Файл: Сабаты таырыбы Жаа птерге паркет салу жмыстарыны технологиясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 110
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
г) Аяқтар аралығын реттегіш рейканың өлшемі 20х10 мм, ұзындығы 180 мм етіп екі дана дайындалады. Орындық түгел құрастырылған соң орындықты жинап барып бекітеді.
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамын.
-Міне оқушылар, туған жердің сұлу ағаштарының қалдықтарының өзінен-ақ қандай әсем бұйым жасауға болады. Туған жер табиғатын аялап, күтуге үйреніңдер. Табиғат біздің ұлттық байлығымыз. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті. Енді өздерің ізденіп көрулерің керек.
Үйге тапсырма: ағашты көркемдеп өңдеу тақырыбы бойынша асханалық тақтайшаның, сыйлыққа арналған жобасын жасап келіңдер.
11-сынып №21сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау. Алаңның дренаш жүйесін жоспарлау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Міндеттері: Оқушылардың демалыс, туризм, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау;
Оқушыларды өз елінің әсемдігі мен сұлулығына сүйсіндіре отырып, отансүйгіштікке баулу;
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ,аудиожазба
Негізгі әдіс: ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: кеспе, слайдтар, интерактивті тақта, мәтін, аудио мәтін
Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі: тарих, жағрафия, мәдениеттану
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І дидактикалық кезең
Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы
Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады. Суреттегі ғимараттар атауын атап, олардың қай жерде, қай көшеде орналасқанын айта отырып, бүгінгі лексикалық тақырыпты тауып шығарады.
ІІ дидактикалық кезең
«Қайталау – оқу анасы»
Міндеті: Лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастырып, сөйлемдер құрап, етістікті әр түрлі формада қолдана алатындарын көрсетеді. (Оқушыларға интерактивті тақтада суреттер беріледі, сол суреттер арқылы етістік тақырыбына тоқталып, оның шақ, жақ, рай категорияларын естеріне түсіреді.
Атқарылатын жұмыс түрі: Берілген етістіктердің жұрнақтарын анықтап, түрлеріне бөлу
ІІІ дидактикалық кезең
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл!»
Міндеті: Оқушыларға зат есімдер жазылған кеспелер таратылады және олар сол сөздерді қатыстырып, қонаққа келген адамдардың келу мақсатын анықтау)
Атқарылатын жұмыс түрі: : (саяси жұмыстар, іссапар, саяхат, гастрольдік сапар, ресми сапар, мәдени шара)
Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: Мо Хай саяси сұрақтарды шешу үшін, Петропавл қаласындағы «»Қызылжар» қонақүйіне ұшақпен ұшып келді.
ІV дидактикалық кезең
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»
V. дидактикалық кезең
«Артық болмас білгенің...»
Міндеті: грамматикалық тақырыпты пысықтау
VІ дидактикалық кезең
«Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»
Міндеті: Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, бірізділеу, жазу.
VІІ дидактикалық кезең
«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»
Міндеті:Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту
Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру 1.Жалпысыныптық жұмыс түрі:
1.“Қонақүйде өткізген бір күнім..” шағын шығарма жаз
2.Жекелей жұмыс түрі: “қонақүйге тоқтадым” сөз тіркесін 3 жақта жекеше және көпше түрде жікте.
VІІІ дидактикалық кезең.
«Бағалау – мақсатқа жету жолы»
Міндеті: Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.
Атқарылатын жұмыс түрі: Алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.
11-сынып №22сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу
Мақсаты: Білімділік: Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелік: Ұқыптылық. ізденімпаздық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдістерін қолдану
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың,
мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен
тоқтатылу негiздерiне;
2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;
3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жӛнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының
пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi
3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта
жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне .
сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге
асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды.
Үйге тапсырма:
11-сынып №23сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды жөндеу мекемесіне экскурссия жасау. Көргенді қағаз бетіне түсіру.(практика)
Мақсаты: Білімділік: Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелік: Ұқыптылық. ізденімпаздық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдістерін қолдану
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма тӛрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi
осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң
нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған
негiздер және оның кӛлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс
Бағалау:
Үйге тапсырма:
11-сынып №24сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мекен-жай алаңын әшекейлеп безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері. (теория)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік;
1. Оқушылардың гулзар түрлері туралы теориялық білімдерін қалыптастыру;
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
а) Гүлзардың түрлері салуды үйрету;
Дамытушылық;
1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.
2. Сапалы ойлауды дамыту: дәлелдік, мақсаттық, қабылдау, бағалай білуге бейімділік, сыни ойлау.
Тәрбиелік:
Гүлзардың түрлері мен пайдалану проблемаларымен таныстыру.
Көрнекіліктер:
Гүлзар – бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады. Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық Гүлзарлар – миксбордерлер, партерлер, Қазақстанда Гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр, боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі.
Біржылдық гүлдердің ішіндегі ең ұзақ, көктемнен алғашқы суыққа дейін гүлдейтін өсімдік. Ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Жалпы гүлінің молдығына, әдемілігіне және төзімділігіне байланысты қала көгалдандыруында көп қолданыста. Көшеттерді еккенде, арақашықтығы биіктігінің жартысындай болуы керек. Барқытгүлдің кез келген түрі тіке түскен күн көзін ұнатады. Суға өте шыдамды, дегенмен, жақсы гүлдеу үшін аптасына 2-3 дүркін суғарған дұрыс. Егер топырағы өте қатты болса, сабағы қатайып, гүлдеуі нашарлайды. Жаз айында бірнеше дүркін түбін қопсытып тұрған дұрыс. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу керек, ал одан әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан, жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.