Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м. Уезов атындаы оТстік азастан университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 427

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әдебиеттер:

  1. Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с.

  2. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с.

  3. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное пособие.-Пермь,2010.-84 с.

  4. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал, / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.

  5. Набуова Р.А., Жубандыкова А.М. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. Оқу құралы. – Алматы, 2019. -260 бет.

  6. Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «ССК» баспасы, 2016. – 140б.

  7. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б


10-тақырып. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары

10 дәріс
Мақсаты: критериалды бағалау ұғымын және оның оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:

1.  Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны.


2.МЖМБС сәйкес білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

3.Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 3-қосымша

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар

1-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жаңартылған негізгі орта білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


      7. Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:

      1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

      2) құрмет;

      3) ынтымақтастық;

      4) еңбек пен шығармашылық;

      5) ашықтық;

      6) өмір бойы білім алу.

      8. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың мынадай қабілеттері дамуы тиіс:

      1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;

      3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай алу;

      4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;

      5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу;

      6) рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдау;

      7) қоршаған ортаға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң қарым-қатынас;

      8) шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлау;

      9) коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу;

      10) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге талпыну.

      9. Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру.

      10. Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:

      1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;

      2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;

      3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;


      4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;

      5) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдыларын;

      6) қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

      11. Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және Стандарт талаптары негізінде әзірленетін оқу пәндерінің оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      12. Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу, жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің мақсатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен үйлесімі арқылы іске асырылатын академиялық дайындықты, білім алушылардың дербестігін дамытуды және рухани-адамгершілік тәрбиені кіріктіру негізінде айқындалуы тиіс.

      13. Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:

      1) заманауи қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес болу;

      2) сын тұрғысынан, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

      3) оқу пәндері мазмұнын кіріктіруді күшейтудің орындылығы;

      4) бастауыш білім беру және негізгі орта білім беру деңгейлері арасындағы білім беру мазмұнының үздіксіздік және сабақтастық қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;

      5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;

      6) оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.

      14. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруге бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі.

      15. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие мәселелері шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.

      16. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру жинақтала келе білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      17. Оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларды ізденуге, мәселелерді талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе меңгеруін ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді.


      18. Міндетті оқу пәндерін оқытумен қатар элективті курстар, сыныптан тыс сабақтарды өткізу, білім алушылардың ғылыми жобаларға қатысуы көзделген.

      19. Білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.

      20. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі салаларында үш тілде еркін диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.

      21. Үштілді білім беру іс жүзінде:

      1) қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;

      2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;

      3) сабақтан тыс іс-әрекеттер мен элективті курстарды қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

 25. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Алгебра", "Геометрия", "Информатика" оқу пәндерінде іске асырылады.

      26. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді.


      27. "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану", "Физика", "Химия", "Биология", "География" оқу пәндерінде іске асырылады.

      28. "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз етеді.

"Математика және информатика" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.

      Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

      1) қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын; сандар жіктемесін; нақты сандармен есептеу амалдарын; қарапайым математиканың негізгі формулаларын; функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін; алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін; көпбұрыштар жіктемесін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиға ықтималдығының классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамаларын; статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін;

      қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін; ақпарат, ақпараттық процестер, технологиялар және модельдер туралы ғылыми түсініктердің негізін; қазіргі заманғы қоғамдағы және әрбір адамның өміріндегі ақпараттық технологиялардың рөлін; компьютерлік жүйелер мен желілер құрылысының негіздерін, сондай-ақ олардың бағдарламалық қамтылыммен өзара әрекеттестігін; модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы есептерді шешу тәсілдерін; әртүрлі сандық құрылғылармен дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін біледі;

      2) математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын; жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын; таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін;