Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 646
Скачиваний: 12
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
6-сынып
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Тараз – 2020
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама №5, «24» желтоқсан 2019 жыл)
Пікір жазғандар:
К.М.Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент.
Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., деңгейлік курстарды оқыту тренері.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым: Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары; А.Н.Иманбекова – Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сарапшы; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор, А.А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.
Тобугов М.Т. «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» 6-сынып, Қазақ тілі – Тараз, 2020. – 135 б.
«Қазақ тілі» пәнінен 6-сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары сияқты оқу дағдыларын толық қамтыған.
Жинақта бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ............................................................................................................................. 4
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................ 5
1-бөлім, І нұсқа «Қазақстандағы көрікті жерлер» ...................................................... 6
1-бөлім, ІІ нұсқа «Қазақстандағы көрікті жерлер» .................................................. 10
2-бөлім, І нұсқа «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі» ....................................................................................................................... 14
2-бөлім, ІІ нұсқа «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі» ....................................................................................................................... 19
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 24
1-бөлім, І нұсқа «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» .......................................... 25
1-бөлім, ІІ нұсқа «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» ......................................... 28
2-бөлім, І нұсқа «Тарихи тұлғалар» ........................................................................... 31
2-бөлім, ІІ нұсқа «Тарихи тұлғалар» .......................................................................... 34
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 37
1-бөлім, І нұсқа «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» ........................ 38
1-бөлім, ІІ нұсқа «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» ....................... 41
2-бөлім, І нұсқа «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» .............................................. 45
2-бөлім, ІІ нұсқа «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» ............................................ 48
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 53
1-бөлім, І нұсқа «Әлемдегі ірі кітапханалар» ........................................................... 54
1-бөлім, ІІ нұсқа «Әлемдегі ірі кітапханалар» .......................................................... 58
2-бөлім, І нұсқа «Ғылым мен технология жетістіктері» .......................................... 62
2-бөлім, ІІ нұсқа «Ғылым мен технология жетістіктері» ........................................ 67
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 72
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 87
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ............................ 102
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ............................ 117
Қорытынды ................................................................................................................. 134
Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................... 135
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғаны белгілі. Ең бастысы – жеке тұлға, жеке тұлғаны қалыптастыру және оларды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Осыған орай оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, жүзеге асырылуда. Олардың бәрінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Өйткені жеке тұлға өзінің әрекеті арқылы ғана дами алады.
Баланың білім алу, даму іс-әрекеттерін осы мақсатта сауатты ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білім алуға ұмтылуына түрткі бола білу мұғалімнің үнемі педагогикалық ізденісте болуын талап етеді. 6-сыныптарға арналған (оқыту қазақ тілінде) қазақ тілі пәнінен «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» атты көмекші құрал ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындап ұсынылған.
Білім алушылар тарау бойынша тақырыптарды қалай қабылдағанын, қалай меңгергенін тексеру үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары құрастырылған.
Әдістемелік көмекші құрал білім алушының міндетті деңгейдегі білімді меңгеруіне, оны ынталандыруға мүмкіндік береді және тағы да тиімді жағы – білім алушының дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылып жүрген балл жинау әдісіне баулу. Көбірек балл жинауға ұмтылу арқылы оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы, ынтасы артады, өз білімін өзі бағалай білуге үйренеді.
Әдістемелік көмекші құрал «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына, «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.
Әдістемелік көмекші құрал жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу жоспарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік көмекші құралда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (мәтіндер, қосымша көркем әдебиеттер мен оқулықтар) қолданылды.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
БЖБ №1
Сыныбы: 6 «В»
Пәні: Қазақ тілі
Оқушының аты-жөні:__________________________________________________
Тақырыбы: «Қазақстандағы көрікті жерлер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты: | 6.1.4.1 Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; 6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; 6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. | |||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Білім алушы
| |||||||||||||||
Ойлау дағдысының деңгейлері: | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | |||||||||||||||
Орындау уақыты: | 15-20 минут | |||||||||||||||
Тапсырма.
Алматының көрікті жерлері Алматы – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан алып шаһар. Қала мен қала маңында жанға жайлылық сыйлайтын демалыс орындары жетерлік. Жыл сайын Алматыға келетін туристердің қатары да артып жатыр. Назарларыңызға Алматы шаһарына табаныңыз тиіп жатса, бару керек жерлердің тізімін ұсынамыз! Медеу – жасанды мұз айдыны бар дүниежүзіндегі ең ірі спорт кешені. Медеу мұз айдыны Алматыдан 18 шақырым жерде орналасқан. Сәулет өнерінің ерекшелігі мен табиғи ерекшелігінің арқасында Медеу мұз айдыны әлемге танымал. Шымбұлақ 2510 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғылық курорты – Алматының інжу-маржаны. Бұл жерде таудың таза ауасымен тыныстаумен қатар шаңғы тебуге болады. Көктебе – Алматының оңтүстік шығысында орналасқан төбе. Биіктігі – 1070 метр. «Көктөбе» теле-мұнарасы түрлі түсті жарықпен қала тұрғындары мен қонақтарын өзіне тартып тұрады. Көктөбеден Алматының сұлулығын тамашалауға әбден болады. Алмарасан Алматының оңтүстік батысында орналасқан тау шатқалы. Демалыс күндері жаяу қыдырып, әдемі пейзаждың куәгері болғыңыз келсе, Алмарасанға барыңыз! Шатқалдың жоғары жағында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте Үлкен Алматы көлі орналасқан. 28 гвардияшы-панфиловшылардың паркі Алматының Медеу ауданында орналасқан саябақтың аумағы – 18 гектар. Аталған саябақ ХІХ ғасырдың соңында іргесі қаланған қаладағы ең алғашқы саябақ. Парк ортасындағы «Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында лаулап тұратын от. Алматы зоопаркі Алматы қаласындағы Орталық саябағында орналасқан зоопарк Орталық Азиядағы үлкен зоопарктердің қатарына кіреді. Жылдың кез келген мезгілінде жануарларды көруге әрі серуендеуге мүмкіндік береді. Тұңғыш Президент паркі ҚР Бірінші Президенті атындағы саябақ – дендропаркі Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан. (225 сөз) https://qamshy.kz/article/35641-almatynynh-korikti-dgerleri-foto 1-тапсырма. Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтаңыз. (Оқушының жұмысы ескеріледі) Сұрақтар: А) Алматы қаласында қандай мұз айдыны бар? Б) Мұз айдыны Алматы қаласынан қанша шақырым жерде орналасқан? С) Шымбұлақ тау-шаңғылық курорты қанша метр биіктікте орналасқан? Д) Көктөбе қай жерде орналасқан? Е) Қандай көрікті жерлер бар? 2-тапсырма. Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз. (80-90 сөз) __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 3-тапсырма. Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
| ||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады. | 1 | Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді анықтайды. | 2 |
Тыңдалым материалдар бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады. | 2 | Тыңдалым материалдар бойынша жинақы мәтін жазады. | 1 1 1 |
Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады. | 3 | Мәтіннен бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады | 1 1 1 |
Барлығы | 8 |
«Қазақстандағы көрікті жерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. | Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау қиындық туғызды. | Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойын анықтауда қателіктер жібереді. | Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойын анықтайды. |
Тыңдалым материалдар бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазады. | Тыңдалым материалдар бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазуда қиналды. | Тыңдалым материалдар бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазуда қателеседі. | Тыңдалым материалдар бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазады. |
Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. | Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуда қиындық туғызды. | Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуда қателеседі. | Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. |