ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 187
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүйелі каталог 1968 жылдан жүргізіледі. Кітапхана қорындағы түрлі білім саласы бойынша кітаптар мен брошюраларға библиографиялық сипаттама жасалған.Жүйелі каталог КБЖ(кітапханалық библиографиялық жіктеу) негізінде құрылған.Білім саласына сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге бөлініп орналастырылған.
АБА(анықт.биб.қ апараттың) қосымша көмек құралы ретінде газет журнал мақалаларының картотекасы болып табылады.
Өлкетану мақалаларының картотекасы 1998 жылдан бастап жүргізіледі. Арнайы дайындалған жіктеу таблициясы негізінде жүргізіледі және орталықтандырылған кітапхана жүйесі жазылған жергілікті,облыстық, республикалық мерзімді басылымдар мақалаларының сипаттама карточкалары енгізілген.Деректер кері хронологиялық ретпен орналасқан. Картотека қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тақырыптық картотека 1990 жылдан «Өлеңдер», «Цитаталар», «Құтықтау картотекасы», «Әдеби шығармалар сыны», «Заңдар» т.б. тақырыпта жүргізіледі.
Жинақтау папкаларының тақырыптық картотекасы 1992 жылдан жүргізіледі.Аталған картотеканы жүргізу мақсаты кітапхана мұрағатының деректер қорын жинақтау.Деректер тақырыптар бойынша жүйеленіп, папкаларға жинақталған.Осындай папкалар саны-162.
Орталық аудандық кітапхананың анықтама қорына қазақ және орыс тілдеріндегі энциклопедиялар,сөздіктер,анықтамалар,мұрағаттық қор (жинақтау папкалары) кіреді.
Библиографиялық ақпараттық хабардың ең көп таралған формасы библиографиялық (кітаптардың атын,мазмұнын, т.б. жазып отыру, әдеби көрсеткіш) жазылым оған енетіндер:библиографиялық сипаттама,ол классификациялық индекспен,пәндік айдармен(рубрика),кілт сөздермен, түйіндемемен,рефератпен толықтырылады.
Библиографиялық ұйымның нақты міндеттері мен мақсаттарына сай жазылғанда библиографиялық жазылымның толықтығы қамтамасыз етіледі, соған байланысты библиографиялық құрал құрастырылады.
Библиографиялық сипаттама қабылданған мемлекеттік қалып-7,1-2003 «Құжатқа библиографиялық сипаттама беру».Сипаттаманың ережесі мен талаптары бойынша құрастырылады.
Библиографиялық сипаттамаға мыналар кіреді:
.библиографиялық сипаттама
.сақталу орны
.кітаптың шифры
Библиографиялық жазулар жанжақты ондық жіктеу (ЖОЖ) және Кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша топтастырылады.Бөлімнің ішінде кітаптар алдымен қазақ тілінде, сонан соң орыс тілінде орналасқан. Кітаптар авторлардың және бас тақырыптардың алфавиті бойынша орналасады.Сақталатын орны туралы ерекше белгіден соң құжаттың қанша дана екені көрсетіледі.
Бюллетеньде қысқартылған сөздер тізімі мен мазмұны бар.
«Жаңа кітаптар» бюллетеньі профессор/оқытушылар құрамына,студенттерге және қызметкерлерге арналған.
2-сұрақ: Комплексті және персоналды библиографияға анықтама беру
Комплекстік библиография-бұл тақырыптық библиографияның әртүрлілігі, яғни әр түрлі ғылым саласындағы халық шаруашылығы мен мәдениет оны шешу мен үйренудегі комплекстік тәсілдерді оқып үйрену мен шешу жөнінде ақпаратты талап ету мәселелері.Бұл мәселелер,мысалы, библиографиямен қамтылудың комплекстік бағдарламаларымен және қоғамның ғылыми- техникалық, әлеуметтік- экономикалық даму мақсаттарымен байланысты (космос әлемін зерттеу,экологиялық мәселелер қарастыру т.б.)
Комплекстік тақырыптық мәселелер қазіргі кезеңдегі ғылым мен іс-тәжірибеде одан әрі өсіп дамыған жетекші рөл атқарады.Комплекстік библиографиялық мән мағынасы да осыған сәйкес дамып келеді.
Осы жүйеде ең қажеттісі персоналдық, өлкетану және отантану библиографиясы орын алады.Оның өзгешелігі олар әмбебап және салалық библиографиямен бірдей байланысады.
Персоналдық библиография- жеке тұлғаға арналған библиография.Атақты кісінің жеке шығармашылығы мен ол туралы жазылған еңбектерді әр жерден, әр басылымнан іздеп жүру көп уақыт талап етеді.Сондықтан библиографиялық тәжірибеде белгілі кісіге арналған өмірбаяндық көрсеткішті пайдалануды қажет етеді.Әдетте мұндай құрал сол жарыққа шыққанға дейінгі кезеңді қамтып,біртұтас толық мәлімет ұсынады. Библиографияға ғалымның өмірі мен қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер енеді.Мысалы:Ш.Уалихановтың 150 жылдық мерейтойына арналып, оның толықтырылған өмірбаяндық көрсеткіші (Құраст. Б.Нүсіпбекова,М.Исмағұлова,Г.Березина,О.Шалганова.- Алматы:Қазақстан,1985.-287 б.).
Көрсеткіш бірнеше тарауға бөлінген,Шоқанның еңбектерінің басылуы және олар туралы оның орыс тіліндегі басылымдары жайындағы әдебиеттер берілген.
3-сұрақ:Библиографиялық құралдардың типтері мен түрлерін анықтау.
Түрлері:
1. а) Қызметіне байланысты:
1.Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш
2.Ғылыми көмекші
3.Ұсыныстық
4.Кәсіби өндірістік
5.Баспа
6.Кітап сауда
2.б) Мазмұнына байланысты:
1.Әмбебап
2.Салалық
3.Тақырыптық
4.Өлкетану
5.Библиографиялық
6.Дербес
3.в) Мезгіліне байланысты:
1.Ағымдағы.Жаңа әдебиеттерді қамтиды.
2.Ретроспективті.Белгілі өтіп кеткен жылдары.
3.Перспективті.Шығатын әдебиеттерді қамтиды.
4.г) Құжаттардың толық қамтылуына байланысты:
1.Толық тіркелген
2.Іріктеліп тіркелген
5.д) Топтастырылуына байланысты:
1.Алфавиттік
2.Пәндік
3.Жүйелі
4.Хронологиялық
6.е) Библиографиялық мінездемесіне байланысты:
1.Сигналды. Библиографиялық сипаттамамен шектелген.
2.Аннотацияланған.Библиографиялық жазумен қатар аннотациясы берілген.
№8 билет
1-сұрақ: Құжаттық коммуникация жүйесі.
Алғашқы қолжазба кітаптар мен оның оқырмандарының пайда болуы құжаттық коммуникация жүйесінің шығуына себеп болды.
Шын мәнінде, өзгерістің болуы құжаттық коммуникация жүйесінің тарихында кітап басу ісін ойлап шығару,өзгерісті кезеңнің пайда болуына әкеп соқты.
Сондықтан кітап басу ісін ойлап табу өзінің мән мағынасында адамзат өркениетінің жетістіктерімен көзге көрінеді.
Құжаттық коммуникация жүйесі сонау тарихи дамыған кітап шығару түрлерінің бар екендігін және қазіргі кезеңдегі оның бастаушы рөл атқаратындығын табуға тырысады.Соның нәтижесінде оның құжаттық коммуникация жүйесіндегі нақты әсерлердің әртүрлілігін ұдайы көбейтеді. Қазіргі уақытта бұл жүйе адамзат өмірінің қызмет саласындағы орасан зор ауқымды lf күрделі құрылымымен тармақталған, үйрену үшін онымен байланысты негізгі түсініктемені білуді қажет ететін сала болып табылады.
Құжат-бұл ақпаратпен материалдық тасымалдаушы біртұтастығынан тұратын күрделі объект (нысан)
Құжаттардың қоғамдағы қызметі- құжаттық коммуникация жүйесі арқылы әлеуметтік ақпараттың сақталуы болып табылады.Құжаттар қызметі адамзат өмірінің барлық жақтарын,яғни олрдың жеке және әлеуметтік қарым қатынастарын қамтиды.
Ақпарат тұтынушы- әр түрлі ақпарат қайнарларын пайдаланатын (ғылыми, өндірістік,шығармашылық,оқу мақсатындағы т.б.) адам және ұжым.
Құжаттық коммуникациялар- құжаттардың көмегімен жасалатын, айталық, адамдардың арасындағы өзара ауызша түрде жүргізілетін қарым қатынасынан айырмасы қоғамдағы ақпарат таратушылардың хабарлар тәсілдері мен процестері.
Құжаттық коммуникациялар құжаттардың көмегімен (айталық,адамдар арасындағы ауызша түрде жүргізілетін қарым қатынасы) іске асырылатын қоғамдағы процестер немесе ақпарат тараудың жолдары.
Құжаттық коммуникация жүйелері- «құжат ақпаратты тұтынушы» жүйесі бойынша қоғамдағы құжаттар қызметін анықтайды.Ол ақпартты коммуникацияның үлкен құрамдық жүйесіне ене отырып,өңдеуін,сақталуын, әлеуметтік ақпарат ретінде құжаттарда қолданылуы мен таратылуын қамтамасыз етеді.
Құжаттық коммуникация жүйесі бүкіл адамзат әлеміне түгелдей қызмет етеді.Оның маңызын жаңа дүниеде қайта бағалау мүмкін емес.
Құжаттық коммуникация жүйесіне редакциялық баспа ісі,кітап сауда ісі,кітапхана ісі,архив ісі,ғылыми ақпараттық қызмет және библиографиялық қызмет кіреді.
Кітап ісі немесе «кітап» жүйесі «оқырман» неғұрлым көп дамыған,көп таралған алғашқы тарихи құжаттық коммуникация жүйесінің тіршілік ету формасы.
Барлық әлемде кітап саны,журналдар,газеттер және басқа ақпарат құжаттарының қайналары лек легімен үдей түсуде.
Бүгінгі күнгі адамзат әлемі дем беріп отырған баспа шығармаларының жалпы көлемі шын мәнінде орасан зор үлкен мөлшермен бүкіл әлемге жетті десе де болады.
Барлық әлемдегі шығып жатқан журналдар мен газеттерді саусақпен санау мүмкін емес,олардың көлемі жылдан жылға арта түсуде.
Сондықтан құжат пен тұтынушы арасында арнайы келістіруші қажеттілік пайда болады,яғни рационалдық және нәтижелік көмек арқылы қоғамнан қолдануға жиналған орасан зор құжаттық ресурстар.
Құжаттар мен ақпараттық тұтынушылар арасындағы делдалдық қызмет атқаратындардың қатарына библиография да кіреді.
Құжаттық коммуникация жүйесінің ертедегі тарихи дамуында ақпарат кедергілері түріндегі ішкі қайшылықтары ақпарат алуға көп кедергілері келтіріп келді.
Құжаттық коммуникация жүйесіндегі ақпарат кедергілерін 3 топқа бөлуге болады:
1.Объективтік ақпараттың кедергілері:
-Құжаттың тұрған орнының белгісіздігіне байланысты,үлкен құжаттық массивтерден іздеу қажеттілігінен туатын кеңестік кедергілері.
-Тасымалдау жағдайларымен,географиялық изоляциялау, құжат пен тұтынушы аралығына байланысты болатын географиялық кедергі.
2.Ақпараттың ақпарат тұтынушыларына байланысты кедергілер:
-Құжаттағы сөздің қалай жазылғанынан пайда болатын тілдік кедергілер.
-Психологиялық бұл жанр немесе басқа жанрлық тақырыптарға жаңа ақпарат қайнарларының түрлеріне,сонымен қатар көркемдік ұнасымдылық жағының жетіспеушілігін пайдалану,әрдайым ынталы көңіл күйіне қоршаған ортаның әсер етуі т.б. нәтижесінен туатын теріс ұғым.
-Керекті ақпаратты қабылдаудан бас тартатын сенімсіздік көзқарастағы қиял, елес кедергілері.
-Стратегиялық ізденіс кедергілері,ол құжаттық ізденістің дұрыс жолдарын таңдай алмағандығына байланысты болатын кедергілер.
-Уақытша кедергілер,шектеулі уақыттан тұратын ақпараттың ізденіс кезіндегі кедергілер.
-Тұтынушының ақпарат басылымдарын қолдануына немесе ақылы қызмет көрсету құралдарының жетіспеушілігіне байланысты болатын эканомикалық кедергілер.
3.Ақпараттық кедергілер,құжатты коммуникация жүйесіндегі құжат дайындаушы және келістіруші адамның арасында пайда болады.
-Ведомсволардың әкімшілік құрылымына байланысты құжаттардың шығуына кедергі болатын ведомстволық кедергілер.
2-сұрақ:Көпшілік кітапханаларда библиографиялық құралдарды жасау әдісі.
Библиографиялық ақпарат дегеніміз- құжаттарды және басқада мәліметтерді іздестіруде,оны қолдануда,хабарлауда,ұсынуда ең маңызды әрі нақты мәлімет беру.
Библиографиялық ақпарат түрлері:
1.Библиографиялық хабарлау;
2.Библиографиялық жазу;
Библиографиялық хабарлау дегеніміз-бұл библиографиялық ақпараттың негізгі злементтері болып келіп бекітілген ережелер бойынша құжат туралы мәлімет береді.
Библиографиялық жазу- бұл бірнеше элементтен тұрады,оны биб-қ. сипаттама деп те айтады,демек библиографиялық сипаттама арқылы кітаптың атын,авторы,тақырыбы,көлемі,кілт сөздері,қандай оқырманға арналғандығы,шығу орталығы туралы мәліметін алуға болады.
Библиографиялық қызмет дегеніміз - тұтынушылардың құрамына,қордың көлеміне және жұмыс профиліне қарамай кітапханалардың барлық типтеріне жұмыс атқарады. Биб-қ. қызмет бұл биб. Ақпаратқа сұраныс етушілерді қанағаттандыратын күрделі сала.
Биб.қ. қызмет негізгі екі процестен тұрады:
1. Библиографиялау процесі
2. Библиографиялық қызмет процесі
Библиографиялау биб-қ ақпаратты дайындау процесі.
Библиографиялау 3- кезеңнен тұрады:
1) Дайындық кезеңі
2) Негізгі кезең (аналитикалық,синтетикалық)
3) Қорытынды кезең
Дайындық кезең тақырып таңдау,оның жоспарын құрады.
Негізгі кезең құжатқа биб. талдау жасау;мәлімет іріктеу;аннотациялау; іріктелген мәліметке биб. сипаттамасын құрастыру;рефераттау;индекстеу;
Қорытынды кезең құжаттың анықтама апаратын құрастыру:
-кіріспе
-алғы сөз
-мазмұны
-атаулар көрсеткіші
-томның авторлары
-библиографиялық редакциялау
-элюстрациялау
-көркемдеу;безендіру
Сонымен библиографиялау - жеке құжаттарды,құжаттардың ағымы мен массибін, библиографиялық өңделуін түрлі себептермен қайта өңделу негізіндегі жаңа библиографиялық ақпаратты шығаруын қамтамасыз етеді.
Библиографиялаудың нәтижесі- ақпараттық өнім.
3-сұрақ:Жаднама(Памята).Кітаптың баспа безендірілуі мен құрылымын талдау
I. Библиографиялық мәліметтер: