Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м. Уезов атындаы оТстік азастан университеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 429
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;
тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді.
Қазіргі бағалау жүйесінің кемшіліктері де бар:
- оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті болатындай оқытудың жоспарланған нәтижелері жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері жоқ;
- педагог бірыңғай критерийлерге әрбір оқушының жетістігімен емес, тұтастай алғандағы сыныптың орташа білім деңгейіне сүйене отырып баға қояды;
- оқушыларға қойылған бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білім, білік, дағдыларының нақты элементтерін меңгергендігі туралы түсінік бермейді, бұл әрбір оқушының жеке оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;
- оқыту процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушыларды оқуға барынша ынталандыруға мүмкіндік бермейді;
- түзету-дамытушылық жұмысты және балаларды қоғамдағы
дербес, тәуелсіз өмірге дайындау сапасын қоса алғандағы оқушыларды оқыту сапасы туралы пайымдай алмайды;
- жұмысшы мамандықтары түрлерінің бірі бойынша мамандық алу үшін арнайы мектептің түлегі өз білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы әділ пайымдай алмайды;
- бір бөлігінің мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын, оқу үдерісі сапасын жетілдіруге мүмкіндік бермейді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты:
- қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;
- оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;
- оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу;
- жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу.
Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
- оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру;
- оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету;
- оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық деңгейін анықтау;
- әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау;
- оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
- мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету;
- бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру;
- мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;
- іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық-педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру;
- ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу;
- инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;
- сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту.
Шағын міндеттер:
Ата-аналармен жұмыста:
- ата-аналардың педагогикалық және дефектологиялық білімдері мен
түсініктері аясын кеңейту арқылы олардың тәрбиелеу біліктіліктерін қалыптастыруға ықпал ету;
- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдеріне, іс жүзінде бірлесіп әрекеттер ұйымдастыруға үйрету арқылы оларды белсенді қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту;
- ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң тәсілдерімен қарулануларына көмектесу;
- дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының әлеуметтік кеңістігін кеңейту, ата-аналардың қоғамдастыққа бірігуіне жағдай жасау.
Педагогтармен жұмыста:
- сыни тұрғыда бағалаудың, пәндік жоспарланған нәтижелерді психологиялық-педагогикалық сипаттаудың, бағалауды қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің негізгі теориялық ережелерін меңгеру;
- диагностикалық аспапты әзірлеу және оны білім беру үдерісінде пайдалану тәсілдерін меңгеру;
- инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау;
- педагогикалық қызметтің ынтасын арттыруға ықпал ету;
- проблема бойынша өз бетінше білім алуға және инновациялық іс-әрекеттерге педагогтарды ынталандыру .
Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі жақтары атап көрсетілген: рөлі, бағалаудың функциясы, мұғалімнің бағалау әрекетінің құрылымы және басқалар. Бірақ бұл проблеманың мына сияқты аспектілері түпкілікті шешімін тапқан жоқ: оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерінің бірыңғай жүйесін жасау, бағаның әділетсіздігі, бағаны алуға және қоюға оқушылар мен мұғалімдердің жеке басының ерекшеліктерінің әсері. Оларды шешіп алмай тұлғаны дамыту міндетін табысты жүзеге асыру қиын деп ойлаймыз.
Педагогикалық бағалаудың функциялары.
- Нормативтік функция бір жағынан, оқушының оқып және оның оқу орнын табысты аяқтауына сәйкес барлық құқықтық салдарлар оқушы үшін туындайтындай, бекітілген эталонға қатысты нақты оқушының жетістіктерін тіркеуді, екінші жағынан, жеке оқушылардың, мектеп сыныптарының үлгірімін, мұғалімнің дайындығы деңгейі мен жұмысы сапасын (тәжірибеге сәйкес бірнеше он жыл бұрын қалыптасқан) қадағалауды қамтиды.
- Ақпараттық-диагностикалық функция, білім беру үдерісіне барлық қатысушылар арасындағы мазмұнды байланыстарының, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясының, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негіз боларлық кезеңдерін қамтиды. Дәл бағалау ғана алдымен жекелеген оқушылардың мектептегі амандығы себебі сияқты нақты сыныптағы оқу үдерісінде барлығы дұрыс па деген тақырыпта толғануға азық болады.
Оқушының дамуына бағаның әсері көп жақты, ол көп функцияға ие болуы мүмкін. Баға келесідей болуы мүмкін:
а) бағдар беруші – нақта жұмыс үдерісін ұғынуға және оның өз білімдерін түсінуіне көмектесетін оқушының ақыл-ойына әсер етеді;
б) ынталандырушы – оқушының нәтижелілік-жігерлілік санасына табыс немесе табыссыздықты бастан өткеру, әрекеттену мен ниеттену, қылық пен қатынасты қалыптастыру арқылы әсер етеді;
в) тәрбиелеуші, мұнда ақыл-ой қарқынын «жылдамдату немесе баяулату», сапалы өзгерістер, қоршаған әлемдегі өткен тәжірибедегі заттарды және жеке қондырғыларды түсінуге әсер ету құрылымында өзгеріс, яғни ойдың механизмінің қайта құрулары болады. Баға оқушының жеке басына тұтастай әсер етеді. Педагогикалық баға мектептегі сынып пен оқушы арасындағы қатынастар мен пікірлердің өзгерулеріне әсер етеді.
Ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушыларды оқытудағы саралап, деңгейлеп оқыту тәсілі, педагогикалық саралауға сәйкес, оқушылардың жетістіктерін бағалау кезеңін қоса алғанда, тұтас білім беру процесінің барлық кезеңдерінде іске асырылуы тиіс. Қарастырылып отырған санаттағы балалардың даму деңгейіне барабар, баланың дағдылары мен біліктілігі саласындағы табыстарына қатысты педагогикалық есепті білдіретін сипаттаушы баға болып табылады. Оның сипаттамамен де (біліктілік деңгейін сипаттайды), ұсыныспен де (бақылаудағы өзгерістердің саны мен сапасы туралы пікірі бар) көп ұқсастығы болғанымен, олардың қатарына жатпайды. Сипаттаушы бағаға берілген осы анықтамадан оның негізгі функциясы – диагностикалық екені шығады. Бұл арада ақыл-ойы кемістігі бар баланың ата-анасы үшін баланың дамуы мен жетістіктері туралы осындай жазбаша ақпарат болып табылатын сипаттаушы баға, баланың мектепте бар екендігі туралы жалғыз құжат болып табылады. Сипаттаушы бағаның негізінде ата-аналар баланың мектептегі қызметтің барлық түрлеріне қосылатынын, тіпті оқу үлгерімі ең төмен оқушымен де жұмыс жасап, нәтижелерге қол жеткізу мүмкін екеніне көз жеткізуі тиіс. Ата-аналардың бойында осы жұмысқа қосылуға деген ынтасын ояту қажет.
Бағалау жүйесін, әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа қабілетті қылып, мына төмендегілерді орындай алатындай етіп жетілдіру қажет:
- оқушы оқу материалын қаншалықты табысты игергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру;
- танымдық қызметінің әр саласында оқушының табыстары динамикасын көрсету;
- мадақтаушы, дамытушы, оқушылардың өзін-өзі бағалауына ықпал ететін тетікті негізге алу;
- «мұғалім – оқушы», «ата-ана – сынып жетекшісі», «әкімшілік – педагогикалық ұжым» байланысын көздеу.
Бұл оқу үдерісінің қалыптасуына жүйелі көзқарасты қалыптастырады, яғни оның тұтастығын білдіреді.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар
Критериалды бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесіне қатысушылардың барлығына алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (қалыптастырушы бағалаудағы жетістіктер критерийлерімен және жинақтаушы бағалаудағы балл беру критерийлерімен) салыстыру арқылы, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар оқу жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір тақырыптың бөлімі бойынша оқу мақсаттарының жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін:
− қалыптастырушы бағалауды;
− ішкі жиынтық бағалауды;
− сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына (15 сәуір 2016 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес уәкілетті орган білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді. Осыған байланысты, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау талаптары сатылап критериалды бағалау жүйесіне көшіріледі.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс.
Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді.
Инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін жетілдіріп, оның келесі мүмкіндіктерін беретіндей көп атқарымды және қолданысқа жарамды болуын қарастыру қажет:
− оқушының оқу материалдарын қаншалықты табысты меңгергенін МЖМБС талаптарына қаншалықты сай келетінін анықтауға мүмкіндік беруі;
− танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың жетістік динамикасын қадағалап отыруға мүмкіндік беруі;
− критериалды бағалау жүйесінің талаптарына түзетулер енгізу үшін жеке дамыту жұмыстарының нәтижесін ескеріп отыру;
− оқушының жеке қажеттіліктеріне және оқу бағдарламасының мазмұнын игеру қарқынына байланысты бағалау талаптарына енгізілуі мүмкін түзетулерді болжау.