Файл: авимед кпсалалы колледжі Техникалы жне ксіптік білім беру Мамандыы 09160100 Фармация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 429

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ненi? Қанша?


Дәрілік зат н/е дәрілік препарат (ілік септігінде)

Дәрілік зат мөлшері н/е дозасы

(табыс септігінде)

Recipe: (Ал)




Ненiң?

Әрбiр дәрi-дәрмек рецепте жеке қатарда жазылады. Rp: (ал) – сөзiнен кейiн дәрiлiк заттар және өсiмдiктер атаулары бас әрiппен жазылады. Дәрiлiк заттар, препараттар мөлшеріне (санына) байланысты болғандықтан iлiк септiгiнде жазылады, ал мөлшерi (саны) Recipe-ал – сөзiне қатысты болғандықтан табыс септiгiнде жазылады. Мысалы:

Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0.1-100ml.

Licuoris Ammonii anisatis 1 ml.

Natrii benzoatis 0.6 ml.

Sirupi Althacae 20 ml.

Misceatur, Detur, Signetur: 1 шєй ќасыќпен күніне 3 рет

Рецепте қатты және ұнтақ дәрiлiк заттар граммен берiледi. Бiрақ грамм сөзi жазылмайды, ол ондық бөлiкпен кµрсетіледі. Мысалы:

Recipe: Unguenti Zinci 30,0.

Recipe: Anaesthesini 0,3.

Recipe: Exracti Belladonnae 0,015.

Сұйық дәрiлiк заттар мл көлемiнде берiледi. Мысалы:

Recipe: Olei Vaselini 30 ml (30,0).

Recipe: Extracti Cratoegi fluidi 20 ml.

Егер сұйық дәрiлiк заттар 1 мл аз болса, онда олар тамшы мөлшерiнде берiледi де, табыс септiгiнде жекеше түрде – guttam, ал кµпше түрде - guttаs деп жазылады. Мөлшерi римдік цифрмен берiледi. Мысалы:

Recipe: Solutionis Adrenalini hydrochloridi 0.1% guttam 1.

Recipe: Olei Mentae piperitae guttas V.

Антибиотиктер мөлшерi көп жағдайда әсер ету бiрлiгiне қарай берiледi.

Мысалы: Recipe: Benzulpenicilini-natrii 250000ED.

Егер 2 немесе бiрнеше дәрi-дәрмектер атаулары бiрдей мөлшерде берiлсе, онда тек соңғысына аnа сөзi арқылы саны көрсетiледi. Мысалы:

Recipe: Amidopirini .

Analgini ana 0.25.

Da tales doses numero 12 in tabulettis.

Signa: Бас ауырған кезде 1 таблеткадан.

Дәрiлiк препараттардың рецепте жазылу тәсiлi

  1. Дәрiлiк препараттардың атауларыныњ кең түрде жасалу тәсiлi бар. Бұл кезде сол дәрiнiң құрамына енетiн барлық ингредиенттердi мөлшерiмен бiрге жазады. Бұндай жазу, көп жағдайда misce, fiat ……. деп аяқталады. Мысалы: Recipe: Xeroformi 1,0.


Zinci oxіdi 5,0. Lanolini .

Vaselini ana 10,0.

Misce, fiat unguentum. Da Signa: Терiнiң залалданған жерiне жаѓу үшін.

  1. Дәрiлiк препараттардың қысқа түрде жазылу тәсiлi.

Бұл кезде рецепт қатарына дәрiлiк форма, әсер етушi дәрлiк зат және оның мөлшерi көрсетiледi. Мысалы:

Recipe: Unguenti Xeroformii 3%-10,0.

Detur. Signetur: Көзге жаѓуѓа арналѓан май.

  1. Құрамында бiрнеше әсер етушi дәрiлiк заттар бар, дәрiлiк препараттар тырнақшаға алынып жазылады. Бұл кезде мөлшерi көрсетiлмейдi, себебi ол белгiлi. Мысалы: tabulettae "Сodterpinum" "Кодтерпин" таблеткалары. Suppositoria "Neo-Anusolum" "Нео-Анузол" балауыздары

  2. Егер таблеткалар 1 әсер етушi дәрiлiк заттан тұрса, онда дәрiлiк формадан кейiн олар iлiк септiгiнде жазылады, сосын мөлшерi көрсетiледi. Мысалы: Tabuletta Cordigiti 0,008 – кордигит таблеткалары

  3. Егер балауыздар 1 әсер етушi дәрiлiк-заттан тұрса, онда оның атауы дәрiлiк формаға cum- шылау сөзi арқылы байланысады да, шығыс септiгiнде жазылады. Мысалы: tabulettas, tabulettas obductas, suppositoria, suppositoria vaginalia.

 

А) дәрілік зат атауы ілік

септігінде және мөлшері
Б) дәрілік препарат атау

септігінде және тырнақша

ішінде

Не? Ненiң?






1. Rp: Tabulettas numero…




Қандай?

 


Қанша?


А) дәрілік зат шығыс

септігінде және мөлшері
Б) дәрілік препарат атау

септігінде және тырнақша

ішінде

  Не? Немен?





2 Rp: Suppositoria numero…






 



 

Дәрiлiк-өсiмдiктер атаулары:

Belladonna, ae f – итжидек

Crataegus, i f – долана

Frangula, ae f – ит шомырт

Rheum, i n – рауғаш

Urtica, ae f - қалақай

Дәрiлiк заттар атаулары:

Aether, eris m – эфир

Barbitalum-natrium, i n – барбитал-натрий

Cacao - какао

Cordigitum, i n – кордигит

Dimedrolum, i n – димедрол

Diprophyllinum, i n – дипрофинил

Euphyllinum, i n – эуфилин

Furacilinum, i n – фурацилин

Mentolum, i n – ментол

Nitroglycerinum, i n – нитроглицерин

Phenacetinum, i n – фенацитин

Saccharum, i n – ќант

Tetracyclinum, i n – тетрациклин

Validolum, i n – валидол

24. Тақырыбы: Химиялық элементтер атаулары. Қышқылдар. Оксидтер.

Сабақтың жоспары:

    1. Негiзгi химиялық элементтер атаулары

    2. Қышқыл атауларының жасалуы

    3. Оксид атауларының жасалуы


Латын тiлiндегi барлық химиялық элементтер 2-шi жiктеу орта тектегi зат есiмдер; тек Sulfur,uris n (III),Phosphorus,i m элементтерi ғана ережеге бағынбайды.

Көңiл бөлiңдер.

Менделеев таблицасындағы химиялық белгiлер латын атауларымен берiледi: Ca – Calcium, K – kalium, P – Phosphorus.
Негiзгi химиялық элементтер атаулары

Химиялық элемент

Латынша атаулары

Қазақша атаулары

Al

Ag

As

Au

B

Ba

Bi

C

Ca

Cl

Cu

F

Fe

H

Hg

I

K

Li

Mg

Mn

N

Na

O

Pb

Ph

S

Si

Zn

Aluminum,in

Argentum,in

Arsenicum,in

Aurum,in

Bromun,in

Barium,in

Bismuthum,in

Carboneum,in

Calcium,in

Chboram,in

Curprum,in

Fluorum,in

Ferrum,in

Hydrogenum,in

Hydrargyrum,in

Iodum,in

Kalium,in

Litiurn,in

Magnesium,inMangium

Marganum,in

Nitrogenum,in

Natrium,in

Oxygenium,i n

Plumbum,i n

Phosphorus,im

Sulfur,uris i n

Silcium,i n

Zincum,i n

Алюминий

Күмiс

Мышяк

Алтын

Бром

Барий

Висмут

Көмiртегi

Калций

Хлор

Мыс

Фтор

Темiр

Сутегi

Сынап

Иод

Калий

Литий

Магний

Марганец

Азот

Натрий

Оттегi

Қорғасын

Фосфор

Күкiрт

Кремень

Мырыш



Химиялық мағына беретiн төмендегi сөздiк бөлiктердi еске сақтау керек.

Hydr= грек hydro – су – сутегiнiң, судың немесе гидроксидi топтың бар екендiгiн бiлдiредi. Ох(у)+грек oxy - қышқыл, оттегiнiң бар екендiгiн көрсетедi.
Қышқыл атауларының жасалуы

Латын тiлiнде, қышқылдар атаулары атау септiгiндегi acidum,i - қышқыл сөзiнен және байланысқан сын есiмнен тұрады. Бұл сын есiм қышқыл жасаушы элементтiң негiзiне icum және osum жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

– жұрнағы көп мөлшерде қышқылданғанын көрсетедi. Мысалы:

Acidum Sulfur – iс – um күкiрт қышқылы.

Acidum barbitur – ic – um – барбитур қышқылы.

Os – ж±рнаѓы аз мµлшерде ќышќылданѓанын білдіреді.
Оксид атауларының жасалуы

Оксидтер атаулары 2 сөзден тұрады. Бiрiншi iлiк септiгiнде элемент атауы, екiншi – оксидтердiң атаулары атау септiгiнде қолданылады. Оху – сөздiк бөлiк оттегiнiң бар екендiгiн көрсетедi, ал префикстер қосылыстардың құрамын көрсетедi. Мысалы:

Oxydum,in – оксид

Peroxydum,in - пироксид

Hydroxydum,in – гидроксид

ZnO – Zincioxydum – мырыш оксидi

H O = Hydrogeniiperoxydum – сутегi пероксидi

AL (OH) -Aluminiihydroxydum – Алюминий гидроксидi.
Маңызды қышқылдардың атаулары:

Acidum aceticum – сiрке қышқылы

Acidum acetylsalicylicum – ацетилсалицил қышқылы

Acidum adenosintriphosphoricum – аденозинтрифосфор қышқылы

Acidum ascorbinicum – аскорбин қышқылы

Acidum benzoicum – бензой қышқылы

Acidum carbolicum – карбол қышқылы

Acidum carbonicum – көмiр қышқылы

Acidum citricum – лимон қышқылы

Acidum folicum – фоли қышқылы

Acidum glutaminicum – глютамин қышқылы

Acidum lacticum – сүт қышқылы

Acidum lipoicum - липа қышқылы

Acidum nicotincum – никотин қышқылы

Acidum nitricum – азот қышқылы

Acidum phosphoricum – фосфор қышқылы

Acidum salicуlicum – салицил қышқылы

Acidum arseniosum – мышяк қышқылы

Acidum nitrosum – азот қышқылы

Acidum sulfurosum – күкiрт қышқылы

Acidum hydrochloricum – тұз қышқылы

Acidum hydrocyanicum – синил қышқылы

Acidum hydrosulfuricum – күкiрттісутегi қышқылы

Дәрiлiк заттар атаулары:

Amylum Tritiсi – бидай крахмалы

Coffeinum, i n – кофейн

Hydrocortisonum, i n – гидрокортизон

Oleum Persicorum – шабдалы майы

Oxacillinum, i n – оксациллин

Sulfacylum, i n – сульфацил

Talcum, i n – тальк

Vaselinum, i n – вазелин
Басқа сөздер:

Albus, a, um – ақ

Concentratus, a, um – концентратталған

Depuratus, a, um – тазартылған

Dilutus, a, um – араластырған

Flavus, a, um – сары


  1. Аударыңдар

Recipe: Tabulettas «Citramonumn» numero 10

Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas Monomycini 0,25 numero 50

Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas «Quadevitum» obductas numero 25

Detur. Signetur:
Recipe: Suppositoria cum Ichthyolo 0,2 numero 10

Detur. Signetur:
Recipe: Suppositoria vaginalia cum Synthomycino 0,25 numero 10

Detur. Signa:
Recipe: Suppositoria «Anaesthesolum» numero 12

Detur. Signa:
Recipe: Dragee2 «Revitum» numero 6

Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas Furacilini 0,02 ad usum externum numero 10

Da. Signa:
Recipe: Aetheris pro narcosi 100 ml

Da tales doses numero 6 in ampullis

Signa:
Recipe: Solutionis Diprophyllini 10% 5 ml

Da tales doses numero 6 in ampullis

Signa:
Recipe: Suppositoria cum extracto Belladonnae 0,015 numero 6

Detur. Signetur:

IІ. Берiлген сөздер негiзiнен қышқыл атауларын жасаңдар

borum, i n – бор; las, lactis, n – сүт; acetum, i n – сiрке суы; carbo, onis m – көмiр; citrus, i m - лимон; nicotinum, i n - никотин; sulfur, uris n – күкiрт; formica, ae f - құмырсқа.
IIІ.Берiлген элементтермен оксидтер атауларын жасањдар

Сынап, мыс, мырыш, магний, кальций, темір
IV. Рецептердi аударыңдар

Recipe: Unguenti Hydrargyri albi 5% 25.0

Detur. Sugnetur:

Recipe: Acidi folici 0.0008

Acidi ascorbinici 0.1

Dentur tales doses numero 30 in tabulettis

Signetur:

Recipe: Solutionis Iodi spirituosae 5% 20 ml

Tannini 3.0

Glycerini 10.0

Misce. Da. Signa:

Recipe: Sulfuris depurati

Magnesii oxydi

Sacchari ana 10.0

Misce, fiat pulvis

Detur. Signetur:
Recipe: Solutionis Hydrogenii peroxydi dilutae 50 ml

Detur. Signetur:

Recipe: Tabulettas Acidi glutaminici 0.25 obductas

Da. Signa.

 

 


25. Тақырыбы: Тұздар атаулары. Рецептегi қысқартулар.

Сабақтың жоспары:

      1. Тұздар атаулары .

      2. Көмiртектiк радикалдар атауларында қолданылатын сөздiк бөлiктер

      3. Химиялық мағынаны беретiн сөздiк бөлiктер


Тұздар атаулары екi зат зат есiмнен тұрады. Бiрiншi iлiк септiгiнде тұрған катион жазылады, екiншi атау септiгiнде анион жазылады.

Мыс: Calcii glycerophosphas – кальцийдiң глицерофосфоты.

Adrenalini hydrochloridum – адреналиннiң гидрохлоридi.

Methylii salicylas – метилсалицилат.(эфир).

Аниондар атаулары белгiлi бiр қышқыл атауларының латын тiлiндегi негiзiне as; is; idum – жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Сутегiсiз қышқыл тұздар аниондарының атаулары, орта текте II – жiктеуде жiктеледi, ал сутекті қышқыл тұздар аниондар атаулары, ер тегiнде III-жiктеуде жiктеледi.