Файл: Дипломды Жмыс 5В090900 Логистикa (сaлa бойыншa).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 189

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дегенмен де, кіші және орта бизнес саласындағы отандық кәспорындар көпшілігінің бәсекеге қабілеттілік дәрежесі ойдағыдай жоғары дәрежеде емес, өнімдерді сату қызметтері соңғы жылдары ғана автоматтандыру жүйелеріне бейімделуде. Сондықтан қазіргі жағдайда кәсіпорындарға сатуды басқарудың икемді жүйесін құру, өнімдер сапасын жоғарлатуға негізделген бизнес құру, сату үрдісіне байланысты ақпараттарды жинау мен өңдеуге қатысты қызметтерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға назар аудару қажет. Көріп отырғанымыздай, ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін «Bayatar&Co» ЖШС-гі сату үрдістері ұтымды басқару жүйесі мен стратегияларын құруға мұқтаж.

Отандық бизнестің даму деңгейін жоғарылатын және бәсекеге қабілеттілігін арттыратын өнімдерді сатуды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешу өзекті болып табылады. Сондықтан зерттеу тақырыбының да өзектілігі компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, оның өнімдерінің сату қызметін жоспарлау, ұйымдастыру мен басқару үрдістерін тиімді жүзеге асыру негізінде өнімдерді ұтымды сатудың жүйесін ұсыну болып саналады [25].

Дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін талдау және бағалау негізінде компанияның өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасау және компанияның өнімдерін өндіру мен сату бойынша шығындарды төмендету әдістерін ұсыну қарастырылған болатын.

Дипломдық жұмыстың басты орындалуы тиіс міндеттері ретінде «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесіне баға берілді және кәсіпорын өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдары анықталынып, ұсыныстар жасалынды, ұсыныстар экономикалық тұрғыдан негізделінді.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауында компанияның өнімдерін сатуды басқарудың теориялық аспектілері сипатталынды, атап айтқанда, компания өнімдерін сатуды басқару жүйесінің түсінігін, экономикалық мәні мен мазмұнын ашып көрсетілді, сатуды басқарудың функцияларын, саясатын және заманауи әдістерін айқындалды.

Зерттеу жұмысының екінші тарауында «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесіне талдау жасалынып, баға берілген. Атап айтқанда, «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін бағаланған, кәсіпорынның өнімдерін сатуды басқарудағы өзекті мәселелерді талданған, «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдер сапасын жоғарлатуға бағытталған ұсыныстар жасалған.


Зерттеу жұмысының үшінші тарауында «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін оңтайландыру жолдары ұсынылған. Атап айтқанда, «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынылған, өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар экономикалық тұрғыдан негізделген.

Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелер:

  • өнімді тұтынушыға қай арналар арқылы жеткізу;

  • өнімді қалай орау керек;

  • қай маршрутпен жіберу керек;

  • логистикаға қоймалар торы қажет пе, егер қажет болса, қандай және қанша;

  • қызмет көрсетудің қандай деңгейін қамтамасыз ету керек, тағы басқа бірқатар мәселелер.

«Bayatar&Co» ЖШС-де микродеңгейде логистика төмендегідей қызметтерге байланысты мәселелерді шешу қажеттігі көрсетілген:

  • өткізу үдерісін жоспарлау;

  • тапсырысты алуды және өңдеуді ұйымдастыру;

  • орау түрін таңдау, жинақтау туралы шешім қабылдау, сондай-ақ түсіруге тікелей байланысты басқа да операцияларын орындалуын ұйымдастыру;

  • өнімнің түсіруін ұйымдастыру;

  • жеткізуді ұйымдастыру және тасымалдауды бақылау;

  • өткізгеннен кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Макродеңгейдегі тарату логистикасымен қатысты мәселелер төменде атап көрсетілгендермен байланысты:

  • материалды өнімді тарату схемасын таңдау;

  • қызмет көрсететін территориядағы тарату орталықтарының оңтайлы санын анықтау;

  • қызмет көрсету территориясындағы тарату орталығының оңтайлы орналасу жерін анықтау.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Божук С.Г. Маркетинговые исследования: учебник для вузов / С. Г. Божук. – 2-е изд., испр. и доп. – Москва: Издательство Юрайт, 2021. – 304 с. 

2. Дуламбаева Р.Т. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы. Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-Алматы, 2009. – 260 с. 

3. Лапуста М.Г., Старостин Ю.Л. Малое предпринимательство: Учебник Москва, 2018. – 385 с. 

4. Еремеева Л. Э. Экономика предприятия. Учебник для студентов учреждений высшего образования. – Москва: Академия, 2017. – 270 c.

5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбеков.Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы-Алматы: Экономика, 2013. – 184 с. 

6. Волков В.П., Ильин А.И., Станкевич В.И.. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы / Мәскеу: Жаңа білім, 2014. – 230 с. 

7. Карасев А.П. Маркетинговые исследования и ситуационный анализ: учебник и практикум для вузов / А. П. Карасев. – 2-е изд., перераб. и доп. – Москва: Издательство Юрайт, 2021. – 315 с. 

8. Егоршин А. П. Эффективный маркетинг организации: учебник для вузов / А. П. Егоршин. — 2-е изд., доп. и перераб. — Нижний Новгород: НИЭМ, 2020. — 302 с.



9. Калюжнова Н. Я. Современные модели маркетинга: учебное пособие для вузов / Н. Я. Калюжнова, Ю. Е. Кошурникова; под общей редакцией Калюжновой Н. Я. – 2-е изд., испр. и доп. – Москва: Издательство Юрайт, 2021. – 170 с. 

10. Баймухашева М.Қ. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы. Атырау, 2019. – 187 б. 

11. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы. Алматы, 2018. – 275 б. 

12. Белов А.М. Ұйымның (кәсіпорынның) экономикасы: семинар. - М.: ИНФРА-М, 2015. – 310 с. 

13. Иванова Н. Научные исследования в корпорациях – основа инновационного процесса / Инновационная экономика. Под ред. Дынкина А. и Ивановой Н. – М.: Наука, 2018. 89 с.

14. Ильина А.И. Экономика предприятия. Москва, 2018. – 350 с. 

15. Вилкокс М., Риддерстрале Й. Корпорация. Перезагрузка. Как лидеры управляют изменениями. — М.: John Wiley and Sons, Ltd. 2012. 280 с.

16. Гольман И.А. Рекламное планирование. Рекламные технологии. Организация рекламной деятельности / И.А. Гольман. - М.: Гелла принт, 2017. - 323 с.

17. Сабден О. Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы //Егемен Қазақстан, 2017. -№ 6. – Б. 20-22. 

18.Мухамеджанов Б. Динамика развития предпринимательства в Республике Казахстан. - АльПари, 2017. -№1.– Б.220-225. 

19. Мынбаев С. Большие перспективы малого бизнеса. – Промышленность Казахстана, 2016. -№2. – С.18-19. 

20. Дауранов И. Проблемы развития малого бизнеса в Казахстане, Аль-Пари, 2018. -№3-4, - С.75-77.

21. Bayatar&Co» ЖШС-нің нормативтік-құқықтық құжаттары. [Электрондық ресурс]. – Электрон.дан. Режим доступа: https://pk.uchet.kz/

22. «Bayatar&Co» ЖШС-нің шаруашылық қызметтері бойынша қаржы-экономикалық есеп берулері 2020-2021 жж. [Электрондық ресурс]. – Электрон.дан. Режим доступа: https://pk.uchet.kz/

23. «Bayatar&Co» ЖШС-нің материалдық ресурстарды пайдалану жөніндегі статистикалық есеп формалары, 2020-2021. [Электрондық ресурс]. – Электрон.дан. Режим доступа: https://pk.uchet.kz/

24. «Bayatar&Co» ЖШС-нің материалдық ресурстардың түсуі, жұмсалуы мен қалдығы жөніндегі бухгалтерлік есеп мәліметтері 2020-2021. [Электрондық ресурс]. – Электрон.дан. Режим доступа: https://pk.uchet.kz/

25. Ахматулина А., Фатихова Р., Сеферова Т. Качественные и количественные исследования. [Электрондық ресурс]. – Электрон.дан. Режим доступа: http://www.brif.kz/blog/?p=94