Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік мемлекеттік университеті Физикаматематика факультеті Информатика жне апаратты технологиялар кафедрасы Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 59

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы
_________ Аймукатов А.Т.
«___» _______ 2021 ж.
SYLLABUS


Даярлау бағытының коды және атауы

6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры

6B01510 - "Физика-Информатика"

Пән циклы атауы және коды

PEShA 3307 Программалау есептерін шығару әдістері

Оқу формасы

күндізгі

Оқыту форматы

қашықтықтан оқыту

Академиялық кредит

5

Академиялық сағат

150

Оқыту тілі

қазақ

Оқу жылы / семестр

2021-2022/4

Білім деңгейі

Жоғары білім(бакалавриаот)


Ақтөбе, 2021 ж.

Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) (Оқу бағдарламасы «___»______ 2019 ж.) негізінде құрастырылды.

Құрастырушылар:

1. Пән оқытушысы: ________ доцент М.М. Ерекешева

(қолы )
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ хаттама, «_____» ______________________ 20___ж.
Кафеда меңгерушісі ________ Б.С. Шамишева

(қолы )
Факультеттің Әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды
№ хаттама, «_____» ______________________ 20___ж.

Әдістемелік кеңес төрағасы ________ Ж.Тасқалиева

(қолы )

1. ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Пән оқытушысы: Ерекешева М.М., ф-м.ғ.к., доцент, e_merurt@mail.ru, ID 4459005751

Кабинет № 410

(Информатика және ақпараттық технологиялар)
1.1 . ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:

Python және C++ тілдерінде программалаудың негізгі түсініктері мен принциптері, программалау технологиясы қарастырылады.

- Объекті бағдарланған программалаудың негізгі түсініктері, принциптері;

- Жоғары деңгейлі, олимпиадалық есептерді шығару әдістері;

- объекті бағдарланған программалау технологиясы
;

- Python және C++ тілдерінде қосымшалар құру әдістері.

1.2. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: Алгоритмдеу және программалау, C# программалау тілі

1.3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: VisualStudio ортасында қосымшалар құру, Мобильді құрылғыларға арналған қосымша құру
2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

Зертханалық


ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

3

3

15 сағат

20 сағат

10 сағат

25 сағат

80 сағат

қорытынды бақылау формалары –тест, ауызша


3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ





п/п

Модуль атауы


Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

Модуль 1. Құрылымдық программалау негіздері

I

Дәріс







1.Кіріспе. Программаның өмірлік циклы. Жөндеу және тестілеу.

1

1 апта

2.Бүтін сандар арифметикасы. Ұзын сандар. Қызықты сандар.

1

2 апта

3.Комбинаторика элементтері. Алмастырулар. Терулер. Орналастырулар.

1

3 апта

4.Тізім, кортеж, жолдар. Жолдарды өңдеуге қолданылатын функциялар

1

4 апта

5.Іздеу және сұрыптау алгоритмдері.: таңдау, «көпіршікті», енгізу арқылы сұрыптау

1

5 апта

6.Графтағы іздеу алгоритмдері. Екілік ағаштар. Шолулар.

1

6 апта

7.Файл құрылымы және қолданылуы. Енгізу және шығару файлдарын құру

1

7 апта

8.Графиктік мүмкіндіктер. Функция графигін салу.


1

8 апта

Практикалық (семинар) сабақ







1.Программаның өмірлік циклы. Жөндеу және тестілеу.

1

1 апта

2.Бүтін сандар арифметикасы.

1

2 апта

3.Комбинаторика элементтері.

1

3 апта

4.Тізім, кортеж және жолдар.

2

4 апта

5.Іздеу және сұрыптау алгоритмдері.

2

5 -апта

6.Графтағы іздеу алгоритмдері.

1

6 апта

7.Файл құрылымы және қолданылуы

1

7 апта

8.Графика. Объектілерді салу.

1

8 апта

Зертханалық сабақтар







1.IDLE ортасы. Программа құрылымы және орындау

Бүтін сандар арифметикасы..Комбинаторика элементтері.

1



6 апта


2. Жолдар. .Сұрыптау алгоритмдері.Графтағы іздеу алгоритмдері.

2


7 апта


3.Файл құрылымы және қолданылуы. Графика. Объектілерді салу.

2

8 апта

1 модулю бойынша барлығы

24




1 модуль бойынша бақылау түрі

Жоба қорғау

Модуль 2. Объекті бағдарланған программалау негіздері

II

Дәріс







С++ тілінің негізгі инструкциялары

1

9 апта

Массивтер. Массивтерді өңдеу алгоритмдері.

1

10 апта

Жолдар. Жолдарға орындалатын амалдар. String әдістері.

1

11 апта

Функциялар. Класс құрылымы және әдістері

1

12 апта

Файлдар. Файлдарды өңдеуге қолданылатын операторлар.

1

13 апта

С++ тілінің графиктік мүмкіндіктері.

1

14 апта

Ағымдық және қорытынды бақылауға арналған тестілеу жүйесін құру.

1

15апта

Практикалық (семинар) сабақ







С++ тілінің негізгі конструкциялары

2

9 апта

Массивтерді өңдеу алгоритмдері

1

10 апта

Жолдарды өңдеу алгоритмдері

1

11 апта

Функциялар. Класс құрылымы

2

12 апта

Математикалық есептеулерге арналған қосымшалар құру

2

13 апта

Логикалық ойын элементтерін программалау

1

14 апта

Функциялар графигін тұрғызу

1

15 апта

Зертханалық сабақтар







С++ тілінің негізгі конструкциялары. Массивтерді өңдеу алгоритмдері. Жолдарды өңдеу алгоритмдері.

Функциялар. Класс құрылымы.

2


14 апта

Математикалық есептеулерге арналған қосымшалар құру. С++ тілінің графиктік м.мкіндіктері. Анимация. Ойын элементтерін программалау.

3

15 апта

2 модулю бойынша барлығы

21




2 модуль бойынша бақылау түрі

Жоба қорғау

Барлығы (Сағат пен кредиттің көлемі)

45






4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Курс мақсаты - ОБП тілінде программалау әдістерін меңгеру, құрылымы мен программалау принциптерін оқыту, программалау қабілетін қалыптастыру.

5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

a) Python және ОБП бағдарламалау тілінің инструментальды құралдарымен жұмыс істеуді, мәліметтер құрылымын берудің негізгі принциптері мен әдістерін, объекті бағдарланған программалау тілдерінде есептерді шығарудың негізгі әдістерін, алгоритмдеу тәсілдерін біледі;

b) Қойылған есеп мақсатын анықтайды; программалау тілінде бағдарламаны құрады, тестілейді және интегралды ортада өңдейді.

c) Нақты есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құра білу дағдысы қалыптасады; құрылымдық программалау тілі мен объекті бағдарланған программалау әдістерін қолданады.Информатика және қолданбалы математика, жаратылыстану ғылыми саласындағы базалық білімді зерттеушілік және кәсіби бағытта қолданады.
6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)


Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)


ОББ, функционалды программалау бойынша білімдерін тиімді программалар құру үшін қолдануды біледі

қолданбалы есептерді шешу үшін алгоритмдер құрады және қолданады мобильді құрылғылар үшін программалар құруда қолданады

оңтайлы және тиімді алгоритмдерді талдайды

оңтайлы алгоритмдерді жинақтайды

Алгоритмді тестілейді


7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Оқу сабақтары: дәрісте қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау дәрісі, интерактивті дәріс (дәріс-конференция, «сұрақ-жауап-талқылау»дәрісі), (OnLine компилятор, презентация, видеолекция, тест тапсырмалары) көрнекі құралдары , практикалық және зертханалық сабақта қолданылатын ресурстар: OnLine компилятор мен порталдар, цифрлық ресурстар


Ұымдастырылуы: ZOOM, Google-class.

8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:




ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Сағат саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Math класы және басқару инструкциялары

4 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

2

Қызықты сандар арифметикасы

4 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

3

Массивтерді өңдеу алгоритмдері.

6 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

4

Жолдарды өңдеу алгоритмдері. Тізімдер

4 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

5

Программаны жөндеу және тестілеу

Жоба құру

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

6

Функциялар графигін тұрғызу

4 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

7

Логикалық ойындарды программалау

Жоба құру

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

8

Тестілеу жүйесін құру

Жоба құру

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

СӨЖ тапсырмалары

1

Класстар. Әдістер, оқиғалар.

Жоба құру

6

2 апта

2

Массивтерді өңдеу алгоритмдері. Array класы

Жоба құру

6

3 апта

3

Тізімдермен жұмыс. Амалдар

Жоба құру

6

4 апта

4

Жиындар. Кортеждер. Сөздіктер

Жоба құру

6

5 апта

5

Бүтін сандар арифметикасы

Жоба құру

6

6 апта

6

Символдық мәліметтерді өңдеу.

Жоба құру

6

9 апта

7

Массивтегі сұрыптау және іздеу алгоритмдері

Жоба құру

6

10 апта

8

Графикалық мүмкіндіктер.

Жоба құру

6

11 апта

9

Ойын элементтерін программалау

Жоба құру

6

12 апта

10

Сынақтық жоба құру

Жоба құру

6

13 апта



9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер

Өткізу форматы: Топпен жұмыс, тренинг, презентация, сұрақ-жауап, жобалар әдісі, интерактивті әдіс, бағалау әдістері.

Программаның өмірлік циклы. Жөндеу және тестілеу

Жоспар

1.Программалау тілінің дамуы.

2.Программаның өмірлік циклы.

3.Жөндеу және тестілеу
.Программаның өмірлік циклы дегеніміз программаны құру процесі мен қолданылуын айтамыз. Кез келген программаның өмірлік циклы мына сатылардан тұрады:

1. Есепке қойылатын талаптарды анықтау. Бұл сатыда есепке қойылатын негізгі талаптар және шешу жолдары анықталады.

2. Жобалау. Бұл сатыда алгоритмдер құрылады, модульдер ерекшеліктері мен олардың арасындағы байланыс анықталады. Программаны жобалауға қолданылатын бірнеше әдістер бар. Біріншісі, кеңінен қолданылатыны, «жоғарыдан төменге», алдымен программаның негізгі модулі құрылады, одан кейін негізгі программаға шақырылатын ішкіпрограммалар құрылады. Ішкіпрограммаларға шақырылатын ішкіпрограммалар одан кейін құрылады. Жоғары блоктан төменгі блокқа көшеміз. Екінші әдіс «төменнен жоғарыға» деп аталады. Алдымен төменгі деңгейлі ішкіпрограммалар құрылады да бір негізгі модульге жинақталады. Кейде «ортадан шетке» әдісі қолданылады. Мұнда алдымен күрделі блоктар құрылады, кейін жәй блоктар құрылады.

3. Реализациялау. Алгоритмді программаға түрлендіру процесі. Бұл жерде де жобалау кезіндегі әдістер қолданылады. «жоғарыдан төменге», алдымен негізгі программа құрылады, мысалы, диалогтік интерфейс, ал ішкіпрограммалар, енгізу, есептеу, мәліметтерді шығару функциялар ішкіпрограммалар түрінде реализацияланады. «төменнен жоғарыға»-да алдымен ішкіпрограммалар құрылып негізгі программаға жинақталады.

4. Жөндеу. Бұл сатыда қателер анықталып жөнделеді.

5. Программаның қолданылуы және басқару. Қолдануға енгізілетін программаларға арналған.

Программа қателері синтаксистік, логикалық және орындау кезіндегі қателер болып бөлінеді. Синтаксистік қателерге тілдің жазылу ережесіндегі жіберілген қателер жатады, мысалы, айнымалының сипатталмауы, жақшалардың сәйкес келмеуі және т.б. Бұл қателерді компилятор тез табады. Орындау кезіндегі қателер программаның орындалу кезінде табылады. Мысалы, стектің толып кетуі немесе нольге бөлу. Бұл қателер программадағы қателерден, немесе мәліметтерді дұрыс енгізбегеннен болады. Программа қателерін табудың негізгі ұтымды жолы – программаны тестілеу. Тестілеудің негізгі екі стратегиясы – құрылымдық және функционалдық. Құрылымдық тестілеуде операторлардың, шарттардың орындалуы тексеріледі. Функционалдық тестілеуде программаның кіріс және шығыс мәндерінің ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.