Файл: Сабаты таырыбы Жаа птерге паркет салу жмыстарыны технологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 105

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ағаштың механикалық  қасиеті.
Ағаштың механикалық қасиеттері жан-жақты, олар өздеріне әсер еткен әр түрлі күштерге қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар жатады: беріктік, қаттылық, шыдамдылық, мортсынғыштық, иілгіштік, былқылдақтық.
Беріктік деп оның сыртқы  механикалық  күштерге  қарсы тұра алып,бұзылмай өзінің  пішіні мен түрін сақтауды  айтады.
Ағаштардың балта, шаппашоттың  не басқа  күштердің  әсерінен қақ бөлінуін, болмаса  жаңқаға айналуы-беріктіктің белгісі.
Ағаштың қаттылығы шыдамдылығы, сынып-тарылуы бір-бірімен тығыз байланысты,бір-бірінен  ажыратып бөліп қарау өте қиын; не ескермеу өте қате. Қаттылық  пен  беріктік  өзаратығыз байланысты. Ағаш кепкен сайын қатая, беріктене түседі.
Қаттылық пен беріктік үш топқа бөлінеді:

  1. Жұмсақ  ағаштың  беріктігі, қаттылығы аз (540 кг/куб.м.) Олар қарағай, шырша, көктерек, тал, қаратерек, балқарағай, жөке.

  2. Беріктігі, Қаттылығы орташа ағаштар (550-740 кг/куб.м.) олар: балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен.

  3. Өте берік, қатты ағаштар (750 кг/куб.м.) Олар: аққараған, акация, шамшат, қызыл град.

Ағаштан басқа да механикалық қасиет байқауға болады. Мысалы: оың  иілгіштігі,морт  сынғыштығы. Бұл қасиет жас шілікке, талға, қайынға, терекке тән.         
Ағаштың механикалық қасиетіне ұзына бойымен және көлденеңінен созғандағы мықтылық шегі жатады.

Үйге тапсырма:

11-сынып №14сабақ

Сабақтың тақырыбы: Киім салатыншкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру.

Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі құрылыс материалдары, жеке құрылыс материалдар бөлшектерінің пішіні, көлемі, олардың құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.

2. Кеңістікті бағдарлау, қарапайым құрылыс салу, оларды қалпына келтіре білуді дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан және «Лего» тәрізді ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.

Балаларды түрлі түстегі және түрдегі геометриялық пішіндері (куб, призма, пластина, кірпіштер) бар ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының жиынтығымен таныстыру.

Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерді атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білуге үйрету.

Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және орнықтылығымен таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық, диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және «қысқа - ұзын», «жіңішке - жуан» кеңістіктік белгілерді ескере отырып, біріктіруге үйрету.


Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау. Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою, жанына қою.

Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнау

Құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.

Қағаздан құрастыру

Балаларға қағазбен жұмыс істеудің жұмарлау және жұлу тәсілдерін көрсету. Оларға кесектеліп жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейне» (ит, бауырсақ, құс және т.б.) көре алуға көмектесу.

Балалармен бірге қарапайым құрастыру жасау (мысалы, балалар жасыл шөпті қағазды жырту арқылы жасайды және оған бақбақ гүлін (қағазды кесектеп), құстарды орналастырады.

Тәрбиеші мен балалардың жасаған панноларын топ бөлмесін безендіруде қолдану.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- құрылыс материалдарының негізгі түрлерін (текшелер, кірпіштер, пластиналар) ажыратуды;

- кірпіштерді көлденеңінен бірінің үстіне бірін қоюды;

- қарапайым құрылысты атауды, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнауды;

- құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты сала білуі тиіс.



Сабақты қортындылау:

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

11-сынып №15сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ және жартылай жұмсақ үй жиһазын жобалау ерекшелігі және технологиясы. (теория)

Сабақтың тақырыбы: Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі (теория)

Мақсаты: Білімділік: )атты ағаш үйдің атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру.Ағаш туралы түсінік-ұғымдарын   молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік:

адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;

Сабақтың түрі:   топпен жұмыс.

Көрнекілігі:  Оқулық, киіз салынған сурет, киіз үйдің макеті, киіз үйдің жеке-жеке   бөлшектері:  шаңырақ, уық, кереге т.б

Абдыра

Абдыра — үй жиһазы, сандықтың үлкен түрі. Тақтайдан жасап, алдыңғы бетін. Өрнектеп, сырлайды. Орталық Азия халықтары кеңінен қолданады. Аталуы — көне түркі қаңылтырмен қаптайды. Қақпағы және қиюласқан жіктері қаңылтыр қиықтарымен торланады тіліндегі "абыд" (жасыру) деген сөзден шыққан. Оның көлемі әр түрлі болады. Абдыраны мықты әрі жеңіл ағаштың тегістеп жонылған тақтайынан қиюластырып жасайды. Абдыра бір түсті сырмен боялып, кейбірінің алдыңғы беті сәнді болу үшін түрлі өрнектермен әшекейленген жұқа қаңылтырмен қапталады. Қозғауға ыңғайлы болу үшін абдырадың екі бүйіріне қос-қос тан төрт тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады.[2]
Адалбақан — киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды, бұтақ түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды. Кейде адалбақанды бұтақсыз ағашқа басқа ағаштың бұтағын не болмаса бөкеннің мүйізін бекіту арқылы да жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін шеберлер оның сыртын әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршік бас алтын, күміс шегелермен нақыштайды.

Ағаш төсек - жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында "төсек ағаш", " төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай "сырлытөсек", "күмістелген төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек" деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. Ағаш төсек пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсек кейде цәндеп көрпе-төсек те жиналады.[3]

Алаша — әртүрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш мүлік. Екі әдіспен тоқылады.


  • Бірі — түрлі-түсті жіптерді жарыстыра жолақтап тоқу.

  • Екіншісі — әр түсті бой жіптерді санап отырып, теріп тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру.

Алғашқысын қақпа Алаша деп, соңғысын терме Алаша деп, кейде кілем Алаша деп те атайды. Алашадан төсеніш, тұс кілем, қоржындар жасайды. Алаша — қазақ тұрмысында ең жиі қолданылатын мүлік.

'Асадал '– тамақ, ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы. Кебеженің сирақты түрі. Үстіңгі бөлігі қақпақталып, бетіне түрлі нақыштар салынады, сүйекпен, қаңылтырмен, әр түрлі тастармен безендіріледі.

Бөстек– құлын, бөкен, елік, ешкінің иленген терісінен жасалатын жұмсақ төсеніш, көне түркі тіліндегі “посты” (тері) сөзінен шыққан. Бөстекті құлын, бөкен, елік, ешкі терісінен іш жағына қара бидайдың ұны мен кебегіне айран қосып жасаған ерітінді жағып, бірнеше күн жылы жерде ұстайды. Содан кейін сіңген теріні кергілеп, уқалап жұмсартады да, қатты сүйекпен не қайрақ таспен сүргілеп барқыт, шұға сияқты матамен көмкере астарлап пайдаланады, көбіне иленген қалпында да төсене береді. Бөстекті төрге не қарттар отыратын орынға төсейді.

[


Дастарқан— ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде "Асжаулық" деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әр түрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады. Қазіргі кезде көбіне клеенкадан жасалған дастарқан пайдаланылады.[4],

Жүкаяқ– дәстүрлі қазақ қоғамында қолданылған, сандықтың астына қойылатын жиһаз. Ағаштан жасалады, төрт аяғы болады. Жүқаяқтың беті металмен қапталып, әр түрлі өрнектермен әшекейленген.



Киіз, кигіз – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған.

Ноин-улин мен Пазырық қорғандарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді. Киізден сырт киім, байпақ (аяқ киім) тіккен, оны тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасау-жиһаздарын, өзге де тұрмыс-тіршілікке қажет заттарды тігуге де қолданған. Халық шеберлері қазіргі кездің өзінде киізден қоржындар мен дорбалар жасайды.