ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 709

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сұраныс түсінігі. Сұранцыс түрлері. Сұраныс көлемін анықтау.

Медиаорта: ішкі, жергілікті байланыс аудиториялары, мемлекеттік мекемелер байланыс аудиториялары, қаржы топтары, іс-әрекет жүргізетін азаматтық топтар, көпшілік бұқара, бұқаралық ақпарат құралдарыныңбайланыс аудиториялары. Байланыс аудиториялар түрлері.

Фирма әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси, әлеуметтік-мәдени. Фирманың іс-әрекеттеріне макроорта факторларының әсерін зерттеу.

Кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу. Кәсіпорынның мүмкіндігін талдау: өндіріс, тарату, жылжыту, менеджмент, қаржы басқарудың ұйымдық құрылымы. Кәсіпорындарда маркетингті ұйымдастыру.
4 Тақырып Тауар рыногындағы тұтынушылардың мінез-құлығы

«Қажеттілік» ұғымы. Қажеттілік түрлері: қажеттіліктің тарихи орнына қарай, қанағаттандыру деңгейіне сәйкес, қалыптасу қарқынына қарай және т.б. Қажеттіліктерді өлшеу негіздері: оңтайлы тұтыну теориясы (физиологиялық, функционалды, тұрмыс үдерістері, әлеуметтік талаптары), экономикалық теориялар (шекті пайдалылық теориясы, икемділік теориясы, З. Фрейд, А. Маслоу уәждеме теориялары) және мінез-құлықтың эмоционалды уәждері.

Тұтынушылар түрлері. Тұтынушылар түрлерінің араларындағы негізгі айырмашылықтар.

Соңғы тұтынушылардың мінез-құлқыларының ерекшеліктері. Соңғы тұтынушының мінез-құлқы үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар. Соңғы тұтынушымен сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: мәселені ұғыну, ақпарат іздеу, ақпаратты бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алған затқа реакция.

Тұтынушы-ұйымдардың сатып алудағы мінез-құлқының ерекшеліктері. Сатып алу түрлері. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісінде есепке алынатын факторлар. Тұтынушы-ұйымдар мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар.

Өнеркәсіп тауарларын сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: қажеттілікті ұғыну және оны сипаттау, жабдықтаушыларды іздеу, ұсыныс іздеу, жабдықтаушыны таңдау, тапсырыс беру, жабдықтаушының жұмысын бағалау.

Аралық сатушылар мен мемлекет мекемелері рыногындағы тұтынушылар мінез-құлықтарының ерекшеліктері.
5 Тақырып Рынокты сегменттеу

Рынокты сегменттеудің мәні, мағынасы және белгілері. Сегменттеу артықшылықтары. Рынокты маркетингтік талдау. Рынок конъюнктурасы: түсінігі, зерттеу деңгейлері. Рынок сыйымдылығы: түсінігі, деңгейлері. Рынок сыйымдылығын бағалау.


Парето заңының мәні. Сегменттеу түрлері: макросегменттеу, микросегменттеу, терең сегменттеу, енінен сегменттеу, алдын ала және соңғы сегменттеу. Сегменттеу артықшылықтары.

Тұтынушылар рыногын сегменттеудің негізгі принциптері: географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, психографиялық, мінез-құлықтық.

Өнеркәсіп тауарлары рыногын сегменттеудің негізгі тпринциптері: географиялық, экономикалық, технологиялық, және т.б.

Нысаналы рынокты таңдау бағыттары.

Рынокты қамтудың маркетингтік стратегиялары: дифференциалданбаған, дифференциалданған, шоғырланған.

Тауарды рынокта жайғастыру үрдісі.Тауардың рынокта жайғастыру кезіндегі әрекеттер тізбегі. Жайғастыру стратегиялары.
6 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі тауар

Маркетингтегі тауар түсінігі. Тауар деңгейлері: нақты, кеңейтілген, жинақталған, жалпыланған. Тауарларды жіктеу: дәстүрлі, қызмет және дәстүрлі емес. Тұтыну тауарларын жіктеу. Өнеркәсіп тауарларын жіктеу. Халықаралық сауда жүйесінде тауарларды жіктеу.

Тауардың өміршендік кезеңі концепциясы. Тауардың өміршендік кезеңдерінің кезеңдері: еңгізу, өсу, кемелідіне жету, құлдырау. Тауардың өміршендік кезеңдері түрлері. Тауардың өміршендік кезеңін ұзату әдістері.

Жаңа тауар ұғымы және оның мәні. Жаңалық деңгейінің түсінігі. Жаңа тауарды жасау үрдісі: идеялар жинау, идеяларды іріктеу, жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру, экономикалық сараптама жүргізу, өнімді өңдеу, өндірісті коммерциялық дамыту.
7 Тақырып Маркетингтегі тауар саясаты

Тауар саясатының мәні, мақсаттары және міндеттері.

Ассортименттік саясат. Ассортимент түсінігі. Тауар ассортиментінің көрсеткіштері. Тауар номенклатурасы, сипаттамалары. Ассортиментті қалыптастырудың негізгі аспектілері.

Тауарды таңбалау. Тауар белгісі және оның мәні. Тауар-белгі тәжірибесінің негізгі ұғымдары. Тауардың орамы. Орам түсінігі, мағынасы, атқаратын қызметтері.

Тауардың бәсекелік қабілеттілігі түсінігі және оны анықтау белгілері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін анықтау әдістері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігі параметрлары. Тауар сапасы түсінігі және оның құрамдастары. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі стандарттау және сертификаттау.

Брэндинг мәні. Брэндинг түрлері. Брэнд құру принциптері және оларды басқару.
8 Тақырып Маркетингтің баға саясаты



Бағаның мәні және оның фирманың бәсекелестік стратегиясының элементі ретіндегі рөлі. Баға және құндылықтүсініктері, олардың өзара байланысы. Бәсекелестік артықшылық. Бәсекелестік ортадағы фирманың позициясы. Бағалық сегменттер.

Баға саясаты. Оның мәні және фирманың рыноктағы жалпы мінез-құлық саясатымен байланысы. Фирма қызметіндегі баға саясатының күшейтуінің себептері мен оның маркетинг-микс элементтерімен байланысы. Бағаның басқа да маркетинг құралдарымен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері. Баға саясатының мақсаттары.

Баға саясатына әсер ететін факторлар. Бәсекелестік. Рыноктар және оның құрылымы. Сатып алушылардың мінез-құлқы. Бағалық менеджменттің психологиялық аспектілері. Баға икемділігі. Шығындар. Басқа да факторлар (инфляция, салықтар, мемлекеттік реттеу, келісім-шарт түрлері және т.б.). Баға түрлері.

Бағалық стратегия. Бағалық стратегиясының мәні. Бағалық стратегияның түрлері және оның қолдану шарттары.бағалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпараттар.

Баға құру әдістері. Баға құрудағы қиындықтарды туғызатын себептер. Шығынғы негізделген баға құру әдістері (толық және айнымалы шығындар). Құндылықтың ұқсастық әдісі. «Игеру қисығы», «талғамсыздық сурет» негізінде бағаларды анықтау. Тауар параметрлерінің және үлестік көрсеткіштер негізінде, пайдалылық бейімделген үш рет бағалау әдістерінен бағаны анықтау. Баллдық әдіс. Басқа да бағаны анықтау әдістері.
9 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты

Тарату арналары: түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері. Тарату арналарының сипаттамалары: деңгейі, ұзындығы, ені.

Өткізу стратегиялары: қарқынды, ірікті, эксклюзивті. Өткізу стратегиаларының артықшылықтары мен кемшіліктері. Іріктеп өткізудегі делдалдарды таңдау белгілері. Дәстүрлі тарату арнасы. Интегралды тарату арнасы. Франшиза түсінігі, түрлері.Көтерме сауда, оның мәні мен мағынасы. Көтерме сауда атқаратын қызметтері. Көтерме сауда түрлері: тұтынушы мен өндіруші арасындағы тікелей байланыс, делдалдар арқылы байланыстары, рынок субъектілерінің коммерциялық байланыстары (бартер айырбас, аукцион саудасы, тауар биржасы, көтерме жәрмеңкесі).

Бөлшек сауда ұғымы, оның атқаратын қызметтері және түрлері. Бөлшек сауда ұйымдарын жіктеу. Дүкен түрлері. Дүкенсіз бөлшек сауда. Бөлшек саудагерлердің негізгі маркетингтік шешімдері. Мерчендайзинг түсінігі және мәні.
10 Тақырып Маркетингтегі коммуникациялық саясат


Коммуникация жүйесі түсінігі. Маркетингтік коммуникация үрдісінің үлгісі, оның элементтері. Коммуникация арналары: коммуникацияның жеке және жеке емес арналары.

Жылжыту жоспары. Жылжыту қаржысын анықтау. Жылжыту қаржысын өңдеу әдістері. Жылжыту қаржысын өңдеу әдістерінің ұтысды жақтары мен кемшіліктері.

Жеке сатудың маңызы, ролі мен ерекшеліктері. Жеке сатудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жеке сатуды жүзеге асыру құралдары. Жеке сату аясындағы сауда персоналының міндеттері.

Жарнаманың мәні. Коғамммен байланыс түсінігі. Пайда болу тарихы. Атқаратын міндеттері, қолдану салалары, байланыс әдістері. Пресс-релиз құрастыру ережелері. Өткізуді ынталандыру түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. Тұтынушыларды ынталандыру әдістері.
11 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі жарнама

Жарнама, оның мәні, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері және түрлері. Жарнама тарату құралдары: баспа, пошта арқылы, экрандық, сыртқы, баспасөздегі, хабар тарату құралдарындағы жарнама, көлік жарнамасы, интернет. Тауарды тарату арналарын таңдау белгілері.

Жарнама қызметін жоспарлау. Жарнама қызметінің кезеңдері.

Жарнамалық кампания түсінігі. Жарнамалық кампанияны ұйымдастыру және жүргізу. Жарнамалық шаралардың тиімділігін анықтау.

Жарнамалық агенттіктердің қызметі: олардың түрлері, қызметтері. Жарнамалық агенттіктердің жұмыстарының ерекшеліктері.

ҚР-ғы жарнамалық қызметтің дамуы.
12 Тақырып Маркетингті жоспарлау және бақылау

Маркетингті жоспарлаудың ролі және артықшылықтары. Маркетинг жоспарын тиімді құруға әсер ететін факторлар.

Маркетинг жоспарын жіктеу. Оларды жіктеу белгілері: іс-әрекет ету мерзімі, маңыздылығы және жасау әдістері. Маркетингтің жалпы, біріккен және арнайы жоспары. Стратегиялық және тактикалық жоспарлар.

Маркетингтік жоспарлаудың әдістері және кезеңдері. Маркетинг жоспарын орындауды қамтамасыз ететтін нақты іс-әрекеттерге жоспар жасау.Маркетинг бюджетін жасау. Маркетинг бюджетін анықтау әдістері.

Маркетинг бақылау. Маркетингтік бақылау түрлері мен міндеттері. Маркетинг ревизиялау. Маркетингтегі аудит.
13 Тақырып Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.. Стратегиялық жоспарлау үрдісі. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері және міндеттері.


Маркетинг стратегиясын қалыптастыру.

Маркетинг стратегиясын өндеу үшін қолданатын үлгілер. Тауар/рынок мүмкіндіктері қалыптамасы «рынок үлесі өсу» қалыптамасы. М. Портердің бәсеке үлгілері. PIMS-талдау.
14 Тақырып Халықаралық маркетинг

Халықаралық маркетинг ұғымы. Халықаралық маркетингтің ролі мен мағынасы.

Халықаралық маркетинг ортасы. Сыртқы рыноктың экономикалық, құқықтық және мядени ортасы, олардың халықаралық маркетингке әсер етуі.

Халықаралық маркетинг стратегияларын жасап дайындау. Халықаралық қызмет түрлері.

Халықаралық маркетинг-микс. Тауарды жоспарлау стартегиялары. Тауарды сыртқы рынокта тарату стратегиалары. Халықаралық маркетингтегі баға стратегиялары. Тауарды жылжыту стратегиялары.
15 Тақырып Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі

Қызмет ұғымы. Қызметтердің негізгі сипаттамалары. Қызметтерді жіктеу. Қызметтер маркетингінің кешенін жасап дайындау ерекшеліктері.

Қызметтер рыногын сегменттеу. Қызметтер аясында бәсекелік басымдылықтар. Қызметтер саласында өндіріс, жылжыту, тарату және баға белгілеу ерекшеліктері.

Бейкоммерциялық әрекеттер аясындағы маркетинг. Бейкоммерциялық ұйымдар. Бейкоммерциялық маркетингтегі айырбас үрдісі.

Ұйымдар маркетингі, оның элементтері. Қоғам пікірін қалыптастыру. Саяси маркетинг, эго-маркетинг, өзіндік маркетинг: түсінігі, ерекшеліктері. Орындар маркетингі, оның анықтамасы және негізгі түрлері.

Идеялар маркетингі, оның мәні. Қоғамдық маркетингті жоспарлау үрдісі.
Практикалық сабақтардың үлгілік тақырыптары:

  1. Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары

  2. Маркетинг ортасы

  3. Маркетингтік зерттелер

  4. Рынокты сегменттеу

  5. Тұтынушылардың тауар рыногандағы мінез-құлығы

  6. Маркетингтегі тауар

  7. Маркетингтегі тауар саясаты

  8. Маркетинтегі баға және баға саясаты

  9. Маркетин жүйесіндегі тауар тарату

  10. Сауда түрлері

  11. Коммуникациялық саясат

  12. Маркетингті жоспарлау және бақылау

  13. Халықаралық маркетинг

  14. Қызметтер маркетингі

  15. Бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ