Файл: Фоб012062 . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті медицина факультеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 270

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

17. Сіреспе таяқшалары қандай токсиндер бөліп шығарады?

а) энтеротоксин

б) цитотоксин

в) тетаногемолизин

г) фибринолизин

д) тетаноспазмин

А) аб

В) аг

С) бд

D) бг

E) вд
18. Сіреспемен ауырған адамның қанындағы токсиндерді жою үшін не қолданылады?

A) гормондар

B) сіреспеге қарсы сары су мен анатоксиннің емдік дозасы

C) гангренаға қарсы сары су

D) толық құрамды қан

E) венаға тұзды сулар құю
19. Көп профильді ауруханада сіреспемен ауырған науқасты қай бөлімде емдеген дұрыс?

A) нейрохирургиялық

B) терапиялық

C) неврологиялық

D) реанимациялық

E) хирургиялық
20. Сіреспемен ауырған науқасқа вена арқылы жіберілетін сіреспеге қарсы сары судың тәуліктік дозасы қандай?

A) 50000-100000 АЕ

B) 100000-150000 АЕ

C) 150000-200000 АЕ

D) 200000-250000 АЕ

E) 250000-300000 АЕ
21. Ит, қасқыр т.б. хайуанаттар тістеген жараны емдеу алдында қандай ауруларға қарсы арнаулы профилактикалық шара қолданылуы қажет?

а) дифтерияға

б) сіреспеге

в) туберкулезге

г) жындануға

д) газды гангренаға

А) абд

В) бд

С) гд

D) бг

E) бгд
22. Күйдіргі (сиб.язва) түріне байланысты қалай жіктеледі?

а) терілік түрі

б) тіндік түрі

в) тамырлық түрі

г) өкпелік түрі

д) ішектік түрі

A) агд

B) абд

C) бгд

D) бвг

E) абв
23. Жарақатына және қоздырғыштың ену орнына байланысты сіреспенің түрлері:

а) жедел сіреспе

б) жаңа туған баланың, нәрестенің

в) босанған әйелдердің

г) түсік түскен әйелдердің

д) созылмалы сіреспе

A) абд

B) бгд

C) авг

D) бвг

E) вгд
24. Сіреспенің клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

а) «көзілдірік» сиптомы

б) опистотонус

в) анизокария

г) ет гипертониясы

д) үрейлі «күлкі» белгісі

A) авг

B) вгд

C) агд

D) бвд

E) бгд
25. Төменде көрсетілген сіреспенің арнайы емес профилактикалық шараларына жатпайтынын атаңыз:

A) жараны біріншілік хирургиялық әдіспен тазалау (БХТ)

B) жараны тотықтырғыш тобының антисептикалық ертінділерімен жуып-тазалау

C) жара айналасындағы тіндерге антибиотиктер енгізу

D) антибиотиктерді парентеральді әдіспен жіберу

E) дегидратациялық ем қолдану
7.2.Ситуациялық есептер.
Есеп №1. Хирургия бөліміне дене қызуы жоғарылаған, оң санының 1/3 бөлігінің ішкі бетінің ауырсынуына, осы аймақтың тінінің тығыздалуына шағымданған науқас келіп түсті. Тексергенде оң санда инфилътрат бар екені анықталды. Комплексті – консервативті ем бастады. Емнің нәтижесі қандай болуы мүмкін?


Жауабы: Келесі варианттар болуы мүмкін инфильтрат емнің әсерінен инволюцияға ұшырап (қабынудың бәсеңдеуі) абсцесс түзілуі немесе флегмона дамуы мүмкін.
Есеп N2 Инфекция бөліміндегі консулътация кезінде хирург науқастағы жоғарғы температураны, қалтырауды, шекарасы айқын байқалатын гиперемия және оң тізенің артқы бетіндегі анық емес тері ісінуін анықтады. Науқасқа не болған? Науқасты қай бөлімшеде емдеу керек.

Жауабы: Науқаста тілме қабынуының эритематозды формасы науқасты инфекция бөлімінде емдеу керек.
Есеп N3 Хирургия бөліміне перзентханадан науқас жеткізілді. Түскен кезінде хирург маститтің серозды формасы деп диагноз қойды. Сіз қандай ем тағайындар едіңіз?

Жауабы: консервативті ем (антибиотиктер, сүтті сауып тастау, сулъфанильамидтер, физиотерапия, тартып тұратын емшек қап).
Есеп N4 Науқастың денесініњ үш жерінде абсцесс байқалды, нәтижесінде абцедирленген мастит диагнозы қойылды. Науқасты қалай емдейміз?

Жауабы: Іріңдіктерді радиалъді кесу жүргізу керек. Іріңді қуыстарды антисептиктермен жуып, жабысқан жерлерін ажыратып, селиканды түтікпен дренажау керек.
1. Тақырып: «Аназробты инфекцияның жіктелуі. қоздырғыштары. Патологиялык анато-миялык өзгерістері. Клиникасы, емі, алдын алуы. Шірітуші инфекция, себептері, клиникасы, емі.» Сіріспе. Этиологиясы және патогенезі. Белгілері. Емі мен алдын алуы.
2. Мақсаты: Студенттерді анаэробты және шірікті инфекциямен ауыратын науқастарды курациялауға, алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістері бойынша «жалпы хирургия» пәнінін ситуациялық есептерді талдауды, клиникалық сценарий арқылы видео роликтермен көрсету әдісі. Мақсаты: Хирургиялық дағдыларды, соның ішінде шұғыл көмек көрсету жағдайларда, білімгердің дағдыларды рет - ретімен дұрыс және уақытылы істеуге үйрету.

3.1.Студент білу тиіс:

  • анаэробты инфекцияның даму факторларын және этиологиясын

  • анаэробты клостридиалы инфекцияның жіктемесін

  • аурудың диагностикасын және клиникалық көрінісін (оның ішінде бактериологиялық, хроматографиялық және т.б)

  • аурудың алдын алуы және емін

  • анаэробты инфекциямен ауыратын науқастарды палатада және бөлімшедегі

  • санитарлы гигиеналық тәртібін ұйымдастыруды

3.2. Студент істей алуға тиіс:

  • Анаэробты инфекцияға байланысты операция болған науқасқа жара таңуды жасауды

  • Анамнезін жинауды

  • Емін тағайындауды

  • Санитарлы гигиеналық тәртібін ұйымдастыруды



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Гепатобилиарлы жүйенің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

  • Ұйқы безінің анатомиялық құрылысын және қызметтерін

  • Тыныс алу жүйесінің анатомиясы

  • Асқазан ішек жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

  • Сіріспе. Этиологиясы және патогенезі. Белгілері.

  • Сіріспе емі мен алдын алуы.

  • Шірітуші инфекция, себептері, клиникасы, емі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

  • Клостридиальды анаэробты инфекцияның қоздырғышын атаңыз?

  • Клостридиальды анаэробты инфекцияның клиникалық көрінісі

  • Инифицирленген жара кезінде клостридиальды анаэробты инфекцияның алдын алу

  • Клостридиальды анаэробты инфекция мен шірікті инфекциясы бар науқаспен жұмыс істегенде мед. персонал қандай алдын алу шараларын жүргізеді.

  • Клостридиальды анаэробты инфекцияның қандай зерттеу әдістері бар

  • Анаэробты инфекцияның дамуына қосымша факторды ата

  • Анаэробпен бөлінетін токсинді айтыныз

  • Клостридиальді емес анаэробты инфекцияның емі мен алдын алуы

  • Клостридиальді емес анаэробты инфекцияныңнегізгі клиникалық түрлері

  • Оқытудың инновациялық әдістері бойынша алынатын нәтижесі: Болшақ дәрігер шұғыл көмек көрсету кезінде хирургиялық дағдыларды жоғары деңгейде көрсетіп, логикалық ойлану қабілетін арттырып, дағдыларды дұрыс жасай алуына мүмкіндік береді.


6. Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілдерінде:

  1. М.Ө.Мукамов, В.К.Гостищев Жалпы хирургия. ОТАР-медиа, 2014ж., 520

  2. Касенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия . - Алматы, 2013 ж..

  3. Дурманов К.Д-, Жалпы хирургия. - Алматы 2012ж.

  4. Медициналық сайттар: meduniver.com; surgery com. net және тағы басқа.

  5. М. А. Қалдыбаев Жалпы хирургия Алматы, Эверо – 2015 ж. 200

6. Ө. М. Мәдікенова Жалпы хирургия Алматы: Эверо, 2012ж., 456

7. Бақылау:

7.1.Тест сұрақтары:
1. Поливалентті гангренаға қарсы сарысуды алдын алу үшін қолданылатын мөлшері:

1/ 3000 МЕ

2/ 10 000 МЕ

3/ 30 000 МЕ

4/ 150 000 МЕ

5/ 300 000 МЕ
2. Газды гангренаның жергілікті белгілері болып табылады:

1/ қабыну реакциясы, некроз, ісіну, интоксикация

2/ некроз, ісіну, қабыну реакциясының болмауы

3/ ісіну, лимфангит

4/ аяқтардың шамадан тыс ұлғаюы

5/ субфасциальді флегмона, бактеремия, лейкоцитоз
3. Газды гангренаның қоздырғыштары организмге әсер еткенде мыналар дамиды:


1/ көптеген абсцестер

2/ тері асты клечатканың эпидермисінің некрозбен бірге қабаттануы

3/ дәнекер тіннің, бұшықеттермен бірге газдың түзілуі

4/ жарақаттық шок

5/ сүйек тканінің, бұлшықетінің, терінің некрозы

4.Газды гангренаның анатомиялық жіктелуі бойынша келесі түрлерін бөледі:

1/ эпифасциальды, субфасциальды

2/ тамыр ішілік

3/ сүйекішілік

4/ эпидуральды, субдуральды

5/ терілік, теріасты, бұлшықеттік
5. Газды гангренаны спецификалық емес алдын алуына жатады:

1/ жараны бірінші хирургиялық өңдеу

2/ массивті (2-3 антибиотик) антибиотьикотерапия

3/ гангренаға қарсы сарысу енгізу

4/ жара айналасына антибиотиктер егу

5/ қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау
6. Газды гангренаны емдеген кездегі гангренаға қарсы сарысудың аз мөлшері қанша?

1/ 30 000 МЕ

2/ 90 000 МЕ

3/ 150 000 МЕ

4/ 300 000 МЕ

5/ 600 000 МЕ
7.2.Ситуациялық есептер.

Есеп №1. Хирургиялық стационарға оң аяқ жүйке-қан тамырлар будасының зақымдануымен науқас келді. Хирург науқасты зерттеп ондағы газды гангренаның созылмалы ағымда жүргендігін анықтады. Науқасқа қандай опеартивті ем жүргізіледі?

Жауап: сау тіндерге дейінгі ампутация жасау.
Есеп №2. 25 жастағы жараланған науқасқа хирургиялық өңдеу жасау уақытында қан қысымы төмендеді. Хирург ары қарай ревизия жасауды тоқтатып, оған сирек тігіс салды. Науқастың жағдайы жақсарды. 2 тәуліктен соң науқастың операциядан кейінгі жарасында ауырсыну, жара айналасында крепитация байқалды. Пульсі-120 рет минутына, дене қызуы 37,8. Қандай асқыну болуы мүмкін? Науқасқа шұғыл түрде қандай ем жүргізіледі?

Жауап: Науќаста анаэробты инфекция. Шұғыл түрде тігістерді шешіп, анатомиялық құрылымы сақатлмаған тіндердің барлығын кесіп алып, жара қуысын қышқылдармен жуу керек. Еміне метронидазол, антибиотикотерапия, серотерапия, гипербарилік оксигенация қосып, науқастың организмін және ағза қызметтерін қалыптастыру қажет.
Есеп №3. Жараланған 52 жастағы науқаста оң аяғының балтырының ортаңғы 1/3-інде жайылған газды гангрена анықталды. Науқасқа қандай оперативті ем тағайындалды? Қандай спецификалық ем қолданылады? Осы сәтте оксигенобаротерапия қолануға болады ма? Жауап: жоғарғы ампутация жасау керек (жараның культясын тікпеу керек). Емдік мақсатта тамыр ішіне ганренаға қарсы сарысу 150000 МЕ (50000 әр түрінен) егу қажет.
1. Тақырып: «Остеомиелит. Жіктелуі (гематогенді жэне травматикалык, остеомиелиттің бірінші-лікті-созылмалы түрі, остеоартриттер). Емі.

2. Мақсаты: Студенттерге остеомиелит туралы жалпы сипаттама беру. Остеомиелит кезінде емдеудің және диагностикалаудың негізгі прициптерін үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістері бойынша «жалпы хирургия» пәнінін ситуациялық есептерді талдауды, клиникалық сценарий арқылы видео роликтермен көрсету әдісі. Мақсаты: Хирургиялық дағдыларды, соның ішінде шұғыл көмек көрсету жағдайларда, білімгердің дағдыларды рет - ретімен дұрыс және уақытылы істеуге үйрету.

3.1.Студент білу тиіс:

  • остеомиелитке жалпы сипаттама

  • остеомиелит кезінде жедел кµмек кµрсету.

  • остеомиелиттің жіктемесі

  • остеомиелитпен ауырған науқасқа жара таңу



3.2. Студент істей алуға тиіс:

  • остеомиелитке емдік көмек беру

  • жара таңуда сүйекті арнайы қасықпен тазалау

  • жара таңуда антисепткалық препараттармен жараны жуу


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • тірек-қимыл аппараттарының анатомиясы

  • тірек қимыл аппаратының физиологиясы

  • бұлшықет анатомо-физиологиясы


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

  • Остеомиелиттің себебі.

  • остеомиелиттің жіктемесін

  • остеомиелиттің этиологиялық факторлары

  • остемиелиттің консервативті және оперативті емі

  • Оқытудың инновациялық әдістері бойынша алынатын нәтижесі: Болшақ дәрігер шұғыл көмек көрсету кезінде хирургиялық дағдыларды жоғары деңгейде көрсетіп, логикалық ойлану қабілетін арттырып, дағдыларды дұрыс жасай алуына мүмкіндік береді.


6. Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілдерінде:

  1. М.Ө.Мукамов, В.К.Гостищев Жалпы хирургия. ОТАР-медиа, 2014ж., 520

  2. Касенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия . - Алматы, 2013 ж..

  3. Дурманов К.Д-, Жалпы хирургия. - Алматы 2012ж.

  4. Медициналық сайттар: meduniver.com; surgery com. net және тағы басқа.

  5. М. А. Қалдыбаев Жалпы хирургия Алматы, Эверо – 2015 ж. 200

6. Ө. М. Мәдікенова Жалпы хирургия Алматы: Эверо, 2012ж., 456

7. Бақылау:

7.1.Тест сұрақтары:
1. Іріңді остеомиелиттің жедел түрінде қай операцияны қолдануға болмайды?

A) флегмонаны ашу

B) сүйек қабығын ашу

C) сүйектің майлы қуысын ашу

D) сүйек алмастыру (пластикалық) операциясын жасау

E) секвестерлерді алып тастау
2. Сепсистің өте жедел түрі анықталатын уақытын көрсетіңіз:

A) бірнеше минуттарда

B) 1 тәулік ішінде

C) 2-3 тәулік ішінде

D) бірнеше апта ішінде

E) бір апта ішінде (найзағай тәрізді) толық белгілерімен