Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 857
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Бастауыш мектептерге ұсынылған көптеген бағдарламалар мен әдiстемелiк құралдар оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн қалыптастыруға арналған. Аталып өткен тәжiрибелiк бағдарламалар құрылымы жағынан өзгеше болғанмен, жалпы олардың көздеген мақсаттары ортақ, яғни оқушыларда ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау мәдениеттiлiгiн қалыптастыру; оқушыларды дайын бағдарламалармен жұмыс жасай бiлуге үйрету; оқушыларда компьютер, алгоритм, ақпарат және информатика жөнiнде алғашқы түсiнiк қалыптастыру.
1992 жылдан бастап елiмiз егемендiк алып, Қазақстан мектептерi одақ құрамынан шығуына байланысты, ендi бiздiң елiмiзде де ақпараттандыру жұмыстары жандана бастады.
Республикамызда информатика курсын орта мектептердiң нешiншi сыныбынан бастап енгiзу, оны қалай оқыту және ұлттық тiлдегi мемлекеттiк стандарт жасау қажеттiгi жөнiндегi мәселелердi шешу бойынша қазiргi кезде Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Н.Т.Ермеков, Қ.С.Әбдиев, Н.Стифутина, Б.Нақысбеков, Қ.Аганина, сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Бiлiм Академиясы мен орта және кәсiптiк бiлiм беру институтының информатика, математика, физика пәндерiн оқыту бөлiмiнiң ғылыми қызметкерлер тобы айналысуда [21, 22, 23, 24, 25, 26].
Бiздiң республикамызда да ұлттық мектептерге информатика мен жаңа ақпараттық технологияны орта мектептердiң барлық сыныптарына жаппай енгiзу қажеттiгiн дәлелденген. Ұлттық мектептерге информатика мен жаңа ақпаратттық технологияны орта мектептердiң барлық сыныптарына жаппай енгiзу көзделуде. Информатика сабағы дәстүрлi түрде тек орта және жоғары сыныптарда оқытылып келсе, қазірде бастауыш сыныптарда информатикадан бiлiм беру мәселелері кейiнгi кездерде ғана қолға алынып жүрген мәселелердің бірі.
Бiздiң елiмiзде бастауыш мектептерге информатика курсын 1-3 сыныптардың оқу үдерісіне алғаш рет дамытушы компьютерлiк ойындар - арқылы енгiзудi Ж.С.Сардарова ұсынған. Оның алға қойған мақсаты: бастауыш мектептердiң оқу барысында пайдаланатын дамытушы компьютерлiк ойындар жүйесiн теориялық тұрғыдан негiздеумен қатар, олардың пайдалану әдiстемесiн жасау болып табылады. Қазақ мектептерiнiң бастауыш сыныптарына алғаш рет мектептiң 1-3 сыныптарына арналған «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» атты пән енгiзілдi. Курсты оқыту үшiн 1-3 сыныптарға арналған төмендегідей мазмұнды бағдарламалар ұсынды: Электрондық - есептеуiш техника туралы түсiнiк. Компьютер, оның мүмкiндiктерi, пайдалану аясы, қызметi жөнiнде алғашқы мағлұмат, қауiпсiздiк, санитарлық-гигиеналық талаптар. Компьютер және оның мүмкiндiктерi, негiзгi тетiктерi. Компьютердi жұмысқа дайындау және жұмысты аяқтау. Пернетақта пернелері, олардың қызметi және қолданылу аясы. Арнаулы белгiлер. Қазақ, орыс және ағылшын алфавитiне жаттығу. Мәтiнмен жұмыс. Сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Дайын жаттықтырушы программамен жұмыс жасау. Компьютердiң көмегiмен сурет салу. “Торкөз” тестік редакторы. ”Иллюстратор”, ”Конструктор” графиктiк программаларымен жұмыс. Өз бетiмен арнаулы пернелердің көмегiмен сурет салу. “Музик” жаттықтырушы программасымен жұмыс. Геометриялық фигуралар.
Бұл бағдарламалар Алматының №131, 163 мектептерiнде сынақтан өткiзiліп, келесiдей қорытындылар жасалды: бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияны танып меңгеруге және компьютерлiк ойындарға деген баланың қызығушылығының жоғары деңгейде болғандығы анықталды; берiлген курсты тез де жеңiл меңгергені; компьютерлiк ойын негiзiнде құралған материалдарды ерекше ынтамен меңгергендiгiн байқатқандығын анықтады да, «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» курсын бастауыш мектептерде оқытудың тиiмдi екендiгiне көз жеткiзедi.
«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.
Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.
Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, авторлар ұжымы (Мұханбетжанова С.Т., Кабулова Г.С. және т.б.) орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынды.
Бұл пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.
Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет.
Пәнді оқытудың негiзгi мақсаты – жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:
-
оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту; -
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту; -
оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту; -
оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн, -
өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.
Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.
Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады.
Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.
Бағдарлама мазмұны оқушыларғы келесі тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:
-
ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктермен; -
ақпараттық процестiң негiзгi заңдылықтарымен; -
әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен; -
нысанды топтаумен және оны бөлумен; -
логикалық модельдермен және тұжырымдармен; -
орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен; -
графикалық және мәтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен -
алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.
Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.
«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.
Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық процестер” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.
Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.
Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу үдерісінде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Пәндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 сағатты қамтиды.
Оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.
9.2 Орта кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мәселелері
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру қызмет көрсету және басқару сипатындағы орта буынның білікті мамандарын даярлауға арналған кәсіптік білім беру бағдарламаларын қамтиды.
Қоғамды ақпараттандыру үдерісі өндіріс көзі болып табылатын барлық шарушылық қызметіндегі кәсіби мамандарына білім беруді ақпараттандыруға әсер етті. Орта кәсіптік білім беру орындары қазіргі заманғы ақпараттық технологиямен жұмыс істей алатын мамандарды дайындай отырып өздерінің қоғамды ақпараттандыру үдерісіне өз үлестерін қосып отыр.
Орта кәсіптік білім беру орындарында оқытылатын информатика курсы Ершов А.П., Монахов В.М., Кушниренко А.Г. және т.б. авторлардың жазған оқулықтары бойынша оқытылды [28-30].
Орта кәсіптік білім беру орындарында информатиканы оқытудың басты мақсаты – жастарды кәсіптік еңбек қызметіне дайындау және оны ең прогрессивті техникалық және ақпараттық құралдардың көмегімен өткізу болып табылады.
Информатика курсын оқыту барысында орта кәсіптік білім беру орындарының тыңдаушылары:
-
өздерінің болашақ мамандықтарының мәні мен әлеуметтік мағынасын түсінуі керек; -
информатиканы негізгі ұғымдарын білуі және оны пайдалана алуы; -
қазіргі заманғы ақпараттық технологияның негізгі қолдану аясын және оларды өнеркәсіпте пайдаланудың жолдарын білуі; -
дербес компьютердің негізгі құрылғылары және олардың атқаратын қызметін білуі; -
компьютердің функционалдық схемасын білуі; -
қазіргі заманғы ақпараттық-есептеуіш техникасының негізгі типтерінің сипаттамалары жайлы түсініктері болуы; -
программаның орындалу принциптерін білуі; -
есептеуіш жүйенің не екенін білуі; -
ақпараттық білім беру технологиясын пайдалану арқылы жаңа білім алуды; -
әртүрлі құбылыстарды сипаттау және болжау үшін модельдер құрып оларды қолдана алуды, оларға сандық және сапалық талдау жасай алулары; -
компьютердің және оның жеке құрылғыларының, жүйенің және кешендердің және желілердің жұмыс істеу принциптерін білуі керек.
Информатиканы оқыту мазмұнын таңдап алу тыңдаушылардың таңдап алған кәсібіне байланысты бір жағынан информатиканың жалпы жағдайлары, екінші жағынан таңдап алған мамандық шеңберінде нақты практикалық есептерді шешуге қажетті арнайы аспектілері бірқатар бағдарламалар жасауды талап етеді.
Төменде біз орта кәсіптік оқу орындары үшін информатика курсы бойынша бағдарламаны ұсынамыз. Бұл оқу бағдарламасы инвариантты болып табылады, ол информатиканы оқытудың негізгі компонентін қамтиды. Оқу бағдарламасы тыңдаушының таңдап алған мамандығына тәуелсіз әрбір тыңдаушыға қажетті минимум білім мен біліктілікті қамтамасыз етеді.
Орта кәсіптік оқу орындарында мамандарды кәсіптік даярлауға бағытталған информатика курсының оқу бағдарламасы
1-бөлім. Дербес компьютер
-
Кіріспе
Ақпарат ұғымы және оның берілу түрлері. Ақпаратты сақтау және өңдеу. Ақпараттық процестердің негізгі мысалдары. ЭЕМ пайдананудың қажеттілігі. ЭЕМ қызметінің түрлерін демонстрациялау.
-
ЭЕМ негізгі компонентерінің қызметімен танысу.
ЭЕМ жалпы түрі, компьютердің негізгі құрылғылары, машинаның жұмыс істеу үдерісінде олардың атқаратын қызметі. Есептеуіш техника кабинеті және онда жұмыс істеу ережелері.
Тышқан. Пернетақта. Меңзер. Бас және кіші әріптерді теру. Орыс және латын әріптерін теру. Пернетақтада символдардың орналасуы жайлы Қазақстан стандарты. Қазақ алфавитін теру. Арнайы пернелер. Пернетақталық жаттықтырушымен жұмыс істеу. Мәтіндік редакторды сөздерді теру.
-
Графикалық редакторлар.
Графикалық редактор ұғымы. Оның қызметі. Графикалық редакторлардың түрлері. Экран бетімен меңзерді қозғалту. Сайманды таңдап алу. Қарапайым суреттерді салу. Түсті және палитраны таңдау. Боялған аумақтарды салу. Графикалық редакторда мәтіндермен жұмыс істеу. Қаріптер және стильдер. өшіру. Құжатты сақтау. Суретті өшіру және көшіру. Бөліктерден бүтін суреттер құрастыру. Айналдыру. Үлкейткішпен жұмыс істеу. Компьютерлік суреттер альбомын жасау.
-
Қолданбалы программалар.
ЭЕМ-ның көмегімен шешілетін негізгі есептер. Программалық жабдықтау ұғымы. Жиі қолданылатын программалар.
Калькулятормен, сағатпен, қойын кітапшасымен, картотекамен, анықтамалықпен, аудармашымен, әлем және аспан карталарымен жұмыс істеу. Қазақ тіліндегі программалық құралдар және олардың ерекшеліктері.