ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 1468
Скачиваний: 9
-
Науқас Т. 40 жаста, ауруханаға ішінің ауруымен дене қызуының көтерілуімен келген. Үш апта бұрын жедел панкреатитпен жатып емделіп кеткен. Үш күн бұрын эпигастри аймағында ауру сезімі пайда болғн, дене қызуы 38,5.с. көтерілген, кешке қалтыраған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-120/80 мм.с.б., пульс – 86 мин. Тілі ылғал. Іші кеппеген, ауру сезімі анықталуда, бұлшықеттің қатайуы бар. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ, Керте, Воскресенский симптомы оң. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталмайды. Лейкоцит – 14 мың, диастаза -256 ед. УДЗ ұйқы без құрылымы өзгерген, үлкеймеген, сұйықтық деңгейімен қуыс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай сатысы және емі.
-
Науқас К. 34 жаста жедел хирургиялық бөлімшеге белдемелі эпигастрии аймағындағы ауру сезімі және көп реттік құсу шағымдарымен, ауыр жағдайда келіп түсті. Екі күн бұрын науқастанған, тағам және алкоголь қабылдауымен байланыстырады,ауру сезімі күшее бастаған. Түскен кездегі жалпы жағдайы ауыр. Науқас қозу, адекваты емес, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Тері жамылғылары бозғылт түстес. АҚҚ-130/90 мм.с.б.б., пульс – 110 рет мин. Тілі құрғақ,сұр түспен қапталған. Іші шамалы үлкейген, жұмсақ, пальпацияда ауру сезімі және эпигастрии бұлшықеттерінің қатаюы байқалады. Щеткина-Блюмберг симптомы іштің бүкіл аймағында оң және Керте, Мейо-Робсона, Воскресенский симптомдары оң. Лейкоциттер - 18 мың, зәр диастазасы -1024 бірлік. УДЗ ұйқы безі өлшемінің ұлғаюы, ұйқы безі құрылымы өзгеріске ұшыраған. ФГДС:12 елі ішектің артқы қабырғасының шырышының домбығуы, ішек шырышының эрозиясы. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Р., 46 жаста, бұл науқасқа жедел панкреатитке консервативті емнен кейін, операция жасалған. Консервативті ем жүзеге аспағаннан кейін және механикалық сарғаюдың өршуі есебінен лапаротомия жасалды. Операция барысында құрсақ қуысында 1,5 л. геморрагиялық сұйықтық анықталды. Кіші май қалтасын ашу барысында геморрагиялық сұйықтық, ұйқы безінің денесі мен басында қан ошақтары бар. Өт қалтасы шамадан тыс ұлғайған, керілген, қуысында конкремент жоқ. Диагнозы және емдеу тактикасы
-
Науқас А. 29 жаста, ауруханада жедел панкреатитпен емделгеніне 3,5 апта болған. Соңғы үш тәулікте эпигастри аймағында түзіліс пайда болған, ауру сезімі үдеген. Дене қызуы 38,8.с., қалтырау болған. Лейкоцит – 18 мың, ЭТЖ - 46. УДЗ ұйқы безі маңында сұйықтық, құрылымында өзгеріс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай фазасы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Е. 60 жаста, эпигастри аймағындағы ауру сезіміне және бірнеше рет құсуына шағымданып түскен. Ауырғанына 3 тәулік болған, майлы, ащы тамақтардан кейін пайда болған. Науқас ЖИА, гипертониялық аурумен, созылмалы колитпен ауыратыны белгілі болған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс – 98 мин. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, пальпация кезінде барлық аймағында ауру сезімі бар. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, Керте, Мейо-Робсон симптомы оң. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталмайды. 3-тәуліктен бері нәжісі болмаған. Жел шықпаған. Зәрі өзгеріссіз, қалыпты шығуда. Лейкоцит - 10 мың, Дене қызуы бір қалыпты. Дифференциалдық диагнозы және қосымша зерттеу әдістері.
-
Науқас Г. 42 жаста, майлы тамақтан кейін эпигастри аймағында ауру сезімі басталып, беліне берген, бірнеше рет құсқан. Ауырғанына 2-тәулік болған. Науқастың жалпы жағдайы орташа. ҚҚ – 130/80 мм.с.б., пульсі - 86 мин. Тілі ылғал. Іші қалыпты, жұмсақ, пальпация кезінде ауру сезімі эпигастри мен оң қабырға астында анықталуда. Перитонит белгілері жоқ. Сол жағында Пастернацкий симптомы оң. Зәр шығаруы жиілеген. Үлкен дәреті дұрыс. Қызуы 37,6.с., лейкоцит – 10 мың. Зәр анализы: белок - 0,33, лейкоциттер және цилиндрлер көп мөлшерде, зәрдегі диастаза -512 бірлік. Керекті қосымша зерттеулер. Дифференциалдық диагностикасы.
-
Науқас У. 42 жаста, үш күн бұрын көп мөлшерде майлы тамақ ішкеннен кейін эпигастри аймағы қатты аурған. Ауру белгісі беліне берілген. Бірнеше рет құсқан. Жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға келген. Түскендегі жағдайы орташа. ҚҚ-140/90 мм.с.б., пульс – 106 мин. Тілі құрғақ, жабынды бар. Іші кепкен, пальпация кезінде іштің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі бар, бұлшықетінің қатайуы анықталуда. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ, Керте, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары оң. Іштің ойпаттарындағы тұйықтық анықталмайды. 3 тәуліктен бері нәжісі болмаған. Жел шықпаған. Зәрі қалыпты. Лейкоциты – 14 мың, диастазасы -512 бірлік. Диагнозы және қосымша зерттеу әдістері.
-
Науқас Д. 36 жаста, шұғыл түрде хирургия бөліміне келіп түскен. Түскендегі шағымы: ішінің ауруы, бірнеше рет құсуы. 36 сағат бұрын кенеттен басталған. Науқастың айтуынша ішімдік ішкен. Ауру сезімі беліне берген. Жағдай орташа. ҚҚ-140/80 мм.с.б., пульс – 106 мин. Тілі құрғақ. Іші кепкен, пальпация кезінде ауру сезімі эпигастри аймағында, бұлшықеті қатайған. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталуда. Щеткин-Блюмберг симптомы барлық аймақта анықталуда. Лейкоциттері -17 мың, диастазасы - 1024 бірлік. УДЗ – ұйқы безі көлемі ұлғайған, құрылымында өзгеріс анықталуда. Іш қуысында сұйықтық. Дене қызуы 37,6.с. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас К. 70 жаста, ауруханада жедел панкреатиттің орташа дәрежесімен емделіп шыққан. Үш аптадан кейін эпигастри аймағында ауру сезімі және дене қызуы 38,6. С. пайда болған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ -150/90 мм.с.б., пульсі - 96 мин. Тілі ылғал. Іші жұмсақ, ауру эпигастрида, осы аймақта көлемі 5-6-4 см түзіліс анықталуда. Тітіркену белгілері жоқ. Қосымша зерттеу тәсілдері. Диагнозы және емі.
-
Науқас Т. 40 жаста, ауруханаға ішінің ауруымен дене қызуының көтерілуімен келген. Үш апта бұрын жедел панкреатитпен жатып емделіп кеткен. Үш күн бұрын эпигастри аймағында ауру сезімі пайда болғн, дене қызуы 38,5.с. көтерілген, кешке қалтыраған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-120/80 мм.с.б., пульс – 86 мин. Тілі ылғал. Іші кеппеген, ауру сезімі анықталуда, бұлшықеттің қатайуы бар. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ, Керте, Воскресенский симптомы оң. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталмайды. Лейкоцит – 14 мың, диастаза - 256 ед. УДЗ ұйқы без құрылымы өзгерген, үлкеймеген, сұйықтық деңгейімен қуыс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай сатысы және емі.
-
65 жастағы науқас шұғыл хирургия бөліміне эпигастри мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне және лоқсып, бір рет құсқандығына шағымданып түскен. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін ауырған. Анамнез жинау барысында ӨТА, ЖИА және семіздіктің үшінші дәрежесімен ауратындығы белгілі болды. Жалпы жағдайы орташа. Тері мен шырышты қабатында өзгеріс жоқ. Тыныс алуы қалыпты, ентігу байқалмайды. ҚҚ- 140/80 мм.с.б. РS - 94 минутына . Тілі құрғақ, ақ жабындысы бар. Тері асты май қабаттарына байланысты іші үлкен, кеппеген, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі байқалуда. Өт қалтасы анықталмайды. Ортнер, Кер симптомдары бар. Дене қызуы - 37,6 С. Лейкоциті - 10 000. УДЗ қортындысы: Өт қалтасының көлемі 9-6-5 см. Қабырға қалыңдығы 0,5 см. Қуысында 1-2 см тастар. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Д. 72 жаста шұғыл хирургия бөліміне ауырғаннан кейін бес тәуліктен кейін келіп түскен. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі. Науқас үйінде но-шпа қабылдаған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 С. Қалтырау, жалпы әлсіздік, мазасыздануы пайда болған. Көзі сарғайған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында анықталуда, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары: ЖИА, қант диабеті. Лейкоциті – 12 мың, билирубин-76 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 12-7 см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0,6 см, холедох – 0,9 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас А. 45 жаста, қабылдау бөліміне емхана жолдамасымен келген. Ауырғанына 7 тәлік болған.Ауыр жұмыс істегеннен кейін оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімі ұстама тәрізді, но-шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте ауруы басылған, бірақ дене қызуы 38,6 С, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаттарында өзгеріс жоқ. Ішінің кебуі байқалмайды, тыныс алу кезінде қозғалыста, жұмсақ, тек оң қабырға астында бұлшықет қатайуы анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы осы аймақта оң. УДЗ: өт қалтасында тас анықталды, қабырғасы 0,6 см. Бауыр астында сұйықтық бар. Лейкоциттері – 14 мың. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
62 жастағы науқас ауырғанан кейін жеті тәуліктен кейін ауыр жағдайда қабылдау бөліміне келіп түскен. Ауру сезімі оң қабырға астында басталған, но-шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 с, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану белгілеріне байланысты жағдайы нашарлаған. Көзінің сарғаюы анықталуда. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары: ревматоид артриты, қант диабеті. Лейкоциті – 17 мың, билирубин – 86 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 16-8 см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0,6 см, холедох 1,0 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
73 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауру сезіміне , лоқсу, бір рет өт аралас құсумен шағымданып келген. Осы аталған шағымдар кешкі астан кейін кенеттен пайда болған. Анамнезінде ӨТА, қан қысымы ауруымен, қант диабетімен ауратындығы анықталды. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ 140/90 мм.с.б. PS 84 минутына. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кеппеген, жұмсақ, терең пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер, Кер симптомы оң. Щеткин - Блюмберг симптомы теріс. Дене қызуы 37, с, лейкоциті -7 мың, УДЗ: Өт қалтасында конкременттер, қабырғасы 0,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Р. 64 жаста хирургия қабылдау бөліміне ішінің ауруына, құсуына, лоқсуына шағымданып келген. Ауру сезімі төрт тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында басталған. Науқас өз бетімен емделген, жағдайы жақсармаған. Дене қызуы 38.С, әлсіздік, мазасыздану белгілері пайда болған. Түскен кезде жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -9 мың. УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы -0,7 см., қуысында көптеген конкременттер бар, іштің ойпаттарында сұйықтық анықталуда. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Н., 76 жаста қабылдау бөліміне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Ауырғанына 4 күн болған. 12 жылдан бері ӨТА ауырады . Сонымен қатар қан қысымы ауруымен тізімде тұрады. Бұрын бірнеше рет емделген. Түскен кезде жағдайы орташа. Терісі сарғайған. Қ/Қ 150/90 мм.с.б. пульс – 96 минутына. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеті қатайған. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің оң жақ жартысында анықталуда. Лейкоцит – 14 мың. Жалпы билирубин – 186 мкмоль (тіке -164 мкмоль, тіке емес – 24 мкмоль). УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы 0,5см., қуысында конкременттер көлемі 0,5 см ден 2,0 см., холедох – 1,5 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас В., 74 жаста ауыр жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілген. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі, лоқсу, құсу. Ауырғанына 5 тәулік болған. Науқас өз бетімен емделген, но-шпа қабылдаған, ауру сезімі басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38.С, лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың ЖИА мен қант диабетімен ауыратындығы белгілі болды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр. Көзі сарғайған. Жиі тыныс алуда, ҚҚ – 100/60 мм.с.б., пульс- 110 минутына. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші біркелкі кепкен, оң жақ жартысында ауруы басым, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы байқалуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Лейкоцит -10 мың. Жалпы билирубин – 38 мкмоль/л. УДЗ өт қалтасы үлкейген, тас көлемі 2,5 см, қабырғасы 0,6 см, холоедох 0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Р.45 жаста шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезіміне лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Майлы тамақтан кейін кенеттен ауру сезімі басталған, лоқсып, құсқан. Түскен кезде жағдайы орташа. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Дене қызуы - 37,4.с., лейкоциті - 8,0 мың. УДЗ өт қалтасының көлемі 8-4 см, қабырғасы екі көлеңкелі. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас С. 52 жаста оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып, хирургия қабылдау бөліміне келіп түсті. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін кенеттен қатты ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың айтуынша бұрында осындай ауру сезімі болған, спазмолитик қабылдаған соң басылатын. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. Тілі құрғақ, ақ жабынды бар. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеттің қатайуы анықталуда және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит – 17 мың, дене қызуы 38,4.с. УДЗ өт қалтасы 14,0-6,0 см., қуысында конкремент бар көлемі 0,4-2,4 см. қабырғасы 0,5 см. Холедох - 0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Г. 78 жаста шұғыл түрде өте ауыр жағдайда келіп түсті. Шағымы: ішінің ауруы, әлсіздік, мазасызданумен келген. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі басталған, бірнеше рет құсқан. Науқас ауыр жағдайда жеткізілген. Ауырғанға дейін науқас жедел бронхитпен амбулаторлы емделген. Соңғы екі тәулікте жағдайы нашарлаған, ентігу, дене қызуы 38.с., әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тілі ылғал. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Кер және Ортнер симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Лейкоцит 19,6 мың, УДЗ: өт қалтасы 9-4 см., қуысында конкременттер. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу.
-
Науқас К. 52 жаста, шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезімімен келіп түскен. Екі сағат бұрын кенеттен ұстама тәрізді ауру сезімі басталған. Ауру сезімі но-шпа қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы орташа. Тілі ылғал, таза. Іші кеппеген, жұмсақ, ауру сезімі пальпация барысында жоқ. Кер және Ортнер симптомдары теріс. Лейкоцит -7 мың. УДЗ өт қалтасы - 4 см. қуысында конкременттер 1,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.
-
Науқас Е. 65 жаста, ішінің барлық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келіп түскен. Науқаста жалпы әлсіздік мазасыздану болған. 4 тәулік бұрын ауырған, оң қабырға астындағы ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, бірнеше рет құсу болған. Осындай ауру бұрында болған, бірақ спазмолитик қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы өте ауыр. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс -110 минутына. Тілі құрғақ, сұр түсті жабынды. Іші кепкен, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда, оң жақ қабырға астында пайда болады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -21 мың. УДЗ: іш қуысында сұйықтық. Ішек ілмегіне жел жиналған. Өт қабы көлемі 9-6 см., қуысында 2,0 см дейінгі конкременттер, қабырғасы 0,6 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.