Файл: Сабаты таырыбы Жаа птерге паркет салу жмыстарыны технологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 108

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жуу-жалтырату – еденді кірден тазартуға, сондай – ақ еденнің жылтырауын қалпына келтіруге арналған арнаулы қоспалар бар. Бұларды мастика ретінде кез – келген еденге пайдалануға болады. Ол кепкеннен кейінеден бетінде жұқа қорғаныш қабат пайда болады.Бұл еденге жалтыраған өң береді. Еден мен іргелік бастырғыдағы саңылауларды арнайы пастамен бітеуге болады.

Сырлау бұйымдары – еденсүрткішті паркет, линолеум төселген және сырланған еденді механикалық түрде сүртуге пайдаланады. Электрлі еденсүрткіш еденді электр қозғалтқыштың әсерінен айналатын қылшақпен сүртеді. Қазіргі кездегі еденсүрткіштер құрылымында сүрткіш қылшақтан шыққан шаңды қоса, сорып алу мүмкіншілігі де қарастырылған. Яғни еденсүрткіштер шаңсорғыштың да қызметін атқарады.

Жаңа білім бекіту сұрақтары:


  • Мастиканы қалай пайдаланады?


  • Едендік жабындардың негізгі функцияларын ата?


  • Ламинат төсеудің неше кезеңі бар?


  • Еден күтуге қандай заттар жатады?


  • Линолеумді қалай тазалауға болады?


Үйге тапсырма:

§23. Едендік жабындармен жұмыс істеу; 91 – 95 беттер





11-сынып №4сабақ

Сабақтың тақырыбы: Битум мастигін әзірлеу.

Сарамандық жұмыс:

Ай-Си-Ти компаниясы керемет қасиеті бар құралдарды (битумды мастик, бағасы қолайлы, гнрметик, топырақтау) ұсынатыны, өзінің жекеменшік өңдеу пайдалану ерекшеліктерімен, терең зерттеу арқылы әр ұсынылған кейіпке байланысты жаңа құрал жабдықтарды қолдану арқылы және сапасын қатаң қадағалау арқылы.әр түрінің – герметик, топырақтау, битумды мастик дайындағанда жетілдірілген құбылысты қолдану арқылы, өңдірілген өнімнің сапасын көтердік, үнемі өңдеу арқылы құралдарды пайдалану көрсеткіштерін едаүәр көтердік, және жаққанда үнемдеүі осыған байланысты, бұл өнім сұранысқа ілінді, құрылы мекемелерінің арасында. Сапасын зерттеу арқылы бастапқы компоненттің алынуынан бастап құралдардың қасиеттері бүгінгі күннің стандартына және техникалық шартына сай келетіне кепілдік бере алдық және өнім жоғары параметірлерін сақтап қалды.


Біздің өңдеушілер әр дайын тауар өңдеу саласында соңғы беталысты және сатып алушының тілегін ескереді, сондықтан праймер топырақтау құбырларға арналған мастиктер жабқыш жабыстырушы, су шебермегіштігі, битумды мастиктерді бізден сатып алуға мүмкіндігі бар, барынша стандартқа сай. Біз ұсынған өнімнің сапасына кепілдік береміз себебі біз делдал емеспіз, біз өндіреміз

Битумды мастиктер


Битумды мастиктер керемт қасиеттермен - өңдеу, өңдірү және тарату, Ай-Си-Ти компаниясының жұмвстырының ерекше бағыттарының бірі. Инновациялық өңдеу және дайындау технологиясые ендіргелі біздің жасаған битумды мастиктеріміз құрылыс рыногінде теңдесі жоқ. Қолданатын саланы мұқият зерттеу арқылы және бастапқы компоненттерді жетілдіру арқасында битумды мастик өте сапалы болып шығады, жекеменшік өңдеү мен өңдірүі.

шығады, жекеменшік өңдеү мен өңдірүі.

  • Жабқыш мастиктер

Жабқыш мастиктер заманға сай құралдарды пайдалу үшін арнайы жасалынған.

  • Гидроизоляциялық мастиктер

Мастиктер - бетон, темірбетон, металл, ағаш және басқа құрылыс конструкцияларға арналынған

  • Жабсыру мастиктері

Түрлі жабқыш және гидроизоляциондық құралдарға оның ішінде рулонды және битумды черепицаға арнайы жасалынған мастиктер

  • Құбырларға арналған мастиктер

Құбырлардың гидроизоляциясына және басқа да қолданыста оның ішінде мұнай құбырында және газ құбырында пайдалануға тиімді шешім.

  • Топырақтау. Праймер

Негіздерін өңдеуге арналған мастиктер мақсаты шандатпайтын және битумды құралдардың адгезиясын күшейтеді.

  • Сұйық герметик

Түрлі құралдардың жіктерін және қосылған жерлерін герметизацияландыру үшін тиімді шешім: темір-бетон, темір-аған және т.б.





11-сынып №5сабақ

Сабақтың тақырыбы: Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары (теория)

1. Жаңа пәтердегі паркет салу жұмыстарының технологиясы.

Паркет жұмыстарының жіктелуі. Паркетті әшекейлеу және оның дизайны. Паркеттің басқа материалдармен үйлесуі. Паркетті төсеу және оның ерекшеліктері.

2. Паркет жұмыстарының материалдары. Жеке паркеттің құрамы.

Паркетті төсеуге қажет мастиктер. Битум мастигін әзірлеу. Мастикті әзірлеу әдістері.


  1. Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары шерхебельмен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу. Кескіш құралдарды шарықтау. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.


  2. Паркеттен жасалған едендердің күтімі және оларды жөндеу. Еденнің бетін тегістеу. Паркет планкаларын бекіту. Планкаларды ыстық мастиктермен жабыстыру. Паркетті сүргілеу. Паркеттің күтімі үшін суда ерігіш немесе скипидар мастиктерді әзірлеу технологиясы.



5. Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы. Ағаш

н емесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу. Ламинацияланған едендердің түрлері, олардың күтімі және ерекшеліктері.

6. Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері.
Үй жиһаздарының негізгі бөліктері. Жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілер. Жиһаздың бөлшектенбейтін элементтері.

7. Қораптық (қатты) үй жиһазын жобалау ерекшелігі. Киім салатын

шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру технологиясы.

8. Жұмсақ және жартылай жұмсак үй жиһазын жобалау ерекшелігі.

Диван-кровать, қресло-кровать т.с.с. жиһаздарды құрастыру технологиясы.

9. Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі. Орындықтар жинау, оған қажетті бөлшектер мен саймандар. әртүрлі орындықтардың құрастыру технологиясын меңгеру.

10. Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау. Алаңның дренаш
жүйесін жоспарлау. Бау-бақша жолдарының қызметі, түрлері


  1. Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу. Оның түрлері. Асфальт жол, тас теселген жолдардың ерекшеліктері, технологиясы


  2. Мекен-жай алаңын әшекейлеп, безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері. Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңдар.


  3. Тұрғын үйдің немесе пәтердің электр жүйесін жөндеу. Электр жүйесіне изолятормен оның ілмектерін орнату. Жарықтандыру қорабындағы электр сымдарды жалғау. Сымдарды ию, жалпақ сымдарды шегемен бекіту. Пәтердегі электр жүйесінің сұлбалары, оның сымдарының түрлері.


  4. Электр жүйесін жөңдеуге қажет құрал-жабдықтар. Құрал-саймандардағы ойма біріктірмелерді бөлшектеу, қайта құру сыртқы электрөлшегішпен жұмыс істеу.


15. Тұрғын үйдің электр жүйесін жөндеу барысында қолданылатын
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау. Ток жүретін сымнан
ажырату ережесі. Электр тогынан немесе найзағайдан сақтану
жолдары. Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.

1 6. Электр құралдарын жөндеу. Тұрғын үйді салғанда
қолданылатын тұрмыстық электр құралдарды (тоңазытқыш,
кір жуу машинасы, микротолқынды пеш, электр үтігі,
шаңсорғыш) жөндеу технологиясы. Тұрмыстық электр

жабдықтарын күту. Техника қауіпсіздігі ережелер

11-сынып №6сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шерхебельмен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмысістеу.(практика)

Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу технологиясын түсіндіре отырып, құрал-саймандарымен жұмыс істеуді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Жаңа сабақ. Өткен заманда қолөнер шеберлері қажетті ағаштың бәрін тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде жинап, мезгілінде кесіп отырған. Мысалы: үйшілер үйдің сүйегіне керек кереге, уық, шаңырақ жасайтын сырғауылдарды отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап керекті қалыпқа түсірген. Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған. Механикалық құрал-саймандарға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Ағашты өңдеу, оған ою-өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін, оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді, ішінара қашауды, ойып, өрнек салуды үйренесіз. Әрине, мұның бәрін құрал-саймансыз жүзеге асыра алмаймыз.

Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандар: ара, балта, кернеу ара қолданылады. Балтамен ағаштардың бұтақтарын шапса, қабығын әр түрлі қырғыштарымен алады.

Ағаштан алынған тақтайды түрпімен, сүргімен, үлкен сүргімен т.б. құралдарымен өңдейді. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал - қол ара. Оның негізгі түрлері болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады.

Ағашты кесуге араның әр түрін пайдаланады.

3.Сарамандық жұмыс. Кіріспе нұсқау.

Техника қауіпсіздігін ескерту. Жұмыс киімін кию.

Ағаш талшықтарын кесу бағытына байланысты оны көлденеңінен, ұзына бойы және аралас әдіспен кесуге болады. Көлденең кескенде, кесу бағытында байланысты ағаш талшығына перпендикуляр, ұзына бойы кескенде, параллель болады. Көлденең кескенде, араның тісі-үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады.

Араның тістері тік бұрышты үшбұрыш пішінде болса, ол ағашты бір бағытта ғана кеседі.

Ағаш аралайтын ара төсемінің тістері өте өткір болуы үшін тістерін қиғаштап орналастырамыз.

Жақ ара ағашты кез келген бағытта кесе алады.

Нұсқау картасын тарату.

  1. Ағашты кескенде араны жұлқыламай, қатты салмақ салмай кесу керек.

  2. Дайын ағаштың кесетін жерін белгілеп, оны жұмыс үстелінің үстіне қояды.

  3. Сол қолымен ағашты тіреуге тіреп, оң қолымен кесу керек.

  4. Ағаш материалдарын көлденең кесетін араның өткір тісінің ұшы материалдардың талшығын кесіп, оны үгінді етіп шығарады.

  5. Ағаш материалдарын ұзына бойы кесетін араның ілгері қарап тұрған кескіш қырлары талшықты жонып үгіндіге айналдырады.