ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 1465
Скачиваний: 9
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
|
№ 2 ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ VI КУРС ИНТЕРН-ХИРУРГТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРІ |
||
|
«Келісілді» Жоғарғы медицина мектебінің директоры, _____________ проф. Балмуханова А.В. |
|
«Бекітемін» Дипломнан кейінгі білім беру және аймақтық даму жөніндегі проректор, _____________ проф. Дуйсекеев А.Д. |
VI курс интерн-хирургтардың «Шұғыл хирургия» және «Хирургиялық инфекция» модульдері бойынша қорытынды бақылауына арналған
емтихан сұрақтары мен ситауациялық есептерінің
ТІЗІМІ
2012-2013 оқу жылы
Қазақ тілінде
Сұрақтар - 200
-
Жедел аппендицит: жіктелуі, этиологиясы, патогенезі.
-
Экссудаттың түріне байланысты перитониттің жіктемесі
-
Жедел аппендициттің асқынулары. Хирургиялық емдеу жолдары.
-
Перитониттің таралуына қарай жіктелуі.
-
Жедел аппендицит. Саралау диагностикасы.
-
Перитониттің ағымына қарай жіктелуі
-
Жедел аппендициттің асқынуларының диагностикасы.
-
Перитонит кезіндегі эндогенді интоксикацияның клиникалық белгілері.
-
Балаларда кездесетін жедел аппендициттің ерекшеліктері.
-
Перитонитті инструменталдық зерттеу әдістері.
-
Егде және қарт адамдарда кездесетін жедел аппендициттің ерекшеліктері.
-
Перитониттің қоздыратын инфекцияға қарай жіктелуі.
-
Құрт тәрізді өсіндінің атипиялық орналасуы кезіндегі клиникалық көрінісі бойынша ерекшеліктері.
-
Жайылған перитонит кезіндегі патофизиологиялық бұзылыстар.
-
Жүкті әйелдерде кездесетін жіті аппендицит. Диагностикалау кезінде туындайтын қиыншылықтар, көрсетілетін хирургиялық тәсіл.
-
Перитонит кезіндегі реологиялық және гемодинамикалық бұзылыстар.
-
Ішектің илеоцекалды бөлігінің хирургиялық анатомиясы.
-
Перитонит кезіндегі иммунологиялық реакциялар.
-
Жедел аппендициттің негізгі этиологиялық факторлары.
-
Перитонитті емдеу этаптары.
-
Жедел аппендициттің жіктелуі.
-
Перитониттің еміндегі операция алдындағы дайындық.
-
Құрт тәрізді өсіндінің құрсақ қуысында орналасу түрлері.
-
Перитонит кезіндегі операциядан кейінгі іш қуысын санациялау әдістері.
-
Жедел аппендициттің негізгі симптомдары.
-
Перитониттің жайылуына байланысты іш қуысын дренаждау әдістері.
-
Волкович-Дьяконов бойынша құрсақ қабырғасының кесілімі.
-
Перитонит кезінде ішектерге декомпрессия жасау әдістері.
-
Аппендэктомия кезеңдері.
-
Жайылған перитонит кезіндегі операциядан кейінгі инфузиондық терапияның принциптері.
-
Диагностикалық лапароскопия көрсеткіштері.
-
Жайылған перитонит кезіндегі антибактериалдық емнің негіздері.
-
Диагностикалық лапароцентез. Көрсеткіштер, орындалу техникасы.
-
Абдоминальді сепсис кезіндегі антибиотиктерді қабылдау принциптері.
-
Лапароскопиялық аппендэктомия принциптері.
-
Жайылған перитонит кезіндегі иммунокоррекциялаушы терапия.
-
Жедел аппендицит кезіндегі оперативтік ену жолы.
-
Перитониттің детоксикациялау терапиясының негізгі принциптері.
-
Кохер-Волкович белгісінің анықтамасы.
-
Анаэробты перитонит. Ағымының және емінің ерекшеліктері.
-
Кюммель белгісінің анықтамасы.
-
Жайылған перитонит кезіндегі антибактериалдық емнің принциптері.
-
Ровзинг белгісінің анықтамасы.
-
Абдоминальдық сепсис кезіндегі антибиотиктерді қолдану принциптері.
-
Раздольский белгісінің анықтамасы.
-
Жайылған перитонит кезіндегі иммунокоррекция терапиясы.
-
Образцов белгісінің анықтамасы.
-
Перитониттің детоксикациялау терапиясының негізгі принциптері.
-
Ситковский белгісінің анықтамасы.
-
Анаэробты перитонит. Ағымының және емінің ерекшеліктері.
-
Бартомье-Михельсон белгісінің анықтамасы.
-
Операциядан кейінгі перитонит. Себептері және клиникасы.
-
Щеткин-Блюмберг белгісінің анықтамасы.
-
Лапаростомияға көрсеткіштер.
-
Воскресенский белгісінің анықтамасы.
-
Перитониттің фазаларына байланысты клиникасының ерекшеліктері.
-
Кушниренко белгісінің анықтамасы.
-
Перитонит. Перитониттің патогенезі, клиникасы және диагностикасы.
-
Ойық жара бойынша операция жасағанда қолданатын тігістің ерекшеліктері.
-
Мезентериалдық қан айналысының жедел бұзылуының клинико-морфологиялық сатылары және олардың ұзақтығы.
-
Іш қуысы жарығының қысылуыны әсер ететін факторлар?
-
Морфологиялық табиғатына байланысты жедел ішек өтімсіздігінің жіктелуі (В.М. Петров. Валь – Мантейфель,1989 г.).
-
Шап жарығы операциясында қандай мақсатпен операция түрін таңдайды?
-
Бітелу деңгейіне байланысты жедел ішек өтімсіздігінің жіктелуі.
-
Тік және қиғаш шап жарығының қысылуында қандай анатомиялық өзгерістер арқылы салыстырамыз?
-
Жедел ішек өтімсіздігіне әкеліп соқтыратын факторлары және себептері.
-
Қысылған жарық пен енбейтін жарықтың салыстырмалы диагностикасы?
-
Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің патогенезі, клиникасы, диагностикасы.
-
Шап жарығының қысылуында қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?
-
Обтурациялық ішек өтімсіздігінің патогенезі, клиникасы, диагностикасы.
-
Қысылған жарық түзелгендегі хирургтың тактикасы.
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі эндогендік уыттану және заталмасудың бұзылуы.
-
Қабылдау бөліміне қысылған жарықпен науқас түсті, тасымалдау кезінде жарық түзеліп орнына түсті хирургтың іс әрекеті?
-
Ішек өтімсіздігінің негізгі түрлерінің симптомологиясы.
-
Қысылған сырғымалы жарықтағы хирургиялық емдеудің ерекшеліктері?
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі мезентериалдық және органдық гемоциркуляцияның патогенезі және патоморфологиялық бұзылыстары.
-
Науқасты қысылған жарықтың перитонитімен түскендегі хирургтың іс әрекеті?
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде ішек қабырғасының керіліп-созылуының себептері?
-
Қысылған жарықта дәрігердің ауруханаға дейінгі көрсететін көмегі?
-
Жедел ішек өтімсіздігінің клиникасы.
-
Қысылған жарықта хирургтың ауруханадағы іс әрекеті?
-
Жедел ішек өтімсіздігінің диагностикасы.
-
Сан жарығының қысылуындағы операциялық емнің қауіптілігі?
-
Жедел ішек өтімсіздігін басқа да құрсақ қуысы мүшелерінің ауруларымен ажырату диагностикасы.
-
Қысылған жарықтың операциялық емінің жоспарлы операциядан айырмашылығы?
-
Механикалық ішек өтімсіздігі кезіндегі жіңішке ішек және тоқ ішектің арасындағы ажырату - диагностикалық рентгенологиялық белгілері.
-
Іштің алдыңғы қабырғасының жарығының қысылуында ерте көріністері не жатады?
-
Жедел ішек өтімсіздігінің рентгеносемиотикасы.
-
Қысылған жарықтың қандай түрлерін білесіз?
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде контрасты затпен рентгендік зерттеуге көрсеткіш және оны жасау тәсілі.
-
Жарықтың жалған қысылуы дегеніміз не?
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі гипонатриемияның себебі не?
-
Рихтер жарығының оперативтік емі мен клиникалық емінің ерекшелігі?
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде сұйықтықты жоғалту қалай жүреді?
-
Ішектің ретроградтық қысылуы дегеніміз не және оның кауіптілігі неде?
-
Ішектің жедел түйілуінде түйін түзілгенде науқастың жағдайының ауырлау дәрежесі немен байланысты?
-
Қысылған жарықтың кезеңімен емдеуді айтып беріңіз?
-
Паралитикалық илеустың себебі және патогенезі.
-
Жарықтардың қысылу түрлері, мінездемесі, өту ерекшеліктері?
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде ішектің моторикасын қалпына келтіру әдістері.Калий йондарын енгізу,Су-электролитті балансты қалпына келтіру,Аспирационды зонд арқылыжоғарғы асқорыту жолдарын босату,Сифонды клизма,Спазмолитиктер
-
Іш қуысының қандай ағзасы қандай жиілікте қысылған жарықтың қапшығында болуы мүмкін?Жіңішке ішек 60-70 %, Тоқ ішек 30-40 %.
-
Жедел ішек өтімсіздігі бар науқастарға қандай операция алды дайындық жасау міндетті?Премедикация,Инфузионды терапия,Назогастральды зонд тағу,Сифонды клизма
-
Қысылған жарықтың өздігінен түзелгеніндегі хирургтың тактикасы неден тұрады?Хирургиялық стационарда бақылау
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде ішектің тірі екендігін бағалау принциптері және ішекті резкциялауға көрсеткіш.Түсінің ақшыл қызыл болуы,шажырқай артериясының анық пульсациясы,жылтыр сеорзды қабаты,активті перистальтика.Қысылған ішек қараюы,пульсацияның жоқтығы,перистальтиканың жоқтығы,өліеттенуі(некроздалуы),ұзақ уақыт қысылып тұруы
-
Өздігінен енген жарықтың біраз уақыттан кейін қандай асқынулары дамуы мүмкін?Жарықтың қайта шығу,егер қысылатын болса некроздалуы
-
Жоғарғы және төменгі ішек өтімсіздігінің патогенезі және клиникалық көрініс ерекшеліктері.
-
Сан жарығының қысылуын қандай аурулармен салыстыру керек?Шап жарығынң қысылуы,Лимфаденит,Липома,санартериясының аневризмасы,қатерлі ісі метастазы.
-
Жедел ішек өтімсіздігі бар науқастарда операция тактикасы қандай?перитонит белгісі болса шұғыл операция,ортаңғы лапаротомия,сау ішекке дейін резекция,анастомоз
-
Жарық қабының флегмонасында хирургтың іс әрекеті?Орта-ортаңғы лапаротомия,Замтер операциясы орындалады:жарық қақпасын аз мөлшерде ашып,қысылған ішекті теседі,іріңді экссудатты сорып алады,резекция жасалады
-
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде Шальков Ю.Л. зондымен жіңішке ішекті интубациялауға абсолютті және жанама көрсеткіштері. ісінген ішектерді декомпрессялау үшін, ішектегі тұнбалық заттарды аспирациялау үшін,төменгі ішектерді босату (операция алды дайындық)
-
Қысылған шап-ұма жарығының сулы қаппен салыстырмалы диагностикасы?
-
Жоғарғы және төменгі ішек өтімсіздігі кезінде емдеу тактикасының ерекшеліктері.
-
Операциялық үстелде операцияға дейін жарықтың өздігінен түзелуіндегі хирургтың іс әрекеті?хирургиялық стационарда бақылау
-
Инвагинацияның патогенезі, клиникасы, диагностикасы және хирург тактикасы.перистальтика бұзылысы,илеоцекальды клапанның жеткіліксіздігі,тоқ ішектің жоғары қозғалғыштығы,қатерлі ісітер.Клиникасы: қатты ауру сезімді ісіктік түзіліс,аз қозғалмалы,екі реттік құсу,қан аралас нәжіс
-
Қысылған жарықтың қатты тартусыз пластикасына көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер?
-
Динамикалық ішек өтімсіздігінің клиникасы, диагностикасы және емі.
-
Қысылған ағзаның өмірлік қабілетілігін анықтау жолдары?
-
Тоқ ішек өтімсіздігінің клиникасы, диагностикасы және емі.
-
Жарық қабының қабынуының белгілері?
-
Тоқ ішектің бұралуының клиникасы, диагностикасы және емі.
-
Жарық қысылуында шап каналының алдыңғы немесе артқы қабырғасының пластикасына көрсеткіштер және әдістері?
-
Жедел ішек өтімсіздігі бар науқасты операциядан кейінгі жүргізу мақсаты?
-
Литтре жарығы дегеніміз не және оның қысылуындағы хирургиялық тактика?
-
Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты жасалған операциядан кейін қандай асқынулар дамуы мүмкін?
-
Жедел холециститтің асқынулары.
-
Ойық жараның орналасуы бойынша жіктелуі.
-
Жедел холециститтің асқынуларының емдеу тәсілдері.
-
Ойық жараның клиникалық түрлері.
-
Жедел холециститтің диагностикалық тәсілдері.
-
Ойық жараның атипиялық тесілуі.
-
Ауыр жағдайдағы жедел деструктивті холециститтің емдеу тактикасы.
-
Ойық жараның патоморфологиясы.
-
Қариялардағы жедел холециститтың ерекшеліктері.
-
Ойық жараның эндоскопиялық көрінісі қандай болады.
-
Жедел холецистит кезінде эндоскопиялық холецистэктомияға көрсеткіштер.
-
Асқазан сөлінің қышқылдығының перитониттің дамуындағы ролі қандай.
-
Жедел холецистит кезінде эндоскопиялық холецистэктомияға қарсы көрсеткіш.
-
Асказан ойық жарасының клиникасы.
-
Жедел холециститтің жайылған перитонитпен асқынуы кезіндегі емдеу тактикасы.
-
Ойық жараның симптоматикасы.
-
Жедел холециститтің холангитпен асқыну кезіндегі емдеу тактикасы.
-
Ойық жараны диагностикалау критерийлері.
-
Жедел холециститтің панкреатитпен асқынуы барысындағы емдеу тактикасы.
-
Ойық жараның лабораториялық анализдерінің белгілері.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету себептері.
-
Іштің жабық жарақатының клиникалық симптомдарын сипаттаңыз.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің орналасуына байланысты жіктелуі
-
Іштің жабық жарақаттарында қайсы органдар жиірек зақымданады?
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету көзі бойынша жіктелуі.
-
Іш жарақаттарында операциядан кейінгі ем неге бағытталады.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің Forest бойынша жіктелуі.
-
Абдоминалдық жарақаттардың жіктелуі.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету көзінің патоморфологиясы
-
Абдоминалдық жарақаттардың клиникасы және диагностикасы.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету көзінің клиникасы
-
Іштің енетін жарақаттарының абсолюттік белгілері.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің симптоматикасы
-
Вульнерографияның әдістемесі және оның көрсетілімдері.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің диагностикалау критерийлері.
-
Іш зақымдануында Куленкампф симптомын сипаттаңыз.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі шоктың түрлері.
-
Джойс симптомы қандай ауруда байқалады және оның сипаттамасы.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі шоктың сатылары.
-
Реинфузияға көрсетілімдер және іш қуысына жиналған қан қанша уақытқа дейін жарамды?
-
Жедел панкреатиттың даму себептері.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде эндоскопиялық қан тоқтату.
-
Жедел панкреатиттің патогенезі.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде эндоскопиялық қан тоқтатуға көрсеткіш.
-
Жедел панкреатиттің жіктелуі.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің лабораторлық анализдерінің белгілері.
-
Жедел панкреатиттің диагностикасы.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасаймыз.
-
Жедел панкреатиттің дифференциалдық диагностикасы.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің инстументальді зерттеу әдістері.
-
Жедел панкреатит клиникасы.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде ФГДЭС белгілері.
-
Жедел панкреатиттің асқынуы.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің стационарлық диагностикалау мен емдеу хаттамасы.
-
Жедел панкреатиттің консервативтік емі.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде инфузионды-трансфузионды терапияға көрсеткігштер.
-
Жедел панкреатиттің хирургиялық емі.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі қан айналым көлемін (ОЦК) толтыру үшін донор қанын құюға көрсеткіш.
-
Жедел панкреатиттің хирургиялық еміне көрсеткіш.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде қан айналым көлемінің (ОЦК) тұрақтанғандығының белгілері.
-
Жедел панкреатиттің даму кезеңдері.
-
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде қан айналымның көлемін толтырғандағы орталық көктамырлық қысым көрсеткіші.
-
Ойық жараның рентгенологиялық белгілері.
-
Үштік белгілер - іштегі ұстамалы ангиноздық ауру сезімі, тамақ ішкеннен кейін ас қорытудың жоғары деңгейі, ішектердің дисфункциясы, үдемелі арықтау қандай ауруға тән және қалай емдеу керек?
-
Ойық жараның УДЗ дағы белгілері.
-
Ішектердің қанмен қамтамыз етілуінің патогенетикалық ерекшеліктері.
-
Ойық жараны қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасаймыз.
-
Мезентериалдық қан айналысының жедел бұзылуының жіктелуі.
-
Ойық жараны қандай іш қуысының жоғарғы этажының ауруларымен дифференциалды диагностика жасаймыз.
-
Мезентериалдық қан айналысының субкомпенсация ағымының асқынулары.
-
Ойық жара кезіндегі госпиталдық кезеңге дейінгі емдік-диагностикалық көмек көлемі.
-
Мезентериалдық қан айналысының декомпенсация ағымының асқынулары.
-
Ойық жара кезіндегі стационарлық диагностикалау мен емдеу хаттамасы.
-
Мезентериалдық қан айналысының жедел бұзылуының себептері.
-
Ойық жараның консервативтік емі.
-
Жоғарғы шажырқай артериясының сағасының немесе діңінің жедел окклюзиясында ішектерде қандай өзгерістер дамиды?
Ситуациялық есептер - 100
-
Жүрек соғуының бұзылысы мен екі жармалы қақпақшаның тарылуымен ауыратын 42 жастағы науқаста 6 сағат бұрын ішінде қатты ауру сезімі болған, екі рет құсқан, іші өткен. Қараған кезде науқастың жағдайы орташа. Тілі құрғақ. Ішінің барлық жері жұмсақ, мезогастрии аймағында қарқынды ауру сезімі бар. Іш пердесінің қабыну белгілері жоқ. Ішектің жиырылуы әлсіреген. Қандағы лейкоцит құрамы 19х109/л. Осы ауру белгілері қандай сырқатқа сәйкес келеді?
-
Жүрек бұлшық етінің жедел өлі еттенуімен ауырып жатқан 81 жастағы науқаста 2 сағаттың көлемінде бүкіл ішінде аяқ астынан ауру сезімі пайда болған. Қуыс ағзаның тесілуі мен шажырқай қан тамырының тромбозы арасындағы ауру түрін анықтау үшін хирург қандай іс қимыл жасауы керек?
-
Науқас Г. 70 жаста, жедел жәрдеммен жеткізілген. Ішіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру таңертең кенеттен толғақ сияқты, кейіннен бір қалыпты ауру сезімімен басталған, жүрегі айныған. Бұған дейін өкпесінің қабынуы болған. Дене қызуы субфебрильді. Жүрек соғысы минутына 100, қан қысымы төмен. Іші біркелкі керілген, ішінің барлық бөлігі ауырады, ішектің жиырылуы әлсіреген. Перкуссия кезінді іш қуысының дыбысы төменгі бөлігінде тұйықталған. Лейкоциттері 17,1х109/л. Іш қуысының шолу рентгенінде ішінде бірлі жарым деңгейлі сұйықтық және аздап желденген. Қандай ауру? Қосымша қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.
-
Науқас З., 50 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің ауру сезіміне шағымданып түскен, ауру сезімі бір қалыпты қатты, ешқайда берілмейді. Ауру жалпы әлсіздікпен басталған. Нәжісі сұйық. Бұрын аяқ веналарының қабынуы болған. Жағдайы орташа. Терісінің түсі бозғылт. Іші біркелкі керілген, барлық бөлігі ауырады және іштің беткі қабаты қатыңқы. Лейкоциты 16,3х109/л. Рентгенде іш қуысында сұйықтық деңгей бар. Сұрақ: Науқаста қандай ауру? Қосымша қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.
-
Науқас Ж., 74 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, ішінің өтуіне, әлсіздікке, дене қызуына шағымданып түскен. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Қарағанда терісінің түсі боп-боз. Жүрек соғуы минутына 80, қан қысымы 180/100 мм сынап бағ. Тілі дымқыл. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бұрыннан тамырлар атеросклерозымен, өкпенің созылмалы қабынуымен ауырады. Сұрақ: Науқаста қандай ауру? Қандай сатысы? Қосымша қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.
-
Науқас Н., 76 жаста, шажырқай қан тамырларының жедел тромбоэмболиясы диагнозымен операцияға алынған. Операция кезінде ішек иірімдерінің түсі сұрғылт, сірлі қабаты күңгірт екені анықталған. Иірімдерінің кейбір бөліктерінде солғын, беткейлік жиырылу қозғалыстары байқалады. Кіші жамбас қуысында және іштің жанама арналарында аздаған сарғыш күлгін түсті сұйықтық бары анықталған. Сұрақ: Шажырқай қан тамырлары тромбоэмболиясының қандай сатысы? Емдеу шарасы.
-
Науқас А., 78 жаста, шажырқай қан тамырларының жедел тромбоэмболиясы диагнозымен операцияға алынған. Операция кезінде іш қуысында біраз қанды сұйықтық бары анықталған. Ішектің сыртқы қабатының түсі қоңыр-қызыл түсті, оның қабаты мен шажырқайы біршама ісінген, жиырылуы жоқ. Ішектің шажырқай жиегінде қарайып кеңейген вена тамырлары байқалған. Сұрақ: Шажырқай қан тамырлары тромбоэмболиясының қандай сатысы? Емдеу шарасы.
-
Науқас И., 74 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, бірнеше рет қан аралас ішінің өтуіне, дене қызуына шағымданып түскен. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағ., жүрек соғуы жиіленген. Лейкоциттері 20х109/л. Жүрек қысылуымен біраздан ауырады. Іші біркелкі кебіңкі, барлық бөлігі ауырады, көбінесе іштің сол жақ бөлігі. Ішті басып тексеру кезінде кеңейген ішектері буынтықталған, жұмсақ, былқылдақ, шегі анық емес ісіну тәрізді анықталады. Іш пердесінің қабыну белгілері жоқ. Сұрақ: Қандай ауру? Қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.
-
Науқас Д., 69 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, ішінің өтуіне, әлсіздікке, дене қызуына шағымданып түскен. Ауру сезімі спазмолитик салғаннан кейін едәуір бәсеңдеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қараған кезде терісінің түсі боп-боз. Іші біркелкі керілген, ішінің барлық бөлігі ауырады және іштің беткі қабаты қатыңқы. Көптен бері тамырлар атеросклерозымен, өкпенің созылмалы қабынуымен ауырады. Лейкоциттері 18х109/л. Рентгенде іш қуысында сұйықтық деңгей бар. Операция алдындағы дайындықтан кейін науқас ішектің жедел түйілуі диагнозымен лапаротомияға алынды. Іш қуысында ішектерді бітейтін бұзылыстар жоқ, көп мөлшерде қан аралас бұлыңғыр сұйықтық анықталған. Іш пердесінің түсі сұрғұлт, күңгірт, фибринмен жабылған. Ішек иірімдерінің жиырылуы әлсіреген, аздап кеңейген, қоңыр, қара, кейбір жерлері жасыл түсті, іштерінде сұйықтық байқалады. Сұрақ: Аурудың түрі қандай? Бұзылыстардың сатысы? Хирургиялық емі.
-
Оң жақ қабырғасының астында кесілген жарасы бар науқас ауруханаға түсті. Операция кезінде бауырдың алдыңғы бетінде орақ тәрізді будадан солдау орналасқан жара табылған. Жараның шығу тесігі бауырдың төменгі бетіндегі бауыр қақпасының алдында орналасқан. Бауырдың қандай сегменті жараланған?
-
25 жасар науқас ауыр күйде жедел көмекпен жеткізілген. Бірнеше сағат бұрын эпигастрий аймағына күшті соққы алған. Науқасқа перитонеалдық белгілер анықталғандықтан жедел орталық лапаротомия жасалған. Ұйқы безі зақымдануының белгілері анықталған. Ұйқы безін қалай қарауға болады? Бұндай зақымдануда тағы қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін?
-
Хирургиялық бөлімшеге 18 жасар науқас ауыр күйде жеткізілген. Сана сезімі сақталған. Сұрастырғанда қудалаушылардан қашып жүргенде құлап, байқамай, сорайып тұрған ағаш түбіріне ішімен ұрылғаны анықталған. Қарағанда: терісі мен көзге түсер шырышты қабықтары бозарыңқы, тері салқын. Тамыр соғысы минутына 120, толуы әлсіз, ырғақты, қан қысымы 70/40 мм сын. бағ., жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Ішінің алдыңғы терісінде, ақ сызық бойымен кіндіктен 2-3 см жоғары соққы тиген жерде қызару бар. Ішінің алдыңғы беті, әсіресе жоғарғы бөлімдері, тыныс алуға шала қатысады. Беткей пальпацияда ішінде қарқынды ауыру сезімі, етінің қатаюы анықталған. Ішастарының тітіркену белгілері оңтай әлсіз. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін? Кесу жолы мен операция түрі қандай?
-
Хирургиялық бөлімшеге 20 жасар науқас сол жақ парастерналдық сызық бойымен 8 қабырға аралығында орналасқан сұңғы жараланумен жеткізілген. Сұрастырғанда ашылып тұрған қайшыға байқамай құлаған. Терісі мен көзге түсер шырыш қабықтары бозарыңқы. Пульсі минутіне 90 соққы, ырғақты. Қан қысымы 120/70 мм сын. бағ. Жүрек тондары таза, ырғақты. Дем алуы жеңіл. Жарасын тексергенде оның іш қуысына енетіні анықталған. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін? Кесу жолы мен операция түрі қандай?
-
Хирургиялық бөлімшеге дзюдолық күрес залынан жас жігіт жеткізілген. Ол қарсыласымен ұстасу кезінде бел аймағына өкшемен соққы алған. Өкпек ауырсынуды сезініп, есін жоғалтқан. Науқастың күй-жағдайы ауыр. Контактіге шаққа кіреді. Терісі мен көрінетін шырышты қабықтары бозарыңқы. Тыныс алуы үстіртін. Тамыр соғысы минутына 120, әлсіз, ырғақты. Қан қысымы 90/50 мм сын.бағ., жүрек тондары әлсіз, ырғақты. Ішіне пальпация жасағанда эпигастрий аймағындағы еті кернелген, өкпек ауырсыну байқалады. Сол жерде ішастарының тітіркенуі бар. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін? Кесу жолы мен операция түрі қандай?
-
Хирургиялық бөлімшеге 18 жасар науқас биіктігі 10 метрлік трамплиннен құлағаннан 1 сағат өткеннен кейін түскен. Түскен кезде науқас есінде. Ішінің жалпылай ауыруына шағымданады. Тері беттері бозарыңқы, пульсі минутына 96, қан қысымы 110/70 мм. сын. бағ. Іші кеппеген, тыныс алуға қатысады, бұлшық еттері қатаймаған. Щеткин-Блюмберг симптомы шүбәлі. Іштің бос қуыстарында топастық жоқ. Бауыр топастығы сақталған. Рентгендік зерттеуде іш қуысында өзгерістер табылмаған. Нб -128 г/л, Нт - 37%, лейкоциті -12 мың. Зәрінде еш өзгеріс жоқ. Науқас бақылауға алынған. 1,5 сағаттан кейін науқастың күй-жағдайы тез төмендеген: қанды құсық, тынышсыздану пайда болған. Пульсі жиі, минутына 120 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ., терісі бозарыңқы, салқын тер. Науқастың күй-жағдайының нашарлауы немен байланысты? Әрі қарай емі қандай?
-
23 жасар науқас хирургиялық бөлімшеге күй-жағдайы ауыр, ес-түссіз жеткізілген. Жедел көмек дәрігерінің сөзінен оны машина қағып кеткені белгілі болған. Қараған кезде басында, беттерінде сыдыру, оң жақ сирақ сүйектерінің төменгі бөлігінің жабық сынығы анықталған. Ауруханаға жол-жөнекей шокка қарсы шаралар жасалып, анальгетиктер енгізілген. Хирургияның қабылдау бөлімінде науқас есіне келген, ауызынан алкоголь иісі шығады, зақымдану жағдайы есінде жоқ. Қосымша байқауда ішінің алдыңғы бетінде сыдыру табылған. Терісі бозарыңқы, тамыр соғуы жиі, минутына 100 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ. Іш бетінің қозғалысы шектелген, бұлшық еттері қатайған, палпацияда жайылмалы қатты ауырсыну бар, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуссияда іш қуысының бос жерлерінде тұйық дыбыс. Қан талдауы - эритроциттері 2 млн., Нб - 68 г/л ., гематокриті -30%., лейкоциті -10 мың. Диагнозын қисындаңыз. Әрі қарай қандай әрекет жасау керек?
