ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 416
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
A. Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды
B. Машинаның жылдамдығы үлкейді
C. Машинаның жылдамдығы азайды
D. Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес
Сұрақ 4:
Төменде 5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген:
Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысыменжүрді?
23-тапсырма. Қасықтар
Сұрақ 1.
Ыстық суға металл қасық, ағаш қасық жəне пластмасса қасықсалынды. 15 секундтан кейін ұстап көргенде, қай қасық еңыстық болады?
A. Металл қасық.
B. Ағаш қасық.
C. Пластмасса қасық.
D. Үш қасықтың да ұстап көргендегі қызуы бірдей.
24-тапсырма. Вилосипедші Айжан
Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы жылдамдықты көрсетеді.
Сұрақ 1.
Жолда Айжан алғашқы 10 минутта 4 км жүрді жəне содан соң келесі 5 минутта 2 км жүрді. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс?
А. Айжанның алғашқы 10 минуттағы орташа жылдамдығы келесі 5 минуттағыға қарағанда артығырақ болған.
В. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут пен келесі 5 минутта бірдей болған.
С. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта келесі 5 минуттағыдан азырақ болған.
D. Берілген ақпараттан Айжанның жылдамдығы туралы ештеңе айту мүмкін емес.
Сұрақ 2.
Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағыжатқан өзенге дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Олүйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. Бұл үшін оған 6 минут қажетболды. Айжанның өзенге дейінгі жəне артқа қарай орташа жылдамдығы(км/сағ) қандай?___________________________________________
Орташа жылдамды________________________________________________км/сағ.
24-тапсырма. Сағат
Сағаттың минуттық және сағаттық тілдері күндізгі сағат 12-де дәл беттеседі.
Сұрақ 1: Сағат
Қандай ең қысқа уақыт аралығында сағат тілдері қайта беттеседі?____________________________________________________________________________________________________________________________________________
25-тапсырма.
Жүріс
Суретте адамның жүрісінің ізі бейнеленген. Біріншіаяқтың өкшесінен екінші аяқтың өкшесіне дейінгіқадамның арақашықтығы Р-ға тең. Ер азаматтың жүрісіn/ P=140 формуласымен жуықтап есептеледі. Мұндағыn- бір минуттағы қадам саны, P- қадамның метрменалғандағы ұзындығы
Сұрақ 1:
Егер Болат минутына 70 қадам жасаса, онда берілген формуланы қолданып оның қадамының ұзындығы неге тең болатынын анықта.
______________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 2:
Мерейдің қадамының ұзындығы 0,80 м тең. Жоғарыда берілген формуланы пайдаланып, Меренйдің жүрісінің жылдамдығын м/мин арқылы, жəне км/сағ арқылы есепте. ________________________________________________
26-тапсырма. Жүгіруге арналған стадион
Суретте шағын стадионның жүгіру жолдарының жоспары көрсетілген. Алаңның ортасы тік төртбұрыш тəрізді, оң жəне сол жақтарында екі жарты дөңгелек формалы аудан. Əрбіржүгіружолдарыныңені 1 метргетең.
50м
Сұрақ 1:
Ішкі жағындағы бірінші жолмен, бір айналым жүгіріп өткендегі ара қашықтық неге тең. Өзіңіздің шешу жолыңызды көрсетіңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
27-тапсырма.
«Физикалық ғылымдар» бөліміндегі төменгі деңгейдегі тапсырма: Суретте батарейкаға жалғанған электр шамы көрсетілген.
Шам жану үшін 1 нүкте мен 2 нүктелерге аталған заттардың қайсысын жалғау қажет?
А) Темір шеге
В) Пластмасса қасық
С) Резеңке тілім
D) Ағаш қиындысы
28-тапсырма
Тимур Бауыржанға суретте көрсетілгендей 2 өткізгіш сымдары шығып тұрған жабық қорапша берді.
Тимур Бауыржаннан қорапшаны ашпай ішінде не бар екендігін табуын сұрады.Бауржан 2 өткізгішті суретте көрсетілгендей шам және батарейкамен жалғады. Сол кезде шам жанды.
Қорапшада төмендегі заттардың қайсысы болуы мүмкін?
А) | | Резеңке белдік |
В) | Ағаш қарандаш | |
С) | Темір кілт | |
D) | Шыны стақан |
29-тапсырма
Суретте парашютист төрт позициядан көрсетілген.
| 1. Секіру алдында ұшақта. |
| 2. Парашюттің ашылуы алдында секіруден кейін еркін құлау кезі. |
| 3. Парашют ашылғаннан кейін жерге қону кезі. |
| 4.Қонғаннан кейін бірден жерге түскен кезі. |
Сұрақ 1:
Парашютисттің қай позициясында гравитациялық күш әсер етеді?
А) Тек 2 позицияда;
В) Тек 2 және 3 кездерде;
С) Тек 1, 2, 3 кездерде;
D) 1, 2, 3, 4 кездерде.
Гравитациялық күш сияқты физикадағы кешенді және абстрактілі түсініктерді сипаттап, көрсететін ілгері деңгейдегі тапсырма.
30-тапсырма. Атмосфералық қысым
Атмосфераның бар болуы Жердің табиғатына өте үлкен әсер береді. Атмосферасыз Жерде тіршілік болмайды. Атмосфера(атмос – ауа. Сфера – шар)
1634 жылы Эванджелиста Торричелли алғаш рет атмосфералық қысымның мәнін анықтады. Бұл тәжірибені 7- сынып физика оқулығынан оқып шығуға болады. Жердегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.сын. бағ. немесе 105 Па.
Атмосфераны шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера. Шартты қабаттардың шекаралары:
тропосфера – 16 км дейін;
стратосфера – 50 км дейін;
мезосфера – 80 км дейін;
термосфера – 150 км дейін;
экзосфера – 150 км және одан жоғары, одан әрі бұл қабат ғарыштық кеңістікке көшеді. Ауаның 90% тропосферада шоғырланған. Оның қалындығы әр түрлі еңдіктерде әр түрлі болады. Экватор үстінде – 17 км, полюстерде - 8-9 км, ал орташа еңдіктерде – 10-11 км
Сұрақ 1:
Неге Жердің әр түрлі аумақтарда атмосфераның қалындығы әр түрлі?
Сұрақ 2.
Айда Торричелли тәжірибесінің нәтижесі қандай болар еді?
А. Жердегідей, сынап бағанасы 760 мм тең болады
В. Сынап ыдыстан төгіледі.
С. Сынаптың бағаны төмендейді
D. Сынаптың бағаны жоғары болады, себебі Айдың тартылыс күші 6 есе кем Сұрақ 3.
Суретке қарап биіктікке байланысты атмосфераның тығыздығы қалай өзгеретінін анықта.
Сұрақ 4.
Суретке қарап,
атмосфераны оттекке байыту үшін қандай ағаштарды егу қажет
Сұрақ 5.
Ла-Пас – Боливия елінің астанасы – 4000 м биіктікте орналасқан. Бұл Жер бетіндегі ең биік орналасқан астана. Осы биіктіктегі қысым неге тең? Осындай қысымда картопты пісіруге болама?
31-тапсырма. Булану және конденсация
Ыстық күнде шыны құмыраның ішіне мұздай су құйды (1-сурет). Біраз уақыттан кейін құмыраның сыртында су тамшылары пайда болды (2-сурет). Құмыраның сыртында су тамшыларының пайда болу үдерісін сипаттап бер.
32-тапсырма. Температура
Бізді қоршайтын әлемдегі кейбір физикалық құбылыстар денелерді қыздыру немесе суытуымен байланысты. Қыздыру кезінде суық су жылынып, одан кейін қайтадан суитынын білеміз. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздерінің көмегімен біз дененің қызу дәрежесін ажыратамыз, физикада бұл сөздер денелердің әр түрлі температурада тұрғанын білдіреді. Ыстық судың температурасы суық судың температурасынан жоғары болады. Жаздағы ауаның температурасы қыстағы ауаның температурасынан жоғары болады. Денелер температурасын термометр көмегімен, өлшемі градус Цельсий (0С) арқылы өрнектейді.
Жоғары температурада диффузия жылдам өтетінін білеміз. Бұл молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен температурасы өзара байланысты екендігін білдіреді. Дененің температурасы артқан сайын молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өседі, температура төмендеген сайын кемиді. Сонымен, дене температурасы молекулалардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді.