Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 867
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
16.1 Оқу әдебиеттеріндегі тақырыптарды ашу әдістері................
16.2 Жергілікті желі.......
16.3 Ауқымды желі................
Практикалық тапсырмалар................
Әдебиеттер.....................
17-тарау. Әлеуметтік информатика мазмұндық желісін оқыту әдістемесі
17.1 Информатика тарихы...................
17.2 Информатиканың қазіргі кездегі әлеуметтік қырлары.................................
Практикалық тапсырмалар................
Әдебиеттер.....................
18-тарау. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту мәселелері ................
18.1 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту ерекшеліктері...... ................
18.2 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқыту мазмұны........................
18.3 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқытудың әдіс-тәсілдері................
Практикалық тапсырмалар................
Әдебиеттер................
19-тарау. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту мәселелері
19.1 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту ерекшеліктері......
19.2 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқыту мазмұны........................
19.3 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқытудың әдіс-тәсілдері....................
Практикалық тапсырмалар................
Әдебиеттер........................
20-тарау. Жоғарғы сыныптарда информатиканың таңдау курстары
20.1 «Компьютерлік графика» курсы................
20.2 «Мектеп сайтын құрамыз» курсы................
20.3 «Программалау» курсы................
20.4 «Веб-дизайн» курсы................
20.5 «Мәліметтер қорын басқару жүйесі» курсы................
20.4 Практикалық тапсырмалар................
Әдебиеттер...............
АЛҒЫСӨЗ
«Информатиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындаудың 5В011100-Иинформатика мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының жоғары кәсіби білім беру пәндерінің негізгілерінің бірі болып табылады. Бұл курстың аты (бұрынғы ЖАК бойынша) ғылыми мамандық атымен түгелге дерлік сәйкес, тек қана, айырмашылығы «оқыту»-дан кейін «және тәрбиелеу» деген сөзден тұрады. Жалпы, айта кетерлік нәрсе, қандай да бір оқу пәнін оқытудың әдістемесі курсын (ғылыми мамандығын қоса), ғылыми дәйектілік тұрғысынан қарағанда, «(пән) дидактикасы» немесе, тіпті, «(пән) педагогикасы» (батыс елдерінде солай аталады да) деп те атау дұрыс болар ма еді, бірақ, дәстүрдің аты дәстүр, аталмыш курсты, оның ресми атына тәуелсіз, оқытушылар да, студенттер де күнделікті өмірде «Информатика әдістемесі», ары барса, «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп қысқаша атайды. Сондықтан да, біз оқу құралы мазмұнын баяндауда осы ескі дәстүрге сай аттарды «сескенбей» пайдаланатынымызды атап өткен абзал. Оның үстіне, ұсынылып отырған оқу құрал мазмұнында жоғарыда келтірілген құраушылардың: теорияның да, әдістеменің де, тіпті, тәрбиелеудің де өз орнын тапқанына үміт артамыз.
Осы уақытқа дейін баспадан шыққан оқулықтар мен оқу құралдар санаулы ғана. Алдымен, орыс тілінде Ресейде шыққан М.П.Лапчик пен А.И.Бочкиннің [8, 51], М.П.Лапчикпен бірлескен авторлар ұжымының оқу құралдарын [40-48 ] атап өтуге болады. Ал, қазақ тілінде М.П.Лапчиктің ең алғаш, информатиканы мектепке енгізіп, оқушылар үшін алғашқы оқу кітаптары мен мұғалімдер үшін әдістемелік жетекшілер бойынша жұмыстар, іс жүзінде, біте салысымен шыққан оқу құралының (М.П. Лапчик Методика преподавания информатики: Допущено М-ством просвещения СССР в качестве учеб. пособия для пед.ин-тов., 1987) аудармасын (аударған Қ.С.Әбдиев, редакциялаған Е.Ы. Бидайбеков) айтуға болады. Онымен қоса, жоғарыда көрсетілген М.П.Лапчик пен А.И.Бочкиннің оқу құралдарының төңірегінде құрастыра жазылып шыққан және М.П.Лапчикпен бірлескен авторлар ұжымы оқу құралдары негізінде жеделдете жазылған тираждары көп емес оқу құралдарының, кемшіліктеріне қарамастан, біздің еліміз көлемінде алатын өз орны бар.
Осы уақытқа дейін информатиканы оқыту әдістемесі курсы бойынша мемлекеттік тілде жүйелі оқу құралын жасау қолға алынған емес. Оның түрлі себептері бар. Оның бірі – мектеп оқу жоспарындағы информатика курсының орны және соған сәйкес оның мақсаттары мен мазмұны төңірегіндегі бітпестей сенімсіздік жағдай. Бұл жағдай жалпы білім беретін орта мектеп стандарты 2002 жылдан кейін ресми түрде қайта қарастырылмауынан (2013 жылы қайта толықтырылып бекітілуінен), 12 жылдық мектеп стандарты, бірнеше рет жасауға ұмтылыс болғанымен, қолға алынбауынан, сонымен қатар, білімді ақпараттандыру, оның ішінде, электрондық оқыту мәселелері ойдағыдай көтеріліп, іске асырылуы аясында информатиканы оқыту мәселелері көлеңкеде қалып қойғандай әсер қалдыратындығынан туындаған болуы да мүмкін. Бұл оқу құралы мектепте информатика пәні бар деп қана емес, информатика пәні болды деген және білімді ақпараттандыру жағдайында да информатика пәнінің орны мен мәні бұрынғыдан да артар деген үміт-сеніммен жазылып, ұсынылып отыр. Осы ретте келешекте 12 жылдық мектептің базистік оқу жоспарының ендірілуіне көп үміт артуға болады. Оқулық мазмұнына, осы орайда, авторлардың өз зерттеулері бойынша жазылған «12 жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында» атты параграфтың енуі бекер емес.
Әлбетте, тағы бір басқа (өзара байланысты) себеп – педагогика ғылымының жаңа бағыты информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негізін ұғынып қалыптастырудағы әлі де болса алынбаған қиындықтардың барлығында. Әрине, уақыт бекер өтіп жатқан жоқ, қазіргі жағдайда, аз дегеннің өзінде, жаңа әдістемелік ғылымның теориясы мен практикасы өз қалыптасуының бастапқы кезеңінен өтті деуге болады. Сондықтан бәрін жүйелеп толық қамтыдық деуден аулақпыз, не дегенмен бұл кітаптың дүниеге келуі жаңа педагогикалық ғылым – информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негізінің де, мазмұндық-әдістемелік толықтырылуы бойынша да дамуына ықпалы болатындығына үміттене қараймыз.
Оқулықтың бірінші бөлімі жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері (информатиканы оқыту әдістемесінің пәні, орта мектепте информатика курсын енгізу тарихы, оқыту мақсаттары мен міндеттері, мазмұнын таңдап алу принциптері, мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру және әр түрлі білім беру деңгейлерінде информатиканы оқыту мәселелері және т.б.) қарастырылған информатиканы оқытудың жалпы әдістемесінің тараулары бойынша негізгі мағлұматтардан тұратын он тараудан тұрады. Әрбір тарауда семинар сабақтарын жүргізуге нұсқаулар мен кең көлемде библиография берілген.
Оқулықтың екінші бөлімінде информатиканың негізгі мазмұндық желілерін оқытудың нақты әдістемелері қарастырылған, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту мәселелері мен жоғарғы сыныптарда информатиканың таңдау курстарының мазмұндары берілген он тараудан тұрады. Әрбір тараудан кейін студенттерге арналып зертханалық практикумдардың тапсырмалары берілген.
Қосымшада информатиканың мазмұндық желілерін оқытудың білім жүйесі граф түрінде келтірілген, информатиканы оқыту әдістемесі курсы бойынша тест тапсырмаларының үлгілері келтірілген.
Оқулық педагогикалық жоғарғы оқу орындарының 5В011100-Информатика мамандығында оқитын студенттерге, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен арнайы орта оқу орындары, колледж оқытушыларына информатика бойынша сабақтарды жоспарлап жүргізуге жетекші құрал ретінде, сонымен қатар, магистранттар мен докторанттарға арналған.
1-БӨЛІМ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-ТАРАУ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
Информатика жаңа оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қыркүйегінде енгізіліп, ол пән «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болатын).
Бұған қарамастан, информатика саласы мағлұматтарының жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енуі айтарлықтай бұрын басталып, бұл үдеріс оқушылардың кибернетика және программалау элементтерін оқып үйрену тәжірибелерінен бастау алды. Сол кездегі кеңес білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар, қоғамда да маңызды орын аларлық ілгерілеуді сипаттайтын, бірнеше барынша нақтылы кезеңдерді атап өтуге болады. Осы ілгерілеу (дүниетанымдық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық, тағы тағылар) өткен ғасырдың 1980 жылдары ортасында информатиканың жеке оқу пәні ретінде мектепке енуі мен қалыптасуын қамтамасыз ететіндей жағдайға әкеп жеткізді. Төменде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) елдерінің (оның ішінде ҚР-да бар), орта мектептеріне ИЕТН пәні енуінің алғышарттарына қысқаша шолу жасалынған.
-
Бастама
Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар бұрынғы КСРО-да ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды [16, 68]. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы – электрондық есептеу машиналарына (ЭЕМ) программа жасау - программалау қарқынды дами бастады. Өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде-ақ, тіл құралдары мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-де программалау оқушылардың оны түсініп, қабылдау мүмкіндіктеріне шек қоятындай қандай да бір түбегейлі қиыншылықтарды қамтымағандығын айта кеткен жөн, өйткені ЭЕМ үшін күрделі емес оқу программаларын құру жеткiншек жастағы оқушының шамасы келетiн, қарапайым және жалпыға бірдей ұғымдардың шектеулі ауқымына сүйенеді.
Қалай болғанымен, алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарының iрi орталықтарында пайда бола салысымен-ақ, ЭЕМ-ге қолжетімділігі мен машина уақытына иелік етудің мамандар құлшынысымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыс жүргізуге деген қызығушылықтарымен дәл келіп жатқан жерлерде ЭЕМ-де программалау бастамаларын оқып үйренетін оқушылар (көбіне әртүрлі жастағы) топтары пайда бола бастады.
Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғандығын анықтау қиын. Мысалы, бізге 50-жылдардың соңына қарай осындай тәжірибе КCРО Одағы Ғылым Академиясының болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды ұйымдастырушы, математиктер мен программалаушылардың ең әйгілі өкілі А.П. Ершовтың қатысумен (1931-1988 жж) және ол кісінің басшылығымен Академқалашыққа тиесілі Новосібірдің бірқатар мектептерінiң есептеуіш техника базасында даму алғандығы белгілі [20]. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен жаңашыл-оқымысты ғалымдары қосылды. Бұл алғашқы қадамдардың оқушыларға жүйелі программалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмаса да, олар оқушыларға программалауды оқыту идеясын түбегейлі жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.
1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру
Орта мектептiң оқушыларына арналған бірінші ресми программалау курсы бойынша оқу бағдарламаларының пайда болуына 60-жылдардың басында жалпы орта білім беру негiзiнде есептеуіш – программалаушыларды алдын-ала кәсіби дайындауды іске асыратын, математикаға мамандандыратын мектептердің ашылуы себепкер болды. Сол жылдары С.И.Шварцбурдтың Мәскеу қаласының Первомайский ауданындағы № 425-ші мектептің сыныптарының бірінде 1959 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізген тәжірибе жұмысы кеңінен белгілі болды [72-74].
1960-61 оқу жылынан бастап программалаушылар дайындайтын мектептердің саны өсе бастады. Мәскеулік №425-ші мектеп пен басқа да есептеуіш-программалаушылар дайындайтын мектептердің тәжірибесі негізінде 1961 жылдың маусымында Ресейдiң ағарту министрлiгi математикаға мамандандыратын мектептер үшін мектеп бітіруші мамандығының сипаттамасы, оқу жоспары, математиканың жалпы курсы бойынша, сонымен қатар арнайы «Математикалық машиналар және програмалау», «Есептеуіш математика» (бұл пән алғашқыда «Жуық есептеулер» деп аталды) оқу пәндері бойынша бағдарламалар сияқты құжаттамалардың бірінші нұсқасын бекітті.
Осындай құжаттамалар сол кездерде біздің елімізде де сәйкес қарастырылып, бекітілді. Қазақстанда Республикалық физика-математика мектеп-интернаты мен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің базасында есептеуші-программалаушы қосымша мамандыққа даярлау бағытында орасан зор жұмыстар жүргізілді.