Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 303
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары
1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері
1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы
Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме
Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10-15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай калады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында калыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей карым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің деңгейі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды, Ерте сәбилік балалық шақ- белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейін бала 30-40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. Екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында 1500-ге дейін сөздер қолданады.
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады.Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады.Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез етеді.Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру баланың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға қойды», «Балғамен соқты» дұрыс қолдануды игере отырып, мен жалғауындағы құралдық мағынаны түсінеді де оны барлық құралға стереотипті түрде көшіреді: «пышақмен», «қасықмен», «күрекмен» және т.б. Тілдік қарым-қатынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік кұрылымдарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті екендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.
Жанұяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгіріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады[2, 33-54 бб].
Балалардың сөйлей бастаған кездерінен бастап олардың дұрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу (бұл-балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі) ата-аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі.
Мектепке дейінгі балалық шақта түйсіктің сөздік формаларының дамуы сөйлеу мен практикалық іс-әрекеттің өзара қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың практикалық міндеттерді шешу процесінде пікір айтуы оларға қортынды жасауы сияқты тиісті әрекеттерден тұрады. Келесі кезеңде сөйлеу әрекеттің алдын алу, жоспарлау функциясын атқарады. Бұл балаға міндеттерді шешуде көз қырынан тысқары болатын мағыналы байланыстарды қағып алып, пайдалануға мүмкіндік береді. Біртіндеп, практикалық тәжірибенің молаюына қарай, бала сөздік жоспарлаудан нақтылы міндетті (тұтасынан) сөздік пікірлесу тұрғысынан шешуге ауысады. Бала міндетті түсінгенде, өзіне белгілі фактілерді бақылауға сүйенген жағдайда, оның пікірлесуі толықтай бірізді және логикалық дұрыс болады. Мәселен, суы бар ыдысқа салғанда түрлі заттардың «өздерін қалай ұстайтынын» бақылай отырып, мектеп жасына дейінгі балалар ағаш заттардың қалқып, ал металл («темір») заттардың батып кететіндігі жөнінде өте дұрыс қорытындыға келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік пікірлесуді қолдануы, балалар абстрактілі ұғымдар көмегімен ойлайды екен дегенді әсте білдірмейді. Бала сөздерінің маңызының сол сөздерді ересек адам қолданғандығы маңызынан елеулі айырмашылығы болатынын Л.С. Выготскийкөрсетіп берді. Бұл айырмашылық сөздік жалпылаудың формасына да, мазмұнына да қатысты. Формалар тұрғысынан алғанда бұл жалпылаулар негізінен бейнелік сипатта болады, ал олардың мазмұны заттың жалпы және елеулі белгілері туралы ой болып саналатын «үлкендер» ұғымына біртіндеп қана жақындайды. Мектеп жасына дейінгі бала үшін объектілер өзара үнемі елеулі және тіпті өздеріне ортақ ерекшеліктерімен біріктіріле бермейтін комплекстермен және «алдын алған ұғымдармен» ойлау тән. Алты жасар қыздан көптеген суреттердің ішінен жануарлар бейнеленгендерін іріктеп алу тапсырылады. «Ат-жануар», «Неге олай деп ойлайсың?»-«Ол шөп жейді және адамдарды тасиды... Аю-жануар».-«Неге?»-«Ол орманда тұрады. Ол маймақ... Піл де-жануар. Ол Африкада тұрады... Міне, түлкі де-жануар. Ол қояндарды ұстайды...» Алты жасар баланың сөздік пікірлесуі, мысалы, осындай.
Алайда, тіл баланың жалпылауларынын жай қосымшасы ғана емес. Сөз- қоғамдық тәжірибенің бір бөлшегі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғары, нағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады.
Нәресте дүниеге тек тілге потенцалдық қабілетімен ғана келеді. Баланың қабілеттері мен жеке басты белгілерін, олардың даралық мінез-құлықтарын, тілін көбіне әлеуметтік орта, отбасының жағдайлары шешеді. Тіл даму үшін міндетті түрде үлкендермен қарым-қатынаста болуы шарт. Баланың сөздік қорының баюына - ересектердің қалыптасқан тілі үлкен себепкер.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау, т.б.) байқалғанымен, бұлар әлі тіл дыбысының сипаты болмайды. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу ағзалары дейінгілер сөздік қорына негіздей отырып, тілдің тиісті ережелерін білмесе де, үлкендерге еліктеу арқылы көптеген сөйлемдер құрады. Түзген сөйлемдердің бәрі сәтті шыкқан дей алмаймыз. Тіл ережесіне қайшы келетін сөйлемдер де құрады.
Таным процестерінін бірте-бірте дамуы бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген сөзін естісек, тіл дыбыстарын анық ажырата алмаймыз. Бізге ол дыбыстар тек шудан тұратын болып көрінеді. Мұның себебі қалыптаспағандықтан, ана тілімізде естіген сөздер белгілі ережеге бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есіту деп атайды. Фонематикалық есту дегеніміз әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды ажырата алмауы. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып, өз тілінің фонематикалық есіту ерекшелігін басқа тілдерден дәл ажырата бастайды. Фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде, тереңірек сипатқа ие болады. Мысалы, «көз» деген сөздін орнына «бөз» деп айтылса бір дыбыстың өзгерілуі, сол сөздің мағынасын өзгертіп жіберетінін бала сезе алады.
Бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға (жағдай) тәуелді болып келсе, мектепке дейінгі балалар (6-7) монолокқа жақын контекстік сөйлеу формасын игереді. Контекстік сөйлеу формасы деп аталу себебі оның мазмұны хабарламаның бүкіл контексінен түсінікті болуынан. Сөйлеудің бұл формасы кең көлемде, логикалық жүйеде мазмұндап беруді талап етеді.
Бала қарым-қатынас жасауға қажетті жаңа сөздер мен грамматикалық формаларды ересектердің жетілген тілінен, балалар әдебиетінің көркем туындыларынан алады. Мектеп жасына дейінгілердің (6-7) байланысты-рып сөйлеуін дамытуға әсер ететін маңызды көздердің бірі-үлкендер оқып беретін ертегілер, өлеңдер мен әңгімелер. Ана тілінде сөйлеуді жүйелі түрде үйрету олардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда жетекші рөл атқарады. Мектепке дейінгі кезеңде ситуациялық және контекстік сөйлеу формалары қатар орын алады, алайда бала қарым-қатынастың нақтылы мақсатына қарай оның бірін пайдаланады.
Егер тіл арқылы қарым-қатынас барлық негізгі кезеңде сөйлеушіге де, тыңдаушыға да кернекі түрде беріліп, түсінікті жағдайда жүзеге (органдары) нығая түседі. Үшінші айда бала гуілдей бастайды. Төртінші айдан бастап бала өмірінде былдырлау пайда болады. Бұл әрекет ересектердің сөзіне еліктеуден туады. Былдырлау нәтижесі сөйлеу ағзаларын одан әрі нығайтады. Бұл кезеңде нәрестеде бірінші ассоциациялардың элемент пайда болады. Дыбыс сипаттарын аң-ғартатындығы байқалады. Мысалы, «тық-тық», десең, қабырғадағы ілулі сағатқа қарайды. 8 айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын ажырата алады. Алайда олардың мән-мағынасын толық ұға алмайды. Оның алғашқы сөздері «ата» «әже» «апа», «аға» т.б. болады. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз үнді дыбыстарды, содан кейін қатаң, ұяң түрлерін меңгереді.
Балаға ызың дауыссыздар мен (ш.ж.) ысылдап шығатын дауыс-сыздарды ұғыну қиын болады.
11-12 ай толғанда нәресте тілі шыға бастайды. Әуелгі кезде ол айналадағы заттар мен жан-жануарлардың шығарған дыбысына еліктейді. Өзі сөйлей алмаса да үлкендердің сөзін түсінеді. Өзгелердің сөзіне түсіну баланың сөйлеуінен бұрын туады.
Н.М.Щелованов, Н.М.Аксарина, Г.Я.Розенгарт-Пупко, М.И.Лисиналар-ың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткеніндей, нәресте өзінің жымиюы, күлкісі, «қозғалыс реакциясы» (Н.М.Щелованов) арқылы айналасындағы адамдармен ерте қарым-қатынас жасауға талпынады. Бір жасқа толған сәби әр түрлі сигналдар, сөздер пайдалану арқылы апасы, әпкесі және тәрбиешілерімен қатынасқа түскісі келетінін байқатады.Бір жаста нәресте 10-нан астам сөз біледі. Бірақ ол игерген сөздерімен сөйлем құрастыра алмайды. Жеке сөздерге сөйлемдік, тіпті одан да көп мазмұн беріп сөйлейді. Бұл кезеңдегі баланың сөзін сөз-сөйлемдер деп атайды. Мысалы, «апа» деген сөз бір жағдайда «су ішкім келеді», екінші жағдайда «сыртқа шығамын», үшінші жағдайда «маған басқа бала тиісіп жатыр» деген мағынаны білдіруі мүмкін. Сәбидің былайша сөйлей бастауы оның ми әрекетінде екінші сигналдық жүйенің пайда болуымен байланысты
Тіл үйренуге тек адамның перзенті ғана қабілетті. Тіпті биологиялық жағынан аса жақын маймылға да тілді үйретуге болмайды, демек нәресте де ғана тілге икемділік бар. Осы икемділік іштен туа беріле ме, не жүре қалыптаса ма деген сұрақ туады. АҚШ ғалымы Н.Хомский балаға икемділік туа берілетіндігін айтады. Бұл пікірді М.М.Мұқанов қолдайды. Бірақ белгілі бір тілді меңгеру (ағылшын, орыс, қытай т.б.) қоршаған ортаға, өмір талабына сай қалыптасады.