ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 703

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

Атырауский инженерно- гуманитарный институт

Atyrau engineering- humanitarian institute


Пәннің оқу -әдістемелік кешені (ПОӘК)


Жасақталды «_»__ 2015г.


Документ №

ДП АИГИ-704-07-02




«Бекітемін»

АИГИ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры

э.ғ.к. Ж.О.Сулейменова ________________

«_____» ___________________ 2015 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«МАРКЕТИНГ»

(пән: коды, атауы )

5В050900 – «Қаржы» және 5В050600 «Экономика» мамандықтарына арналған

Барлығы: 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4

Дәріс: 30 сағат

Семинар: 15 сағат

Лаборатория:

Барлық аудиториялық сағат: 135 сағат

СОӨЖ: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Аралық бақылау саны 2 семестр___

Емтихан: ____ семестр

Атырау, 2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК –ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ



Атырау инженерлік – гуманитарлық институының Әдістемелік кеңесі отырысында бекітілді.

АИГИ Әдістемелік кеңесінің төрайымы, оқу-әдістемелік жұмыс проректоры


Хаттама №___

э.ғ.к Ж.О.Сулейменова ________________

(қолы) (аты-жөні лауазымы, міндеті)

«_____»__________ 2015 ж




Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты, біліктілік сипаттамасына, дайындық бағыты және мамандықтың типтік, жұмыстың оқу жоспарына сәйкес жасақталды. Пәндердің оқу әдістемелік кешені «Маркетигнг» пәні бойынша, « » ж. бекітілген.

Келісілді:


ОӘБ бөлімімен келісілді


ОӘБ меңгерушісі ________________________ Ильясова С.Р

(қолы) (аты-жөні лауазымы, міндеті)

Талқыланды және ұсынылды:
«Экономика және кеден ісі» кафедрасы отырысында
Хаттама № _____ «_____» _____________2015ж
Кафедра меңгерушісі _____________________ э.ғ.к Молдашева А.Қ

(қолы) (аты-жөні лауазымы, міндеті)
«Күндізгі оқыту» факультетінің оқу-әдістемелік ұйымы
Хаттама № _____ «_____» _____________2015 ж
«Күндізгі оқыту» факультетінің ОӘЖ төрағасы

Жасақтаған: ________________________ доцент Жиенкулова Л.Т

(қолы) (аты-жөні лауазымы, міндеті)
Рецензент: ________________________ э.ғ.к., Жантуренова А

(қолы) (аты-жөні лауазымы, міндеті)
.

Мазмұны

1. Қолданылу аумағы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Жалпы ереже

4. Оқытушылар үшін жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны (модульмен)

5. Студенттердің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі

6. Пән бойынша оқу- әдістемелік картасы

7. Оқу - әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы

8. Әдебиеттер

МАРКЕТИНГ

кредит саны – 3
Түсініктеме

Рынок жағдайларында кәсіпорындар мен фирмалардың табысты іс-әрекеті көбінесе қабылданатын маркетингтік шешімдерге байланысты болып келеді. Сондықтан да, шаруашылық жүргізудің көп салаларында маркетингтік қызметтің білікті және дұрыс жүргізілу сауалдары аса маңыздылыққа ие болады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта рынок қажеттіліктерін жеке жұмыс нәтижелерімен біріктіре отырып, оны іс жүзінде қолдана алатын сондай-ақ, коммерциялық табысқа жее алатын мамандарды даярлаудың маңызы өсе түсуде. Сондықтан маркетинг – рыноктың кәсіби қызметкерлерін дайындау үрдісінде негізгі пәндердің бірі болып табылады.

Курстың мақсаты – маркетингтің теориялық негіздерін және категориялы-түсініктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтері мен принциптерін пайдалану бойынша тәжірибелі дағдыларды игеру. Осы мақсатқа байланысты курстың міндеттері келесі сұрақтарды зерттеу болып табылады:

    • маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары;

    • маретинг ортасы мен оның құрамдастары;

    • маркетинг ақпарат жүйесі және маркетинг зерттеулері;

    • тауар және қызметтер рыногындағы тұтынушылық іс-әрекет теориясының негіздері;

    • рынокты сегменттеу және тауарды жайғастырудың әдістемелік негіздері;

    • маркетинг жүйесіндегі тауар саясаты;

    • баға құру және баға стратегиялары;

    • өткізу және тауар қозғалысы жүйесі;

    • тауар мен қызметтерді алға жылжыту – маркетинг құрамдасы;

    • маркетингті басқару, жоспарлау және бақылау үрдісі;

    • қызметтер маркетингі және халықаралық маркетинг ерекшеліктері.


Курстың алдында жүргізілетін пәндер «Экономикалық теория», «Экономистерге арналған математика», «Әлеуметтану» және т.б. болып табылады.

ҚР МЖБС типтік оқу жоспарына сай, берілген пәнді оқу барысында аралас пән ретінде «Статистика», «Менеджмент», «Қаржы», «Микроэкономика» сияқты пәндерді атауға болады.

Берілген пәндерді қатар оқу қажеттілігі – осы курсты оқытуға рынокта әр түрлі тұтынушылар типтерінің мінез-құлықтары мен шешім қабылдау үрдісі, ғылыми әдістер арқылы әр түрлі зерттеулер жүргізу сияқты мәселелер осы пәндерді оқыту кезінде шешілетін мәселелер шеңберіне кіреді.

«Маркетинг» пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесі шарттарды:

- тауар, баға, айырбас, бәсеке, рынок, сұраныс, ұсыныс, бөліп тарату, жабдықтаушылыр, делдалдар, маркетингтік зерттеулер және т.б. негізгі түсініктер мен терминдерді;

- нақты маркетингтік зерттеу жүргізудің әдістемесін: негізгі сатыларын; ақпараттарды талдау, жинау құралдары, әлістері шарттары; әр түрлі зерттеулердің жүргізу ерекшеліктерін;

- тұтыну мінез құлықтарының теориялық негіздері және сегменттеудің, тауарды жайғастырудың, тауар мен қызмет маркетингінің кешенін өңдеудің әдістемелік мәселелерін білулері қажет.

Пәнді оқу барысында студенттер зерттеу жұмысындағы дағдыларды меңгеріп және:

- негізгі түсініктер мен формулаларды тәжірибелік қызметте нақты экономикалық жағдайды талдау және шешу қолдануды;

- қызықтыратын мәселе бойынша қысқаша есеп бере отырып нақта мини – маркетингтік зерттеулер жүргізуді;

- әр түрлі белгілер бойынша рынокта сегменттеу жүргізуді және сол жерде тауарды, қызметтерді жайғастыруды;

- нақты тауар немесе қызметке байланысты маркетинг кешенін өңдеуді игеруі қажет.

Бұл бағдарлама типтік болып табылады. Әл- Фараби атындағы
ҚазҰУ маркетинг және коммерция кафедрасы жасап дайындаған. Жоғары оқу орнының Кеңесімен бекітілген жұмыс бағдарламасын құруда өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Маркетинг теориясы ХХ ғасырда АҚШ пайда болды. Отандық экономикаға байланысты маркетингті енгізу мен дамыту рыноктық ортаның қалыптасуымен сипатталады. Ғылыми пән ретінде маркетинг эволюциясы бірнеше кезеңдерден өтеді.

Маркетинг- өрлеу үшіен күресте әр түрлі ұйымдарда қолданатын құралдардың бірі болып табылады. Ол ең алдымен, қажетті өнімдерді өндіру жолымен осы ұйымның қанағаттандыратын тұтынушылардың мақсатты рыноктардың қажеттіліктерін анықтауға бағытталған бизнес философиясы ретінде белгілі. Екінші жағынан, маркетинг қоғамдық қажеттіліктермен және экономикалық қоғамның реакциясын байланыстарын оларды қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық пікір.


Сонымен, маркетинг негізінен жас кәсіпорындар мен ұйымдар, коммерциялық және коммерциялық емес, аймақтық және мемлекеттік деңгейлерде қолданылады.

ҚР-ң Жоғары оқу маркетинг ғылыми пән ретінде ҚР көптеген жоғары оқу орындарында кең тарады және басқа ғылым арасынан ерекше орынға ие болды. Ол қандай болмасын кәсіпорынды басқару маркетинг принциптері негізінде жүзеге асырылуы қажет, бұл маркетинг қызметінің әдістемелік сипатты ғылыми еңбектер, сонымен қатар маркетинг қызметінің салалық аспектілерін есепке алатын еңбектер пайда болуымен байланысты. Маркетингті зерттеу нысана шеңберінің кеңейуі болып жатыр. Оның зерттеу нысанасы өнімдер, қызметтер, орындар, адамдар,территориялар және т.б. дәстүрлі емес және дәстүрлі тауарларды өңдеу, жоспарлау, тарату және жылжыту болады. Маркетингті оқытудағы ең кең тараған эксперттік бағалаулар, салыстыру әдістері, сегментациялық талдау және т.б. әдістері болып табылады.

Осы пәннің зерттеу әдістері: талдау, синтез, ретроспективтік талдау, жүйелік бап, үлгілеу, сараптамалық бағалау, іскерлік ойындар және т.б.

Маркетинг- бұл рынокта тиімді жұмыс атқару ғылымымен өнерінің жиынтығы. Бұл термин алғаш рет рынокқа 1902 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 20 жылдан кейін әлемнің тағы басқа көптеген елдерінде қолданды. Бірақ маркетинг-20ғ. 2-ші жартысында жақсы дамыды.

60-жылдардың басында тұтынушылар мен делдалдардың әсерінің салдары туралы кең эмпирикалық деректер жиналды. Маркетингтің теориялық және практикалық жетістіктерін жалпылаған ғалымдарда пайда болды.

Қазіргі кезде рыноктық экономикалы көптеген елдер маркетинг мәселелері бойынша ұлттық институттар, университет ішіндегі курстар, мектептер торларын құрды. Маркетинг оқу пәні ретінде колледж, университеттер бағдарламаларына енді.


1 Тақырып Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары

Маркетингтің пайда болуы және дамуының экономикалық алғы шарттары. Маркетингтің мәні. Маркетингтің мәнін анықтайтын әртүрлі тәсілдер. Маркетингің рыноктық ғылым ретінде әлеуметтік-экономикалық мазмұны, спецификасы және дамуы. Маркетингтің негізгі ұғымдары. «Сатушы рыногы» және «сатып алушылар рыногы» жағдайларындағы маркетинг іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

Маркетингтің мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметтері.

Маркетинг кешенінің негізгі элементтері. «4-Р» түсінігі, оның құрылымы.

Маркетингтің негізгі қағидалары: өндірістік, тауарлы (өнімдік), коммерциялық әрекеттерді интенсификациялау (өткізу), маркетингтік, стратегиялық маркетинг, әлеуметтік-этикалық маркетинг. Олардың мәні, ерекшеліктері, қолдану шарттары.


Қолдану сферасына байланысты маркетингтің түрлері. Сұранысқа байланысты маркетинг типтері: конверсиялық, дамушы, ремаркетинг, синхромаркетинг.

Маркетинг теориясын оқыту, дамыту және республиканың кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар іс-әрекеттеріне енгізу қажеттілігі. Шетелдік және отандық кәсіпорындардың тәжірибелік іскерліктерінде маркетинг концепцияларын қолдану.
2 Тақырып Маркетингтік зерттеулер

Маркетингтік ақпарат жүйесі түсінігі.Маркетингтік ақпарат құрылымы. Бастапқы және екінші ретті ақпарат, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Маркетингтік ақпарат жүйесінің құрамдастары.

Маркетинг зерттеулерінің ұғымы, оның ролі мен қажеттілігі. Маркетинг зерттеу жүргізу принциптері. Маркетинг зерттеу мақсаттары, нысаналары және типтері.

Маркетинг зерттеулерінің негізгі бағыттары.

Маркетинг зерттеулері ережелері мен тәртіптері: зерттеу жоспарын өндеу, зерттеу жоспарын жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін бейнелеу және тұжырымдау.

Маркетингтік зерттеулер құралдары: сауалнама, механикалық және электронды құралдар. Сауалнама өңдеу процедурасы.

Маркетингтік зерттеулердегі басты және таңдамалы жиынтық. Таңдамалы жиынтықты анықтау әдістері, жеке байланыс жолдары.

Байланыс тәсілдері: пошта, техникалық құралдар

Шетелдік және отандық тәжірибеде маркетинг зерттеулер жүргізу ерекшеліктері.

Бенчмаркетинг мәні. Бенчмаркетингтің түрлері мен принциптері.
3 Тақырып Маркетинг ортасы

Маркетинг іс-әрекеттерін жүргізу ортасының түсінігі. Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері. Микроорта және оның құрамдастары. Бәсекелестік орта ұғымы. Бәсеке сипаты: таза бәсеке, монополистік бәсеке, олигополистің бәсеке. Бәсеке түрлері: функционалды, түрлі, тауар, бағалы, бағадан тыс, арамзалық. Рыноктағы алған үлесіне байланысты бәсекелестерді жіктеу: озаттар, озаттыққа үміткерлер, ізбасарлар, рыноктың қуысында жайғасқандар. Кәсіпорындардың бәсекедегі стратегиялары.

Фирманың жабдықтаушылармен қарым-қатынас зерттеу. Жабдықтаушылар түрлері. Жабдықтаушыларға қойылатын маркетинг талаптары.

Делдалдар ұғымы және олардың түрлері: сауда, маркетинг қызметін көрсететін мекемелер, қаржы-несие мекемелері, тауар жылжытуды ұйымдастырушы маман фирмалар.

Клиентуралық рыноктар түрлері. Тауар рыноктарын жіктеу.

Рынокты талдау түсінігі. Рынокты кешенді талдау құрамдастары: сұранысты, конъюнктураны, сыйымдылықты, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу.