Файл: Оыту жне ксібибадарлы оыту ымдарыны дидактикалы жне теориялы негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.

Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі -тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады.

Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Тәрбие жұмысы  –  жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.


Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік. Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.

Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.

Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау. Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі – білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.

Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.

Кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.



Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды. Бірақ, «педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары» ұғымын ғалымдар әр түрлі қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың мәнін ашады.

Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл, айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге асырады. Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар заңдылықтардың мазмұны болып табылады. 

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы арқылы түйін анықталады.

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше алуда жүзеге асқанымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуы бүтін ретінде жүзеге асады;

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты мақсат қойғанда дара педагогикалық қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға құрылған бір-бірімен байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен басқарылады. Сана қызметін алгоритм тұрғысынан алғанда мәселені шешудің ұтымды жолын қарастыруда жаңа эвристиканы туындатады.
14.Болашақ мамандарды кәсіби қызметке тәжірибеге бағдарланған мәдени тәсіл.
15. Болашақ мамандарды кәсіби қызметке тәжірибеге бағдарланған даярлау қағидалары (оқытушы мен студенттің құндылық-семантикалық теңдігі қағидасы; диалогтық қағидасы; проблемалық қағидасы; рефлексивтілік қағидасы).
16. Субъективті-кәсіби-тұлғалық ұстаным практикаға бағытталған педагогтың интегралды сипаттамасы ретінде.

17. Болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекетке практикалық-бағдарлы даярлауды жобалау және жүзеге асыру
24.Кәсіби қызметке психологиялық дайындық

Қазіргі уақытта жас мамандар, ЖОО түлектері, ғылыми-техникалық жұмыскерлер – зиялы қоғамның тобын сипаттайды. Олардың әрекеті материалдық құндылықтарды құруға, алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми-техникалық прогрессті іргелі жылжытуға, өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Олардың кәсібилілігінен елдегі технология мен ақпараттандырудың өсу жылдамдығының тәуелділігі артады.  Сондықтан студенттердің ЖОО-да болашақ кәсіби қызметтегі психологиялық және коммуникативтік дайындығын зерттеу  жұмысының мәселесі қазіргі таңда ең үлкен қызығушылықтарды тудыруда.  Болашақ мамандардың жеке тұлғалық кәсібилігін және іс-әрекетін  табысты қалыптастыру олардың еңбекке деген дайындығына негізделеді. Ғалымдармен кешенді психологиялық білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындықтың негізгі бөлігі психологиялық дайындық болып келеді. Кешенді психологиялық білім беру ретінде, сонымен қатар оның функционалды, операционалды және жеке тұлғалық компоненттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. 

            Білім беру парадигамаларының, жаңа әлеуметтік-эконоимкалық жағдайын өзгеруіне байланысты кәсіби қызмет елеулі күрделенеді,  сонын арқасында тұлғаның ішкі психологиялық ресурстары өзгереді.  Тұрақтылық, орнықтылық және кәсіби қызметтің сапалылығы маманның психологиялық және коммуникативтік дайындығының ерекшелігімен анықталады. Түрлі авторлармен психологиялық дайындық анықтамасына берілген баламаларына сай олардың құрылымы көрсетіледі, оны құру жолдары қалыптасады.

            Егер анықтаушы құрамдас – кәсіби ойлау болса, онда психологиялық тұтастықтың қалыптасуы талдау тәсілдерін оқытудан тұрады (М. М. Кашапов). Кәсіби бағыттылық пен кәсіби қабілеттердің қалыптасуын психологиялық дайындық анықтайды ( В. Г Кузнецов, М. А. Паламарчук, С. Ф. Ступницкая).

            Коммуникативтік дайындықтың қалыптасуының теориялық негіздері Д. Хаймз, А. Холлидей, Л. М. Митина, А. К. Михальскаяның еңбектерінде сипатталып кеткен. Түрлі ғылым облысындағы ғалымдар қарым-қатынас пен коммуникация мәселелерін зерттеумен айналысты: философияда (Г. Ф. Гегель, Н. О. Лосский, М. С. Каган және т.б.), психологияда (Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. И. Божович және т.б.), психолингвистикада  (А. А. Леонтьев, Н. И. Жинкин, Р. М. Фрумкина және т.б.), педагогикада  (А. М. Баскаков,  А. С. Макаренко, А. В. Мудрик, И. С. Кон және т.б. ).


            А. К. Маркованың пайымдауынша, кәсібилік өз құрамына психологиялық дайындық ұғымын енгізг ен жағдайда, ол бірнеше бағыттағы көпжелілі үрдіс болады. Онда оқыту және тәрбиелеу арқылы мотивациялық және операционалды орта қалыптасады. Осы жағдайда кәсіби қызметке психологиялық дайындық тұлғаның мотивациялық ортасының өзгеру динамикасы көмегімен сипатталады, ондағы кәсіби маңызды нұсқамасының дамуы, тұлғаның әлемді қабылдаудағы құндылықты-мағыналы құрылымы өзгеріске ұшырайды [1, 12].

             В. В. Согалаев, психологиялық дайындықтың құрылымына мотивациялық, бағыттаушы, эмоционалды-еріктік, тұлғалы-операционалды және бағалаушы-рефлексивті компоненттер енеді деп атап өткен [1, 14].

            Аталып өткен зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып, студенттердің болашақ кәсіби қызметке психологиялық дайындығын зерттеуде мотивациялық компонентті негізге алу, студенттердің кәсіби бағдарында  коммуникативтік негіздерін еске ала отырып даярлау біздің зерттеу жұмысымыздың негізін құрайды. Психологиялық тұрғыда студенттердің болашақ кәсіби қызметке психологиялық дайындығын мотивациялық компонент тұрғысынан  ғылыми зерттеулердің, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламаларды зерделеу барысында студенттердің болашақ кәсіби қызметке психологиялық дайындығын зерттеу қажеттілігі мен бұл туралы арнайы теориялық зерттеудің болмауы. Сонымен қатар ЖОО-да болашақ мамандарды кәсіби даярлау барысынды психологиялық дайындау әдістерінің қажеттігі мен бұл қажеттілікті жүзеге асыруға негіз болатын арнайы психологиялық-педагогикалық шарттардың болмауы арасында қайшылықбар екені байқалды.  

            П.  Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызинаның еңбектеріне сүйене отырып, біз психологиялық және педагогикалық пәндерді зерттей келе, студенттердің болашақ кәсіби қызметке коммуникативтік дайындығын қалыптастыруда келесі кезеңдерді белгіледік:

            Бірінші кезең – когнитивтік-бағдарлаушы, коммуникативтік дайындықпен байланысты  коммуникация облысында базалық білімдердің, шешендік өнердің негізін, полемиялық шеберлікті игеру.

            Екінші кезең – әрекеттік, әр түрлі мамандық бойынша оқытылатын студенттердің коммуникативтік дайындығын қалыптастыруына қажетті жеке компоненттер мен операцияларды тудыруға бағытталған.

            Үшінші кезең –  шығармашылық, коммуникативтік дайындық немесе коммуникативтік сапалықты көрсету қажеттігінде туындайтын  стандартты емес коммуникативтік жағдайларды шешумен байланысты.