Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 292

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары

Мазмұны


Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары 2

Мазмұны 2

Кіріспе 3

1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері 6

1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері 6

1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі 21

1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы 31

Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме 39

2.1. Эксперименттен өтуші оқушыларға сипаттама және дизартрияны оңалтуда қолданулатын ойын түрлерін сұрыптау 39

2.2. Эксперименттің барысы және нәтижесі 47

Нәтиже 60

Қорытынды 62

Қолданылған әдебиеттер тізімі 64


Кіріспе



Дизартрия-дегеніміз сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксізді-гіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстардың айтылу кемістіктері. Дизартрия термині гректің артрон-мүшелену және бөлшек, - дис - бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айқын сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.

Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы, дауыстың пайда болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығындағы, сарынындағы өзгерістер жатады.

Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдан-уының түрліше қисындасып жинақталуына, кемістіктердің ауырлығына, ақаулықтың пайда болған уақытына байланысты әр-түрлі дәрежеде көрінеді.

Сөздің бұзылып дұрыс айтылмауы дауыссыз дыбыстардың барлығына тән қасиет екені және тек соларға қатысты болатындығы байқалады. Алайда артикуляцияның икеміне, ыңғайына бейім тұратын тілдің қосымша қимылын талап етпейтін м, н, т, п дыбыстары сирек бұзылады.

Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Е.М.Мастокованың берген мәліметі бойынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-65 - індейі дизартрия болады екен.

Дизартрияның клиникалық түрлерінің классификациясы зақымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген.Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтуындағы адаулықтарының, денсаулыңтарының, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен ажыратылада, соған байланысты әртүрлі логопедиялық ықпалда қажет етеді және түзетуге әртүрлі дәрежеде көрінеді.


Сопақша ми дизартриясы артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдату-шы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері бұзылады.

Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің жұмсақ таңдайдаң бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақалуығы баланың қою және сұйық тамакты жұтуы және шайнауы қиындайда. Дауыстың жатықтығының және жұмсақ таңдайдаң ширақтығының жетімсіздігінен ерекше болып бұзылады да әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады.

Тақырыптың зерттелуі. Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады.

С.А. Миронова өзінің «Развитие речи дошкольников на логопедических за­ня­тиях» атты еңбегінде бала тіліндегі кездесетін кемшіліктер мен дислалияның белгілері және оны түзетуге бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер мен жаттығуларға кейінен тоқталған.

Сондай-ақ «Мектепке дейінгі жастағы балаларда сөйлеу қабілетінің бұзылуы» атты еңбекте (құрастырушы Р.А. Белова-Давид). Авторлары Е.Г. Корицкая және Т.А. Шимкович бала тілінде кездесетін кемістіктерді және оларды болдырмау жолдарына кеңінен тоқталып, дизартрияны түзету бағыттарына тоқталады.

М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн.

Бала сөйлеуінің бірте-бірте дамуын монография түрінде жазуды алғаш мақсат еткен Ш.Бюлер 40-тан астам баланы жүйелі түрде бақылаған және сөйлеу дамуының барлық кезеңдерін бірізділікте көрсеткен. Мәселен, зерттеуші балада, дауыс реакциясының пайда болуына байланысты сөйлеу көмегімен жүретін әлеуметтік байланыс реакциялары жасала бастайтынын көрсетті.



Жас тәуелсіз елімізде логопедия саласы енді дамып келе жатқан сала. Сондықтан бұл саланы зерттеу, оның ашылмаған, әрі зерттеле қоймаған салаларын зерттеу қазіргі замандағы Қазақстан ғылымы мен білімінің алдына қойған басты мақсаты болып табылады.

Сонымен қатар елімізде бұл сала толық зерттелмегенін ескере отырып, оның ішінде дизартрия және дизартрияны түзетудің әдістері, яғни менің тықырыбым тың зертеліп отыр. Дизартрияны түзетуде әдістер дұрыс таңдай алу мен дизартрияны түзетудің жолдарына ойын мен жаңаша көзқарас ашу менің диплом жұмысымның жаңалығы болып табылады.

Зерттеудің әдісі: дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру процесі арнайы әдістерді қолдану арқылы ғана нәтиже береді. Оқыту әдісі мен жүйесін таңдау барысында баланың жасы қай уақыттан бастап кемістігі қайда болғандығын игеріп, оның психологиялық даму ерекшелігіне қарай танымдық сферасын арттыру, баланың білім алу іскерлігі барынша белсендететін, олардың сөз сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыларды қалыптастыру әдістері (оқытудың техникалық құралдары, дидактикалық заттар, көрнекілік даму ауытқушылығының түріне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдері).

Диплом жұмысының мақсаты-дизартрия терминінің мәнін кеңінен аша отырып, дизартрияны жоюға бағытталған ойындар мен жаттығулар,әдіс-тәсілдерге теориялық және практикалық сипаттама жасау.

Диплом жұмысының міндеттері:

-Сөйлеу тілінің даму кезеңдеріне;

-Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесіне;

-Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуыне сипаттама жасау.

Диплом жұмысының объектісі- баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары.

Зерттеу базасы: ****** мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы: кіріспеден, 2 тарау мен тараушалардан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша бөлімдерден құралған.

Зерртеу пәні-мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балалардағы сөйлеу кемістіктері.

Зерттеу болжамы. Соңғы уақыттарда дизартрия белгісі балаларды лагопедиялық жаттығулармен бірге, ойын арқылы оңалту мәселелері де жиі қарастырылуда. Ойын арқылы және ойын түрлерін дизартрияны оңалтуда қолдануды әсіресе Ресей лагопедттері жиі ұсынуда. Егер ойын және ойын түрлерін тілді дамытуда және дизартрияны оңалтуда кеңінен қолдау тапса, және бұл әдіс өз жемістерін тапса зерттеудің басты болжамы айқындалады.


1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері

1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері



Сөйлеу-тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Тіл-адам қоғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады.

Тіл мағыналы сөздерден және солар бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер жиынтығы-синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Сөздің мағынасы дегеніміз-оның нақты болмыста белгіленген объектіге қатынасы, бұл арада объектінің санада қалай қабылданғаны есепке алынбайды. Тілдің грамматикалық категориясы логикалық категориямен ұштастырылады. Логикалық категориялар жалпы адамдық болып табылады. Олар ор тілге тән түрде тиісті грамматикалық құрылымдар арқылы білінеді.

Баланың сөйлеуінің дамуы, психологияда айтылатындай, оның вербальдық мінез-құлқы, біртіндеп тіл үйренуіне байланысты бірқатар кезеңдерден өтеді.

Бірінші кезең-фонематикалық естудің дамуы және ана тілінің фонемін айту дағдысының қалыптасу кезеңі. Сөйлеудің дамуындағы бұл процесс жасөспірімдік шаққа дейін анағұрлым шапшаң жүреді. Бұл кезеңнің басталуы-бала өмірінің алғашқы бір жылы кезіндегі уілдеу мен былдырлау.

Екінші кезең-сөздік қорды және синтаксис ережелерін игеру. Бұл кезеңнің басталуы-бала өмірінің екінші жылы, қарым-қатынас жасау мақсаты мен кейбір сөздерді айту. Сәл кейінірек, шамасы 3 жастан бастап синтаксисті және сөздің грамматикалық формасын белсене үйрену бастала-ды. 7 жаста іс жүзінде ауызша сөйлеуде лексикалык және синтаксистік ережелерді игеру анықталады. Мектепте оқығанда бұл категорияларды игеру жазбаша сөйлеу негізінде жүргізіледі. Бұл ауызша сөйлеуді едәуір дәрежеде қайта құруға себепші болады.

Үшінші кезең-тілдің семантикасын игеру. Сөйлеудің дамуындағы бұл кезеңнің басталуы екінші кезеңмен сай келеді, алайда ол жасөспірімдік және бой жету кезеңінде анағұрлым айқын білінеді. Бұл кезде дүниеге көзқарас қалыптасады, биік сезім және еркіндік жағдайдағы мінез-құлық дамиды. Осының нәтижесінде тілдегі сөздердің семантикалық мағынасы осы сөздің жеке адам үшін мағынасына айналады, сөйтіп мінез-құлықта айқын көрінетін практикалық роль атқарады.


Ауызша сөйлеудің дамуы, шартты рефлекстер іліміне тән, мінез-құлық қалыптасуының механизмі қалай жүретінін бақылау мен осы құбылыстарға деген көзқарасты оларға деген психологиялық тұрғымен салыстыру үшін ең қолайлы құбылыс шығар. Ауызша сөйлеудің дамуы баланың мәдени тәжірибесі жинақталуының негізінде жатқан, мәдени мінез-құлқының маңызды функциясы-ның біреуінің қалыптасу тарихын көрсету болып табылады.

Осы тақырып түбегейлі маңызды болғандықтан, біз бала мінез-құлқы дамуының нақты жақтарын қарастыруды дәл осыдан бастаймыз.

Ересек адамның сөйлеуі қалыптасуының осындай шартсыз рефлексі, осындай тұқым қуалаушылық негізі, айғайлау рефлексі, баланың дауыс реакциясы болады. Ол жаңа туған нәрестеде де байқалатыны белгілі.

Біздің шартсыз рефлекстер туралы білімдеріміздің қазіргі жағдайында, айғайлау-туа біткен реакциялардың қаншасынан тұратыны айту қиын, дегенмен, жаңа еңбектерге сәйкес, нәрестенің дауыс реакцияларында бір ғана шартсыз рефлекс емес, мүмкін, бір-бірімен өте тығыз байланысқан шартсыз рефлекстер қатары жатқаны күмән келтірмейді. Дегенмен бала өмірінің бастапқы аптасында-ақ кез келген шартты рефлекске тән модификация жасалады.

Олар тек түрлі шартсыз ішкі қоздырғыштармен ғана емес, баланың түрлі туа біткен реакцияларымен бірігетін шартты стимулдары арқылы да жасалады.

Белгілі бір кезде әр жолмен жүрген осы желілер-сөйлеудің дамуы мен ойдың дамуы-айқасып, кездескендей болады, және осы жерде даму желілері бір-бірімен қиылысады. Оймен байланысқан сөйлеу интеллектілі бола бастайды, ал ойлау сөйлеумен байланыса бастайды. Баланың мәдени мінез-құлқының барлық келешек тағдыры соған тәуелді болатын осы орталық кезеңді түсіндіру қарастырып отырған тараудың басты мақсаты болып табылады.

Осыған орай кейбір қысқаша бақылауларды келтіре кетейік. Ойлау мен сөйлеу дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіретін алғашқы теорияны В.Штерн ұсынды, ол бала сөйлеуі дамуының толық ғылыми монографиясын берген. Штерн қалыпты балаларда белгілі жас шамаларында (шамамен 1,5-2 жас) оның ойлауы мен сөйлеуінің кездесуі болады деп тұжырымдады. Басқаша айтсақ, кенет өзгеріс болады, сонан соң әрқайсысының дамуы мүлдем жаңа желілермен жүре бастайды. Штерн бұл сәтті баланың өзінің барлық өмір үрдісінде жасайтын үлкен жаңалығы деп атады. Штерннің айтуынша, бала әр заттың аты болатынын, әрбір затқа сол затты білдіретін сөз сәйкес келетінін ашады[1, 420 б].

Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді.