозғалады, ҒR=F1+F2+F3

C) Қозғалмайды, ҒR=F1+F2-F3
Сұрақ 2:





Берілген суреттерден алынған тұжырым:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 3:

Ньютонның механика заңдары мына денелерге қолдануға келмейді.

Иә немесе жоқ

Микроәлем нысандарына (атом, молекула, элементар бөлшектер)

Иә/жоқ

Жылдамдығы біртіндеп өзгеретін денелерге

Иә/жоқ

Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған денелерге

Иә/жоқ



8-тапсырма. Тұрақты магниттер
М агнит тарихы екі жарым мың жылдан бері жалғасуда. Көне қытай ғалымдары б.дәуірімізге дейінгі VІ ғ. өзіне темір заттарды тартатын минералды тапқан. Қытайда оны “чу-ши” демек, “сүйгіш тас” деп атаған. “Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д. дейінгі V ғ.) тауып, өзінің бір шығармасында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит — «Магнессия тасы» дегенді білдіреді. Ерте заманда магнит қасиеттерін оның “тірі жаны” бар деп түсінді. Ерте заман адамдары ит етке қалай ұмтылса магнит те темірге солай “ұмтылады” деп ойлайды. Қазір біз мәселе магнит тудыратын ерекше өрісте екенін білеміз. Кез-келген магниттің айналасында магнит өрісі болады. Осы өрісте темірді магнитке тартады. Қазіргі кезде табиғи магнит FeO (31%) және Fe
2O3(61%) тұратын магниттік темір кесектері екендігі белгілі морт қара минерал.

Сұрақ 1:

Бұл қара минералдың тығыздығы неге тең?

А. 2000 кг/м3.

В. 5000 кг/м3.

С. 1000 кг/м3.

Д. 3000 кг/м3.

Сұрақ 2:

М агнит өрісі — материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік қасиеттері аса күшті емес, қазіргі кезде магнит өрісі өте күшті жасанды магниттер алынды. Оларды сыртқы магнит өрісінде магниттеп, жеке тұрақты магниттер ретінде қолдануға болады. Жасанды магниттер әр түрлі формада жасалды.


Жасанды магниттер жасау үшін құрамында қандай металдары бар құйма қолданылады?

Иә немесе жоқ

Темір

Иә/ Жоқ

Никель

Иә/ Жоқ

Кобальт

Иә/ Жоқ


Сұрақ 3:

Бағдаршы түрінде жасалған магнит компаста қолданылады. Бұл керемет құрал шамамен екі мың жыл бұрын ойлап табылған. Алғашқы (ерте қытай) компас1-суретте көрсетілген. Ол оңтүстікті көрсеткіш деп аталған. Қазіргі заманғы (қарапайым) компас 2-суретте көрсетілген. 1-сурет пен 2-суреттердіңмагниттік бағдаршаның (компас бағдаршысы) басқа да магниттер сияқты екі полюсі бар. Олардың бірі географиялық солтүстікті көрсетеді, ол солтүстік полюсі (N), екінші ұшы — оңтүстік полюс (S) деп аталады. Осы символдар (атауларымен бірге) кез-келген магниттердің полюстерін белгілеу үшін қолданылады. Екі магниттік бағдаршаны бір-біріне жақындатып, әртекті магнит полюстері бір-біріне тартылатынын біртектес полюстері тебілетінін анықтауға болады. Осы заңдылық кез-келген магниттер үшін дұрыс. Екі магниттік компастың айырмашылығы неде

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 4:

Магниттердің қолдану аясы өте кең. Олар тек қана компастарда емес, электро, радио-техникада, роботтық техникада және т.б. қолданылады. Сіздер магниттерді электр қозғалтқыштардан, дыбыс зорайтқыштардан, телефондарда, амперметрлерде, вольтметрлерде және басқа құралдар ішінен таба аласыздар.



Медицинада магниттер қолданыла ма?
9-тапсырма. Зат алмасу

Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда энергияның жалпы саны өзгермейді.

Сұрақ 1:

Әр түрлі мамандық иелерінің мамандығына байланысты іс-әрекеттерінде жұмсайтын энергия мөлшері де әр түрлі болады. Мысалы, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адам, күніне 3000 килокалория жұмсайды. Ауыр дене еңбегімен айналысатын адам, күніне 2 есе кем энергия жұмсайды. Дене күшін талап ететін еңбекпен айналысу барысында жұмсалатын энергия мөлшері пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп анықталады. Оның орташа мөлшері – 20-25%, спортшыларда ПӘК жоғары болады. Қышқылдану барысында 1 г ақуыз – 4,1 ккал, 1 г май – 9,3 ккал, 1 г көмірсу – 4,1 ккал бөлетіні анықталған. Тағамдық азық-түліктердегі ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын немесе энергиялық құнын анықтауға болады. Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қанша мөлшерді қабылдауы керек?

А. 732 грамм көмірсу.

В. 732 грамм май.

С. 150 грамм ақуыз.

D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу.
Сұрақ 2:

Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары

және спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын

ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.

6-кестедегі пайымдаулар дұрыс па?

6-кесте – Зат алмасу


Р/с

Пайымдаулар

Иә/жоқ

1

Энергиялық құндылық тұрғысынан 1 г көмірсу 1 г ақуызға тең




2

Егер тағамға ақуызды көп пайдаланатын болса, онда артық салмақ болмайды




3

Ағза үшін тағамның жалпы құндылығығана маңызды




4

Тағам мөлшерін құрастыру барысында қарқынды және ауқымды жаттығу

Күндері спортшылардың энергия жұмсауының ұлғаюын есепке алу қажет






Жүйке жүйесі, жүрек, тыныс алу бұлшықеттері, бүйрек, бауыр және басқа

да ағзалар үздіксіз қызмет жасайды және энергияның белгілі мөлшерін тұтынады.

Мысалы, жүрек үлкен жұмыс атқарады. Ол әр сағат сайын қолқаға 300 л шамасында қан лақтырып отырады. Бұл жұмыс қышқылдану үдерісі қарқынды жүріп жатқан жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен жүзеге асырылады. Босаған энергияның нәтижесінде бұлшықеттердің механикалық жиырылуы қамтамасыз етіледі де соңында барлық энергия жылу энергиясына ауысады, ол ағзаға тарайды және қоршаған кеңістікке беріледі. Ұқсас үдерістер адам денесінің әр органында жүреді. Әр жағдайдың ең соңында электр, механикалық және химиялық басқа да энергия түрлері жылу энергиясына ауысады және сыртқы ортаға шығады.

Сұрақ 3:

Энергия сыйымды, яғни жұмыс істеуіне көп энергия жұмсалатын органдарға жүрек пен бүйрек жатады. Сонымен бірге бұл органдардың салмағы онша үлкен емес.

А. Энергияны көп жұмсайтын органдардың тізімін жазыңыздар.

В. Энергия жұмсамайтын орган деп санауға болатын органдарды

көрсетіңіздер. Неліктен_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10-тапсырма. Алма шырыны

Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.



Сұрақ 1. Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11-тапсырма. Жұмыртқа

Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды. Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.



Сұрақ 1.

Себебін түсіндіріңіздер.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


12-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа



Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

Тәжірибені өткізу жолы:

-кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық майжағамыз;

-қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлауқажет);

-қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына -қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуытиіс);

-жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісізғажайып тәсілмен бөтелкенің ішінетүседі.

Сұрақ 1 .

Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
13-тапсырма. Күн жүйесі

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.


Сұрақ 1. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты.

Сұрақ 2. Планеталар қандай топқабөлінеді?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 3. Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
14-тапсырма. Темір жол


Саңылау
Сұрақ 1.

Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады.

Неліктен?______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс?

А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.

В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.

С.Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады.

D. Пойыздар жүргенкезде металл рельстертер беліске ұшырайды.
15-тапсырма. Электр қоңырауы

Суретте ішіне электр қоңырауы салынған шыны ыдыс бейнеленген. Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады. Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа сорылады.