Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 299

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі



Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары, дауыстың пайда болуындағы кемістіктер, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдылығы, сарынындағы өзгерістер жатады, ауыз қуысындағы ағзалар қимылсыз қалады (көмекей, жұтқыншақ, тіл, ерін).

Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі жүйке жүйелерінің зақымдануының түрліше қисынданып жинақталуына, кемістіктердің ауырлығына, ақаулықтардың пайда болған уақытына байланысты әр түрлі дәрежеде көрінеді. Кемістіктің құрылымы жайлы арнайы әдебиеттерде кеңінен қарастырылған.

Клиникалық, психиалық логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті. Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан болады[17, 10-14 бб].

Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның, оттектің жетіспеушілігінің, интоксикацияның, екіқабат кезіндегі токсикоздың және басқада бірқатар жәйттердің нәтижесіндегі құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайда көбінде бала туылған кезде асфексия пайда болады және шала туады.

Дизартрия резус фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі жүйке жүйесінің инфексиялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады.

Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі пайда болады. Е.М Мастюкованың айтуынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-85%-індейі дизартрия болады екен.

Дизартрияның клиникалық түрінің классификациясы зақымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтарының, денсаулықтарының, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен ажыратылады.

Медициналық әдебиеттерде берілген кемшіліктері бар балаларды емдеудің амалдары кеңінен қарастырылған. Дизартрияның ең ауыр түрі церебральды салдануы бар балаларда кездеседі. Психикалық дамуында тежелуі бар (ПДТ) және ақыл есі кем диагнозы бар балаларда дизартрия белгісі орташа дәрежеде көрініс береді. Жеңіл түрі (МДБ - минималды дизартриялық бұзылыстар) СЖД диагнозы бар балаларда (50-80%), ФФБ диагнозы бар балаларда (30-40%), дислалаияның ауыр түріндегі диагнозы бар балаларда (10%) жиі кездеседі[18, 190 б].


Мектеп жасында сопақша ми дизартриясы тек қана ауызша емес сонымен қатар жазбаша түрде көрініс береді.

Сопақша ми дизартриясы артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде пайда болады. Сонымен, сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үшжақты, кезбе жүйке жүйесінің ядролары бұзылады. Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің жұмсақ таңдайдың бұлшықеттенінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою және сұйық тамақты жұтуында қиындықтар болады. Дауыстың жатықтығының және жұмсақ таңдайдың ширақтығының жетімсіздігінен ерекше болып бұзылады да әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайдың әлсізденуі салдарынан іштен шыққан ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады. Міңгірлеп өте түсініксіз және көмескі сөйлейді. Сопақша ми дизартриясы бар балалардың бет әлпеті келіссіз келеді.

Бұндай кемістіктерде дисграфикалық қаталар болады, дауысты дыбыстардың орын алмасуы немесе тастап кету, дауыссыз дыбыстарда сөздің аяққы дыбыстарын тастап кету секілді қателіктер жасайды. Бұл қателіктер дауысты дыбыстарды айтудағы артикуляцияның дұрыс болмауынан пайда болады. Сонымен қатар, кеңістіктік-оптикалық қабылдаудың толыққанды дамымау себебінен графикалық қателіктер де кездесуі мүмкін[19, 24-26 бб].

Клиникалық, психикалық, логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының, қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті.

Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан болады.

Логопедияның тәжірибесінде сопақша ми дизартриясы дизартрия түрлерінің жеңіл дәрежесіне жатады. МДБ - минималды дизартриялық бұзылыс сөйлеудің айтылуындағы түзетулерге қиын берілетін түрі. Г. Гуцман алғаш рет балалардың дыбысты айтудағы полиморфты бұзылыстардың категорияларын белгіледі, бұндай бұзылыстарды коррекциялау қиынға соғады. Келесі Правдина, Винарская, Эйдинова сынды зерттеушілер моториканың бұзылыстарын анализдеді.



Қиын дислалияға шалдыққан балаларды зерттеуде дизартрияның жеңіл түрін О.В. Правдина мен Л.В. Мелехова ерекшелеп қарастырды. Олар функционалды, механикалық және де органикалық церебралды дислалиялар дизартрияның жеңіл түрлеріне ауысуы мүмкін деген. Авторлар қарастырғандай дыбысты айтуда церебралды органикалық бұзылыстар болады, бұнда сөйлеу аппаратының жеке бұлшықет бөлімдерінде қимыл-қозғалыстар жеткіліксіз болып келеді (ерін, жұмсақ таңдай, тіл), оның бәрі жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан пайда болады.

Дизартрия резус фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі жүйке-жүйесінің инфексиялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады.

Дизартрияның клиникалық түрінің классификациясы зақымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген. Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтарының, денсаулықтарының, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен ажыратылады[20, 48 б].

Ерте жастағы балаларға анамнестикалық зерттеу жүргізуде локомоторлық функцияларының тежелуін байқаймыз (жүру кезіндегі моторлық ыңғайсыздық, секіре алмауы, баспалдақтан аттай алмауы, допты ұстай алмауы және т.б.).

Сәбилік кезең 0-1 жас аралығы психомоторлы даму кезінде сөйлеу алды симптомының патологиясы байқалмайды. Яғни, осы уақытқа дейін балалардың психомоторлы функцияларының скринингін зерттеу тәжирибеден өткізілген жоқ болатын. Сонымен қоса, бұл жастағы балаларда логопедиялық-коррекциялық және психолого-педагогикалық зерттеулер жүргізілмейді.

Лопатинаның жұмыстарында минималды дизартриялық бұзылыстарға байланысты қызықты жағдайлар қарастырылған. Анамезде қарастырылғандай бұндай диагноздағы бала өз-өзіне қызмет көрсете алмайды, сурет салғанды ұнатпайды, көптеген уақыт бойы бала қалам-қарандаш ұстай алмайтын болады және т.б.

Сопақша ми дизартриясына шалдыққан балаларды зерттеуде келесі зерттеушілердің тесттері қолданылды: Н.И. Озерецки, Е.Я. Бондаревски, М.В. Серебровский [21, 33-45 бб].

1) Қимыл-қозғалыстың статикалық координация тестінің көрсеткіштері тепе-теңдікті сақтау немесе тіпті сақтай алмау қиындықтарын көрсетеді. Бұндайда балалар белгілі бір позада тұрғанда, көтерген аяқтарын төмен түсіріп кейде еденге тигізіп, аяқ ұштарымен көтерілгенде үнемі шайқалақтап тұратын болған. Көбінде оң аяқтарымен тепе-тендікті ұстаса, сол аяқтарымен тұрғанда қиналып қасында тұрған орындықтын арқасынан ұстауға тырысады.


2) Қимыл-қозғалыстың динамикалық координация тесті. Динамикалық тестті орындау көрсеткіштері баланың нысанаға допты жоғарыдан емес төменнен лақтырғанда кіргізетіні көрсетілген. Бұнда көптеген жағдайларда бала оң қолымен лақтырылған добы нысанаға бірден кірсе, сол қолымен лақтырылған добы екінші немесе тіпті үшінші лақтырудан кейін түсуі мүмкін.

Сопақша ми дизартриясы бар балалардың көбі жүгіріп келмей орнында тұрып созылып тұрған арқан жіптен секіре алады. Бұл тапсырманы бала бірден орындай алмауы да мүмкін. Бұл тестті орындаған кезде бірнеше бала арқан жіптен секірген уақытта құлап, еденге қолдарын тигізіп немесе секірмей аттаған кездері болды.

Тестті орындауда қимыл-қозғалыстары ыңғайсыз, бұлшық ет топтары әр-түрлі іс-әрекет етуде итерілуі әр-түрлі болып мінезделеді.

3) Қимыл-қозғалыстың жылдамдығын зерттеу тесті. Бұнда балаларға қолдын көмегінсіз еденге отырып және тұрулары қажет, тапсырманы орындауда балалар қолдын көмегінсіз еркін отырып тұрды. Отырғанда еркін отырса, тұрғанда қиындық көретіні аңғарылды. Негізінде тапсырманы балалар баяу орындады. Еркін отырғанымен тұрар кезінде не бір, не екі қолын қолданатын болған. Осы тапсырманы орындауда қиындалған балалар саны аз болды.

4) Қимыл-қозғалысты еске сақтау тесті. Көптеген балаларда қиындықтар тудыратын қимыл-қозғалысты еске сақтау тестінде зерттелінушілердің тапсырманы біркелкі орындауда шатасатындары байқалды. Қимыл-қозғалыстарды орындауда темптің ақырындауымен немесе тіпті тоқтап қалуы байқалады. Қимыл-қозғалыс бағдарламасының тапсырмаларын орындауда бір қимылдан екіншіге көшу кезінде және екінші немесе тіпті үшінші қимылды орындағанда ақаулықтар байқалады. Осындай тапсырмаларды орындағанда қатесіз орындағандар саны оннан біреу десек те болады.

5) Бір уақытта жасалатын қимыл-қозғалыстар тесті. Бұл тестте қимыл қозғалыстың біркелкі орындалу кезінде қиындықтар туады. Біркелкі қимылды жасауды санаулы балалар ғана атқарды. Берілген тапсырмаларды орындау уақытында көптеген балалар жүру темпі мен жіпті дөңгелету темпі сәйкес келмейді, балалар жіпті орау темпін үш реттен артық өзгертіп отырған.

6) Синкинездің (яғни, бірлескен, артық қимыл-қозғалыстар) пайда болу тесті. Тестті орындауда қимыл-қозғалысты орындау жауапкершілігі сәтті болды.

Көптеген балалар синикинездің пайда болуынсыз қимыл-қозғалыстарды жасай алады. Яғни, қимылдарды баяу темптерде
, амплитуданың бұзылуымен, қарандашты ұстағанда саусақтары дірілдеп, қосымша қимыл-қозғалыстарды орындағанда: ерін қозғалыстары, тілді шығару, басты алдыға изеу және т.б[22, 143 б].

Дизартриялық бұзылыстар кезінде баланың моторикалық аймағына әсер етпеу мүмкін емес. Лопатинаның зерттеулері көрсеткендей, сопақша ми дизартриясы бар балалардың психомоторикасында (Бернштейн бойынша) қалыпты жағдайлардан ауытқушылықтар бар екендігі көрсетілді. Статикалық тепе-тендік функциясы (А деңгейі), динамикалық координация (В деңгейі), қимыл-қозғалыс белсендігі мен темпі (В және С деңгейі), қимылды еске сақтаудың төмендеуі (Д деңгейі) бұзылыстары анықталынды. Бұл зерттеулер сопақша ми дизартриясындағы кемшіліктердің құрылымы мен бұзылу механизімдерін ашып қана қоймайды сонымен қатар, баланың психомоторикасын коррекциялауға бағытталған, яғни психолого-педагогикалық, медициналық, логопедиялық аспектілеріне әсер етеді.

Сопақша ми дизартриясы бар балалрдың неврологиялық зерттеулерінде жүйке жүйелік ауытқушылықтар байқалды, ол гемисиндром формасы ретінде көрініс берді. Яғни, тіл асты, тіл-жұтқыншақ жүйкелерінің және бет иннервациясының бұзылыстарындағы жалпы бұлшық ет пен артикуляциялық симптомдар байқалды. (Г.В. Гуровец, СИ. Маевская) [23, 117 б].

Тіл асты жүйкелерінің бұзылыстары кезінде тілдің ұшы мен орталық бөліктерінде қимыл-қозғалыстар шектелген болып келеді. Дыбысты айтуда тілді көтергенде тілдің ұшы мен ортасы тез төмен түсіп тілдің шет жағынан дыбыстар өзгеріп шығады. Көптеген балаларда тіл-жұтқыншақ жүйке функцияларының бұзылыстары байқалады. Бұндай жағдайларда фонация және де тіл артқы дыбыстардың тежелу симптомдры байқалады. Көбінесе бұлшықет тонустарының бұзылыстары пайда болады. Әрине, дизартрия кезінде дауыс бұзылыстары да болады. Дауыс ақырын, әлсіз шығады. Сөздер ұғынықсыз, интонация нашар болып келеді яғни, просодика бұзылады. Дизартрия кезінде сөйлеуде шығармашылық жойылып, интонация монотонды болып келеді, онымен қоса фонетико-фонематикалық дамымаушылық, сөйлеудің жалпы дамымауы, тұтықпа және де басқада сөйлеу бұзылыстары болуы мүмкін.

Лопатинаның және т.б. зерттеулері бойынша сопақша ми дизартриясы бар балларда мимикалық бұлшық ет иннервациясында бұзылыстарды көрсетті: көзді қысу, қасты көтеру, еріннің ассиметриялығы т.б. Осылардын салдарынан сопақша ми дизартриясы бар балалар бір қимылдан екіншісіне ауысуы қиын, ерін мен тілдің қимылдары баяу, еріндері толық жұмыс істемейді және еріндерін созғанда қиындық көрді. Жаттығуларды жасауда тілдің кейбір бұлшық еттері әлсіз келеді, қимылдары нақты емес, тілді көтеріп ұстап тұруда, ұшын шығаруда бала қиналады; бірнеше балада тапсырмаларды қайталағанда қимыл-қозғалыс темпінің баяулауы байқалды. Кейбір жағдайларда тілдің ауытқулығы байқалды (девиация) [24,109 б].