Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 190
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
18. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: Ø қан қысымын өлшер алдында кофе және қою шай ішуге, шылым шегуге болмайды; Ø дәрілерді, мұрынға, көзге тамшыларды қолдануға болмайды; Ø қан қысымын 5 минут пациент демі алғаннан кейін өлшейді; Ø қан қысымын 3 рет аралығы 2 минуттан өлшеп ортаңғы саның алады; Ø манжетка жүрек тұсына дәл келтіреді; Ø егер пациент бірінші рет қан қысымын тексертіп отырса, онда екі қолынан өлшеп, қай қолда қысымы жоғары болса, сол қолдан өлшеп отырады; 65 жастан асқан, қант сусамыры бар пациенттердің қан қысымын тұрған кезде өлшейд
Демнің жиілігін, ырғақтығын, тереңдігін тексеру
Мақсаты: Демнің негізгі мінездемелері.
Көрсеткіштері: тыныс органдарының функционалдық жағдайын бағалау.
Жабдықтау: секундасы бар сағат, температура қағазы, қалам.
Ескерту: демнің санын пациентке хабарламау керек.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз.
2. Келісімін алыңыз.
3. Қолды ыңғайлап қойыңыз.
4. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. Ескерту: кеудесіндегі киімдерін шешіңіз.
5. Пациенттің тамыр соғысын өлшеген тәрізді қылып, қолын алыңыз.
6. Пациенттің және өзіңіздің қолыңызды кеудесіне немесе ішіне қойыңыз.
7. Секундомермен минутына қанша дем болғанын санаңыз.
8. Жиілігінің, тереңдігін, ырғақтығын бағалаңыз.
9. Осы жүргізген процедураны пациентке түсіндіріңіз.
10. Қолды жуып, құрғатыңыз.
11. Керекті құжатқа тіркеңіз.
Су балансын есептеу
Мақсаты: тәулік бойы ағзаға енгізілген және шығарылған су көлемінің қасиетін есеппен қамтамасыз ету.
Көрсеткіші: ісіктері бар пациенттерді бақылау, жасырынды ісіктерді анықтау, диуретиктердің әсерін тексеру. Жабдықтау: салмағын өлшейтін өлшегіш, шынылы белгілері бар ыдыс, тіркеу қағазы.
Ескерту: зәрдің шығуы ғана емес, құсық және үлкен дәреті есепке алынады.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, оның процедура орындай білу қабілетін бағалаңыз.
2. Пациент сұйықтығының қандай мөлшерде бөлінгеніне есеп жүргізе алатындығына сенім артыңыз.
3. Процедура мақсатымен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
4. Пациентке сұйықтық тағамдық және қозғалыс режимін сақтау қажеттігін түсіндіріңіз.
5. 3 күн бойы диуретиктерді қолданбағанына көз жеткізіңіз.
6. Тіркеу қағазына қалай тіркелетіні туралы толық хабарлау және пациентке не мақсатпен толтырылатынын түсіндіріңіз.
7. Тағамдардағы су көлемін, су балансын есепке алу мақсатында тіркелінетінін түсіндіріңіз.
8. Жабдықтарды дайындаңыз.
9. Таңертеңгілік сағат 06.00 да зәрін пациент дәрет ыдысына жібереді.
10. Зәрін жолдамасы бар ыдысқа жинауын түсіндіріңіз.
11.Тіркеу қағазына шыққан зәрінің көлемін жазыңыз.
12. Ішкен сұйықтық мөлшерін тіркеу қағазына жазыңыз.
13.Таңертен 06.00-дан ертеңгі 06.00-ға дейін су ішкен және зәр шыққан көлемін тіркеу қағазына жазыңыз.
14. Ертеңгі сағат 06.00-ден кейін тіркеу қағазын мейіргерге тапсыру.
15. Мейіргер қанша сұйықтықтың шыққанын анықтау формуласы арқалы есептеп отырады: шыққан зәрдің көлемі х 0,8 (80%)= норма бойынша шығатын зәрдің көлемі.
16. Шыққан сұйықтықты есепке алынған сұйықтықпен салыстыру.
Термометрді қолданудағы мейіргердің технологиясы
Жабдықтау: медициналық термометр, лоток, дәкелер, температура қағазы, қара сиясы бар қалам, сағат, температураны тіркейтін журнал, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, таза термометрлерді сақтайтын ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен жақсы көз қараспен сөйлесу, процедура мақсатымен, жүрісімен таныстырып, келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатыңыз.
3. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4. Термометрдің бүтіндігін тексеріңіз, сілкілеп сынабын 350 С градустан төменге дейін түсіріңіз.
5. Қолтығының астын тексеріп, егер қабынулар болса температурасын өлшеуге болмайды.
6. Қолтығының астын пациенттің жеке орамалымен немесе дәкемен сүртіңіз(тері дымқыл болса, термометрдің көрсеткіші өзгереді).
7. Термометрді қолтықтын астына қойып, қолымен қысуын сұраңыз.
8. Дене температурасын белгілеңіз.
9. 10 минуттан кейін термометрді алып, көрсеткішін тексеріңіз.
10. Термометрдің көрсеткішін бірінші температураны тіркейтін журналға, содан кейін температура қағазына қара сиясы бар қаламмен сызық тәрізді белгілеңіз.
11. Пациентке нәтижесін хабарлаңыз.
12. Қолданылған термометрді сілкілеп, сынаптың төмен түскеніне көз жеткізіңіз.
13. Қолданылған термометрді зарарсыздандырыңыз.
14. Термометрді дезинфекциялық ертіндінің исі кеткенше ағынды сумен жуып, құрғақ дәкемен сүртіп, лотокқа салып қойыңыз (таза жерге сақтау).
15. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Шприцтің құрылысы және сипаттамасы
Шприцтің құрылысында: циллиндр, поршень, ине болады.
Шприцтің көлемі инъекцияның мөлшеріне байланысты:
1. тері ішіне – 0,5 мл ертіндіге дейін жібереді;
2. тері астына – 0,5 – 2 мл ертіндіге дейін жібереді;
3. бұлшық етке – 1 – 10 мл ертіндіге дейін жібереді;
4. көк тамырға – 20 мл ертіндіге дейін жібереді;
5. қуыстарға – 20 – 50 мл ертіндіге дейін жібереді.
Қазіргі заманға сай көбінесе бір рет қолданатын шприцтер енгізілген, Жанэ шприці және инсулин шприцтері бар.
Инелердің ұзындығы, диаметірі инъекция салатын жерлермен байланысты:
тері ішіне салатын иненің ұзындығы – 15мм, диаметрі - 0,4мм;
тері астына салатын иненің ұзындығы – 20мм, диаметрі - 0,4 - 0,6мм;
бұлшық етке салатын иненің ұзындығы – 60-80мм, диаметрі-0,8- 1мм;
көк тамырға салатын иненің ұзындығы – 40-60мм, диаметрі-0,8-1мм. 15.4.
Бір рет қолданылатын шприцты жинау
Жабдықтау: мақта түйіршіктері, бір рет қолданатын резенке қолғап, бір рет қолданылатын шприц, тері антисептигі дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолды гигиеналық деңгейінде жуыңыз, қолыңызды антисептикпен өндеп қолғапты киіңіз.
2. Шприцты орауынан алып, тұтастығын, шыққан мерзімін анықтаңыз.
3. Шприцты орауымен сол жақ қолыңызға поршенің жоғары қаратып алыңыз.
4. Поршень жағынан ашыңыз.
5. Шприцты ораудан алғаннан кейін инесін жалғаңыз.
6. Поршенді өзіңізге қарай тартып иненің қалпақшасын шешпей ауаны жіберіңіз.
7Жиналған шприцты ораудың ішіне салыңыз.
Дәріні ампуладан сорып алудағы мейіргердің технологиясы
Мақсаты: Дәріні парентеральды жолмен енгізу
Көрсеткіші: Дәрігердің нұсқауын орындау
Жабдықтау: бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, резенке қолғап, дәрісі бар ампула, дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет, егеуіш, қауыпсыздық жинаумен кәдеге жаратуға арналған контейнер (ҚЖК)
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәріні дәрігердің нұсқау қағазымен сәйкестендіру.
2. Дәріні назар аударып оқу, дозасын, сақтау мерзімін қарау.
3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, антисептикпен өңдеу, қолғапты кию.
4. Шприцты ораудан (стандарт бойынша) жинау.
5. Бүкіл дәрі кең жағында болу үшін ампуланы сол жақ қолға алып, сілкілеу.
6. Спиртке малынған мақта түйіршігімен ампуланың жіңішке жағын жоғарыдан төмен қарай сүрту.
7. Егеуішпен ампуланың жіңішке жағынкесу.
8. Мақта түйіршігімен сүртіп, ампуланың жіңішке жағыналып тастау.
9. Ампуланы сол жақ қолдың 2-ші 3-ші саусақ арасына ұстау.
10. Жиналған шприцты алып, 2-саусақпен- шприцтың канюлясын 1,3,4-саусақпен цилиндрды, 5-саусақпен поршенді ұстау.
11. Инені ампулаға ұзындығы 0,5мм жан-жағына тигізбей кіргізу.
12. Ертіндіні біртіндеп алып, ампуланы жоғары көтеру.
13. Инені алып тастап, басқа инъекциялық инені салу.
14. Абайлап иненің қалпақшасын аса тығыздамай жауып, ауасын шығару.
15. Шприцты ораудың ішіне қайтадан салу.
Егер палатада жатқан пациентке апаратын болсаңыз, залалсыздандырылған лотокқа: залалсыздандырылған мақта түйіршіктерін, спирт, дәрісі бар шприцті салып, залалсыздандырылған дәкемен жауып апарасыз.
Дәріні флаконнан сорып алудағы мейіргердің технологиясы
Мақсаты: дәріні парентералды жолмен енгізу
Көрсеткіші: дәрігердің нұсқауын орындау
Жабдықтау: залалсыздандырылған: дәрісі бар флакон, бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, резенке қолғап, дәрісі бар флакон, лоток, тері антисетигі, дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет, дәрігердің нұсқау қағазы, процедура бөлімшесінде істейтін мейіргердің тіркеу журналы, қауыпсыздық жинаумен кәдеге жаратуға арналған контейнер (ҚЖК)
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәріні алып, дәрігердің нұсқау қағазымен сәйкестендіру.
2. Дәріні назар аударып оқып, дозасымен мерзімін тексеру.
3. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, антисептикпен өңдеу, қолғапты кию.
4. Шприцты стандарт бойынша жинау.
5. Дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцетпен мақта түйіршігін алып, , темір қорғаныш қабатын сүрту, пинцетпен арқылы алып тастау.
6. 2-ші мақта түйіршігімен флаконның резеңке аймағын сүрту.
7. Стандарт бойынша шприцты жинап алу.
8. Стандарт бойынша дәріні ампуладан сорып алу.
9. Флаконды сол жақ қолдың 2-3ші саусағының ортасымен ұстап, оң жақ қолдағы шприцпен флаконды 1см дейін тесу.
10. Флаконды төңкеріп, араластырып, керекті мөлшерде сорып алу.
11. Шприцты инеден суырып алу. Басқа инені кіргізіп, қалпақшасын жауып ауасын шығару.
12.Қолғапты шешіп, ҚЖК -ға салу, қолды жуып құрғату.
Тері ішіне ине салудағы мейіргердің технологиясы
Тері инъекцияны диагностикалық мақсатпен жасайды: туберкулин (Манту сынағы), аллергиялық сынақтар. Инъекция жасайтын орындары: білегінің ішкі ортаңғы бөлігі. Дәріні терінің эпидермальдық қабатына 0,1–1мм–ға дейін ертіндіні жібереді.
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: түберкулезді және аллергиялық жағдайларды анықтау үшін (Манту және аллергиялық сынамалар), аурудың алдын алу үшін егулер кезінде қолданылады. Тері ішіне 0,1-ден 0,3мл сұйық жіберіледі.
Қарсы көрсеткіштері: