ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 185

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Автор

2.Тақырып

3.Тақырыптың астындағы мәліметтер

4.Шығу мәліметтері/мынандай тәртіпте көрсету керек:Шыққан жері, баспанын аты,жылы/.

5.Сандық мінездеме

а/бет саны/текстін ішінде орналасқан иллюстрация барма?

б/жалпы номерге жатпайтын жеке беттерде орналасқан иллюстрациялар саны

6.Тақырыптың үстіндегі мәліметтер

7.Кітаптың тізімдері./көрсетіңдер,олар қай жерде орналасқан,беттін төменгі жағында,тараудың соңында,кітаптың соңында/

II.Кітаптардың баспа безендірілуі

8.Қағаз баспа бетінің форматы

9.Кітаптың форматы/кітаптың биіктігі мен енінін ұзындығын см. мен көрсету/мысалы:6/4/

10.Кітап беттерін ноиерлеуүшін қандай колонцифрлар қолданылады?/арапша,римше/

11.Колонтитулдар бар ма? Болса олардың мазмұны қандай?

12.Сингатура мен норма қандай белгімен қолданылған

13.Иллюстрациялардың түрлері/ суреттер,чертеждер,портреттер және т.б.

14. Иллюстрациялардың ерекше түрі бар ма?/ түрлері:фронтиспис, факсимилия/

15.Кітап обдожкада немесе переплетте ме? Форцаз қандай?

16.Титул беттің түрі?

17.Шмуцтитул бар ма? Бар болса,олпр қайда орналасқан және онда не көрсетілген?

III.Кітаптың структурасы

18.Алғы сөз,кіріспе,мақалалар.

19.Негізгі текст/кітаптын негізгі текстінін құрылысы,олардын бөлімдерге, тарауларға,парагрофтарға,абзацтарға бөлінуі/.

20 .Қорытынды бөлім барма (соңғы сөз,қорытынды)

а) Ескерту,қосымша,түсіндірме/қандай/

б) Библиографиялық көрсеткіштер/қандай/.

9 билет

1-сұрақ: Өлкетану библиографиялық құралдары

Өлкетану библиографиясы әр қоғам өкілі өз туған өлкесінің тарихын, мәдениетін,этнографиясын,географиясын,эканомикасын білуге міндетті, демек белгілі бір өлкеге қатысты тарихи әдеби мәдени ғылыми еңбектердің жиынтығын құрайтын насихаттайтын библиография өлкетану библиографиясы.Өлкетану биб.қ құралдары мен ақпараттық өнімдерді әзірлейтін орталықтар:Республикалық,облыстық,қалалық,аудандық,ғылыми, әмбебап көпшілік кітапханалар.

Өлке туралы ақпаратты қажет ететін белгілі бір топтар:

1. Жергілікті атқару органдарының қызметкерлері

2. ЖОО ның професорлары,ғалымдары

3. Өлкені зерттеушілер

Өлкетану библиографиясының қорын өлкеге қатысты Республика төңірегінде шет елдерде жарық көрген қай тілде болмасын әдебиеттер қатарын құрайды.

2-сұрақ:Нақтылаушы анықтама дегеніміз не?

Нақтылаушы анықтама- тұтынушы өзіне белгілі бір автордың немесе деректің тақырыбын нақтылау мақсатында берілген анықтаманы нақтылаушы анықтама деп атаймыз.


Нақтылаушы анықтама сұранымға сәйкес құжаттарды іздеп табуға көмектесетін жетерліктей библиографиялық сипаттама мәліметтерін анықтау болып табылады.

3-сұрақ:Ауызша библиографиялық шолуды өткізудің маңыздылығы.

Әдебиеттерге ауызша шолу библиографиялық хабарлаудың жиынтығы болып табылады.Көпшілік кітапханаларда ауызша шолудың әртүрлері өткізіледі.Олар мақсатына және оқырман тобына байланысты:әмбебап, салалық,тақырыптық,дербес басылымдарға,библиографиялық құралдарға шолу.

Қандай да болмасын шолудың түріне, дайындық және біркелкі жоспар жасалады.Алдымен тақырыпты таңдау және зерттеу, әдебиеттерді іздестіру мен іріктеу,баспа басылымдарын топтастыру және олрға мінездеме беру, шолуға конспект құрастыру,мәтінді әдеби өңдеуден өткізу.

10 билет

1-сұрақ:Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштер.

ҚР ның Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасы,шығаратын мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштері:

ҚР ның Кітап палатасы Қазақстанның орталық атқару комитеті мен Қазақ ССР Халық Комиссарлары кеңесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі «Қазақ ССР Мемлекеттік Кітап палатасын құру туралы» бірлескен қаулысы негізінде ұйымдастырылды.

1994 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мәртебесі берілді.

Кітап палатасы шежірелерді 1938 жылдан тек орыс тілінде, ал 1939 жылдан бастап, қазақ және орыс тілінде шығара бастады.

Кітап палатасы еліміздің аумағында шығатын барлық баспа шығармаларының міндетті даналарын қабылдап, мемлекеттік тіркеуге алып отырады.

1). Кітап палатасы 1938 жылдан бастап «Баспасөз шежіресін» шығарады.Екі тілде ай сайын шығып тұратын басылым. «Баспасөз шежіресі» мынадай бөлімдерден тұрады: «Кітап шежіресі»(1938), «Диссертациялардың авторефераттары»(1954), «Бейнелеу өнері басылымдарының шежіресі»(1961) «Ноталар шежіресі»(1964)

«Кітап шежіресінде» баспалардан шыққан кітаптар,брошюралар,мерзімді басылымдар (ғылыми еңбектер) тіркеледі.

«Бейнелеу өнері басылымдарының шежіресі» бұған бейнелеу өнерінің баспадан шыққан басылымдары:плакаттар,ашық хаттар, альбомдар және т.б. кіреді.

«Мерзімді басылымдар шежіресіне» республика көлемінде шығатын барлық тілдегі газеттер, журналдар,бюллетеньдер және т.б. мерзімді басылымдар кірген.Ол жылына бір рет шығарылған.Шежірені пайдалануды жеңілдету үшін «Атаулар көрсеткіші», «Шығармалардың мазмұн көрсеткіші», «Тақырыптың көрсеткіші» берілген.

Жыл сайын «Баспасөз шежіресінен» кейін «Қазақстан кітаптарының жылнамасы» шығып отырған.



2). Кітап палатасы ай сайын «Мақалалар мен рецензиялар шежіресін» шығарған Шежіре бірнеше бөлімнен тұрды.

-1938 жылдан бастап «Журнал мақалаларының шежіресі» шықты.

-1957 жылдан бері «Газет мақалаларының шежіресі» бөлімі шығады.

-Осы жылы «Ренцензия шежіресінде» орталық және республикалық баспаларда жарық көрген шығармалар,газет- журналдарда жарияланған сын, мақалалар тіркелді.

1958 жылы «Қазақ ССР баспасөзі» («Печать Казахстана») деген атпен шыққан 1921-1957 жж. аралығын қамтитын бірінші статистикалық жинақ шығарылды.

Кітап палатасының басылымдары Қазақстанда шыққан барлық баспа шығармалары жайлы толық және жан -жақты мәліметтер беріп отыратын бірден- бір ақпараттық -библиографиялық құралдар.1992 жылдан бастап «Журнал мақалаларының шежіресі» өз алдына жеке көрсеткіш болып шығады, сонымен қатар «Газет мақалаларының шежіресі» де өз алдына жеке көрсеткіш болып тіркеледі.

Қазақстан туралы өзге республикалар мен шетелдерге қандай шығармалар жарияланып жатқандығымен оқырмандарды таныстыру мақсатында 1967 жылдан бері «Қазақстан КСРО және шетел баспасөзінде» атты тоқсан сайын тұратын библиографиялық көрсеткіш шығарылған.Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл көрсеткіш құрамына біраз түзетулер мен өзгертулер енгізіліп, 1992 жылдан бастап «Казахстаника» деген атпен шығара бастады. Көрсеткіштің бірінші бөлімінде Қазақстан туралы ТМД халықтары тілдеріндегі жарияланған кітап,реферат, жинақтар, нота шығармалары, бейнелеу өнері саласындағы туындылары жинақталады.

Екінші бөлімінде шетел тілінде жарияланған жеке Қазақстандық авторлардың шет тілі мен өзге мемлекеттерде жарияланған шығармалары жөніндегі мәліметтер беріліп отырады.


Кітап палатасы

ҚР ның Кітап палатасы Қазақстанның орталық атқару комитеті мен Қазақ ССР Халық Комиссарлары кеңесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі «Қазақ ССР Мемлекеттік Кітап палатасын құру туралы» бірлескен қаулысы негізінде ұйымдастырылды.Кітап Палатасы 1937-1945 жылдары Қазақстанның Оқу Халық Комиссариатына,1945-1953 жылдар аралығында Қазақ ССР Министрлер кеңесінің баспасөз жөніндегі мемлекеттік кабинетіне бағынды. ҚР Мемлекеттік Кітап палатасы ҚР Министрлеркабинетінің 6 сәуір 1993 жылғы № 270 қаулысымен ҚР ның Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырында.Кітап палатасының қызметінің мақсаты ҚР ның Баспасөз мұрағатын,мемлекеттік библиографияның,баспасөз статистикасының республикалық ғылыми орталығын құру,орталықтандырылған каталогтендіру,республика аумағында шығатын барлық баспасөз туындыларын есепке алу және ғылыми тұрғыдан өңдеу, жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру,сондай-ақ кітаптарды халықаралық стандартпен нөмірлеу (International Standard Book Numbering) және сериялық басылымдар (International Standard Serial Numbering), ноталық басылымдар (International Standard Music Numbering ) штрихкодтар беру, КБЖ (кітапханалық- библиографиялық жіктеу) жөніндегі функцияны орындау болып табылады.Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында 5 миллионнан астам баспа өнімдерінің міндетті даналары сақталуда.ҚР Ұлттық

Мемлекеттік Кітап палатасында ISBN және ISSN Агентство бар.Кітап палатасының ISBN Агенстствосы,Лондонда орналасқан ISBN Халықаралық Агенствасына мүше болды.

Қазіргі кезде ҚР да мерзімді басылымдарға халықаралық ISBN,ISSN,ISMN белгілермен қатар штрих коды беріле бастады. Сондайақ,кітаптарды халықаралық стандартпен нөмірлеу ISBN (International Standard Book Numbering) және сериялық басылымдар ISSN (International Standard Serial Numbering),ноталық басылымдар ISMN(International Standard Music Numbering ) штрих кодтар беру қызметін орындайды.

Міндеттері:

. ҚР да барлық мерзімді басылымдардың шығатын даналарын Мұрағатқа жинау,тіркеуге алу;

. ҚР ның Баспасөз мұрағатындағы міндетті даналардың сақталуын қамтамасыз ету, мерзімді басылымдардың туындылардың сақталуын бақылауға алу;

. Еліміздегі ғылыми мекемелерді,кітапханаларды,ғылыммен айналысатын орталықтарды библиографиялық ақпаратпен: жылнамалар мен анықтамалықтармен қамтамасыз ету;

. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында мерзімді басылымдарды толықтыру және сақтау;

. ҚР да шығатын баспа өнімдеріне халықаралық ISBN,ISSN,ISMN штрих-кодын беруді қамтамасыз ету;


. ҚР да басылып шыққан жариялымдардың, материялдардың негізгі түрлерінің библиографиялық өңделуін жүзеге асыру;

. ҚР да шығатын мерзімді басылымдардың (газет,журнал,жалғаспалы басылым, т.б.) статистикалық есебін жүргізу;

. Қазақстанда шығатын кітап пен журналдарға ӘОЖ(әмбебап отандық жіктеу) индексін беру;

. ҚР да 1917 жылдан бері басылып шыққан жариялымдардың, материялдардың барлық түрлеріне,Кітап палатасының қорында 1917 жылға дейін басылып шыққан әдебиетті қамтитын каталогтар мен картотека жүйесін жүргізу;

. ҚР туралы шет елдерде шыққан материялдарды жинау;

. Қазақстанда алыс және жақын шет елдері туралы жарияланған туындыларды, материялдарды анықтау,есепке алу, библиографиялық сипаттама жасалған карточкаларды басқа кітапханаларға,ғвлвми мекемелерге жіберу;

. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық орындардан,жеке тұлғалардан түскен сұраныс бойынша баспа өнімдерін алып беру;

. Баспасөз мұрағатында сақтаулы басылымдардың электрондық көшірмесін жасау;

. Республиканың мерзімді басылымдар туралы ғылыми зерттеу, білім беру ісі туралы социологиялық зерттеулер жүргізу және ғылыми практикалық семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру;

. Кітаптарға көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру;

Құрылымы:

Бүгінде Кітап палатасының атқаратын негізгі міндеттеріне сәйкес мынадай бөлімдер жұмыс істейді:

. «Қабылдау және бақылау» бөлімі

. «Баспасөз статистикасы, кітап және оқу социялогия» бөлімі

. «Мемлекеттік библиография» бөлімі

. «Анықтама барлау» бөлімі

. « Ретроспективті библиография және Қазақстантану» бөлімі

. «Ақпараттық технология» бөлімі

. «Әдістемелі редакциялық баспа» бөлімі

. «Баспасөз мұрағаты» бөлімі

. «Ғылым және кітап нарығы мен баспасөз өнімдерінің мониторингі» бөлімі

. «Қаржы экономика» бөлімі

. «Жалпы» бөлім

Шығарылатын басылымдар:

. Кітап шежіресі

. Журнал мақалаларының шежіресі

. Газет мақалаларының шежіресі

. Рецензиялар шежіресі

. ҚР ның баспасөзі... Статистикалық жинақ

. Бейнелеу өнері, картография және ноталар шежіресі

. Қазақстандық басылымдар

. Мерзімді және жалғасты басылымдар шежіресі

. Автореферат және диссертация шежіресі

. ҚР кітаптарының жылнамасы

2-сұрақ: Анықтама басылымдары

Анықтамалық басылымдар мазмұнына қарай:салалық,тақырыптық,дербес, әмбебап болып бөлінеді.Оларға:энциклопедиялар,анықтамалықтар, көрсеткіштер,сөздіктердің барлық түрлері(терминдік,алфавиттік т.б.) жатады.