Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 294
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары
1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері
1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы
Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме
Бұл ойын көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.
Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.
Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».
Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұскау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді тағыда қай-талап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар».
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:
«Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тындаңдар». Бесін-ші рет кайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» - деп ескерту қажет.
Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан, психикасы тежелмеген, дизартрик балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың саулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді[59, 39-57 бб].
Сөздер тізімін қайталап оқу барасында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді өте қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деге сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.
Орындау уақыты 7-8 минут.
Бағалау шкаласы:
Бір рет оқығанда-5-6, бес рет қайталағанда-8-10 сөз қайталау-сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда-3-4, бесіншіден кейін-5-7-орта; Бірінші оқығанда-1-2, бесіншіден кейін-3-4-төмен; Бірінші оқығанда-0, бесіншіден кейін-1-2 - өте төмен.
Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе) киім, дала. Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек.
Дыбысты айту мен моторлық аймақты түзетуде логопед пен тәрбиешінің бірлескен жұмыстары басты процес болып келеді.
Логопед жұмыстарының сәттілігі мен эффективтілігі тікелей тәрбиешімен ұйымдастырылған өзара әрекетке байланысты болаы. Бұл жұмыстарды келесі негізгі бағыттар бар:
-
түзету-тәрбиелік; -
жалпы білім беру;
Тәрбиеші логопедпен бірлесіп баланың дыбысты айтуы мен моторлы аймағын түзету жұмыстарына ат салысады.
Тәрбиешілермен байланысқа түсуде де логопед тапсырмаларға арналған дәптерлеріне арнайы топта не сабақта орындайтын тапсырмаларды жазып береді. Тәрбиешілерге әр-түрлі ұсыныстар айтылады, нақты балалрға арналған артикуляциялық жаттығулар мен ойндарды қолдануға ұсыныстар береді[60, 30 б].
Логопед пен тәрбиеші бала сөйлеуін түзетуде, балалар тобында мейірімді, эмоционалды жағымды жағдайлар жасап педагогикалық өзара әрекеттесулерін ақтайтды.
Балалар ұжымында психологиялық атмосфераны тудыру балалардың өз мүмкіншіліктеріне деген сенімді нығайтады, жағымсыз уайымдауларды кетіреді, білімге деген қызығушылықтарын тудырып, сөйлеудегі кемшіліктерді жеңуге болысады.
Тәрбиешінің сөйлеуі логопедиялық топтағы баллармен күнделікті қарым-қатынасқа түсуде маңызды орын алады. Тәрбиеші сөйлеу бұзылыстары балаларға үлгілі болуы керек: нақты болу, түсінікті айту, интонациясы жақсы болып, грамматикалық дұрыс және мәнерлі сөйлей білу. Тәрбие мен білім беруді ілеспелі, жағымсыз сөздерді қолданбау керек. тәрбиешінін бірлескен жұмыстар тығыз қатынаста өткізіледі.
Логопед сабақтарына қатысып әр баланың сөйлеуінде қандай бұзылыстар бар екенін көріп, дәл осы уақытта логопед қандай амал-тәсілдерді қолданатынын көруі керек. Өз кезегінде логопед тәрбиеші сабақтарына қатысып, балалардың сәтті және сәтсіз жағдайларын тіркейді және өз сабақтарында өндейтін кездерді фронталды сабақтарының жоспарларына қатысады.
Тәрбиешілердің жұмысы логопедтің сабақтарымен де тығыз байланысты, болашақ логопедиялық сабақтарға даярлап материалдарды қабылдауға болысады. Логопедтің сабақтарының қорытындысына зейін қойып, балалардың жеткен жетістіктеріне аса мән береді.
Логопедтің ұсыныстарына сүйене отырып тәрбиеші 5 минуттық сөйлеу жаттығуларын жүргізіп отырады. Осы жаттығулардың мазмұны дыбысты айту мен моторлы аймақтын дамуына ат салысады. Ұсақ қол-саусақ моторикаларының дамуына арналған ойын жаттығуларды қолданды: әр түрлі кубиктер, ұсақ мозайкалар, таяқшалардан фигуралар жасау, бауды байлау, шашыралған сіріңкелерді жинастыру, түймелер, мойыншақтар, суреттерді салып бояу, қағаздар әр түрлі бейнелер мен фигураларды қию[61, 239 б].
Сонымен қатар, тәрбиеші қозғалмалы және дидактикалық ойындарды жоспарлайды, ол ойындар тақпақтар түрінде болады, балалардың қарым-қатынастарын координациялайды, ритмикалық тақпақтармен қимылдарды орындайды.
Жалпы және ұсақ қол моторикаларын дамытуға «Шеңбер бойымен допты беру», «Шатарстырма», «Жұбыңды тап», «Дауыс арқылы табу» т.б. қимыл-қозғалыс ойындарын қолданды.
Тәрбиешінің міндеттеріне сонымен қатар, логопет орнатқан дыбыстар мен жоғалған немесе айтылмайтын дыбыстарды түзету жұмыстарын күнделікті бақылап нығайтуымыз керек.
Тәрбиешіле сабақтан тыс уақыттары жұмыс атқару үшін (серуендеу кездері, балалардың ойын ойнау кездерінде, режимдік кездері) қолданылатын ескертулер берілді яғни «Саусақ ойындарын өткізуге арналған ескертпелер» (қосымша Д). Тәрбиешілер жылы маусым мезгілінде ойнату үшін қолданылатын кеңестерді бердік «Құмда ойнауға арналған таным ойындарының түлері» (Қосымша Е). Грабенко Т.М., Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. «»Құмдағы ғажайыптар. Құм ойын терапиясы негізенде құрылған.
Сөйлеу дамуында жеткіліксіздіктері бар балалармен балабақшаларда жұмыс атқару, эффективті түзету процесі маңызды орын алады, сондықтан логопед пен тәрбиешінің бірлескен жұмыстары баланың тілінің дамуында басты орын алады.
Тәрбиеші ата-аналармен жұмыс жасауда үлкен көмек көрсетті, ата-аналармен қарым-қатынасқа түсіп, ата-аналар жағынан көрсетілген көмекті белгілеп отырды[62, 130 б].
Осындайда тәрбиеші қосымша жұмыстарды атқаруға міндетті болады, өйткені дыбысты айту мен моторлы аймақтын бұзылыстарына байланысты мәселелерді түзетуге қажетті талаптармен байланысты болады.
Тәрбиеші өз жұмыстарында тәрбиелеу мен білім беру міндеттерін баланың жасерекшеліктеріне және жеке дара психофизиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып орындайды. Бұндайда тәрбиеші күн бойы балалар өзараәрекеттесу мен қарым-қатынасқа түсу үшін топ ішінде жағымды жағдай туғызуға тырысады. Сонымен қатар, тәрбиеші топта күнделікті балалар дағдаланған және үйренген сөздік қорларын бақылай алады. Балалардың тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлықтарын, өзінің сөйлеудегі бұзылушылықтарына деген қатынастарын бақылай алады.
Белгілі экспериментті қорытындылай отырып логопед пен тәрбиешінің және де баланың ата-аналарының, жақын адамдарының қарым-қатынастары дыбысты айту мен моторлы аймақты түзету жұмыстарында қажетті дей аламыз. Дыбысты айту мен моторлы аймақты түзетуде жүйелі, сатылы оқыту мен біз ұсынған ойын жаттығуларды қоладнуда жағымды қорытындыларға қол жеткіздік[63, 200 б].
2.2. Эксперименттің барысы және нәтижесі
Мен зерттеу жұмысын жүргізген мектепте оқушылардың дизартрия белгілерін жоюда ойын әдістерді қолдандық. Сонымен қатар қазіргі заманға жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданатынын байқадым. Сол әдіс-тәсілдерге тоқталып өтсем.
Мектепте дизартрияны түзету барысының басты әдісі ретінде тілдік және еріндік ойын-жаттығулар қолданылады екен. Бұл ойын-жаттығуларды әсіресе дауысты дыбыстарды айтып үйренуде маңыздылығы зор.
Эксперимент 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Балаларды түрлі ойын-жаттығулар арқылы дизартрияның қай түріне жататындығын анықтау.
1-кезең. Дауысты дыбыстарды айтып үйрену жөніндегі жұмыстар екі және үш жастағы балалармен, кейде тіпті мектеп жасындағыларға да жалғастырыла береді. Сөйлеу кезінде тыныс шығару процесін ұзарту мақсатындағы тыныс алу органдары жаттығуларын «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолыңыз тоңса, демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» сияқты қарапайым сюжеттік ойындар ретінде өткізу ұсынылады. Сондай-ақ ерін мен тілге арналған ойын-жаттығуларда да келтіреміз.
Егер «ерте онтогенез» дыбыстарын қалыптастыруға арналған дидактикалық материалды «орташа» немесе «кейінгі онтогенез» дыбыстарды ұшыратын болса, тәрбиеші балалардың оларды міндетті түрде дұрыс айтуын талап етпеуі тиіс, олар «Бала» деудің орнына «Байа» деуі мүмкін және т.с.с.
Кіші мектеп оқушыларының сөйлеудегі дыбыстық қателерді түзетуге және алдын ала болдырмау әдістемесін көптеген авторлар ұсынған. Дегенімен, анықтаушы экперименттің нәтижелері көрсетіп отырғандай, кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөйлеудегі дыбыстық қателер өте кең және күрделі болып келеді. Оқушылардың көпшілігіне дизартрия тіл кемістігі қойылады. Мұның себебі, біздің ойымызша, біріншіден, сөйлеу бұзылыстарын алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі. Әрине сөйлеудегі қателерді түзетуге немесе болдырмауға арналған жұмысты мұғаліммен қатар логопед те, тәрбиеші де жүргізуте тиіс. Ал екіншіден, мұндай жұмыс әдетше, мектептерде барлық бағыттарын қамтымайды және біркелкі түрде өткізіледі. Осы байқалған кемшіліктерді ескере отырып, біз сөйлеудегі дыбыстық қателерді алдын алу мақсатымен жүргізілген оқыту экспериментінде бір негізгі мақсаты бар түрлі ойын-жаттығуларды жүйелі түрде қолдануды ұсындық.
Анықтаушы эксперименттің нәтижелері кіші мектеп жасындағы оқушыларында кездескен қателердің көпшілігі дизартрия түріне жататынын көрсетті.
Осы бағыттардың ішінен оқыту тәжірибесіне біз сөздерді дыбысқа бөлу және дыбыстық құрамын талдау жұмысын алдық. Осы бағытта мұғалімнің жүргізіліп отырған жұмысымен қатар оқушыларға сабақтан тыс уақытта қосымша түрлендірілген тапсырмалар жүйелі ретімен берілді.
Оқыту эксперименті бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді, экспериментке дизартрия белгілері бар 12 оқушы қатысты. Оқыту эксперименті көмекші мектептің бастауыш сыныптағы бағдарламасында қарастырылған «Буын» тарауынның негізінде жүргізілген.
Эксперименттің жалпы мақсаты: Арнаулы мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуде дыбыстық бұзылыстарын түзету.
Эксперименттің негізгі міндеттері:
-
Арнаулы мектептің бастауыш (0) сынып оқушыларында «дыбыс» түсінігін анықтау, балалардың оқу және жазу қабілеттері мен кемшіліктерін, дизартрияның қай түріне жататындығын анықтау; -
Сөздерді буындарға, дыбыстарға дұрыс бөлуге үйрету және дағдылан-дыру; -
Сөздердің дыбыстық-буындық құрамын талдауды жаттықтыру.
Арнайы мектепте жүргізілетін дизартрия белгілерін анықтауға және түзетуге арналған әдістемелерге тоқталайық.
Алынған тапсырмалар жүйесі балалардың сөйлеудің дыбыстық дұрыс айтылуын және дыбыстық-буындық құрамын талдауға үйретуімен қатар, буындармен түрлі операциялар жасату арқылы осы дағдылардың әбден машықтануына мүмкіндік береді және оқушылардың сөйлеудің дыбыстық құрамын, сөзден жаңа сөз тудыру, логикалық ойлануды дамытады. Ойын-жаттығулар жүйесі балалардың қызығушылығын оятып, жұмысты ынтамен, саналы түрде орындауға жағдай туғьгзады.
Оқыту эксперименті 8 сабақтан тұрды, 4 апта бойы жүргізілді, аптасына екі рет сабақ орындалды. Әр сабаққа 30 минут берілді.
Мақсаты: балалардың дизартрия белгілерін, қай түріне жататындығын анықтау және дизартрияны оңалтуда ойын әдістерін қолданудың жетістіктерін дәлелдеу. Аранайы мектептің бастауыш сыныбына арналған «дыбыс» және «буын» тарауындағы жүргізілген оқыту экспериментке алынған тапсырмалардың үлгілері:
1 –ойын- жаттығу(жаттығулардың басты мақсаты дизартрия белгілері бар балаларды анықтау)
Сөздерді дұрыс айтыңдар.
Бала, қала, дала, мақта, шортан, сақа, асық, мысық.
Әр сөзде қанша дыбыс бар?
2- жаттығу
Сөздерді дыбыс-дыбыс бөліп айтыңдар.
Сабын, сурет, дәптер, алмұрт, аңшы; арба, сандық, көгершін, көрпе, тап.
Әр сөзде қанша дыбыс бар?
Әр сөзде қанша буын бар?
3-жаттығу
Сөздерді буынға бөлінген реті бойынша айтыңдар: