Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м. Уезов атындаы оТстік азастан университеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 419
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әдебиеттер:
-
Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с. -
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с. -
Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное пособие.-Пермь,2010.-84 с. -
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал, / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б. -
Набуова Р.А., Жубандыкова А.М. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. Оқу құралы. – Алматы, 2019. -260 бет. -
Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «ССК» баспасы, 2016. – 140б. -
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б
12-тақырып. Жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарлары бойынша рубрикаларды әзірлеу алгоритмі
12 дәріс
Мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарлары бойынша рубрикаларды әзірлеу алгоритмі туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:
1. Оқытудағы кері байланыстың деңгейлік дифференциациясының сипаттамасы
2. Рубрикаларды құруға арналған ойлау әрекеттері деңгейлері мен етістіктер-әрекеттері
Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 3-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.
3-кесте Кері байланыс тиімділігін тексеру сұрақтары
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді. Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (1-сурет).
1-сүрет Кері байланыс беру үлгілері
Рубрика – бұл оқыған тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлердің тізімі. Ол әр тақырыптың зерттеу мақсаттарымен анықталады және осы рубриканы ашатын мазмұнды критерийлермен толтырылады.
Критерийлер оқытудың міндеттерімен анықталады және оқушы қызметінің әр түрлі тізімі және жұмыс барысында жетістіктерін жетілдіреді. .
Дескриптор әр критерий бойынша оқушының жетістіктерлерінің деңгейлерін көрсетеді (жақсы нәтижеге жеткені бойынша оқушының барлық қадамдарын дәйекті түрде көргізеді ) және анықталған ұпайларымен бағалайды : жетістік жоғары болса – осы критерий бойынша ұпайлар көбірек болады.
Рубрикалар көрсетеді, не үшін бала оқиды
Критерийлер көрсетеді, неге ол үйрену керек
Дескрипторлар көрсетеді, қалай ол жақсы нәтижеге жетеді
Бағалау түрлері
Бағалау үшін тапсырмалар пәннің саралау келісіміне қарай түрленеді. Пәннің талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдылар,тұжырымдамалар мен презентациялар бейімдеуге қалыптасқан тапсырмалар бар. Оның ішіне оқу мен жазу, тыңдау мен сөйлесім енгізіледі: математикалық, эксперименталдық және шығармашылық дамуы.
2.Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы
Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы Критериалды бағалау жүйесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы - NIS-Рrogramme (бұдан әрі – Білім беру бағдарламасы) мазмұнына, пән бойынша оқу жоспарларына негізделген. Білім беру бағдарламасы оқудың әр кезеңіндегі пән бойынша негізгі ақпараттарды ұсынады. (бастауыш, негізгі, жоғары сынып).
Әр оқу бағдарламасының 1.9 бөлімі оқушының алдыңғы жылмен салыстырғандағы керекті білімі, түсінуі және пәндер бойынша дағдылары туралы оқу мақсатына жету және дамуын қамтамасыз ететін ақпараттардан тұрады.
Әр оқу бағдарламасы бір оқу жылын қамтуға, сыныптар және пәндер бойынша бағдарлама мазмұнын анықтауға, барлық оқу мақсатының және байланысты тақырыптарды блок бойынша біріктіруге және де талаптарды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді көрсетеді.
Оқу жоспарының орта мерзімді жоспарлау бөлімі оқу мақсатына жету үшін ұсынылған жұмыс түрлерінен тұрады. Білім беру бағдарламасының әр түрлі салаларының байланысы 3-суретте көрсетілген.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нормативтік және нұсқаулық-әдістемелік құжаттармен реттеледі:
Білім беру бағдарламасы;
Оқу бағдарламасы;
Оқу жоспары;
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережелері;
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалаудың нұсқаулығы;
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.
3.Білімді толық меңгеру теориясы
Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970) жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды. Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады. Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін. Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Тоқсан барысында оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады.
Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес етістіктердің тізімі
1 | Білу | Аудару, есте сақтау, айту, көрсету, аяқтау, қайталау, ойнату, әңгімелеу, еске түсіру және т. б. |
2 | Түсіну | Талқылау, анықтау, айту, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б. |
3 | Қолдану | Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, анықтау, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент жүргізу, кескіндеу, түсіндіру, сүйену, салыстыру, жоспарлау, көрсету, жобасын жасау, шешу, пайдалану және т. б. |
4 | Талдау | Талдау, топтастыру, есептеу, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырату, зерттеу, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т.б. |
5 | Синтез | Топтастыру, жинау, қосу, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, топтастыру, жазу, орнату, ауыстыру және т. б. |
6 | Бағалау | Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, алдын ала саралау, ұсыну, бөлу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, сараптау, пікір білдіру, зерттеу, шығару. |
Педагог білім алушылармен бірге бағалау өлшемдерін талқылап, қажет болған жағдайда оларды толықтыра алады.
Егер педагог кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдыларды дамыту үшін көп уақыт қажет екенін байқаса, оқытудың осы мақсатын басқаша бағалауға шешім қабылдау және білім алушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізу қажет.
. Оқу мақсаттарының таксономиясы
1-кесте – Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін етістіктердің тізбесі | Деңгейлерге сәйкес жаттығуларды құрастыруға қажетті етістіктер |
| Білу | Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б. | Хабарлама жасаңдар Атап өтіңдер Сипаттаңдар Жаңадан өндіріңдер Анықтаңдар, бұл не, әлдеқайда, және т.б. Тұжырымдаңдар Біліңдер Есте сақтаңдар Әңгімелеп беріңдер Фактілерді баяндаңдар Қайталаңдар Анықтаңдар және т.б. |
| Түсіну | Талқылау, анықтау, әңгімелеу, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т.б. | Өзгертіңдер Айналдырыңдар Жаңадан тұжырымдаңдар Өзгертіп айтыңдар Сипаттаңдар Түсіндіріңдер Жалпы шолу жасаңдар Рецензия жасаңдар Әңгімелеп беріңдер Жинақтап қорытыңдар Жалпы санын шығарыңдар Біріктіріп байланыстырыңдар Жаңаша түсіндіріп беріңдер Өз сөздеріңмен түсінік беріңдер Тұжырымдама, қорытынды шығарыңдар Негізгі идеяны тұжырымдаңдар және т.б. |
| Қолдану | Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б. | Қолданыңдар Тәжірибе жүзінде қолданыңдар Пайдаға асырыңдар Қолданыңдар Ұйғарыңдар Дәлелдеңдер Демонстрация көрсетіңдер Суреттеп сипаттаңдар Көрсетіңдер Есеп беріңдер және т.б. |
| Талдау | Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру және т.б. | Талдап беріңдер Бөлшектерге бөліңдер Сын көзбен қараңдар Іздеп табыңдар Тауып алыңдар Анықтаңдар Ажыратыңдар Тексеріңдер Салыстырыңдар Шолып қараңдар Қадағалап қараңдар Зерттеу жүргізіңдер Қарап шығыңдар Зерделеңдер Бөліп алыңдар Бөліктерге бөліңдер Категорияларға бөліп беріңдер Классификациялаңдар және т.б |
| Жинақтау | Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б. | Жаратыңдар Ойлап табыңдар Ойлап шығарыңдар Құрастырыңдар Алдын ала айтыңдар Ұйымдастырыңдар Жоспарлаңдар Нысанаға келтіріңдер Түрлендіріңдер Өзгертіңдер Елестетіңдер Болжамдаңдар Не болады, егерде ... Жақсартыңдар Теория құрыңдар Ұсыныс жасаңдар |
| Бағалау | Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару | Пікірге келіңдер Қорытындыға келіңдер Іріктеп алыңдар Таңдап алыңдар Шешім қабылдаңдар Бағалаңдар Сыни талдаңдар Негіздеңдер Түсіндіріңдер Талқылаңдар Тексеріңдер Тексеріп отырыңдар Дәйектеңдер Ұсыныс жасаңдар |
Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуы мүмкін. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды. Оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б.Блумның (1956) таксономиясы қолданылады. Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:
Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу.
Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану.
Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мәнін түсіну және меңгеру үдерісі.
Жинақтау (синтез) – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі.
Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгейдегі дағдылар (талдау, жинақтау және бағалау).
Әдебиеттер:
-
Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с. -
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с. -
Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное пособие.-Пермь,2010.-84 с. -
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал, / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б. -
Набуова Р.А., Жубандыкова А.М. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. Оқу құралы. – Алматы, 2019. -260 бет. -
Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «ССК» баспасы, 2016. – 140б. -
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б