Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 305

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ас-қабақ асқа-бақ

Қар-ға қар-ға

Қар-лығаш қар-лығаш

Са-қина сақи-на

Те-резе тере-зе

Са-рымсақ са-рымсақ

4-жаттығу

Сөйлемдерді буынға бөліп айтыңдар

1) Үлкенді ағала, Ақысын бағала.

2) Жақсыдан үйрен.

5-жаттығу

Сөздерді буын жігімен айтыңдар

Ата - әке - бала - аға - әже ана-қыз-қарындас-апай

6-жаттығу

Сөздерді буынға бөліп айтыңдар

Шай, балмұздақ, қарбыз, бауырсақ, құймақ, пияз, жент.

7-жаттығу

Жаңылтпашты тез оқып, асықпай ауызша айтыңдар.

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

8-жаттығу.

Сөйлемдерді буынға бөлінген күйінде айтыңдар.

А-на ті-лі - да-на тіл.

А-на сү-ті бой ө-сі-ре-ді,

Алдымен бір буынды сөздерді, содан кейін екі, үш буынды сөздерді айтады.

Оқыту эксперимент нәтижелерін тексеруді 2 бөліп жүргіздік:

1. Бақылау тапсырмалары;

2. Бақылау ауызша айту.

Балалардың «дыбыс» және «буын» түсінігін қалыптасқанын; сөздердің дыбыстық-буындық құрамын талдауды қалыптасу деңгейін және бұл балалардағы тіл кемістіктерінің дизартрияның қайсы түріне жататындағын, ол дизартрия белгілерін түзетуде қайсы ойын әдісті қолдану тиімді екенін анықтау үшін түрлі бақылау тапсырмалары берілді. Тура осы тапсырмалар эксперимент жүргізілмеген сынып оқушыларына да берілді.

Негізгі тіл кемшіліктерінің түзету жұмыстарының барысы

Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

  • Дайындық кезеңі

  • Дыбысты қою кезеңі

  • Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі

  • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады.

Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуіне қауыпты өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығуына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмыс аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ сабаққа қойылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады.


Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл – қозғалыстарында көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы: «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «н» дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілді жұмсақ таңдайға шейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буынды анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Мысалы: қа-ға та-те қо-ғо па-пе қу-ғу ба-бе қы-ғы са-се то-то ты-ті бо-бө бы-бі ко-ке сы-сі со-се мы-мі мо-ме ны-ні Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқанда кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айту машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт тә әл лә әс сә әз зә

2-кезең. 12 оқушыға 5 түрлі ойын ұсынылады. Әр ойынның өзіндік ерекшеліктері мен ережелеріне қарай ұпай қойылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін және жұмыстың гипотезесын тексеру үшін келесі зерттеу әдістер кешенін қолдандық: зерттеу мәселесі бойынша психолого-педагогикалық әдебиеттердің теориялық анализі, сопақша ми дизартриясы бар балалрды диагностикалау, педагогикалық экспермент жүргізу, мектепке дейінгі жастағ баллардың іс-әрекеттерінің анализін жасау, эксперименталды мәліметтердің сандық және сапалық анализін жасау.

Белгілі экспериментті жүргізу процесі кезінде балаларға практикалық тапсырмалар ұсынылды олар, мектепке дейінгі жастағы балаларға мазмұны жағынан түсінікті болатын иллюстративті және сөздік материалдарды жинастыру.

Зерттеу жұмыстарын әр баламен жағымды эмоцияларын туғызып алғаннан кейін жекелей жүргізілді.



Зерттеу ойын түрінде жүргізілді. Тапсырылатын ойындар:

  1. «Сұр қоян жуын!».

  2. «Поезд»

  3. «Құрбақа»

  4. «Шеңбер бойынша»

  5. «10 сөзді жаттау»

Қойылатын баға:

- 4 – барлық тапсырмаларды толыққанды орындау;

- 3 – қимылдарды нақты орындамау, қимыл нақтылығын өзгерту;

-2 – көптеген қайталаулардан кейін тапсырманы дұрыс немесе бөлшектеп орындау;

- 1– қимылдары икемсіз, нақты емес, қимылды орындауда қиналады;

- 0 – тапсырманы түсінбегенді көрсетіп, мүлдем орындамау.

Ойынды орындау немесе ойынның ұтымдылығын анықтауды ұпаймен бағалау.

- 4 ұпай – жоғары деңгей;

- 2-3 ұпай – орташа деңгей;

- 0-1 ұпай – төмен деңгей.

12 оқушыға алдын №1 ойын ұсынылады. Ойынның барысын мұқият тексеріп, ойын нәтижелерін зерттеп отырамыз. Мұның мақсаты-балалардың тіл кемістіктерін оңалтуда қайты ойынның тиімдірек екенін өзіндік анықтау болды. Алғашқы ойын «Сұр қоян жуын!». Ойын барысында 12 оқушы 4-еуден 3 топқа ажыратылды. Әрбір топқа өзіндік атау қойылып, ойын жарыс түрінде өткіздік.

Бірінші топқа «Балдырған»;

Екінші топқа «Балдаурен»;

Үшінші топқа «Балапан» деген ат қойылды. Ойын 4 рет қайталанып, ойын соңында 3 топтың деңгейлік көрсеткіштері төмендегі диаграммада көрсетілген.

Пайыздық көрсеткіштері:

«Балдырған» тобы-43 %;

«Балдаурен» тобы-25 %

«Балапан» тобы: 32%.


Сурет 1. «Сұр қоян жуын!» ойыны бойынша зерттелуші топтың көрсеткіші

Ойынның мақсаты балаланың бет-ауыз бұлшықеттерін дамыту, дыбыс артикуляциясын реттеу.

Келесі ойын «Поезд» ойыны. Бұл ойынды 45 минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта қолданылады. Ойын дизартрик балалардың қимыл-қозғалыс кемістіктерімен қоса дыбыстық артикуляциясын түзеуге көмектеседі. Ойын 3 рет қайталанып, жоғарыда аталғандай 12 оқушыны 3 топқа ажыратып, жеке-жеке топ ретінде ғана ойнатты. Ойын барысында «Балапан» тобы ерекше ықылас танытты. Және жеңіске жеткен топтың үлесі пайыздық түрде есептелінді. Топтардың деңгейлік көрсеткіштері мынадай:


2-сурет. Балалардың «Поезд» ойыны бойынша көрсеткіштері
Пайыздық көрсеткіштері:

«Балдырған» тобы-16 %;

«Балдаурен» тобы 33 %

«Балапан» тобы: 51%.

«Құрбақа» ойыны. Бұл ойын дыбыс-танымдық қабілеттерді дамыту үшін анық дыбыстардың байланысын табу маңызды.


Балаларды 2 топқа ажыратып алынды. Ойын барысында 2 топта өте үлкен дәрежеде қызығушылық танытты. Ойынның талабы бойынша бақа атанған оқушылар шеңберден шығып кетсе шеңбер сыртындағы балалар жеңілген болып саналды. 12 оқушының 6-ан 2 топқа ажыраттық.

Бірінші топ «Алғырлар»;

Екінші топ «Белсенділер» тобы деген атты иемденді.

Ойын 1 сағатқа жуық созылып, ойынның нәтижесі төмендегі диаграммада көрсетілді. 4-кезеңге созылып, «Белсенділер» тобы жеңіске жетті.


3-сурет. «Құрбақа» оыны бойынша көрсеткіштер.
Пайыздық көрсеткіштері:

«Белсенділер»: 53 %

«Алғырлар»:47 %

4.«Шеңбер бойынша» ойыны.

Балалар бір-бірімен қол ұстасып жіп арқылы жүріп, музыкалық сигнал бойынша былай дейді: «Бір-біріміздің артымыздан жүресміз». Сигнал бойынша педагог немесе жүргізуші тоқтатып, «Тоқтаңдар және мына қимылды қайталаңдар!» дейді. Педагогтың қимылын қайталап, ойын одан әрі жалғаса береді.

Әрбір ойын 3 реттен 6 ретке дейін созылады. 5-6 түрлі қозғалысты көрсететеді.

5.«10 сөзді жаттау» ойыны.

Сөздер тізімін қайталап оқу барасында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді өте қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деге сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Бағалау шкаласы:

Бір рет оқығанда-5-6, бес рет қайталағанда-8-10 сөз қайталау-сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда-3-4-төмен, бесіншіден кейін-5-7-орта; Бірінші оқығанда-1-2, бесіншіден кейін-3-4-төмен; Бірінші оқығанда-0, бесіншіден кейін-1-2 - өте төмен.

Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе) киім, дала. Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек.

Ойын барысында балалар топтарға ажарытылмады. Әрбір оқушы жеке жеке өз деңгейлерін көрсетті. Ол деңгей көрсеткішін төмендегі кестеден көруімізге болады.


р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Көрсеткіші немесе деңгейі

1

Айтбай Бауыржан

0

Орта

2

Баймақов Еркебұлан

0

Орта

3

Биахметқызы Ұлжан

0

Жоғары

4

Елебекова Бахтыгүл

0

Орта

5

Зарубаева Ақерке

0

Орта

6

Күлменді Нұргүл

0

Төмен

7

Көрпетаеев Сағындық

0

Төмен

8

Күшекеев Олжас

0

Орта

9

Нурсаева Аида

0

Орта

10

Оразалы Аяжан

0

Өте төмен

11

Темиров Нұрсұлтан

0

Жоғары

12

Толғанбай Гулжан

0

Орта



Кесте 1. Балалардың ойын бойынша көрсеткіштері.

Эксперименттің 3-кезеңі. Зерттеу ойын түрінде жүргізілді. Әр тапсырманы үш рет қайталап отырдық:

1) Ауызды ашу және жабу.

2) Ауыз жартылай ашық, үлкен ашық, жабық.

3) Шайнау қимылдарын жасау.

4) Екі бетті кезегімен үрлеу.

5) Бетті созу.

6) Тілді үлкейтіп және кішірейтіп шығару, көрсетілген позаны беске дейін санағанша ұстап тұру.

7) Тіл ұштарын тістелеу.

8) Тіл ұштарымен еріннің оң және сол жақ бұрыштарына кезегімен жеткізу («Сағат»)

9) Тілдің ортасын бүкірейті, ұшын алдыңғы тістерге тигізу ("Мысық ашуланды").

10) Таңдайды қағу ("Аттың шабуы").

11) Тілдің ұшын шығарып үстіңгі ерінді жалау ("Тәтті тосап").

12) Дауысты дыбыстарды өзгертіп атау.

Қорытынды баға:

- 4 – барлық тапсырмаларды толыққанды орындау;

- 3 – қимылдарды нақты орындамау, қимыл нақтылығын өзгерту;

- 2 – көптеген қайталаулардан кейін тапсырманы дұрыс немесе бөлшектеп орындау;

- 1 – қимылдары икемсіз, нақты емес, қимылды орындауда қиналады;

- 0 – тапсырманы түсінбегенді көрсетіп, мүлдем орындамау.

Ерікті мимикалық моториканы дамыту деңгейінің қорытындысы:

- 4 ұпай – жоғары деңгей;

- 2-3 ұпай – орташа деңгей;

- 0-1 ұпай – төмен деңгей.

3) Жалпы еріктік моториканы зерттеу үшін біз Озерцки – Гельнитц мотоиетрикалық шкала тестін қолдандық. Бұл тестті жүргізгенде статикалық, динамикалық координация және бір уақыттылық пен қимылдың нақтылығын анықтадық.

Зерттеуді жүргізгенде келесі материалдарды қолдандық: 8 си диаметрлі доп, қабырғаға арналған 25х25 см төрт бұрыш тақтай, ол баланың кеудесіне жететін деңгейде ілініп тұруы тиіс, еденнен 20 см көтеріліп тұратын арқан жіп, жіп оралған катушка, балға, стол.

Барлық тапсырмалар ойын түрінде өткізілді:

А) Оң және сол аяқпен кезек көзді ашып 10 сек тұру. Қолдары шалбардың сызығы бойымен түсіріліп тұру керек ал, бір аяғы артқа қарай бүгілген болуы тиіс.

Егер бала аяғын түсіріп не еденге тигізіп, орнынан қозғалып кететін болса тапсырманы орындамағаны деп есептейміз.

Б) 1 м қашықтықта допты тигізу керек. Бала допты бірінші оң және келесі сол қолымен лақтырып тигізуі қажет.

Егер ұл бала 3 лақтарудан екеуін тигізетін болса тапсырма орындалды деп есептейміз (қыздар 4 лақтырудан екеуін тигізсе). Протоколда тапсырманы қай қолымен орындай алмағандығы жайлы жазылуы тиіс. Сонымен қатар, тапсырманы қайталауға болады.

С) Арқаннан орнында тұрып секіру. Секіру кезінде міндетті түрде аяқтарын бүгіп секірулері қажет. Үш әрекеттін екуінде қателеспеу керек, арқанға аяқтын тимегені абзал. Егер секірген уақытта құлап қолдары еденге тиетін болса тапсырма орындалмаған болып есептелінеді.