ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 184

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көптеген өзгерістерге қарамастан "Қазақстан" баспасы республиканың ең ірі кітап баспасы болып, өз орнын сақтай білген. "Қазақстан" баспасы Халықтар Достығы орденімен марапатталған (1975).1976 жылы 243 түрлі кітапты 2 миллион 894,2 мың данамен шығарып, "Мектеп" баспасынан кейінгі екінші орынды иемденген болаты.

1980 – 90 жылдары баспаның жекелеген редакциялары негізінде салалық баспалар – “Жеті жарғы”, “Қаржы-Қаражат”, тағы басқа құрылды. 1998 жылы қараша айында жекешелендіріліп, құқықтық мұрагері ретінде “Қазақстан” баспа үйі мойынсерігі ұйымдастырылған.

Мақсаты

Негізгі мақсаты идеялық басшылықты бір орталыққа шоғырландыру және әдеби-баспагерлік, үгіт-насихат қызметін, әдебиет тарату, жергілікті жерлермен ақпараттық байланыс ісін практикада жүзеге асыру болған.

Қырғыз ССР-ның халық комиссариаттарының, Қырғыз ОАК-нің, партиялық кәсіптік, кооперативтік ұйымдар мен оқу қоғамдарының бүкіл баспагерлік қызметі тек Қырғыз мемлекеттік баспасы арқылы жүргізген.

ӨнімдеріЖас баспаның алғашқы өнімі — "Әліппе". Бұл қазақтың тұңғыш Бас Баспагері – Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына негізделе отырып жасаған төте жазуы, қазіргі таңда Қытай қазақтары қолданатын жазу. 1922-1927 жылдар аралығында 75 атаумен 319 кітап жарық көрген. 1922-23 оқу жылында 14 оқулық, оның ішінде «Грамматика»Физика»Алгебра»Педагогика»Мектеп гигиенасы»Сұлтанбек Қожановтың «Арифметика оқулығы», Иса Тоқтыбаевтың «Бастапқы география» оқулықтары болды. 1922-23 жылдары Әбубәкір Диваев жинап, «Қамбар батыр»Қобыланды батыр»Алпамыс батыр»Қыз Жібек»Шора батыр» кітаптарын шығарды.Қазақ халқының тарихына байланысты А.Гулошниковтың "Қазақ-қырғыз халықтарының тарихы" еңбегі, Рязановтың "Исатай Тайманов" кітабы да жарық көрді.

Ғибратты ғұмыр"Ғибратты ғұмыр" сериясы - көп сұранысқа ие болған өнімі. Бұл сериямен Нұрғиса ТілендиевДмитрий СнегинГерольд БельгерЗия СәмәдиПавел АтрушкевичМұхтар ӘлиевНина ҚайыповаШапық ШөкинЕбіней БөкетовНәзір Төреқұлов туралы кітаптар тез тарап кетті. Серия өз жалғасын табуда.

Қазақ күнтізбесіҚазақстан үкіметінің шешімімен 1960 жылдан шыға бастаған басылым. Кезінде 300 мыңнан аса таралымымен үлкен баспасыны асырап отырған. Қазіргі таралымы 20 мың шамасында. Ресейдің Кострома қаласында басылады.

"Ғылым" - республикалық ғылы­ми әдебиеттер баспасы. Қазақстан Ғылым Академиясының Төралқасының шешімімен 1946 ж. Алматыда ұйымдастырылған. 1992 жылға дейін "Наука" баспасы аталған. Алғашқыда редакциялық-баспа кеңесін Қ.Сәтбаевбасқарған. Тұңғыш директоры Б.Я. Нинбург. 1948 ж. 17 қарашада Қазақстан Ғылым Академиясының дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 ж. Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетке, кейін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің департаменті (қазіргі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі) қарасты ғылымы әдебиет­тер шығаратын баспаға айналған.


2001 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Fылым" баспасы болып қайта құрылды. "Ғылым" - республикадағы ең ірі баспалардың бірі. Полиграфиялық базасы, өз баспаханасы бар. Негізінен, ғылымы монографиялар мен жеке және ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ҰFA-ның журналдарын, ғылыми-көпшілік, ғылыми-көркем, сондай-ақ, танымдық әдебиеттер, әр түрлі салалық сөздіктер мен анықтамалықтар шығарады.

1946 - 2000 ж. "Fылым" бас­пасынан қазақ, орыс, ұйғыр және басқа халықтар тілінде 31 млн-нан астам данамен 13307 кітап пен журналдар жарық көрді. Абай, Ш.Ш.Уәлиханов, Қ.И.Сәтбаев, т.б. ірі тұлғалардың шығармалары, ғылым қайраткерлерінің еңбектері, 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5 томдық «Қазақ КСР тарихы», «Дала уәлаятының газеті», т.б. сияқты іргелі еңбектер – «Ғылым» баспасы жұртшылыққа ұсынған рухани құндылықтар. Баспа шетелдік әріптестерімен тығыз кәсіби байланыс орнатқан.

"Білім" баспасы — жоғары, орта арнаулы оқу орындарына арналған оқулықтар, әдістемелер, ғылыми-танымдық, анықтамалық әдебиеттер шығаратын баспа. 1993 жылы 25 қарашада құрылған. “Білім” оқулықтар, ғылыми-танымдық, анықтамалық әдебиеттермен қатар әлеуметтік-саяси маңызы зор, өзекті тақырыпты қамтитын кітаптарды әзірлейді. Баспадан жыл сайын 40-қа жуық басылым жарық көреді.

'“Жеті жарғы” — негізінен, заң жинақтары мен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға маманданған республикалық баспа. 1994 ж. ҚР Әділет министрлігінің “Заң әдебиеті” баспасы болып құрылған. 1998 ж. “Жеті жарғы” жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан Республикасының заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру, сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп шығарумен айналысады. “Қазақстан Республикасының заңы”, “Қазақстан Республикасының кодексі”, “Нормативтік-құқықтық актілер жинағы”, “Оқулық”, “Оқу құралы”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл”, т.б. кітаптар сериясын тұрақты шығарып келеді. Баспа студенттер үшін салық, қаржы, сақтандыру, әкімшілік, конституциялық, қылмыстық, халықаралық құқық,

 саясаттану, мемлекет және құқық негіздері мен теориясы бойынша көптеген кітаптар шығарды. Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заң актілерін қазақ және орыс тілдерінде бір мұқабада кітап етіп шығарады. Академик Салық Зимановтың басқаруымен 10 томдық “Қазақтың Ата заңдары” кітабын шығару ісі қолға алынды. “Жеті жарғы” баспасы құрылғаннан бергі 7 жыл ішінде (1994 — 2001) қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, ағылшын тілдерінде 661 заң әдебиеттерін шығарса, соның 374-і қазақ тіліндегі кітаптар.

Ана тілі» - баспа. 1990 ж. 5 маусымда ұйымдастырылды.

Баспа еліміздің байырғы баспаларының бірі, мектеп оқулықтарын шығаратын «Мектеп» (қазіргі «Рауан») баспасының құрамындағы үш редакция негізінде отау тікті. 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнім шығаруға кірісті. Жаңа баспаның беташар кітабы Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегі болды. Кезінде әдебиетке берілген теріс бағалардың «салқыны» тиіп, қаламгердің көп томдығынада біраз жері күзеліп енгізілген бұл еңбек қоғамымыздағы оң өзгерістерге орай алғашқы толық нұсқасы бойынша шықты. Баспа Абай мен Әуезов тақырыбына арналған өдебиеттерді үзбей шығарып келеді. Мысалы, 3. Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі», М. Мырзахметовтің «Абайтану тарихы», Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Путь Абая» ( орыс тілінде) эпопеясы, ғалым Т. Әкімовтің «Даналық мәйегі», ғалым-журналист Б. Жақыптың «Мүхтар Әуезов - публицист» кітаптары жарық көрді.

«Алматыкітап» баспасы - жауапкершігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. қаланған. Баспалық өнімдерді басу және таратумен айналысады.

5 билет;3сұрақ

«Абай» энц.459 бет

6 билет

1- сұрақ: Библиографиялық сипаттама құрастыру,оның құрамындағы элементтер:

Бас тақырып,.

Негізгітақырып:[материалдың табиғи таңбасы]:басылым мақсаты/Жеке автор

Немесе коллективті авторлар;кітапты шығаруға қатысқан адамдар жайында-ғы мәліметтер-қайта шығу мәліметі.,не басылымның мінездемесі.-Шығу орны:баспа,жылы.-бет саны.:иллюстрация. + Жолдама материал жайындағы мәліметтер.-(Серия туралы мәліметтер)

Ескерту;

ИСБН.Мұқаба.Бағасы.

2-сұрақ: Оқырмандарға библиографиялық білім беру

Оқырмандарды оқу мәдениетіне тәрбиелеуде төменгі және жоғарғы сынып оқушыларына өткізілетін «кітапханалық библиографиялық сабақтар» ең маңызды түрі болып табылады.Сабақ оқу жылының басында,яғни қыркүйек айының басынан бастап, оқу жылы аяғына дейін жүргізіледі.Ол үшін кітапханалық сабақтың бағдарламасы құрастырылады.


Төменгі сынып оқушылары үшін мынандай тақырыптар алынады:

1. Кітапты ұқыпты ұстау

2. Кітап оқу гигенасы

3. Кітаптың құрылымы

4. Кітап элементтері

5. Кітапханаға саяхат (кітапхана құрылымы)

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған:

1. Мемлекетіміздің ең ірі кітапханалары

2. Кітапхананың анықтама аппараты,оларды қалай қолдану керек

3. Ұсыныстық библиография сенің көмекшің

4. Жаңа түскен кітаптарды қалай қадағалап отыру керек

5. Анықтама басылымдарымен жұмыс

6. Кітапқа сипаттама құрастыруға элементтер

7. Кітаптың анықтама аппараты және көркемделуі

8. Кітаптағы ұлы адамдар және өз өміріңде алатын орны

9. Библиографиялық КВН.

Осы аталып өткен тақырыптағы сабақтар ауызша журнал,әңгіме,шолу,әдеби музыкалық композиция (аудиовизуалды материалдарды қолдану арлықы) түрінде өткізуге болады.Әрбір өткізілген сабақтан кейін материал пысықталып,тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Жыл аяғында қорытынды ретінде КВН сабақ өткізуге болады.

1. «Еліміздің ең ірі кітапханалары» деген тақырыпты әңгіме түрінде өткізуге болады.Оқушыларға ең алдымен кітапханалардың көпшілік,ғылыми ,арнаулы болып келетінін айтқан жөн.Ресей кітапханалары: Қазақстан Республикасының кітапханалары оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, жас өспірімдер кітапханалар жүйесі т.б.

Жақын жердегі кітапханаларға экскурция жасаған жөн.Сабаққа көрнекті құрад ретінде әрбір кітапханалар туралы материалдар жинап, оны көрсету керек.

2. «Кітапхананың анықтама аппараты» туралы тақырыпта,жоғарғы сынып оқушыларын алфавиттік пәндік көрсеткіштер туралы және белгілі бір кітаптарды таңдауда кітап шифрының сипаттама элементтерінің маңызын айтқан жөн.

3. Каталогтар мен картотеканың айырмашылы туралы түсіндіру.

4. Сонымен қатар осы айтып өткен каталогтарды қалай пайдалану керек, кітаптарды қалай іздеп тауып алу керек екенін түсіндіру.

5. Келесі сабақта «Ұсыныстық библиография сенің көмекшің» деген тақырыпта ең алдымен «библиография» деген сөздің мағынасын түсіндіру. Бұл сабақ кітапханашыдан көп дайындықты талап етеді.Ұсыныстық библиографиялық құралдарды қалай пайдалану керек.

Оқушыларды ағымдағы библиографиялық құралдармен таныстыру.


Балаларды әмбебап және салалық энциклопедиялармен,сөздіктермен таныстыру.

6. Кітапқа смпаттама құрастырудағы элементтер деген тақырыпта оқушыларды баспа басылымдарына сипаттама құрастыру ережесімен (ГОСТ -71-2003.) кітаптың шифрымен таныстыру керек.

7. Кітаптың анықтама аппараты және көркемделуі:бұл тақырыпта оқушылардың кітап туралы білімін әрі қарай тереңдетеді.

8. «Кітаптың ұлы адам және өз өмірінде алатын орны» деген тақырыпта «ауызша журнал» түрінде конференция өткізуге болады.

9. Библиографиялық КВН бұл библиографиялық білімді насихаттаудың ең соңғы қорытынды сабағы.Ойын түрінде өтеді.Сыныпта үш команда ұйымдастырылады.

Командалардың аты:Кітапхана, «кітап», «оқырман». Әрбір команданың өзінің эмблемасы,рәсімі,девизі,басшысы болады.Алдын ала кітаптардан, энциклопедиялардан,сөздіктерден,анықтамалардан,көрсеткіштерден,каталог, картотекалардан іздестіру сұрақтарын дайындайды.Үзіліс арасында музыкалық шығармалар,өлеңдер оқып,кітапхана,кітап, оқырман туралы көріністер көрсетуге болады.Егер команда бір сұраққа жауап бере алмаса, онда ол сұраққа залда отырған оқырман жауап беруге болады.Барлық оқушылардың сұрақтарын сайыс алқалары(жури) бағалайды.Сұрақтардың жауабына дайындық үш,бес минут беріледі.Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылады.

3-сұрақ: Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайы туралы мәліметтер

«Атырау» энц. 315 бет,Қазақ мәдениті энц.анықтамалық 74бет.

7 билет

1-сұрақ:Кітапханадағы анықтама библиографиялық аппараты,оның құрамы.

Оқырман қауымына кітапхана қорының байлығын пайдалануын жеңілдету үшін кітапханада АБА(анықтама библиографиялық аппарат) болуы қажет.

АБА- анықтамалық басылымдары, кітапханалық каталогтар мен картотекалар жиынтығы.

Алфавиттік каталог орталық аудандық кітапханада 1968 жылдан бастап жүргізіледі.Кітапхана қорының кітаптары мен брошюраларының библиографиялық сипаттамалары енгізілді.