Файл: Онкология 5 курс. Электронды оулы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 951

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
III топқа – арнайы жүргізілген ем тәсілдерінен кейін қатерлі ісіктен сауығып кеткен адамдар жатады.IV топқа – қатерлі ісігінің көлемі ұлғайып, ісігі дененің басқа мүшелеріне кеңтараған адамдар жатады (IV даму сатысындағылар).Онкологиялық үгіт-насихат жұмыстарының түрлеріАуызша жүргізілетін үгіт-насихаттар (қатерлі ісіктен сақтану жолдарын жәнеәртүрлі ағзалардағы ісіктің алғашқы белгілері жөнінде бұқара халыққа дәріс оқу, кеңес беру. Көрмелік насихаттар (қабырға газеті, плакаттар, шағын кітапшалар).Аралас жүргізілетін үгіт-насихаттар жұмыстары теледидар арқылы жүргізіледі.Қазіргі кездегі қатерлі ісікке қарсы күрестің негізгі бағыттары:1. Қатерлі ісіктен сақтандырудың біріншілік және екіншілік алдын алу салаларындағы ғылыми-практикалық жұмыстарды пәрменді жетілдіру.2. Жаңа құрал-аспаптарды кең қолдана отырып, қатерлі ісіктерді ерте дамусатыларында анықтау.3. Қолданылып жүрген ем тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, қатерлі ісікке жаңа шипалы ем тәсілдерін ғылыми-практикалық тұрғыда іздестіру, жетілдіру. Қатерлі ісіктің даму сатысын анықтауҚатерлі ісіктің нақты даму сатысын анықтау өте қиын. Өйткені оның негізгі ошағын, көлемін зерттеп тексеру арқылы ісіктің негізгі ошағын, көлемін зерттеу, тексеру арқылы білсек те, лимфа және қан тамырлары арқылы денеге тарап кеткен өте кішкентай мөлшерлі, клиникалық белгісі жоқ метастаздарды алдын ала айқындай алмаймыз. Дейтұрғанмен, ісіктің негізгі ошағының көлемін, оның басқа дене мүшелерімен қарым-қатынасын ескеріп, ұлғайып дамуын төрт сатыға бөлуге болады. Олар римдік І, ІІ, ІІІ, ІV деген цифрлармен белгіленеді. Егерде негізгі ісіктің көлемі 2 см-ге дейін болса, онда – І, ал 3-5 см аралығында болса – ІІ, 5 см-ден үлкен болса – ІІІ, ал ісіктің негізгі көлеміне қарамастан ол іргелес жатқан дене мүшелеріне жабысса,немесе алшақ орналасқан дене мүшелерінде бөгелме ісік ошақтарын берсе – ІV деген ұлғаю белгілері қойылады. Егерде қатерлі ісіктің лимфалық бездерде метастазы жоқ болса, онда әрбір ісіктің ұлғаю сатысын көрсететін римдік цифрлардың қасына «а» деген әріп, ал ол жерлерде метастаз ісікошақтары бар болса, онда «б» әрпі қойылады. Әрине, қатерлі ісіктің ұлғаю сатысын осылайша жіктеп бөлу күнделікті жұмыста өте ыңғайлы болғанымен, ісікке қарсы қолданылған емнің шипалылығын ғылыми тұрғыдабағалауға көмегі аз. Сондықтан 1953 жылдан бастап қатерлі ісік ауруына қарсы Бүкіл дүние-жүзілік денсаулық сақтау одағының шешімі мен оның ұлғаю сатысының халықаралық жіктелуі қабылданды, ол TNM әріптерімен белгіленіп жүр. Содан бері бұл жіктелу бірнеше рет толықтырылып, ең соңғысы 2002 жылы бекітілді.
«Т» символы латынның tumorus, яғни ісік деген сөзінен шыққан. Онымен ісіктің алғаш пайда болған ошағындағы көлемі белгіленеді. «N»(nodulis) символымен қатерлі ісіктің лимфалық бездеріндегі метастаз ошақтары, ал «М» (metastasis) символымен ісіктің негізгі ошағынан алшақта орналасқан дене мүшелеріндегі метастаздар бегіленеді. Бұл символдардың қасына қойылатын рим әрпіндегі цифрлар ісіктің ұлғайып, даму деңгейін көрсетеді. Мысалы, Т символының қасына 0 (нөл) қойылса, онда ісіктің негізгі пайда болған жері белгісіз болғаны, ал Т қасына «is» белгісі қойылса, онда қатерлі ісік жаңа ғана пайда болып, ол кілегей қабықша астында өрби бастағандығын байқатады. Яғни ондай ісік carcinoma in situ деп аталады. Т қасына І (бірлік) цифры қойылса, онда ісіктің көлемі 2 см-ден аспағаны, 2 (екілік) – ісік көлемі2-5 см аралығында болғандығын, 3 (үштік) – ісік көлемі 5 см-ден артық, ал 4 (төрттік) – ісік көлемі өте үлкен екендіктерін көрсетеді.Егерде негізгі ісік ошағына жақын жатқан лимфалық бездерде метастаз болмаса, онда ІІ символының қасына 0 (нөл) цифры қойылады. Толық тексеріп біткеннен кейін лимфалық бездерде бөгелме ісік ошақтарының бар екендігіне күмәнданатын болсақ, онда ІІ қасына х (икс), ал ондай күдік тумаса 1, 2, 3 цифрлары қойылады. Егерде бөгелме ісік ошағы тек қанабір безде немесе бір-біріне жабыспаған екі безде кездессе, онда бірлік цифрын көрсетеміз.Метастаз ошақтары көрші жатқан бірнеше бездерге тарап, ол бездер бір-біріне жабыса шоғарланса, басқа дене мүшелеріне жабыспаса, әрі олардың қозғалысы сақталмаса – 2, ісіктің негізгі ошағына іргелес және одан алшақ орналасқан лимфалық бездерге метастаз тарап, ол бездер айналасындағы ұлпаларға жабысып, қатая түссе 3 цифрларымен белгілейміз.Қатерлі ісік дененің басқа да мүшелеріне метастаз берсе, онда М символының қасына бірлік цифры, ал оның бар екендігі анықталмаса 0 (нөл) цифры қойылады. Егерде метастаз ошақтары өкпеде болса бірлік цифрының қасына РИІ, сүйектерде кездессе – OSS, бауырда – Нер, мида – BRA символдары қойылады.Қатерлі ісіктің дене мүшелерінің әртүрлі қабырғалық қабаттарындағы ұлпаларға тарауын белгілеу үшін Р (penetration) символы пайдаланылады. Егерде ісік тек қана шырышты қабықшаның аумағында орналасып тараса, онда Р 1 символын, шырышты қабықшадан өтіп, оның астыңғы қабатына жабысса – Р 2 , бұлшық ет қабатына тараса – Р 3 , ал ол дене мүшесінің

барлық қабаттарына тарап көршілес орналасқан дене ұлпаларына да жайылса, онда Р 4 символдарын қолданамыз. Негізгі Р символы хирургиялық тәсілмен ісік алынғаннан кейін қойылады.- Қатерлі ісік ауруы негізінде 40-тан асқандарда жиі кездеседі. Олардың көбінде жаңа пайдаболған ісіктен басқа, көптеген қосалқы сырқаттар да ұшырасады. Қатерлі ісікті емдеу үшін өте ауыр, көлемді хирургиялық операциялар орындалып, үлкен мөлшердегі радиоактивті сәулелер және ісікке қарсы пайдаланылатын улы дәрі-дәрмектер бір мезгілде немесе бірінің артынан бірі кезектесіп қолданылады. Ондай күрделі ем шараларын жоспарлау үшін ісікті айқындауға арналған тексеру тәсілдеріне қоса, біріншіден, сырқат адамның қосалқы ауруларының бар- жоқтығы; екіншіден, оның негізгі дене мүшелерінің (атап айтқанда, жүрегі мен өкпесінің, бауыры мен бүйрегінің, ұйқы безі мен қан шығаратын ұлпаларының т.б.) функционалдықжағдайлары мен мүмкіншіліктері; үшіншіден, адам организмдеріндегі зат алмасу үрдісі мен гормоналдық жағдайы және ісікке қарсы күресетін иммунитеті анықталады.Сонымен, клиникалық қорытынды диагнозды қойғанда ісіктің негізгі пайда болған жерін, анатомиялық өсу бағытын, гистологиялық түрін, ұлғаю сатысын міндетті түрде көрсете отырып, ондағы ісіктен басқа сырқаттарды да сипаттап жазу керек.Мысалы, негізгі клиникалық диагнозы оң жақтағы өкпенің үстіңгі бөлігінің орталығындағы толық пісіп-жетілген жасушалы экозофиттік бағытта өскен, іргелес лимфалық бездерге метастаз ошақтарын берген қатерлі ісік болса, оның ұлғаю сатысы ІІІ, немесе Т 3 , N 1 , M 0 , G 1 болып бегіленеді.Қатерлі ісікті дұрыс анықтап, науқас адамға ең тиімді ем шараларын қолдану, аурудың пайда болып, қалайша ұлғайып келе жатқанын айқындай алатын, объективтік тексеру тәсілдері мен әдістерін толық меңгерген, зертханалық жолмен және жаңа аспаптармен алынған мағлұматтарды айқын талдап, түсіне білетін дәрігерлердің ғана қолынан келеді.Өкпе ракалды аурулары мен рагыДәрісті оқудың дәлелдемесі мен мақсатыҚазіргі кезде өндірісі мен өнеркәсібі жоғарғы деңгейде дамыған мемлекеттерде өкпе рагыең көп таралған онкологиялық дерттің бірі болып отыр. Қазақстанда 1985 жылдан бастап олжиілігі жағынан барлық қатерлі ісіктердің ішінде үнемі 1-ші орында тұр.Клиникалық белгілерінің әр алуан болуына және ол белгілердің өкпенің ракалды дерттерінеұқсастығына, емханалардағы дәрігерлердің өкпе рагын анықтауға нақты тәсілдерді әлі де жүйелі
қолданбауларына байланысты, осы күнге дейін өкпе рагы көптеген адамдарда кеш анықталуда,сондықтан, өкінішке орай, жыл сайын тек қана ісігі анықталған науқастардың 20 – 30%-на ісіккеқарсы ем толықтай қолданылады. Мәселен, Қазақстанда 2010 жылы өкпе рагы анықталған 3535 науқастың ісіктік үрдіс тек қана 21,3%-ында I–II даму сатысында, 56,7%-ында ІІІ-ші дамусатысында, ал 22,0%-ында ІV-ші даму сатысында анықталды. Осы науқастардың тек қана 959 (27,3%) ісікке қарсы ем толық қолданылды.Аталмыш көрсеткіштерден өкпе рагының ерте даму сатыларында анықталмай отырғандығыбайқалады, сондықтан оған қолданылатын ем тәсілдері де оң нәтижелер бермей отыр.Дәрістің негізгі мақсаты – төмендегідей мәселелерге талдау жасау:- өкпе рагының пайда болуына әсерін тигізетін сыртқы және ішкі себептер;- өкпе рагына шалдығуға бейім қауіп-қатер тобын жасақтау және осы топтағы адамдарғаарналған сақтандыру принциптері;- өкпе рагының патанатомиялық, гисталогиялық жіктелулеріне сүйене отырып, әрбір түрініңклиникалық белгілері мен ағымына сипаттама беру;- өкпе рагын анықтаудың клиникалық және арнайы тексеру тәсілдерін жүйелі түрде қолдану,- өкпе рагын емдеудің тәсілдері мен принциптерін талдау.Өкпенің клиникалық анатомиясы мен қызметіӨкпе кеуденің ішкі беткейін астарлап тұратын тұйықталған сыртқы сірілі қабық(париеталдық плевра) қуысында орналасқан қос ағза. Өкпенің сыртын ішкі сірлі ағзалыққабық (висцералдық плевра) қаптап тұрады. Тыныс жолы кеңірдек VI мойын омыртқа тұсынанбасталып, V кеуделік омыртқа аймағында екі бас бронхқа бөлінеді. Оң жақ бас бронхтыңсаңылауы сол жаққа қарағанда кеңдеу болады. Оның ұзындығы – 2-3 см, сол жақтыкі – 5 см.Оң жақтағы өкпе 3 бөлікке (жоғарғы, орта, төменгі), 10 сегментке, ал сол жақ өкпе 2 бөлікке(жоғарғы, төменгі), 9 сегментке бөлінеді. Өкпенің әрбір бөлігі бір- бірімен жылғаланып бөлініптұрады, ал сегменттер бір- біріне жалғаса орналасады. Әрбір сегменттік бронхтан субсегменттікбронхтар, одан бронхиолдар, ал бронхиолдардан альвеолдар тарайды.Өкпе тіні қолқа тамырдан тарайтын 4 бронхтық артериямен келетін қанмен қанығады.Бронхтан вена тамырына жиналған қан оң жақ өкпеден сыңар венаға, сол жақ өкпеден-жартылай сыңар венаға құйылады.Өкпе ұлпасында лимфалық тамырлар өте тығыз орналасқан. Өкпе ұлпасына жиналған
лимфалық сұйықтықтар төрт топтағы аймақтық лимфалық түйіндерден сүзіліп өтеді. Олар :1) өкпеішілік лимфалық түйіндер. Олар бөліктік бронхтардың сегметтік бронхтарға бөлінуайырығында орналасады.2) бронхопульмоналдық лимфалық түйіндер. Олар бас бронхтың бөліктік бронхтарға бөлінуайырығында болады.Кеуде қуысы мен мойын аймағындағы ағзалардың орналасу реттері67Өкпенің аймақтық лимфалық түйіндері1 – Өкпе ұлпасы ішкілік лимфалық түйіндер.2 – Өкпе-бронхтық лимфалық түйіндер.3 – Төменгі кеңірдек-бронхтық (бифуркациялық) лимфалық түйіндер.4 – Жоғарғы кеңірдек-бронхтық лимфалық түйіндер.5 – Кеңірдек бойындағы лимфалық түйіндер.6 – Артқы кеудеорталық лимфалық түйіндер.7 – Өкпе байламындағы лимфалық түйіндер.68Өкпенің бөліктерінен лимфаның аймақтық лимфатүйіндеріне ағу жолдары1 – Сол жақтағы өкпенің жоғарғы бөлігінен (көк түс)2 – Сол жақтағы өкпенің төменгі бөлігінен (қоңыр түс)3 – Оң жақтағы өкпенің төменгі бөлігінен (жасыл түс)4 – Оң жақтағы өкпенің ортаңғы бөлігінен (сары түс)5 – Оң жақтағы өкпенің жоғарғы бөлігінен (күлгін түс)69Үлкен және кіші шеңбердегі қан айналымы3) кеңірдек бронхтық лимфалық түйіндер. Олар екіге бөлінеді: жоғарғы кеңірдек бронхтықжәне төменгі кеңірдек бронхтық немесе бифуркациялық. Бұл лимфалық түйіндер өкпеқақпасының маңында орналасқан.4) кеңірдек, өңеш, жүрек қабы бойында орналасқан лимфалық түйіндер. Аталмыш аймақтықлимфалық түйіндер топтары бір-бірімен тығыз жалғамдар жасап жатады.Өкпе ұлпалары кезеген, симпатикалық, көкеттік нервтермен инервацияланады. Сезімталнерв ұштары висцеральдық және париетальдық қабықшаларында орналасады, сондықтаносы қабаттар қабыну үрдісімен немесе ісікпен тітіркенгенде ауырулық сезімдер пайда болады.Өкпенің атқаратын қызметтері1.Өкпенің негізгі қызметі газ алмасу үрдісін реттеу, яғни сыртқы ауамен келген оттегінсіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығару арқылы бүкіл ағзалардағы зат алмасу үрдістерінқалыпты жағдайда ұстау.2. Өкпенің шырышты қабатындағы бездер су, шырыш, әртүрлі микроэлементтерді,сульфактанттарды бөледі. Өкпе арқылы 10-15% су бөлінеді, ал шырышпен қосылғансульфактанттар бронх саңылауларына сырттан келетін әртүрлі микробтарды залалсыздайды,шырышты қабатынан шығатын су өкпеге түсетін шаң-тозаңдарды қақырық арқылы тазалайды.3. Өкпе организмдегі жылу алмасу үрдісін реттеуге қатынасады.