Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 304

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д) Зерттелінуші кез келген темппен бөлмеде марштық жүріспен жүруі тиіс. Жүріп бала катушкадағы жіпті оң қолының сұқ саусағына 15 сек аралығында орауы тиіс, келесі үзілістен кейін (5-10 с) сол қолына ауыстыруы қажет.

Егрезерттелінуші марштық жүріс кезінде темпті өзгертіп немесе жіпті орау кезінде шатасатын болса тапсырма орындалмады деп есептелінеді. Тапсырманы екі рет қайталауға болады.

Е) Балаға балғаны алып столды бірнеше рет ұруын сұраймыз. Басқа да қосмша қимылдардың жасалынбауын бақылау қажет.

Қорытынды баға:

- 4 – барлық тапсырмаларды толыққанды орындау;

- 3 – қимылдарды нақты орындамау, қимыл нақтылығын өзгерту;

- 2 – көптеген қайталаулардан кейін тапсырманы дұрыс немесе бөлшектеп орындау;

- 1 – қимылдары икемсіз, нақты емес, қимылды орындауда қиналады;

- 0 – тапсырманы түсінбегенді көрсетіп, мүлдем орындамау.

Жалпы еріктік моториканы дамыту деңгейінің қорытындысы:

- 4 ұпай – жоғары деңгей;

- 2-3 ұпай – орташа деңгей;

- 0-1 ұпай – төмен деңгей.

4) Қол саусақтарының нәзік қимылдарын зерттеуді жүргізуде дифференциациаланған қимыл дәрежелерінің сапасын анықтау.

Барлық тапсырмалар ойын түріндеөткізілді.

1) Жұдырығын түю.

2) Бас бармақты шошайтып қалған саусақтарды жұмып ұстау. Екі-үш рет қайталау.

3) Алақанды ашу. Әр қолдың бас бармағын ашып жұму. Екі-үш рет қайталау.

4) Әр саусақты кезегімен жұмып шығу, бірінші оң қол келесі сол қолдды орындау. («Саусақтар тығылады»)

5) Екі қолдын саусақтарын қоу («Саусақтар амандасады»)

Қорытынды баға:

- 4 – барлық тапсырмаларды толыққанды орындау;

- 3 – қимылдарды нақты орындамау, қимыл нақтылығын өзгерту;

- 2 – көптеген қайталаулардан кейін тапсырманы дұрыс немесе бөлшектеп орындау;

- 1 – қимылдары икемсіз, нақты емес, қимылды орындауда қиналады;

- 0 – тапсырманы түсінбегенді көрсетіп, мүлдем орындамау.

Қол саусақтарының нәзік қимылдарының деңгейлерінің қорытындысы:

- 4 ұпай – жоғары деңгей;

- 2-3 ұпай – орташа деңгей;

- 0-1 ұпай – төмен деңгей.

5) Заттармен әрекет етуді зерттеу, барлық тапсырмаларды балалрға ойын түрінде ұсынамыз.

Көрнекілік ретінде келесі материалдарды қолдандық: мозайка, түймелер, қарандаштар, дәптерлер, жіп, мойыншақтар, сіріңке қорабы.

1) Мозайкамен ою салу.

2) Өз бетінше түймелерді түймелеу.

3) Дәптерге қарандашпен вертикалды сызықтар салу.

4) Жіпке мойыншақтарды тізу.

5) Оң қолмен қорапқа бес сіріңкені бір-бірдеп салу, келесі сол қолмен салу.


Қорытынды баға:

- 4 – барлық тапсырмаларды толыққанды орындау;

- 3 – қимылдарды нақты орындамау, қимыл нақтылығын өзгерту;

- 2 – көптеген қайталаулардан кейін тапсырманы дұрыс немесе бөлшектеп орындау;

- 1 – қимылдары икемсіз, нақты емес, қимылды орындауда қиналады;

- 0 – тапсырманы түсінбегенді көрсетіп, мүлдем орындамау.

Заттармен әрекет ету деңгейлерінің қорытындысы:

- 4 ұпай – жоғары деңгей;

- 2-3 ұпай – орташа деңгей;

- 0-1 ұпай – төмен деңгей.

6) Балалрдың дыбысты айту құрылымдарының деңгейін анықтау үшін біз М.Ф Фомичева ұсынған әдістемені қолдандық.

Берілген әдістеменің мақсаты - әр түрлі айтылған дыбыстардың буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, сөйлем байланыстарында айтылу сапасын анықтау.

Бұл зерттеуді әр балаға жекелей жүргізу керек.

Лексикалық материалдарды таңдағанда келесі талаптарды қолдануымыз керек:

  • берілген дыбыс бойынша лексикалық материал толыққанды болуы керек;

  • лексикалық материал әр-түрлі болуы керек;

  • оппозициалық дыбыстары бар сөздерді қолдану;

  • буындық құрылымы қиын сөздерді қолдану.

Дыбысты айтуды зерттеу кезінде өз бетімен лексикалық материалдарды орындай алу тәсілдері қолданылды. Осы мақсатты орындау үшін сюжетті суреттер мен қажетті заттар қолданылды, бұл тапсырмаларда зерттелінетін дыбыстар әр түрлі позада орналасқан болу керек. Дыбыстарды дифференциалдау қабілеттілігін зерттеу үшін балаға суреттер беріледі, осы суреттің атауларында қойылатын екі немесе бір дыбыстар бар.

Лексикалық материалдың негізгі талаптарының бірі сөздердің мағынасын түсіну болып келеді,

Осы зерттеуді өткізуде балаға келесі инструкцияларды ұсындық: зерттелінетін дыбысты жекеше, сөз арасында, сөздің ортасынды, басынды, аяғында қолданып атау; сөйлем байланыстарында да қолдану.

Қорытынды баға:

  • 4 ұпай – барлық дыбыстар құрылған;

  • 3 ұпай – 1-2 дыбыс бұзылған;

  • 2 ұпай – 3-4 дыбыс бұзылған;

  • 1 ұпай – 4 дыбыстан бұзылған;

  • 0 ұпай - 5 және одан да көп дыбыстар бұзылған.

Дыбысты айту жағдайының даму деңгейінің қорытындысы:

- 4 ұпай – жоғары деңгей;

- 2-3 ұпай – орташа деңгей;

- 0-1 ұпай – төмен деңгей.

Құрылған эксперименттің мақсаты сопақша ми дизартриясы бар мектепке дейінгі жастағы баалалардың дыбысты айтуы мен моторикалық аймағының артта қалу фактілерін анықтау.

Әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануда сопақша ми дизартриясы бар мектепке дейінгі жастағы баалалардың дыбысты айтуы мен моторикалық аймағын ың нақты бейнесін анықтауға болысты.



Барлық диагностикалық тапсырмалар өз беттерінше мектепке дейінгі жастағы бааалалардың жастарына сәйкес келеді. Нақты нұсқаулар мен қолданылатын материалдар берілген болатын.

Берілген тапсырмаларды орындауда балалар қызығушылықтарын танытты. Жоғары деңгей бір балада ғана көрініс берді, ол бала барлық тапсырмаларды еркін және жеңіл орындады.

Орташа көрсеткішті көрсеткен балалар тапсырманы нақты орындамай, қимылдарының көлемі, нақтылығы, күші өзгеріп отырды. Сонымен қатар, бір қимылдан келесі қимыл-қозғалысқа ауысуда баяулық пен тітіркенушілік байқалды.

Заттармен әрекеттесу әдістемесін жүргізген уақытта еш бір баладан жоғарғы көрсеткішті байқамадық, көптеген балаларда тапсырмаларды орындауда, ұсақ заттармен жұмыс істеуде қиындықтар туындады. Орташа көрсеткішті көрсеткен балалаардын қимыл-қозғалыстары баяу, өз-өздеріне сенімсіз екендіктері көрінді. «Мозайкадан ою құра» тапсырмасына келгенде балалар қатты қобалжып, көп ойланып, не істерлерін білмеді. Қайта-қайта не істеу керектігін сұрастыра берді.

Зерттеу кезінде төменгі көрсеткішті көрсеткен балалалардан қимылдарынын байсалдылығын байқадық. «Жіпке мойыншақ тізу» тапсырмасын орындағанда қолдарының икемсіз екендіктерін көрсетті. «Вертикалды сызықтарды сызу» тапсырмасында сызықтарды жиі үзгенін байқадық, яғни қарндшты қағаз бетінен жиі көтеріп отырды.

Анализдерге жүгіне отырып біз осындай деңгейдегі баллармен әлі де түзету жұмыстарын жүргізу керектігін шештік, яғни ұсақ қол саусақтарынын қимылдарын дамытатаын ойын жаттығуларды кеңінен қолдануымыз қажет.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дыбысты айту құрылым деңгейін зерттеуде біз келесі қорытындыларға келдік, осы қорытындыларды диаграмма суреттерінен көре аласыздар.



1 – жоғары

2 – орташа;

3- төмен
Сурет 4 Берілген эксперимент бойынша дыбысты айту құрылым денгейін зерттеу қорытындысын диаграммалау
Диаграммада берілген мәліметтерге үйене отырып біз мынанадай шешімге келдік: бұл зерттеуде жоғары көрсеткішті көрсеткен балалар болмады, орташа көрсеткішті көрсеткен 3 бала яғни 37,5%-ды білдірсе төмен көрсеткішті көрсеткен 5 бала 62,5%-ды көрсетті.

Біз әр түрлі дыбстарды зерттедік, олардың буында, сөзде сөйлемде, сөйлем байланыстарындағы айтылуларын қарастырдық. Барлық зерттелінген балаларда 2 ден 6 дыбысқа дейін қате айтатындары анықталынды. Ең таралғын бұзылыс ол ысқырықты дыбастар болып шықты. Екінші орында ызың дыбсытар келесі бұзылыс тапқан дыбыстар олар үнді және ұяң дыбыстар болып келеді. Дизартрик балалардың жеке топтағы дыбыстарды айтуындағы бұзылыстар тек қана артикуляциялық қиындықтарға ғана байланысты емес сонымен қатар, акустикалық жақындыққа да байланысты болады. Сөйлеу қимылдары анализаторларының тежелуі себебінен сопақша ми дизартриясы бар балалардың естуінде дыбыстық дифференциациялар болады, кейбір балалардан дыбыстың орындарын жиі ауыстыратындарын байқадық.


Дыбысты айту құрылым деңгейін зерттеуді анализдей келе біз зерттелінген топқа әлі де түзету жұмыстарын жүргізу керектігін шештік, дыбыстарды қоюға арналған әр түрлі жаттығуларды кеңінен қолданып, жаттықтырып отыруымыз қажет.

Осымен диагностикалық зерттеулерді жүргізу барысында біз сопақша ми дизартриясы бар балалардың моторлық аймағы мен дыбысты айту деңгейлерін анықтадық.

Алынған логопедиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып біз балалардағы моторикалық аймақ пен дыбысты айтуындағы бұзылыстарды түзетуге арналған, арнайы жинақталған және жүйеленген дидактикалық ойындарды жинастырдық.

Бұл ойын жаттығуларды мектепке дейінгі жастағы дизартриясы бар балаларға логопедиялық сабақтар ретінде жүргізуге қолданамыз.

Қорытындылау. Зерттеу жұмысы 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде ойын және жаттығулармен қоса жүргізіліп өткізілді. Балаларға түрлі тапсырмалар бере отырып, баланың дизартрияның қайсы типіне жататындығы, және бала туралы мәлімет алуға тырыстым.

Эксперименттің бірінші кезеңінің басты мақсаты-дизартрия кемістігі бар балалар типін ажырату, бала дамуы туралы мәлімет алу.

Екінші кезеңде 5 ойын ұсынылды. 2-кезеңнің ерекшелігі балалар топтарға ажырап, балаларда ұжымдық түсініктер қалыптастыру міндеті де тұрды. Екінші кезеңнің басты міндеті-ойын арқылы баланың сөйлеу-танымдық қабілеттерін оңалту.

Үшінші кезеңде де түрлі ойындар ұсынылды. 3-кезеңде көптеген талдаулар, анализдер өткізілді. Үшінші кезең ойындары және тапсырмаларын балалар жеке-жеке орындады.


Нәтиже





Сурет 7. Экспериментке қатысқан оқушылардағы дизартрияның кездесу мөлшері
Көріп отырғанымыздай, эксперимент бөліміндегі кіші мектеп жасындағы балалардың басым көпшілігі дизартия белгілерімен оқитындар екен. Зерттелушілер 12 оқушы болса, сол оқушылардың 12-еуі түрлі белгідегі дизартрия диагнозымен екені анықталды, яғни экспериментке қатысушылардың 100 % -ы дизартрия белгілері.

Экспериментке қатысушылардың жас мөлшеріне келер болсақ, экспериментке қатысушы 12 оқушының 12-сі 0-сынып оқушылары, яғни мектепке дейінгі дайындық тобы оқушылары 5.

Тәжірибе барысындағы жаттығулар арқылы анықталған балалардың тілінде кездесетін кеміліктерді бейнелейтін мына диаграммаларға назар аударайық.



Сурет 9. Экспериментке қатысқан оқушылардағы кездесетін дизартриядағы дыбыс айта алмайтын түрлерінің мөлшері
Эксперимент арқылы көріп отырғанымыздай, экспериментке қытасқан балалардың басым көпшілігі р-дыбысының қоюда белгілерімен кездеседі екен. Екінші орында с дыбысының, кейінгісінде ж дыбысын қоя алмайтындар эксперимент барысында көптеп анықталды.

Эксперимент барысындағы осы анықталған дизартрия белгілерін болдырмауды немесе түзеуге бағытталған әдіс-тәсілдердің жүргізілу диаграммасына назар аударсақ.

Қорытынды



Қорытындылай келе, логопед, тәрбиешілер мен топтағы балалардың ата- аналары жүйелі сатылы оқу мен тәрбиені қолдана отырып топ арасындағы жағымды қорытындыларға қол жеткізу үшін, өз күштері мен жұмыс бөлімдерін жоспарлап жағымды қорытындыларға қол жеткізе алады.

Түзету жұмыстарын жүргізгеннен кейін (берілген мәліметтерге сүйене отырып), қайталау диагностикасы мен салыстырмал анализ жүргізіп біз мынандай қорытындыға келдік.

Кіші жастағы дизартриясы бар балалардың дыбысты айтуындағы бұзылыстарды жоғалту үшін біз құраған экспериментті қолдандық, онда логопедиялық ойындар жүйесі мен педагогикалық технологиялар қолданылған.

Оптималды ойын құралдарын логопедиялық сабақтарда қолдануда ойын жағдайларымен толықтырып, сабақтарды ойын түрінде өткізуде балаларға үлкен қызығушылықтар тудыртты, балалар жағымды көңіл-күйде болып, ойлау әрекеттеріне стимул беріліп, оқуға деген мотивациялары жоғарылады.

Көптеген зерттелінген балалардың моторлы аймағының даму деңгейлері төмен болғанымен біз өткізген түзету жұмыстарынын әсерінен осы көрсеткіштер жоғарылайды. Сонымен қоса, сөйлеу жақтарындағы жақсы өзгерістері де болды.