Файл: Оыту жне ксібибадарлы оыту ымдарыны дидактикалы жне теориялы негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 97

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ғылыми-зерттеушілік:

  • өзінің әрекет саласындағы кәсіптік жетілуіне бағдарлама жасай алу және инновациялық бағыттарға сәйкес зерттеулер жүргізу;

  • әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтардың жұмыстарын ұйымдастыру;

  • педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік педагог мамандықтарына арналған оқу ісәрекетіне арнайы бағдарланған зерттеулер жүргізу;

  • ғылыми жобалар қоғау, ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар, еңбектер дайындау [8]. Біз жоғары мектепте болашақ мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптасыруды білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті құру барысында пайда болатын, әрбір нақты жағдайларда дұрыс шешімге келуіне мүмкіндік беретін, оның білімі мен кәсіби шеберлігінің деңгейі ретінде анықтаймыз. Жоғарыда айтылған кәсіби құзіреттіліктер болашақ мамандардың өзінің педагогикалық қызметі мен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін кәсіптік бағдарын көрсетеді. Жоғары білім беру жүйесін қамтамасыз ету барысында келтірілген барлық ұстанымдар басым болып табылады. Бұл ретте, біздің ойымызша, білім беру ұйымдарында жас ұрпақтың жемісті дамуын ұйымдастыратын білікті педагогтің қатысуынсыз әрбір шартты жүзеге асыру мүмкін емес.

Кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруде болашақ мамандардың теориялық білімін тереңдетумен қоса шеберліктің жиынтығын, яғни, кәсіби қызметті орындау әдістеріне үйрену аса маңызды болмақ. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда төмендегі мәселелерге: кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындай алуға, іс-әрекетті ұйымдастыруға қызығушылықтарының басым болуына; қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруі; білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуі; мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту мәселесіне қатысты теориялық, әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуы; мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды таңдай алуы; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен қабылдауы; оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінің міндеттерін жүзеге асыра алуы, талдау жасауы, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуы; шығармашылықпен болжам жасай білуі мен нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назар аударуы қажет.


10.Болашақ мамандарды кәсіби қызметке тәжірибеге бағдарланған аксиологиялық тәсіл.
Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді.

«Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.

Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.

Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.

Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.

Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған. Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.


Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі. Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие. Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.

12. Болашақ мамандарды кәсіптік қызметке тәжірибеге бағдарланған оқытудың құзыреттілік тәсілі. біз «құзыреттілік» ұғымына – болашақ мамандардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз. 
Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет: 

• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); 

• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 

• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 

• коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); 

• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); 

• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); 


• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Сонымен, кәсіби құзыреттілік дегеніміз ең алдымен болашақ маманның функционалдық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Болашақ маман қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады. 

Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті маман деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үдерісте үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. 
13. Болашақ мамандарды кәсіби қызметке тәжірибеге бағдарланған іс-әрекеттік тәсіл. Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.

Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев).

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.