ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 711

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

6. Оқу жетістіктерін бақылау және бағалау


6.1 Бақылау түрі (ағымдық, аралық, шектік, қорытынды)

Ағымдық бақылау

Лабораториялық, практикалық сабақтар өткізгенде

Аралық бақылау

СМӨЖ-да

Шектік бақылау

7,14 апталар

Қорытынды бақылау

Емтихан сессиясында


6.2.Бақылау әдісі

Ауызша

Жазбаша

Тест

Қорытынды










Сессия уақытында


6.3. Студенттердің білімін бағалау. Студенттер үлгерімін ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және оған аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы білімді бақылау кіреді. Ағымдағы бақылаудың бағасы (жіберу рейтингін бағалау) аудиториялық сабақтардағы ағымдағы бақылау мен аудиториядан тыс сабақтардағы шектік бақылау бағаларынан шығады. Студенттердің ағымдағы бақылауда білім жетістігін тексеруде үлгерімі 100 балл бойынша бағаланады, әрбір орындалған тапсырмаға: ағымдағы сұрақтарға жауап беру, үй тапсырмасын тапсыруы, студенттің өздік жұмысы, аралық бақылау және ағымдағы бақылаудан алынған қорытынды нәтиже академиялық кезең барысында алынған баллдардың орташа арифметикалық есебімен қойылады. Осындай бағалау межелік және қорытынды бақылауда да қолданылады (ҚР БжҒМ №506, 01.11.2010ж бұйрығына сәйкес).

Білімді бағалау кестесі

(пәннің ерекшелігін ескеріп үлгі ретінде қолдану үшін)



Бақылау түрі

Сағаттар


АПТАЛАР

1 АБ


АПТАЛАР

2 АБ

ОРТАША РЕЙТИНГ



1



2



3



8



9










Ағымдық бақылау





33

33


33




70

/100


10


10






70/100





3 кре

дитте

Саб. қатысу




7

7

7

7

7







Дәріс

2/1

5

5

5

5

5




Тәжірибе/сем

1/2

5

5

5

5

5







СОӨЖ

/СӨЖ

3

9

7

9

7

9

7

22,5

25,5







Аралық бақылау













30

/100










30/100




Барлығы













100













100


Ескерту: *- кредит санына байланысты қойылады





Студенттердің білімін бағалау максималды түрде: ағымдағы -70 балл, шектік бақылау -30 балл. Әрбір шектік бақылауға қорытынды макималды -100 балл. Студенттер білімін қорытынды бағалау, қорытынды рейтинг (ҚР), 100 баллды-рейтинг жүйеге негізделіп қойылады. Қорытынды рейтинг ағымдағы және шектік бақылаулардың орташа балл-рейтингінен екі модуль бойынша, өздік жұмыс бағасы мен емтихан балл-рейтингінен құралады:



Пән бойынша студенттердің білімін қорытынды бағалау


Әріптік жүйедегі баға

Балл

%-дық мазмұны




А

4

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттандырарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттандырғысыз

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Негізгі әдебиеттер

1. Хожаназаров. Маркетинг негіздері. Алматы., Экономика. 1996.

2. С.Н.Нысанбаев, Г.А. Садыханова. Маркетинг негіздері. Алматы., 2002.

3.Н.М. Мамыров. Маркетинг. Алматы., Экономика, 1998.



4.Филип Котлер. Маркетинг негіздері. С-П.» Коруна», 2000.

5. Тойкин С.Х. Маркетинг негіздері: Оқулық / С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. - Астана : Фолиант, 2007. - 252 б.


6. Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2009.

7. С.Қ. Тойкин. Маркетинг курсы бойынша ойын, тесттер, тапсырмалар. Семей, 2002.54б.


8. Сатыбалдыұлы С. С. Маркетинг және менеджмент негіздері : оқулық / С. С. Сатыбалдыұлы, Б. А. Байтанаева. - 2-басылым. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2011. - 319 б.

9. Тойкин С.Х. Маркетинг негіздері1: Оқулық / С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. - Астана: Фолиант, 2008.

10. Тоқбаева Ж. Ж. Маркетинг негіздері: оқу құралы / Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. - 190 б

2 Қосымша әдебиеттер


1.Қ.Р. Заңы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу жерінің атаулары жөнінде», 2003, 26.07.

2.Қ.Р. Заңы « Стандартизациялау және сертификациялау жөнінде» , 2003.

3.Қ.Р. Заңы « Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөнінде» , 2005.

4.Қ.Р. Заңы «Бәсекенің дамуы және монополиялық қызметті шектеу жөнінде»,2003.

5.С. Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы. Оқу құралы. – Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет






Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

Атырауский инженерно- гуманитарный институт

Atyrau engineering- humanitarian institute


Пәннің оқу -әдістемелік кешені (ПОӘК)


Жасақталды «_»__ 2015г.


Документ №

ДП АИГИ-704-07-02




«Бекітемін»

АИГИ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры

п.ғ.д. Ж.О.Сулейменова ________________

«_____» ___________________ 2015 ж.

МАРКЕТИНГ ПӘНІНЕН
ДӘРІС ЖИНАҒЫ
5В050900 – «Қаржы» және 5В050600-«Экономика» мамандығы

Атырау, 2015

1. ГЛОССАРИЙ




А



Агенттер


-

Сатушының немесе сатып алушының мүддесiн қолдайтын, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болатын делдалдар.

Айырбас


-

Екi немесе одан да көп тараптардың қатысуын талап ететiн өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы баламалы (эквиваленттi) түрде жүзеге асырылатын қоғамдық байланыс нысаны.

Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы

-

Көбінесе сұранысы бірқалыпты емес, бірін-бірі толықтыратын және ауыстыратын (субститут) тауарларға қолданылытын стратегия.




Ә




Әлемдік бағалар

-

Ірі экономикалық экспорт-мпортоперациялары жүзеге асырылатын,

әлемдік нарықта қолданылатын бағалар.


Әлеуметтік таптар


-

Қоғам шеңберінде сатылық тәртіппен орналасқан, табысы, байлығы, білімі, тұрғылықты мекенінің көлемі мен орны, меншігі, айналысатын ісі арқылы анықталатын салыстырмалы тұрақты адам топтары.




Б




Бағалық бәсеке

-

Тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу.

Бағасыз бәсеке

-

Тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын және тағы басқа сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізетін бәсекелестік күрес.

Бақылау

-

Таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі.

Барлау (іздеу) зерттеулері

-

Мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер.

Бартер

-

Бір тауарды екінші тауарға ақшасыз айырбастау.

Бастапқы ақпарат

-

Нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат.

Бәсекеге қабілеттілік

-

Тауардың нарық талабына, яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория.

“Бай-бек”


-

Экспортқа зауыт, жабдықтар мен технологиялар шығару, ал жарым-жартылай төлем ретінде экспортталған зауытта сол жабдықтармен өндірілген өнімді өзіне алып қалу.

Биржалық баға


-

Биржалық сауда объектісі болып табылатын тауар бағасы.

Бөлшек сауда


-

Түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет.

Бренд


-

Атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.

ВCG матрицасы

-

Әрбір СББ-ң матрицадағы орны нарықтың өсу қарқыны және оған қатысты нарық үлесіне сәйкес анықталатын Бостон консалтинг тобы жасаған үлгі.




Д



“Дельфи” әдісі


-

Болжамды дәлелді ету үшін бірнеше рет пікір сұрауға сүйенген сарапшылық әдіс.

Демпинг


-

Компанияның өз өнімін өзіндік құнынан да төмен бағамен немесе ішкі нарықтағы бағадан төмен сатуы.

Дифференциация стратегиясы

-

Бәсекелестер тауарларына қарағанда ерекше және өте жақсы сапасы бар тауарлар шығару.

Дистрибьюторлар


-

Тауарды аз есебінен өз меншігіне сатып алып, оның бұзылуына, ескіруіне байланысты болатын тәуекелді өз мойнына жүктейтін тәуелсіз делдалдар.




Е



Екінші ретті мәліметтер


-

Маркетингтік зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат.




Ж




Жағдайлық (ситуациялық) талдау

-

Нарық ерекшелігі мен әлуеті, фирма бәсекелестері, өткен кездегі сатулары, мәселелері мен мүмкіндіктері, табысы, пайдасы, шығындары және т.б. зерттеліп, болжаулар жасалынатын маркетинг жоспарының бөлімі.

Жарнама


-

Қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама агенттіктері


-

Жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама құралдары


-

Жарнама таратушылардың жиынтығы: баспасөз, теледидар, радио, кино жатады және т.б.

Жарнамалық хабар


-

Компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнаманы қамту ауқымы


-

Берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.

Жарнама жеткізушілері


-

Жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар және т.б.

Жанама өткізу арналары


-

Тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін-тұтынушыға жылжуына байланысты құрылатын арналар.

Жаңа енгізулер


-

Фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.

Жаңа өнім


-

өнім модификациясы, жаңартпасы және жаңалық енгізу.









Жедел маркетинг


-

Нақты нарықтық жағдайда фирманың тауар, баға, өткізу, коммуникация саясатын ұйымдастырып басқару.

Жергілікті маркетинг


-

Белгілі бір территориядағы жергілікті тұтынушы топтарға байланысты маркетингтік шараларды өткізу.

Жетілген диверсификация


-

Фирманың коммерциялық және технологиялық жоспарларымен байланыспайтын қызметтің жаңа түрлерін меңгеруі.

Жеке сату


-

Тауарды сату мақсатында тұтынушылармен жеке-дара байланыс, олармен кездесіп әңгімелесу барысында тауарды қолдану туралы кеңес беріп, ұсыну.




И




General Electric”матрицасы

-

Тартымдылығы мен тиімділігіне орай өнімдер қоржынын бағалайтын стратегиялық жоспарлау.

Интегралды маркетингтік жүйе (ИМС)

-

Компания мен оның тауарлары туралы тұтынушылардың сенімін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін коммуникация арналарына (жарнама, өткізуді ынталандыру, дербес сату, PR) жұмысын жүйелі түрде үйлестіру.

Икемді сұраныс

-

Тауар массасының салыстырмалы өзгерісінің бағалардың салыстырмалы өзгерісінен көп болуы.

Икемсіз сұраныс


-

Баға өзгерген кезде сұраныстың іс жүзінде өзгеріссіз қалуы.

Инновациялық тауар


-

Бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар.




К



Казуалды зерттеулер


-

Себеп-салдар байланысына қатысты ғылыми болжамдарды тексеру үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер.

Квота


-

Жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғау мақсатында елге сырттан әкелінетін тауарлардың белгілі бір түрлерін көлемдік шектеу.

Қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетингтұжырымдамасы

-

Фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыруды сәйкестендіріп пайдалануды талап ететін тұжырымдама.

Купондар


-

Тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары.

Коммивояжерлар


-

Ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын (ет,сүт,жеміс, жеңіл тағамдар) тауарларды сатып, жылдам жеткізумен айналысатын сатушылар.

Көтерме сауда


-

Тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өңдеушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпаративтік клиенттерге қайта сату.

Көтерме брокерлер


-

Тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайтын сатушы мен сатып алушыны кездестіретін делдалдар.

Қарқынды өткізу


-

Өткізу нарығын кеңейту және оны қарқынды толтыру, жаппай өткізу,жоғары пайда табу мақсатымен арзан және жиі сатып алынатын өнімдерді (сүт өнімдері, конфеттер, нан, тағы басқалары) сатып өткізу.

Қарама-қарсы сауда


-

Ақшаның орнына тауарды тауарға тікелей немесе тікелей емес түрде айырбастайтын халықаралық сауда.

Қажеттілік

-

Тұтынушының сатып алу қабілетін сипаттайтын, сонымен бірге олардың тауарға талғамы мен талабын білдіретін ұғым.

Қаймақ қалқып алу”стратегиясы

-

Жаңа тауарларды жоғары бағамен сату.

Қызмет көрсету

-

Тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.

Лайкерт шкаласы

-

Объектіге қатысты сезімдердің қарқындылығын көрсетуге мүмкіндік беретін әдістеме.

Лицензиялау

-

Шетел фирмаларына білгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау, тауар белгісін, патентін қолдануға беретін құқық.




М




Макромаркетинг

-

Маркетинг жүйесінің қызметтерін, тауар нарығының дамуын, маркетинг инфрақұрылымын, әлеуметтік-этикалық аспектілерін, нарық сұранысын зерттеу, мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өзара ықпалының маркетингтік мүмкіндіктерін анықтау.

Макроорта

-

Фирманы қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және әлеуметтік-мәдени факторлар.

Макросегменттеу

-

Тауарлар нарығын ұқсастығына байланысты саралау.

Маркетинг

-

Нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріктірілген қызмет (автор анықтамасы).

Маркетинг

-

Тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару процесі (Ф.Котлердің анықтамасы).

Маркетингтік зерттеулер

-

Басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, компанияның алдына қойған маркетингтік міндеттеріне сәйкес ақпарат жинап, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Маркеингтік зерттеулердің сандық әдістері

-

Жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізу.

Маркетингтік зерттеулердің сапалық әдістері

-

Ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау-бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б.

Маркетингтік тұжырымдама

-

Тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және қанағаттандыру арқылы компанияның өз мақсаттарына жетуі.