Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік мемлекеттік университеті Физикаматематика факультеті Информатика жне апаратты технологиялар кафедрасы Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 174

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бүтін сандар арифметикасыЖоспар1.Cанды цифрлары туралы ақпарат бойынша анықтау2. Қызықты сандарды анықтау 3.Ұзын сандарға орындалатын амалдар Кілттік сөздер:Бүтін сандар арифметикасы, санды цифрлар, қызықты сандар, ұзын сандар, жолдық тип 1.Cанды цифрлары туралы ақпарат бойынша анықтау алгоритмдері Мысал1. К бүтін саны берілген.(1<=K<=180) және қатар жазылған екі орынды сандар тізбегі 1011121314....9899 берілген. К цифры енетін цифрлар жұбынан құрылған екі орында санды анықтайтын программа құрыңыз. Ескерту жолдық тип қолданылмайды.Есеп 2. Екі натурал сан «достас» деп аталады, егер әрқайсысы екіншісінің бөлгіштерінің қосындысына тең болатын болса, (бөлгішке санның өзі кірмейді). 200 -300 диапазонында жататын барлық «достас» сандарды анықтаңыз. Комбинаторика элементтеріЖоспар

  1. Комбинаторика ұғымы

  2. Орналастырулар

  3. Алмастырулар

  4. Терулер
Кілттік сөздерКомбинаторика ұғымы, орналастыру, орналастырулар саны, алмастыру, терулер 1. Комбинаторика ұғымыКлассикалық анықтамаға негізделген ықтималдықтарды есептеу А оқиғасының пайда болуына қолайлы, элементтер оқиғалар саны m-ды және барлық элементтер оқиғалар саны n-ды табуға келіп тіреледі. Ықтималдықтар теориясында m мен n мәндері, оп-оңай анықтала бермейді. Бұларды табу үшін қайсібір жиын элементтерін түрліше алу тәсілдерін қарастыруға тура келеді. Мәселен, жәшіктегі әріптер жиыны а, b, с элементтерінен құралған десек, онда бұл жиыннан әріптерді: 1) бір-бірден үш тәсілмен аламыз (а,b,с); 2) екі-екіден алты тәсілмен аламыз (ab, bа, ас, са, bа, са); 3) үш-үштен алты тәсілмен аламыз (abc,acb,bac, bca, cab,cba).Мұндағы алынған әріп текстерінің бір-бірінен айырмашылығы элементтерінде, не элементтерінің орналасу ретінде болып отыр. Мұндай тіркестер - жиын элементтерінің комбинациясы (қосылысы) болып, бірнеше реттелген жиындар жасайды. Мысалы, көрсетілген үш элементті жиыннан әрқайсысы екі элементтен 6 реттелген жиын алып отырмыз. Сондай-ақ 4 элементті {a, b, c, d} жиыннан әрбір екі элементтен тұратын 12 реттелген жиын алуға болады және т.е.с. Жиындар және жолдар
Жоспар1. Жиын құрылымы және орындалатын амалдар2. Символдық мәліметтер 3. Жолдарды өңдеуге қолданылатын функциялар мен процедуралар Кілттік сөздер: Жиындар, жиын құрылымы, жолдар, символдық мәліметтер, функциялар, процедураларЕсеп 1. Берілген сөздер тізбегіндегі ең ұзын сөзді экранға шығарыңыз. Есеп 2. Орыс бас әріптерінен тұратын мәтін берілген. Осы әріптер алфавит бойынша реттелген бе, соны анықтаңыз.Іздеу және сұрыптау алгоритмдеріЖоспар1. Таңдау әдісі бойынша сұрыптау2. Ауыстыру әдісі бойынша сұрыптау3. Шейкер сұрыптау4. Енгізу әдісі бойынша сұрыптауКілттік сөздер:Іздеу, сұрыптау, таңдау әдісі, ауыстыру әдісі, Шейкер сұрыптау әдістері, енгізу әдісіСұрыптау (немесе реттеу) деп, массив элементтерін белгілі бір ретпен орналастыруды айтамыз. Сұрыптаудың негізгі мақсаты реттелген массивте іздестіруді жеңілдету. Реттелген объектілердің мысалына мыналарды жаткызуға болады:а) кітапхана қоймасына кітаптардың орналау реті;б) қоймада тауарлардың орналасуы;в) анықтамадағы телефон номерлер т.с.сОлимпиадалық есептерде сұрыптау негізгі мақсат болмайды, бірак кейбір жағдайда оны қолдану программаның жұмыс жасау уакытын азайтумен қатар, программаның тиімділігіне де айтарлықтай әсер етеді.Графтағы іздеу алгоритмдеріЖоспар1. Графтар теориясының негізгі ұғымдары 2. Графтың берілуі3. Дейкстра алгоритміКілттік сөздер:Граф, псевдограф, толық граф, цикл, іздеу алгоритмі, графтар теориясы, графтың берілуі, Дейкстра алгоритмы Кез-келген бос емес X жиыны және X жиынының элементтер жұбы бар U жиыны берілген делік. Элементтер жұбы U жиынында қайталануы мүмкін. Осы X және U жиындары G=(X, U) графын береді. X жиынының элементтерін графтың төбесі деп, ал U жиынының элементтерін графтың қырлары деп атайды. Сонымен графты, екі шеті де берілген нүктелер жиынында жататын, бос емес төбелер мен қырлардың нүктелер жиыны деп анықтауға да болады. Егер U жиынында жұптар қайталанса, онда графты псевдограф немесе еселі қыры бар деп атаймыз. Әрбір төбесінің жұптары қырмен қосылған граф толық граф делінеді. Төбенің көрсешкіші деп, төбе жататын қырлар санын айтамыз.Төбе көрсеткіші d: d(A)=l; d(B)=3; d(C)=2; d(D)=3;d(E)=l.қырлардың нүктелер жиыны деп анықтауға да болады. Егер U жиынында жұптар қайталанса, онда графты

псевдограф немесе еселі қыры бар деп атаймыз. Файл құрылымы және қолданылуыЖоспар1. Файл құрылымының анықталуы2. Негізгі операторлар  Кілттік сөздер:Файл, типтелген файлдар, текстік файлдар, типсіз файлдар, файл құрылымы, негізгі операторларОлимпиадалық есептерде көбіне енгізілетін, мәндер енгізу файлында орналасады. Сол себепті оқушы үшін ең негізгі мәселелердің бірі -файлдың ішіндегі мәліметтерді оқып өңдеу, қажетті жағдайда нәтижені де басқа файлға жаза білу. Мұндай есептерде текстік файлдар кеңінен қолданылады.Тіл инструкцияларыЖоспар1.Visual Studio ортасы2. Мәліметтер типі және операциялар3. Тіл инструкцияларыКілттік сөздер:Visual Studio ортасы, тіл инструкциялары, мәліметтер типі, операциялар, операторларШартты оператор:Ifшарт операторларElseоператорларТаңдау операторы:Қайталау операторлары:Тіл құрылымы. Массивтер. Жоспар1. Массивтер2. Массивтерді өңдеу алгоритмдеріКілттік сөздер:Массивтер, бір өлшемді массив сипатталуы, массивтерді өңдеу алгоритміЖолдарЖоспар1. Жолдар2. Жолды өңдеуге қолданылатын әдістерКілттік сөздер:Жолар, жолды өңдеуге қолданылатын әдістер, жолдардың сипатталуы, жолдарға қолданылатын әдістерНегізгі әдістердің қолданылу мысалдары.Функциялар Жоспар

  1. Функция сипаттамасы

  2. Функцияның қолданылуы
Кілттік сөздер:Функциялар, функциялардың сипатталуы, процедуралар, процедуралардың сипатталуыБекіту мысалдары.С++. Файл құрылымы. Графикалық мүмкіндіктеріЖоспар1. Файл құрылымының анықталуы2. Графикалық мүмкіндіктер Кілттік сөздер:Файл ұғымы, файл құрылымы, графика, файлға жазу, файлдан оқуФайл құрылымы мәліметтерді жазуға және мәліметтерді алуға қолданылады.Тестілеу жүйесін құруЖоспар

  1. Тестілеу жүйесінің алгоритмі

  2. Тест тапсырмаларын дайындау

  3. Бақылау жүйесін құру
Кілттік сөздер:Тестілеу жүйесі, тестілеу жүйесін құру, тестілеу жүйесінің алгоритмі, бақылау жүйесін құру Тестілеу жүйесін құру алгоритмі. Тест мақсатын анықтау. Ағымдық немесе қорытынды бақылау.

  1. Тест тапсырмаларын дайындау:

    1. Тест сұрақтарын файл түрінде құру.

    2. Тест сұрақтарын файлдан оқу

  2. Тестілеу жүйесін құру.

  3. Бақылау жүйесін құру
9.2 Практикалық сабақтар



Тақырыбы

Жоспары

Сағ.

Әдебиет

1

Программаның өмірлік циклы. Жөндеу және тестілеу.

Программалау тілінің дамуы. Программаның өмірлік циклы. Жөндеу және тестілеу

1

[1],[4],[5]


2

Бүтін сандар арифметикасы.

Ұзын сандар. Қызықты сандар. Жәй және кемелденген сандар.

1

[1],[4],[5]

3

Комбинаторика элементтері.

Алмастырулар. Терулер. Орналастырулар.

1

[1],[4],[5]

4

Тізім.Кортеж және жолдар.

Тізім. Кортеж құрылымы және орындалатын амалдар. Жолдарды өңдеуге қолданылатын функциялар

1

[1],[4],[5]

5

Іздеу және сұрыптау алгоритмдері.

Сұрыптау алгоритмдері: таңдау, «көпіршікті», енгізу арқылы сұрыптау

1

[1],[4],[5]

6

Графтағы іздеу алгоритмдері.

Екілік ағаштар. Шолулар. Графтағы іздеу алгоритмдері.

1

[1],[4],[5]

7

Файл құрылымы және қолданылуы


Файл құрылымы. Енгізу және шығару файлдарын құру және қолдану.

1

[1],[4],[5]

8

Графика. Объектілерді салу.


Объектілерді салу принциптері. Негізгі операторлар

1

[1],[4],[5]

9

С++ тілінің негізгі конструкциялары

Шартты, таңдау, цикл операторлары. Қолданылуы. Бекіту мысалдары.

1

[6-8],[9],[10-11]


10

Массивтерді өңдеу алгоритмдері

Массив элементтерін сұрыптау алгоритмдері: таңдау, «көпіршікті», енгізу арқылы сұрыптау

1

[6-8],[9],[10-11]

11

Жолдарды өңдеу алгоритмдері

Жолдарға орындалатын амалдар. String әдістері

1

[6-8],[9],[10-11]

12

Функциялар. Класс құрылымы

Функция сипатталуы. Локалды және жалпы, нақты және жалған параметрлер. Класс құрылымы және әдістері

1

[6-8],[9],[10-11]

13

Математикалық есептеулерге арналған қосымшалар құру

Сандық есептердің алгоритмін және программасын құру.

1

[6-8],[9],[10-11]

14

Логикалық ойын элементтерін программалау

Логикалық ойындардың алгоритмін және программасын құру.

1

[6-8],[9],[10-11]

15

Функциялар графигін тұрғызу

Функциялар графигін тұрғызудың алгоритмін құру.

1

[6-8],[9],[10-11]

9.3 Зертханалық сабақтар



Тақырыбы

Сағ.

Әдістемелік нұсқау

Әдебиет

1.



IDLE ортасы. Программа құрылымы және орындау

Бүтін сандар арифметикасы.

Комбинаторика элементтері.

1

Есеп қойылымы. Алгоритм және программа. Бекіту мысалы. Вариант бойынша программа құру.

.


[1],[4],[5]

2



Тізімдер. Жолдар

Сұрыптау алгоритмдері.

Графтағы іздеу алгоритмдері.

1

Есеп қойылымы. Алгоритм және программа. Бекіту мысалы. Вариант бойынша программа құру.

[1],[4],[5]

3.

.Файл құрылымы және қолданылуы

Графика. Объектілерді салу.


1

Есеп қойылымы. Алгоритм және программа. Бекіту мысалы. Вариант бойынша программа құру.

.

[1],[4],[5]

4.



С++ тілінің негізгі конструкциялары

Массивтерді өңдеу алгоритмдері

Жолдарды өңдеу алгоритмдері

Функциялар. Класс құрылымы

1

Есеп қойылымы. Алгоритм және программа. Бекіту мысалы. Вариант бойынша программа құру.

.

[6-8],[9],[10-11]

5.



Математикалық есептеулерге арналған қосымшалар құру

С++ тілінің графиктік м.мкіндіктері

Анимация. Ойын элементтерін программалау

1

Есеп қойылымы. Алгоритм және программа. Бекіту мысалы. Вариант бойынша программа құру.


[6-8],[9],[10-11]
9.4 Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау 1. Тақырып бойынша теориялық материалдармен танысу2. Теориялық материалдарды толықтыру3. Есеп қойылымы 4. Есеп алгоритмі5. Блок-схемасы6. Программасы7. Тестілеу8. Есеп шешіміне анализ жасауСӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Math класы