ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 1469

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. 38 жасар науқас автокөлік соққанан 50 минут өткеннен кейін ауруханаға түскен. Оқиға орнында науқасқа шапшаң көмек дәрігері 2,0 мл промедол жасаған, санының жоғарғы бөліндегі сынық орнына новокаинмен блокада жасаған, венасына 500 мл желатинол құйған, азот тотықты оттегімен ингаляция жасаған. Науқастың күй-жағдайы ауыр, есі шырмалған, тынышсыз, пульсі минутына 84, қан қысымы 80/40 мм. сын. бағ. Кеудесіне пальпация жасағанда ауырсынады, оң жақ алдыңғы қолтық асты сызық бойымен сынған 5-6 қабырға тұсында крепитация бар. Аускультацияда төменгі бөлімдерде демі әлсіреген. Ауызынан күшті алкоголь иісі шығады. Іші жұмсақ, тыныс алуға қатысады. Терең пальпация жасағанда қимылдап алаңдайды. Ішек перистальтикасы әлсіз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Қан талдауы: эритроциттері - 3 млн., Нб -108 г/л. Нт - 28, лейкоциті -8 мың., зәрінде өзгеріс жоқ. Алдын ала диагнозы қандай? Науқасқа қандай қосымша диагностикалық зерттеулер жасау керек? Шұғыл операция жасау керек пе?

  1. 65 жастағы науқас шұғыл хирургия бөліміне эпигастри мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне және лоқсып, бір рет құсқандығына шағымданып түскен. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін ауырған. Анамнез жинау барысында ӨТА, ЖИА және семіздіктің үшінші дәрежесімен ауратындығы белгілі болды. Жалпы жағдайы орташа. Тері мен шырышты қабатында өзгеріс жоқ. Тыныс алуы қалыпты, ентігу байқалмайды. ҚҚ- 140/80 мм.с.б. РS -94 минутына . Тілі құрғақ, ақ жабындысы бар. Тері асты май қабаттарына байланысты іші үлкен, кеппеген, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі байқалуда. Өт қалтасы анықталмайды. Ортнер, Кер симптомдары бар. Дене қызуы - 37,6 С. Лейкоцит -10 000. УДЗ қортындысы: Өт қалтасының көлемі 9-6-5см. Қабырға қалыңдығы 0,5см. Қуысында 1-2см тастар. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Д. 72 жаста шұғыл хирургия бөліміне ауырғаннан кейін бес тәуліктен кейін келіп түскен. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі. Науқас үйінде но- шпа қабылдаған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 С. Қалтырау, жалпы әлсіздік, мазасыздануы пайда болған. Көзі сарғайған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында анықталуда, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары ЖИА, қант диабеті. Лейкоцит – 12 мың, билирубин-76 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 12-7см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0, 6 см., холедох – 0,9 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас А. 45 жаста, қабылдау бөліміне емхана жолдамасымен келген. Ауырғанына 7 тәлік болған. Ауыр жұмыс істегеннен кейін оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімі ұстама тәрізді, но -шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте ауруы басылған, бірақ дене қызуы 38,6 С, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаттарында өзгеріс жоқ. Ішінің кебуі байқалмайды, тыныс алу кезінде қозғалыста, жұмсақ, тек оң қабырға астында бұлшықет қатайуы анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы осы аймақта оң. УДЗ : өт қалтасында тас анықталды, қабырғасы 0,6 см. Бауыр астында сұйықтық бар. Лейкоциттер – 14 мың. Диагнозы және емдеу тактикасы.


  1. 62 жастағы науқас ауырғанан кейін жеті тәуліктен кейін ауыр жағдайда қабылдау бөліміне келіп түскен. Ауру сезімі оң қабырға астында басталған, но шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 с, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану белгілеріне байланысты жағдайы нашарлаған. Көзінің сарғаюы анықталуда. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары: ревматоид артриты, қант диабеті. Лейкоцит – 17 мың, билирубин – 86 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 16-8 см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0,6 см. холедох 1,0 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. 73 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, бір рет өт аралас құсумен шағымданып келген. Осы аталған шағымдар кешкі астан кейін кенеттен пайда болған. Анамнезінде ӨТА, қан қысымы ауруымен, қант диабетімен ауратындығы анықталды. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ 140/90 мм.с.б. PS 84 минутына. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кеппеген, жұмсақ, терең пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер, Кер симптомы оң. Щеткин - Блюмберг симптомы теріс. Дене қызуы 37,2 гр., лейкоциттері -7 мың, УДЗ: Өт қалтасында конкременттер, қабырғасы 0,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р. 64 жаста хирургия қабылдау бөліміне ішінің ауруына, құсуына, лоқсуына шағымданып келген. Ауру сезімі төрт тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында басталған. Науқас өз бетімен емделген, жағдайы жақсармаған. Дене қызуы 38.С, әлсіздік, мазасыздану белгілері пайда болған. Түскен кезде жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -9 мың. УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы -0,7 см., қуысында көптеген конкременттер бар, іштің ойпаттарында сұйықтық анықталуда. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Н., 76 жаста қабылдау бөліміне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Ауырғанына 4 күн болған. 12 жылдан бері ӨТА ауырады . Сонымен қатар қан қысымы ауруымен тізімде тұрады. Бұрын бірнеше рет емделген. Түскен кезде жағдайы орташа. Терісі сарғайған. Қ|Қ 150/90 мм.с.б. пульс – 96 минутына. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеті қатайған. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің оң жақ жартысында анықталуда. Лейкоцит – 14 мың. Жалпы билирубин – 186 мкмоль (тіке -164 мкмоль, тіке емес -24 мкмоль). УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы 0,5 см., қуысында конкременттер көлемі 0,5 см ден 2,0 см., холедох – 1,5 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.


  1. Науқас В., 74 жаста ауыр жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілген. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі, лоқсу, құсу. Ауырғанына 5 тәулік болған. Науқас өз бетімен емделген, но-шпа қабылдаған, ауру сезімі басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38.С., лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың ЖИА мен қант диабетімен ауыратындығы белгілі болды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр. Көзі сарғайған. Жиі тыныс алуда, ҚҚ – 100/60 мм.с.б.,пульс- 110 минутына. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші біркелкі кепкен, оң жақ жартысында ауруы басым, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы байқалуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Лейкоцит -10 мың. Жалпы билирубин -38 мкмоль/л. УДЗ өт қалтасы үлкейген, тас көлемі 2,5 см. қабырғасы 0,6 см., холедох 0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р., 45 жаста шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезіміне лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Майлы тамақтан кейін кенеттен ауру сезімі басталған, лоқсып, құсқан. Түскен кезде жағдайы орташа. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, жұмсақ , Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Дене қызуы -37,4.с., лейкоцит -8,0 мың. УДЗ өт қалтасының көлемі 8-4 см. қабырғасы екі көлеңкелі. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас С. 52 жаста оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып, хирургия қабылдау бөліміне келіп түсті. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін кенеттен қатты ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың айтуынша бұрында осындай ауру сезімі болған, спазмолитик қабылдаған соң басылатын. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. Тілі құрғақ, ақ жабынды бар. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеттің қатайуы анықталуда және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит – 17 мың, дене қызуы 38,4.с. УДЗ өт қалтасы 14,0-6,0 см., қуысында конкремент бар көлемі 0,4-2,4 см. қабырғасы 0,5 см. Холедох-0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Г. 78 жаста шұғыл түрде өте ауыр жағдайда келіп түсті. Шағымы: ішінің ауруы, әлсіздік, мазасызданумен келген. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі басталған, бірнеше рет құсқан. Науқас ауыр жағдайда жеткізілген. Ауырғанға дейін науқас жедел бронхитпен амбулаторлы емделген. Соңғы екі тәулікте жағдайы нашарлаған, ентігу, дене қызуы 38.с., әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тілі ылғал. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Кер және Ортнер симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Лейкоцит 19,6 мың, УДЗ: өт қалтасы 9-4 см., қуысында конкременттер. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу.

  1. Науқас К. 52 жаста, шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезімімен келіп түскен. Екі сағат бұрын кенеттен ұстама тәрізді ауру сезімі басталған. Ауру сезімі но шпа қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы орташа. Тілі ылғал, таза. Іші кеппеген, жұмсақ, ауру сезімі пальпация барысында жоқ. Кер және Ортнер симптомдары теріс. Лейкоцит -7 мың. УДЗ өт қалтасы - 4 см. қуысында конкременттер 1,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.


  1. Аурудың 3 тәулігінде науқастың жағдайы: әлсіреген, адинамикалық, тілі құрғақ, іркілген тағаммен көп ретті құсу, іші кепкен. Ішінің оң жағында және қасаға үсті аймақта ауырсыну және аздаған қатаю, тахикардия бар. Лейкоцитоз 20 000. Жалпы шолу рентгенограммасында – бірең-сараң сұйықтық деңгейі анақталады, әсіресе ішінің оң жақ бөлігінде. Анамнезінде: жас кезінде оң жақ шап жарығы бойынша операция жасалған. Диагнозы қандай? Хирург тактикасы?

  1. Науқас К. 52 жаста, шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезімімен келіп түскен. Екі сағат бұрын кенеттен ұстама тәрізді ауру сезімі басталған. Ауру сезімі но-шпа қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы орташа. Тілі ылғал, таза. Іші кеппеген, жұмсақ, ауру сезімі пальпация барысында жоқ. Кер және Ортнер симптомдары теріс. Лейкоцит -7 мың. УДЗ өт қалтасы - 4 см, қуысында конкременттер 1,3см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Е. 65 жаста, ішінің барлық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келіп түскен. Науқаста жалпы әлсіздік мазасыздану болған. 4 тәулік бұрын ауырған, оң қабырға астындағы ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, бірнеше рет құсу болған. Осындай ауру бұрында болған, бірақ спазмолитик қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы өте ауыр. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс -110 минутына. Тілі құрғақ, сұр түсті жабынды. Іші кепкен, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда, оң жақ қабырға астында пайда болады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -21 мың. УДЗ: іш қуысында сұйықтық. Ішек ілмегіне жел жиналған. Өт қабы көлемі 9-6 см., қуысында 2,0 см дейінгі конкременттер, қабырғасы 0,6 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 46 жаста, оң қабырға астындағы қатты ауру сезіміне шағымданып, хирургиялық қабылдау бөліміне келген. 5 сағат бұрын ұстама тәрізді ауру сезімі оң қабырға астында пайда болған. Осы ауру сезімі оң жақ бел аймағына берген. Лоқсу және құсу болған. Бұрын ауырмаған. Жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаты өзгермеген. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс- 98 мин. Тілі ылғал, ақ жабындысы бар, іші жұмсақ, ауру сезімі оң қабырға астында және мезогастрий аймағында. Кер, Мерфи симптомы оң. Оң жақта Пастернацкий симптомы анықталуда. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу .

  1. Науқас П. 50 жаста, қабылдау бөліміне денесінің сарғаюы мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келген. 3 тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, құсуға ұласқан. Денесі сарған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ – 120/80 мм.с.б., пульс-96 минутына. Тілі ылғал, жабынды бар. Іші жұмсақ, кеппеген, оң қабырға астында бұлшықеті қатайған, ауру сезімі бар. Кер, Ортнер симптомдары оң. УДЗ өт қалтасы үлкейген, қуысында конкременттер бар. Қабырғасы 0,5 см. Лейкоциті – 16 мың. Жалпы билирубин – 86 мкмоль/л.( 50/36). Диагнозы және емдеу тактикасы.


  1. Науқас К. 36 жаста, шұғыл хирургияға эпигастри аймағындағы ауру сезіміне, бірнеше рет құсқандығына шағымданып келген. 6 сағат бұрын майлы көп тамақ ішкеннен кейін пайда болған. Ауру сезімі үдемелі болған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-130/80 мм.с.б., пульс – 100 мин. Тілі ылғал, ақ жабынды анықталуда. Іші жұмсақ, кебіңкі, пальпация кезінде эпигастри аймағында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеттің қатайуы бар, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Керте, Мейо-Робсон симптомы оң. Диагнозы және қосымша зерттеу тәсілдері, емі.

  1. Науқас К. 26 жаста, шұғыл хирургияға ауыр жағдайда жеткізілген. Шағымы: эпигастри аймағындағы ауру сезімнің беліне берілуі, бірнеше рет құсуы. Науқастың айтуынша 36 сағат бұрын көп мөлшерде арақ ішіп, майлы тамақ жеген, кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болған. Науқаста қозу, елеру көрінісі бар, сұрақтарға дұрыс жауап бермеуде. Терісі бозарған, сарғыш түс анықталуда. ҚҚ-80/50 мм.с.б., пульс – 115 мин. Тілі құрғақ , сұр жабындысы бар. Іші жұмсақ, кебіңкі, пальпация кезінде ауру сезімі, бұлшықеттің қатайуы бар, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Керте, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары оң. Лейкоциті - 14 мың, зәр диастазасы -1024 бірлік. УДЗ ұйқы без көлемі үлкейген, құрылымы өзгеріске ұшыраған. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 56 жаста, шұғыл хирургия бөліміне келіп түскен. Науқас эпигастри аймағындағы ауру сезіміне, лоқсуға, бірнеше рет құсқандығына шағымданып түскен. 12 сағат бұрын арақ ішкен, кейін ішінде кенеттен ауру сезімі басталған. Ауруханаға түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-120/80 мм.с.б., пульс – 94 мин. Тілі ылғал, жабынды бар. Іші жұмсақ, кеппеген, тексергенде эпигастри және оң қабырға астында ауру сезімі бар, бұлшықеттің қатайуы анықталуда. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң. Лейкоцит-14 мың, зәрдегі диастаза - 256 бірлік. УДЗ іш қуысында патология жоқ. Қосымша зерттеу тәсілдері? Қандай аурумен дифференциалдық диагностика жасалуы керек.

  1. Науқас П. 62 жаста, хирургия бөліміне іші ауырып, бірнеше рет құсқандығына шағымданып түскен. Науқастың айтуынша 6 тәулік бұрын майлы тамақтан кейін ішінде ұстамалы ауру сезімі пайда болған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-140/80 мм.с.б., пульс – 96 мин. Тілі ылғал, жабынды бар. Іші кепкен, пальпация кезінде ауру сезімі жоғарғы бөлігінде. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ. Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң. Іш ойпаттарындағы тұйықтық анықталмайды. Нәжіс пен желдің шықпағанына 3-тәулік болған. Зәрі қалыпты. Дифференциалдық диагнозы және қосымша зерттеу тәсілдері.

  1. Науқас Д. 36 жаста, эпигастри аймағында ауру сезіміне, бірнеше рет құсуына шағымданып түскен. Науқастың айтуынша 36 сағат бұрын ішімдік ішкен, кейін эпигастри аймағында белдемелі ауру сезімі пайда болған. Бірнеше рет лоқсып, жеңілдік әкелмейтін құсқ болған. Түскенде жағдайы орташа. ҚҚ-140/80 мм.с.б., пульс – 106 мин. Тілі құрғақ, ақшыл жабынды бар. Іші кепкен, пальпация барысында іштің барлық аймағында бұлшықеті қатайған, ауру сезімі бар. Іш ойпаттарында тұйықтық сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -17 мың, зәрдің диастазасы -1024 бірлік. УДЗ – ұйқы безі көлемі үлкейген, құрылымы өзгерген, іш қуысында сұйықтық анықталуда. Дене қызуы 37,6.с. Диагнозы және емдеу тактикасы.