Файл: Оыту жне ксібибадарлы оыту ымдарыны дидактикалы жне теориялы негіздері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 92
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
«Оқыту» және «кәсіби-бағдарлы оқыту» ұғымдарының дидактикалық және теориялық негіздері.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа-салған талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ-былысты қамтуға жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқы-туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысын-дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыс-тарды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бе-кіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің жиынтығы.
Оқыту үдерісі–мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт-талған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6) оқыту нәтижелері.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы-лыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.). Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште-ріне байланысты. Қозғаушы күшдеп қойылатын талаптар мен оларды оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай-налады. Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да-мыту негізінде жүзеге асырылады. Оқыту–екі жақты үдеріс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту – жоспарлыүдеріс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту–даму негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-мылына байланысты. Оқыту – таным үдерісі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі – шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихы-мен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз-меті жайлы ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел-гілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседі.
Оқыту мазмұны-мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгілі са-лада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиет-тер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт-тық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ-нында ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да-му ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.
Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқытудың түрлеріне дамыта оқы-ту, модульдік оқыту, проблемалық оқыту т.б. жатады.Дамыта оқы-тудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекет-терге ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалып-тастырады. Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар, пі-кірталастар, сонымен қатар шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-әрекеттерге білім алушы-ларды өту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асыры-лады. Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.
-
«Технология» және «кәсіби-бағдарлы білім беру технологиясы» ұғымдарының сипаттамасы.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми–технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады. Барлық жасалған және қазіргі күнде адам қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім “шығуында” белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу прцесі деп атайды.
Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте–бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс – әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау информативтік – оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жсаушылардың “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс–әрекеттке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да “технология” ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
“Технология” деген термин гректің түп тамыры techne — өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шікізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өңдеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде міндеті – практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
– технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстары мен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екеніне анықтау береді.
Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына – біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол”педагогтар – оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде «... бүгінгі күннің мектептері оқушының тұлғалық қасиеттеріне бет бұрғандығын, оның жеке икемділігі мен қабілеттіліктеріне барлық жағдайды жасау керектігін», - дәлелдеп, мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытуды енгізуді негіздеген.
Бұл жерде бағдарлы оқыту дегеніміз не деген орынды сұрақ туындайды?
Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Келесі бағдарлы оқытуды енгізудегі мақсат не дейтін болсақ, ол – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды.
Мұндай өзінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері бар